
- •Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) арналады.
- •Ішкі аурулар Оқулық жоғарғы медициналық оқу орындарындағы студенттерге арналады.
- •Ажту – активтенген жартылай тромбопластин уақыты
- •Га – гипертония ауруы
- •Гкмп – гипертрофиялық кардиомиопатия
- •Гн – гломерулонефрит
- •Тт – тыныс тұншықпасы
- •Т ы н ы с м ү ш е л е р і н і ң а у р у л а р ы Жедел бронхит және бронхиолит
- •Созылмалы бронхит
- •Тыныс тұншықпасы (тт)
- •Бронхоэктазия ауруы
- •Пневмония
- •Ауруханадан тыс пневмония
- •Ауруханаішілік пневмония
- •Атипиялық пневмониялар
- •Аспирациялық пневмонияны емдеу
- •Созылмалы пневмония
- •Өкпенің инфекциялық деструкциялары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесі)
- •Өкпе эмфиземасы
- •Өкпенің созылмалы себінді аурулары (өсса)
- •Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
- •Созылмалы өкпе-текті жүрек
- •Плевриттер
- •Транссудат пен экссудаттың белгілері
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
- •Тыныс жетіспеушілігі
- •Спонтандық пневмоторакс
- •Ересектердің респираторлық дистресс – синдромы (ердс)
- •Өкпе артериясындағы гипертензия
- •Бірінші ретті өкпе артериясының гипертензиясы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар
- •Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)
- •Қалыпты артериялық қан қысымы
- •Аққ көтерілуінің дәрежелері
- •Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993
- •Қатерлі артериялық гипертензия
- •Гипертензиялық криздердің салыстырмалы сипаттамасы
- •Артериялық гипертензияда қолданылатын негізгі дәрілер
- •Антигипертензивтік емнің тәсілдері
- •Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау
- •Антигипертензивті дәрілердің құрамалары
- •Гипертониялық кризді тоқтатуға қолданылатын дәрілер
- •Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар
- •Ренальдық аг.
- •Эндокриндік аг.
- •Иценко-Кушинг ауруы және синдромы
- •Гемодинамикалық аг
- •Нейрогендік гипертензиялар.
- •Дәріден болатын аг.
- •Атеросклероз
- •Жүректің ишемия ауруы
- •Кенеттен болатын коронарлық өлім
- •Стенокардия (жүрек қыспасы)
- •Тұрақсыз стенокардия классификациясы
- •Фармакологиялық сынамалар
- •Стенокардияны емдеуде қолданылатын антиангинальдық препараттар
- •Миокард инфарктісі
- •Ми-дағы резорбциялы – некроз синдромы мен биохимиялық маркерлер көрсеткіші
- •Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.
- •Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі
- •Кардиогендік шоктың ауырлық дәрежелері
- •Ауырғандықты тию алгоритмі.
- •Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы
- •Ревматизм қызбасының классификациясы
- •Жрқ диагнозын қоюда қолданылатын Киссель-Джонс критерийлері
- •Инфекциялық эндокардит
- •Инфекциялық эндокардиттің классификациясы
- •Иэ емдеуде қолданылатын антибиотиктер
- •Миокардтың коронарогенді емес аурулары
- •Миокардиттер
- •Миокардиодистрофиялар
- •Кардиомиопатиялар
- •Дилатациялық кардиомиопатия
- •Гипертрофиялық кардиомиопатия
- •Рестрикциялы кардиомиопатия
- •Жүрек ақаулары
- •Жүре пайда болатын жүрек ақаулары
- •Митральдық қақпақ кемістігі
- •Өкпе артериясы сағасының стенозы
- •Антиаритмиялық дәрілердің “Сицилиан гамбиті” классификациясы
- •Жүрек аритмиялары Экстрасистолия
- •Пароксизмальды тахикардия
- •Суправентрикулярлық және қарыншалық тахикардиялардың айырықша белгілері
- •Қарыншаішілік блокада
- •Қарыншалардың мезгілінен бұрын қозу синдромы
- •Сжә-де дәрілерді таңдау
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Асқорыту мүшелерінің аурулары Өңеш аурулары Гастроэзофагальды рефлюкстік ауру
- •Гэра мен жиа екшеу-іріктеу диагнозы
- •Асқазан аурулары Созылмалы гастрит
- •Қалыпты асқазан секрециясы
- •Гастриттің ерекше түрлері
- •Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері
- •В гастритінің екі сатысының басты критерийлері
- •Нр байланысты созылмалы гастритті емдеу. Емнің мақсаты – асқазан мен он екі елі ішек кілегей қабығындағы нр жою.
