Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жары.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
134.14 Кб
Скачать

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Негізгі білім бойынша:

  1. Адам организмінің жылу алмасуының ерекшелігі. Химиялық және физикалық жылу алмасу.

  2. Метерологиялық факторлардың адам организміне жиынтық әсері.

  3. Кататермометрия – адамның жылу көңіл-күйін бір көрсеткіш бойынша бағалау әдісі.

  4. Кататермометрлер жүйесі және олардың жұмыс ережесі.

  5. Адамның жылу көңіл-күйін кататермометр көрсеткіштері бойынша бағалаудың кемдігі.

  6. Ауаның жылдамдығын кататермометр арқылы есептеу.

  7. Метерологиялық факторлардың адам организміне құрама әсерін бағалауының физиологиялық тәсілі (топты термометрия).

  8. Эффектік температуралар дегеніміз не және олардың кемдігі, результаттық температуралар дегеніміз не?

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

    1. Бөлменің табиғи және жасанды жарықтануын гигиеналық бағалау.

    2. Табиғи және жасанды жарықтандыруды бағалаудың есептік әдістері.

    3. Табиғи жарықтың негізгі көрсеткіштеріне сипаттама (ТЖК, ЖК, түсу бұрышы, саңылау бұрышы, тереңдік коэффициенті, КК, түзеу коэффициенті және т.б.).

  1. Ақпараттық – дидактикалық блок.

Адамның тарихи дамуы бойынша ең күшті жарық, адамның өмір сүруіне қажет күннің жарығы. Күннің жарығы ауаның тұнықтығына жарықтың үштен бір бөлігшін алады, ал жарықтың жеткіліктілігін анықтағанда негізгі белгі аспаннан шашыраңқы жарықтағы маңызды жерден және қарама – қарсы тұрған ғимараттардан шағылысқан жарық.

Бөлмелердің жаратылыс жарығының өнімділігі біріншіден терезенің жарық бетіне байланысты. Бөлмелердегі терезелердің жарық беті неғұрлым көп болса, соғұрлым жарық жақсы болады.

Терезенің жарық бетінің өзара еденнің ауданына қатынасы жарық клэффициенті деп аталады (ЖК). Гигиеналық нормалар боцынша жарық коэффициентінің шамасы бөлмелерге байланысты әртүрлі болады, олар не үшін пайдаланады. Мектеп, аурухана шеберханаларда ЖК 1/4 - 1/5, кісі тұратынбөлмелерде 1/8 – 1/10.

Жарық коэффициентінің шамасы бойынша жэұмыс орнындағы жарықты бағалауға болмайды, өйткені ол жұмыс орнының терезеден қашықтығына, биіктігіне, пішініне байланысты. Бұл кемдікті бір жағынан жарық бұрыштарын өлшеу арқылы толтырады (геометриялық әдіс).

ТҮСУ БҰРЫШЫ – екі сызық арқылы құралады, олар анықтау нүктесінен (жұмыс орнынан) басталып, терезенің үстіңгі ернеуіне дейін және еден мен терезеге параллельді өтеді. Неғұрлым жұмыс орны терезеден алысырақ болса, соғұрлым бұрышы аз болады, сондықтан жарық шамалы болады, ал бұрыш 27 град – кеп болмау керек.

САҢЫЛАУ БҰРЫШЫ - сызықтар арқылы екі сызық арқылы құрылады, олар анықтау нүктесінен (жұмыс орнынан) басталып, терезенің үстіңгі ернеуіне дейін және еден мен терезеге паралелльді өтеді. Неғұрлым жұмыс орны терезеден алысырақ болса, соғұрлым бұрышы аз болады, сондықтан жарық шамалы болады, ал бұрышы 27 0 – тан кем болмауы керек.

Бөлменің табиғи жарығына айтылған көрсеткіштерден басқа, басқаша факторлар көп ықпал көрсетеді:ендік, күннің ұзақтығы, ғимараттың бағдарлауы (ориентация), метеорологиялық жағдайлар, көшенің ені, үйдің қабаттылығынан, терезенің шынысының тазалығынан, бөлмедегі қабырғалардың бояуынан. Соның ішінде ашық түске боялған қабырғалар жарықты 20 – 25 %- ке көбейтеді.

