
Қазақстандағы лизингтік қатынастардың пайда болуы
Қазақстанда лизингтік қызмет нарығы 2000 жылдан бастап белсенді түрде дамыды. Бұған байланысты лизингтік келісімдердің 100% мемлекеттің қатысуымен құрылған лизингтік компанияларға тиді. Ол компаниялардың құрылу себептерінің бірі үкімет жасаған ауылды жердегі әлеуметтік мәселелерді шешу бағдарламасы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанда қаржы нарығының бір секторы – қаржылық лизинг. Егер 2000 жылы 5 лизингтік компания жұмыс істесе, 2008 жылы олардың саны 20 болып, оның ішінде 15 белсенді түрде жұмыс істейді. Лизинг күн сайын дамуда. 2003 лизинг көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 4 есе өссе, яғни 85 млн. АҚШ долларын құраған. 2004 жылдың осы кезеңін қарастырсақ 3 есеге көбейген, яғни 150 млн. АҚШ долларын құраған. Лизинг шаған және орта бизнес үшін жақсы мүмкіндіктер ашады: келісім бойынша минималды лимит сомасы төмен, сонымен бірге лизингтің пайыз мөлшерлемесі де төмендеуде.
Еліміздегі лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктеріне сипаттама беру үшін, жұмыста 2003 жылдың желтоқсан айында «Қазақстандағы лизинг: тәжірибе, мәселелер және даму болашағы» деген тақырыпта болып өткен «дөңгелек столда» болған пікір алмасулар нәтижесінде лизингтік бизнестің 15 жылдық тарихының шартты түрде анықталған кезеңдеріне арнайы кесте құрастыра отырып талдаулар жасалған болатын.
Кесте 2
Қазақстандағы лизингтік қатынастардың қалыптасу және даму кезеңдері
Жылдар аралығы |
Кезеңдердің аты |
Қысқаша сипаттама |
І кезең 1989-1992 |
Пайда болу кезеңі |
Алғашқы лизингтік компаниялар құрылды және кейбір коммерциялық банктер лизингтік операцияларды аз көлемде іске асыра бастады. |
ІІ кезең 1992-1994 |
Баяулау кезеңі |
Қазақстанның ішкі нарығында экономикалық дағдарыстардың әсерінен лизингтік бизнестің қарқыны баяулай бастады. Бұл кезең Қазақстандағы лизингтік бизнестің дамуына ең жағымсыз кезең болды. 1992 жылдың 6 қаңтардағы бағаның жаппай либерализациясынан кейін және инфляцияның ұстаусыз жағдайында, сонымен бірге банктердің пайыз мөлшерлемесінің күрт өсуі көптеген маманданған лизингтік фирмалардың жұмысын тоқтатты. Олар делдалдық және сауда сияқты қызметтерге ауысты. |
ІІІ кезең 1995-2000 |
Жандану, қайта даму кезеңі |
Лизингтік қатынастарды мемлекеттік қолддау және ынталандыру дами бастады, яғни жандану кезеңі деп айтуға болады. Сондықтан бұл кезеңді мемлекеттік лизинг кезеңі деп те атауға болады. Осы сала бойынша нормативтік-методикалық база құрылды. Жаңа лизингтік компаниялар ашылды. Атап айтсақ, «Азия-Лизинг» (1995ж, сәуір), АҚ «Кең дала» (1995ж, қараша), АҚ «Агро-Лизинг» (1995ж, желтоқсан), «Central Asia Leasing» (1997ж, қараша). Банктерде лизингтік келісімдерді жасауға қызуғышылық пайда болды. |
ІҮ кезең 2000-2003 |
«Банктік лизинг»кезеңі |
Банктік лизингтік компанияларың құрылуымен байланысты лизингтік қатынастар коммерциялық секторда қте тез қалыптасып, дами бастады. |
Бұл кестеде көрсетілген кезеңдерді 2004 жыл және одан жоғары жылдар деп толықтыруға болады. Себебі, 2004 жылдың қаңтар айында «Қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Ондағы ең маңызды өзгерістердің бірі лизинг алушылардың лизинг бойынша есептелінген сыйақы сомаларын толық көледе салық салынатын табыстан щегеру құқығының берілуі және лизингке беру мақсатында сырттан әкелінетін құрылғылардың импорты кезінде ҚҚС-нан босатылғандығы болып табылады. Яғни, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, лизингтік операцияларға салық салу тәртібі бойынша енгізілген жеңілдіктер отандық лизингтік нарықтың дамуына оң ықпал ететіндіктен, біз оны еліміздегі лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен дамуының Ү кезеңі және «лизингтік қатынастардың қарқынды дамуы мен лизинг саласы бойынша Қазақстанның басқа мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық кезеңі» деп атауды ұсынылған [5,б.5].
Сызба 1
Лизингтік қатынастарды басқару деңгейлері