- •Жара ауруы
- •Жара ауруының асқынулары.
- •Ішек аурулары Созылмалы энтерит
- •Созылмалы колит
- •Бейспецификалық жаралы колит
- •Крон ауруы
- •46-Кесте ка мен бжк екшеу-іріктеу диагнозы
- •Тітіркенген (қозған) ішек синдромы
- •Ұйқы безінің аурулары Созылмалы панкреатит
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит
- •Классификациясы (Гастроэнтерологтардың Дүниежүзілік конгресі, Лос-Анджелес, 1994).
- •Бауыр жетіспеушілігі
- •49-Кесте Жедел гепатит пен бауыр циррозы фонында дамыған
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Созылмалы тассыз холецистит
- •Бауыр циррозы
- •Бадд – Киари синдромында болатын цирроз
- •Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау
- •Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.
- •Бауыр циррозының сирек түрлері.
- •Бауыр циррозындағы және тубперитониттегі асцит сұйықтығы
- •Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.
- •Асқынуларды емдеу.
- •Бауыр циррозының сирек түрлерінің емі.
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Жқж клиникалық варианттарының жұмыс классификациясы
- •Жқж активтілік дәрежелері
- •Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Жқж диагнозын қоюда Американың ревматологиялық ассоциациясы ұсынған критерийлер (1982) кең қолданылып жүр:
- •Жүйелі склеродермия
- •Дерматомиозит
- •Буын аурулары Ревматоидтық артрит
- •Ра жұмыс классификациясы
- •Жүйелі өзгерістер жоқ ра.
- •Жүйелі зақымданулар болатын ра.
- •Ерекше синдромдар
- •Ра синовиальды сұйықтықтың көрсеткіштері
- •Ра түрлеріне қарап емдеу
- •Негізгі клиникалық түрлері
- •Подагра
- •Жүйелі васкулиттер
- •Түйінді периартериит
- •Түйінді периартерииттің диагноз қою критерийлері
- •Бейспецификалық аортоартериит
- •Такаясу ауруының критерийлері
- •Вегенер гранулематозы
- •Вегенер гранулематозы диагнозының критерийлері
- •Жедел гломерулонефрит
- •Бүйрек амилоидозы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Анемиялар
- •Теміржетіспеушілік анемия
- •Витамин в12-жетіспеушілік анемия
- •Гемолитикалық анемиялар
- •Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)
- •Г-6-фдг жетіспейтін анемия
- •Талассемия
- •Қолорақ клеткалы анемия
- •Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия
- •Пароксизмальды түнгі гемоглобинурия
- •Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар
- •Гемобластоздар
- •Лейкоздар
- •Жедел лейкоздар
- •Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Полицитемия
- •Геморрагиялық диатез
- •Гемофилия
- •Виллебранд ауруы
- •Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы.
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (итп)
- •Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)
- •Геморрагиялық диатездердің негізгі түрлерінің екшеу диагнозының белгілері
- •Тамыріші себінді қан ұю синдромы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Тестілер жауаптарының эталондары
- •Б) жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бойынша
- •Қолданылған әдебиет тізімі жалпы әдебиет
- •Несеп бөлу жүйесінің аурулары бойынша
- •М а з м ұ н ы
Түйінді периартерииттің диагноз қою критерийлері
Критерийлер |
Анықтамасы |
4 кг артық жүдеу |
Қоректенуге байланысты емес, ауру басынан дене массасының 4 кг және одан көп азаюы |
Торлы ливедо |
Аяқ-қол және дене тұлғасы терісінде тарамданған суреттің болуы |
Атабезінің ауыратыны |
Инфекциямен, жарақатпен т.б. себептермен байланысы жоқ атабезінің ауырсынуы |
Аяқ бұлшық еттерінің миалгиясы мен әлсіздігі |
Жайылмалы миалгия (иық және бел аймағы кірмейді) немесе аяқ бұлшық еттерінің әлсіздігі мен ауыруы |
Мононеврит немесе полинейропатия |
Тиісті неврологиялық белгілердің пайда болуы |
Диастолалық қан қысымы с.б. 90 мм жоғары |
Артериялық қан қысымының көтерілуі |
Қанда мочевина мен креатинин деңгейінің көтерілуі |
Дегитратациямен немесе несеп бөлу жолдарының обструкциясымен байланысты емес мочевинаның 14,4 ммоль/л (40 мг%) немесе креатининнің 133 мкмоль/л (1,5 мг%) жоғары көтерілуі |
В гепатитінің вирусы |
В гепатиті вирусының беткейлік антигенінің немесе қан сарысуында оған қарсы антиденелердің болуы |
Артериографиялық өзгерістер |
Ангиографияда атеросклерозбен, фибромускулярлық дисплазиямен және басқа қабыну емес аурулармен байланысы жоқ висцеральдық артериялардың аневризмасының немесе окклюзиясының болуы |
Ұсақ және орташа артериялар биопсиясы |
Морфологиялық тексергенде тамыр қабырғасында гранулоцитарлық және мононуклеарлы – клеткалық инфильтрацияның болуы |
Төрт критерийлердің болуы түйінді периартериит диагнозын қоюға мүмкіндік береді.