Табиғи жарықтың тұрақсыздығы бірнеше минуттың арасында жылдам өзгере алады, табиғи жарықты жарық арқылы бағаламайды (жасанды жарықты бағалағандай), оны табиғи жарық (ТЖК) коэффициенті бойынша бағалайды (есеп айыратын әдіс).

Табиғи жарықтың коэффициенті дегеніміз - өзара байланыс, бөлме ішіндегі табиғи жарықтың сырттағы табиғи жарыққа, ол ашық аспанның жарығынан пайда болады, мынадай түрмен есептелінеді:

Мi

ТЖК = ______________ х 100 %

Ме

Сырттағы аспанның жарығының қандай бөлімін бөлме ішіндегі жарықтың коэффициенті көрсетеді. Табиғи жарықтың коэффициентінің маңызы көру жұмыстарының дәлшілдік разрядтарына байланысты. Норма бойынша 8 разряд болады.

ТАБИҒИ ЖАРЫҚ КОЭФФИЦИЕНТІНІҢ МАҒЫНАСЫ ЕМДІК – ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕ

Көру жұмысының мінездемесі

Ең аз мөлшер объекті ажыратқанда (мм)

Көру жұмысының разряды

Т бүйірден түсіп тұрған табиғи жарық (%)

Бөлмелер

Ең жоғарғы дәлшілдік

0,15 – 0,3

П

2,5

Операция жасалатын бөлмелер, операциялық блок

Орташа дәлшілдік

0,5 – 1,0

IU

1,0

Емдеу процедурасын өткізетін бөлме, бокстар

Аз дәлшілдік

1,0 – 3,0

U

1,0

Оңашалайтын үйлер, палаталар

Дөрекі

5 – тен көбірек

UI

0,5

Дәрігерлер бөлмелері, регистратура

Бөлмедегі инсоляциялық тәртіптің анықтауын «Зертханалық сабақтарға қолдама» деген кітаптың 83 – 84 бетінен оқыңдар.

Жасанды жарықтандыру.

Жасанды жарықтандырудың мағынасы төтенше (чрезвычайно) маңызды, барлық адам істейтін өндірістік қызметтерге, оның мәдениеті мен тұрмысына. Қазіргі уақытта жасанды жарық үшін электр энергиясын қолдануға бізде мүмкіншілік бар. Отандық өнеркәсіп әртүрлі қажетке арналған шамдар шығарады: қызу шамын, люминисценттік және т.б. газоразрядтық көз жарығын. Шамның керек түрін таңдап алып, жарықтың керек шегін және түсін қабылдауын жасауға болады.

Қазіргі уақытта көз жарығын таңдағанда, басқа шамдардың арасында люминисценттік шамдарды жоғары бағалайды, өйткені олар қызу шамдарға қарағанда көп гигиеналық, жарық техникалық, экономикалық артықшылығы бар. Отандық өнеркәсіп шығаратын люминисценттік шамдар спектрлік мінездемесі бойынша әртүрлі болады: күндізгі шамдар (ШК), күңгірт ақ шамдар (ШКА), суық ақ шамдар (ШСА), ақ шамдар (ША), түс берілісі дұрысталған шамдар.

«Санитарлық нормалар мен ережелер П – А, 9 - 71» ұсынады, қоғам үйлерге жарық түсіру үшін көбінесе ақ, күңгірт ақ люминисценттік шамдарды қолдануға, егерде түс беріліске арнайы талап қойылмаса.

Жасанды жарық ауруханалар мен емханаларда «санитарлық нормалар мен ережелер П – Л, 970» бойынша сәйкес нормаланады, бөлменің функционалдық белгілеуіне байланысты. Жарық нормалары арнайы люминисценттік жарыққа және қызу шамдарға келтіреді.

