
- •Қмму ф 4/3-03/04
- •Силлабус
- •Оқытушылар жайлы мәліметтер
- •Педагогикалық жұмыс стажы - 13 жыл
- •Эл почта – Sagadatova@kgmu.Kz
- •Педагогикалық жұмыс стажы - 6 жыл
- •Педагогикалық жұмыс стажы – 4 жыл
- •Байланыс ақпараттары
- •Пәннің саясаты
- •Кіріспе
- •Оқытудың соңғы нәтижелері
- •Соөж арналған тапсырмалар
- •Баға шкаласы**
- •Білім бағасының белгілері**
- •Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасындағы сабақтардың барлық түрлерін бағалаудың ережелері
- •Аралық бақылау бағдарламасы
- •Қорытынды бақылау бағдарламасы
Байланыс ақпараттары
Мекенжай: Қарағанды қ, Гогол көшесі,40; байланыс телефоны 51-38-97. Сонымен қатар кафедраның оқу бөлмелері клиникалық базаларда: ОКА (Ерубаев көшесі, 15), ОКБА (Ержанов көшесі,8), ОМО (Муканов көшесі,5) орналасқан.
Пәннің саясаты
Білім алушы дәрістерге және тәжірибелік сабақтарға, тәжірибелік сабақтарға систематикалық дайындалуға, ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға, қарыздарын уақытылы тапсыруға, ҚММУ мүлкіне ұқыпты қарауға және мәдиениет нормаларын сақтауға міндетті.Міндетті түрде халат, колпак және екінші аяқ киім болуы керек. Білім алушының сыртқы түрінің қойылған талаптарға сәйкес болмаған жағдайда: салдыр-салақ түрі, екінші аяқ киімінің, колпактың, халаттың болмауы, сонымен қатар оқу тәртібін бұзуында кафедраның оқытушысы білім алушыны сабақтан шығарып жіберуге құқығы бар.
Осы силлабустың «Дәлелді медицина және клиникалық фармакология кафедрасындағы сабақтардың барлық түрлерін бағалаудың ережелері» бөлімінде толық сипатталған бөлімдер үшін бағалар «Platonus» АЖ-не оқытушымен енгізіледі. Себепті жағдай бойынша босатылған сабақтарға сәйкес бөлімнің аяғына дейін өтеледі. Себепті жағдай бойынша босатылған сабақтар өтелмеген жағдайда, бұл босатылған сабақтар себепсіз жағдайға теңеледі де, бағаның сәйкес графасына «0» қойылады. Егер босатылған сабақтардың сағат саны бұл бөлімге қатысты тәжірибелік сабақтардың жалпы санының 50% және одан жоғары құраса, бұл бөлім үшін «0» бағасы қойылады. 1 топқа 1 диск есебінде, дискке көшірілген БОӨЖ және БӨЖ бойынша орындалған тапсырмалар электрондық құжаттар түрінде бөлімнің соңғы күнінен кешікпей топқа сабақ беретін оқытушыға тапсырылуы керек. Білім алушылар жоғарыда аталған мерзімдерді сақтамаған жағдайда, оқу журналындағы БОӨЖ мен БӨЖ бойынша бағалардың сәйкес графаларына «0» қойылады.
Пән бойынша аралық бақылау БОӨЖ уақытында, кафедра отырысында бекітілген формасы негізінде тақырыптық жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Аралық және бақылау бойынша бақылау-өлшемдік құралдар білім алушыларға ұсынылмайды. Аралық және қорытынды бақылаулардың бағдарламасы, сонымен қатар әрбір деңгейде білімді бағалау шкаласы және белгілері осы силлабустың соңғы беттерінде ұсынылған.
Кіріспе
Соңғы екі он жылдық ішінде медицинада – дәлелді медицина (ДМ-evidence-based medicine) деген жаңа білім саласы қалыптасты. Оны сөзбе-сөз аударғанда – «тек фактыға негізделген медицина» немесе бұл термин «ғылыми – негізделген практикалық медицина» деген ұғымды береді және «ғылыми-дәлелденген медицина» деуге де болады. Ғылыми-дәлелденген медицина – бұл жинау технологиясының, анамнездердің, интерпритациялар мен жиынтықтардың және ғылыми ақпараттардың жаңа бағыты мен түрі деп есептеледі. Белгілі бір науқасқа ем таңдау үшін дәрігердің клиникалық тәжірибесі мен науқастың құндылығын, шынайы, дәл және негізделген клиникалық зерттеулердің ең жақсы нәтижелерін қолдана отырып, керемет ғылыми мәліметтердіинтеграциялау.Соғанбайланысты қазіргі дәрігер жаңа медициналық технологияларды біліп қана қоймай,неліктен осы және басқа да емдеу әдісі тиімді және қауіпсіз екенін білуі қажет.
Пәннің мақсаты: пәнді оқып пәнді оқыту аяқталғаннан кейін студенттер дәлелді медицина дерекқорын қолдана отырып, медициналық ақпараттарды іздеу және кейін тәжірибелік қызметінде ұтымды пайдалануға, медициналық ақпараттарды критикалық бағалау жүргізуге қабілетті болуы керек.
Оқытудың міндеттері:
Студент міндетті
Дәлелді медицинаның негізгі терминдерін білетіндігін көрсету (ДМ);
Клиникалық зерттеулердің типтерін анықтау;
PICOпринципін қолдана отырып, клиникалық сұрақтарды құрастыру;
Дәлелді медицинаның мәліметтер базасының негізгі дағдыларын тәжірибеде қолдану ;
Дәлелді медицина сүзгілерінің көмегімен медициналық ақпараттарға сындық баға жүргізу