Түйінді периартериитті төмендегі аурулардан ажырата білу керек.
Инфекция. Ортақ белгілер – қызба, іштің ауыруы және іш өтуі. Инфекциядан өзгешелігі ТП-те бактериологиялық және серологиялық тексерулер теріс мәнді болады, түйінді периартеритте бұлшық ет – буын синдромы, жүдеу байқалады және 3 айдан кейін органикалық аурулар көрініс береді (бұл мерзімде жедел инфекциялардың дамуы аяқталады).
Ревматизм. Ортақ белгі – буын синдромы. Ревматизмде жоғары дәрежелі қызба сирек болады. Ревматизмде жүрек ақаулары қалыптасады, ал түйінді периартеритте жүрек қақпақтары зақымданбайды, бірақ коронарит белгілері болуы мүмкін.
Жедел іш теспе синдромы. Түйінді периартеритте болатын абдоминальдық синдромға қоса басқа органдардың зақымдану белгілері болады.
Гломерулонефрит. Ортақ белгі – несеп синдромы. ТП ауыратын адамдардың анам-незінде – ұзаққа созылған қызба, миалгия, тері бөртпелері, лейкоцитоз, ЭТЖ өсуі, жүдеу болады. Кейде невриттердің қалдық белгілері болады.
Ұзаққа созылған қызба. Ұзаққа созылған, дара кездесетін қызба түйінді периартеритке тән емес, оған қоса бұлшық еттердің, шеткі нерв жүйесінің, кейін ішкі органдардың зақымдануы болады.
Инфекциялық эндокардит (жүректің ең аз зақымдануы болатын ИЭ). Ортақ белгілер – қызба, бүйректің және тамырлардың зақымдануы. Инфекциялық эндокардитте артериялық гипертония, неврит болмайды; бірақ спленомегалия, саусақтың соңғы бунақтарының “дауылпаз таяқшасы” түрінде өзгеруі, жүрек қақпақшаларының зақымданулары кездеседі. Инфекциялық эндокардиттің диагнозын қан себіндісінің нәтижесі дәлелдейді.
Амилоидоз. Ортақ белгілері – органдардың көптеген зақымдануы, оның ішінде шеткі нерв жүйесінің, бүйректердің, жүректің, бұлшық еттердің зақымдануы. Бүйректің амилоидоздық зақымдануында несеп синдромы, немесе АГ жоқ нефроз синдромы болады. Сонымен қатар амилоидозда кардиомегалия және тез үдемелі гликозидтер көмектеспейтін жүрек әлсіздігі, симметриялы сезімталдық неврит және миопатиялық синдром байқалады.
Бейспецификалық жаралы колит. Ортақ белгілері – абдоминальдық синдром, артралгия, терінің есекжем немесе жаралы – некрозды васкулит түрінде зақымдануы, иммунды анемия. Бейспецификалық жаралы колитте АГ мен полиневрит болмайды.
Диагнозды қоюда маңызды рольді колоноскопия мен ішектің кілегей қабығының биопсиясы атқарады.
Клиникалық диагнозды тұжырымдауда ескеру керек:
1) аурудың даму вариантын және даму барысының түрін;
2) басты клиникалық синдромдарды;
3) органдар мен жүйелердің функциональдық жетіспеуішілігінің дәрежесін (егер болатын болса).
Диагноз тұжырымдаудың мысалдары:
1. Түйінді периартерит, классикалық вариант, жедел даму барысы. Абдоминальдық ауырсыну кризі, АГ бар нефропатия. Тері синдромы, қызба, васкулиттік пневмония. Жедел бүйрек жетіспеушілігі. Тыныс жетіспеушілігінің ІІ дәрежесі.
2. Түйінді периартерит, тері – тромбангит варианты, баяу үдемелі даму барысы. Геморрагиялық пурпура, тері асты түйіндер.