Люминисценттік жарық тек дәл түс беруі керегі жоқ жұмыстар өткізетін бөлмелерде ғана қолданылады (манипуляция жасайтын, қосымша бөлмелерде). Қызу шамдар операция, таңу өткізетін бөлмелерде, шоктан шығарылған кабинетте, дәрігерлер

кабинеттерінде және т.б. бөлмелерде пайдаланылады, қай жерде дәл түс беруі қажет. Қызу шамдарды қолданғанда жарық нормасы операцияға дайындайтын, таңу ранимациялық және препарация өткізетін бөлмелерде 150 лк – дан кем болмау керек, ал дәрігерлер кабинеттерінде 100 лк.

Люминисценттік жарық пайдалануға болатын бөлмелерде, жарық шегі нормаланады, рентген кабинеттерінде 100 лк кем емес, емдеу денешынықтыру кабинеттерге, флюорография, механотерапия, эндоскопия, электрокардиография, массаж, ингаляция, электр жарық емдеу және прививка істейтін кабинеттерге 150 лк болмау керек.

Ауруханалардың операция жасайтын бөлмелеріндегі үстелдерге жарық түсіру үшін жергілікті көлеңке түсірмейтін шамдар қолданылады.Операция жасайтын үстелдің жарығы 3000 лк кем болмау керек (орташа 1000 лк және одан да көп, операцияның түрімен қиындығына байланысты).

Жарық мінез бойынша бөлмеде болады: жалпы жарық – барлық бөлмелерге көп жарық түсіп тұрғанда, жергілікті жұмыс орнына ғана жарық түсіп тұрғанда, бөлменің басқа жерлеріне жарық түспейді. Араласқан жарық – табиғи жарық пен жасанды жарық қосылғанда.Біріктірілген – жалпы жарық пен жергілікті жарық бірге пайдаланғанда.

Барлық бөлмелердегі, әлде кейбір жұмыс орнындағы жасанды жарықты бағалағанда мына гигиеналық талаптарды ұмытпау керек:

  1. Бөлмелердің әлде жұмыс орындарының жарығы жеткілікті болуы керек.

  2. Жұмыс орнына ғана жарық түсіп, басқа жер қараңғы болып тұруға болмайды.

  3. Жарық біркелкі болу керек.

  4. Көз жарығы шатына тұруға болмайды.

  5. Көз жарығы тиімді, қолданғанда қорықпайтындай болу керек және бөлмедегі микроклимат пен ауаның химиялық құрамын өзгертпеу керек.

7. Сабақтың мазмұны:

  1. Негізгі білім деңгейін бағалау (Қосымша 1).

  2. Студенттердің өздік жұмысы:

  • бөлменің жабдықталуын бағалау (Қосымша 2).

  • Оқытушымен жұмыс.

    • жүргізілген әдістер бойынша мәліметтерді талдау

    • тақырып бойынша қорытынды жасау

  • Қорытынды білім деңгейін бағалау (Қосымша 3).

    Қосымша 1.

    Негізгі білім деңгейін бағалау.

    1. Жарықтануды бағалауға арналған аспап:

    А) батометр

    Б) спирометр

    В) люксметр

    Г) бутирометр

    Д) психрометр

    2. Түсу бұрышының нормасы кем болмау қажет:

    А)10 0

    Б) 15 0

    В) 20 0

    Г) 25 0

    Д) 27 0

    3. Саңылау бұрышын бағалау нормасы кем болмау қажет:

    А) 1 0

    Б) 2 0

    В) 3 0

    Г) 4 0

    Д) 5 0

    4. Сыртқы жарықтың ішкі жарыққа қатынасы аталады:

    А) жарық коэффициенті

    Б) көлеңкелік коэффициент

    В) тереңдік коэффициент

    Г) табиғи жарық коэффициенті

    Д) қараңғылау коэффициенті

    5. Терезенің шыныланған ауданының бөлме еденінің ауданына қатынасы:

    А) жарық коэффиценті

    Б) көлеңкелік коэффициент

    В) тереңдік коэффициент

    Г) табиғи жарық коэффициенті

    Д) қараңғылау коэффициенті

    6. Бөлменің инсоляция ұзақтығының нормасы неге байланысты?

    А) бөлменің қай бағытқа қарағанына

    Б) жыл мезгіліне

    В) климаттық белдеуге

    Г) терезенің көлемі мен конфигурациясына

    Д) атмосфера жағдайына

    7. Табиғи жарықтану денгейін бағалау үшін неге тура люксметрия

    әдісін қолданбайды?

    А) табиғи жарықтың шектен тыс жоғары денгейінен

    Б) ауа-райына, жыл мерзіміне, тәулік уақытына байланысты табиғи

    жарықтың өзгеруіне

    В) фотоэлементтің табиғи жарық толқыны ұзындығына сезімтал

    еместігінде

    Г) люксметр конструкциясының ерекшелігінде

    Д) табиғи жарық денгейінің төмендігінде

    8. Люксметрдің жұмыс істеу принципі неге негізделген?

    А) жарық ағымының жылулық ағымға айналуына

    Б) жарық ағымынң электрлік токқа ағымына

    В) инфрақызыл радиацияның электрлік токке айналуына

    Г) ультракүлгін электрлік токке айналуына

    Д) жарық ағымының электромагниттіге айналуына

    9. "Түсу бұрышы" мен "саңылау бұрышы" түсініктері нені білдіреді?

    А) жарық ағымының таралу дәрежесін

    Б) бөлменің жарықталуын

    В) бөлменің көленкелену дәрежесін

    Г) жарық ағымының бөлмеде таралуын

    Д) инсоляция ұзақтығы

    10. Жергілікті жарық қалай жасалынады?

    А) шамадрды тікелей жұмыс орнының үстіне орналастырумен

    Б) жасанды және табиғи жарықты біріктірумен

    В) шамдарды жұмыс орнына сәйкес орнату

    Г) шамдарды бөлменің барлық жеріне бірыңғай орналастырумен

    Д) жарықаэрациялық фонарлармен жабдықтаумен

    Қосымша 2.

    Бөлменің жарықтануын бағалау.

    1. Люксметр – жарық өлшейтін аспап. Аспаптың жұмысының негізге фотоэлементке жарық түскенде электр ток пайда болады (фототок). Пайда болған фототоктың шамасы тікелей жарықпен байланысты. Аспаптың құрамында селендік фотоэлемент және гальванометр, люкстарға бөлінген шкала.

    Өлшегенде фотоэлементті жұмыс орнының үстіне қояды. Содан соң фото элементті гальванометрге қосады, гальванометрде қанша көрсеткенін қарайды. Гальванометрдің стрелкасы бөлінген шкаладан асып кетсе, жарық ұсьайтын қақпақ кигізеді, есептегенде ол туралы ұмытпау керек.

    2. а) Табиғи жарық коэффициентін анықтағанда бөлмедегі жарықты (жұмыс орны) және даладағы жарықты бір уақытта өлшейді, сосын формула бойынша есептейді:

    бөлме ішіндегі жарық

    ТЖК = _______________________________________ х 100 %

    даладағы жарық

    б) жарық коэффициентінің шамасы мына жолмен табады: шыныланған терезе бетінің ауданын еденнің ауданына бөліп, жай дробьпен жазылады, числительда бір болады (мысалы1/4). Бірақ жарық коэффициенті жеткілікті болса да, хабардар етуісіз және тереңге көлеңке түскенін есептемей, бөлмеге түсіп тұрған табиғи жарық жақсы деп айта алмаймыз. Осы факторларды есептеу үшін жарық коэффициентінің шамасын бағалау берілген. Мына формуламен есептейміз:

    С = К1 х К2

    Мұнда: С – жарық коэффициентінің қазіргі жағдайға берілген шамасы

    Жақсы түсіп тұрған жарықта К1 х К2 көп, әлде тең болу керек, осы жағдайда К1х К2 жарық коэффициентінің ең аз шамасын көрсетеді; К1 – коэффициент, жарық ықпалымен бөлменің пайдалануын мінездейді (1 кесте); К2 – коэффициент, хабардар етуі мен көлеңкені есептейтін (2 кесте).