Емі. Түйінді периартериттің емі комплексті болуы керек және өзінің алдына мынандай мақсаттарды қоюы керек:
1) иммунды комплексті қабынуды басу және иммундық жауапты реттеу;
2) иммунды комплекстердің тамыр қабырғасына шөгуінің алдын алу үшін оларды организмнен бөліп шығаруға тырысу;
3) гемостаз процессін қалпына келтіру және микроциркуляцияны жақсарту;
4) симптоматикалық ем - әр түрлі синдромдарға әсер ету.
Иммундық қабынуды басу және иммундық жауапты реттеу үшін кортикостероидтар мен цитостатиктерден тұратын құрама ем қолданылады. Преднизолонның тәулігіне 30-40 мг және циклофосфанның тәулігіне 100-150 мг қосып береді, ем клиникалық нәтиже болғанға дейін созылады (1-2 ай), кейін преднизолонның да, циклофосфанның да дозасы біртіндеп азайтылып, сүйемел дозаға жеткізіледі (сәйкестігіне қарай 5-10 мг/тәул. және 50-100 мг/тәул.), бұл доза 3-5 жыл ішінде қолданылады. Циклофосфанның орнына азатиоприн (имуран) (емдік дозасы 100-200 мг/тәул.; 50-100 мг/тәул. сүйемел дозасы) қолдануға болады. Лейкопенияға бейімділік болғанда цитостатиктің дозасын азайтады, лейкоцит саны 3,0х109/л, тромбоцит саны 100,0х109/л жеткенде цитостатик беруді уақытша тоқтатады.
В гепатиті вирусының лабораториялық маркері табылғанда вирусқа қарсы препараттарды кортикостероидтармен және плазмаферезбен қосып қолданады, цитостатиктердің жоғарғы дозаларын қолдану жөнді емес деп есептеледі.
Иммуносупрессивті терапиядан нәтиже болмағанда, бүйректің ауыр зақымдануында және бүйрек жетіспеушілігі ауырлай түскенде, патологиялық процестің жоғары дәрежелі активтігінде қолданып тұрған иммуносупрессивті емге гемосорбция мен плазмаферезді қосады; оларды қосудың мақсаты – организмдегі иммундық комплекстер мен аутоантиденелерді сыртқа бөлу.
ТП баяу үдемелі дамуында және терінің дара зақымдануында преднизолонның аз дозасына (20-30 мг/тәул.) қоса бутадион (0,45-0,6 г/тәул.) немесе индометацин (75-100 мг/тәул.) береді, клиникалық тиімділікке қол жеткізгеннен кейін сүйемел ем түрінде бутадионның немесе индометациннің кіші дозасына делагилді немесе плаквинилді қосып береді.
Гемостазды қалпына келтіру үшін гепарин, кейін антиагреганттар (курантил, трентал және басқалары) қолданылады.
Тамыр қабырғасының трофикасын жақсарту үшін ангиопротекторлар (продектин 750-1000 мг/тәул.), микроциркуляцияны жақсарту үшін тамыр кеңітетін препараттар (никотин қышықылын ішке қабылдау, ксантинол никотинат – теоникол, компламин парентеральды егу) қолданылады.
Артериялық гипертензияда бета-блокаторлар немесе “баяу” кальций каналдарының блокаторларын салуретиктермен қосып береді.
Қатерлі АГ синдромында тиімдірегі ААФ ингибиторлары – каптоприл, эналаприл, рамиприл мен салуретиктерді қосып беру қолданылады. АГ болғанда кортикостероидтар дозалары азайтылады.
Полиневрит синдромында анальгетиктер, емнің физиотерапиялық әдістері, В тобының витаминдері, массаж, гидротерапия, ЕДТ тағайындалады.
Жүрек әлсіздігі мен коронарлық жетіспеушілікті антиангинальды дәрілермен, вазодилататормен, несеп жүргізетін дәрілермен емдейді.
СБЖ жалпы қолданылатын әдістермен емдейді. Бағдарламалы гемодиализ әдісін қолдануға болады.
Диспансерлеу. ТП ауыратын адамдар ревматологта есепте тұрулары керек. Бірінші жыл ішінде айға 1 рет қарайды, кейін 2-3 айда 1 рет қарайды.
Прогнозы. Органдық өзгерістер пайда болғанда өмірлік болжам жағымсыз. ТП созылмалы түрінде патологиялық процестің онша жоғары емес активтілігінде науқастың қанағаттанарлық көңіл-күйі мен шектелген еңбекке қабілеттілігі ұзақ уақыт сақталады.
Профилактикасы. Дәрілік аллергия даму мүмкіншілігіне ерекше көңіл аудару керек. Вакцинация мен сарысуларды қолдануда сақтық керек.