- •Әдістемелік нұсқау
- •1.Тақырыбы: Судың сапасын зерттеу әдістері. Судың сапасын жақсарту әдістері.
- •5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Негізгі білім бойынша:
- •6. Ақпараттық – дидактикалық блок.
- •1 Кесте. Суды өңдеу процесі кезінде түсетін және пайда болатын зиянды химиялық
- •Суды залалсыздандыру.
- •7. Сабақтың мазмұны:
- •Негізгі білім деңгейін бақылау.
- •Дәріхананың тазартылған суын микробиологиялық зерттеу.
- •Судың химиялық құрамын анықтау.
- •Суды залалсыздандыру әдісінің сапасын анықтау.
- •1. 1% Хлор ерітіндісіне белсенді хлор мµлшерін аныќтау.
- •2. Хлордыњ қажетті мµлшерін аныќтау.
- •Қортынды білім деңгейін бағалау
- •8.Сабақ бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
7. Сабақтың мазмұны:
1.Бастапқы білім деңгейін бағалау (Қосымша 1).
2.Студенттердің өздік жұмысы:
Дәріхананың тазартылған суын микробиологиялық зерттеу (Қосымша 2).
Судың химиялық құрамын анықтау (Қосымша 3).
Судың кермектілігін анықтау (Қосымша 4).
Суды залалсыздандыру әдісінің сапасын анықтау (Қосымша 5).
3. Қорытынды білім деңгейін бағалау (Қосымша 6).
Қосымша 1.
Негізгі білім деңгейін бақылау.
Сумен қамтамасыздандыру жүйелерін ата:
А)
Б)
Ауыз сапасын келесі талаптарға жауап беруі қажет:
А) органолептикалық қасиеті жағынан оңтайлы
Б) жоғары деңгейде минералданған
В) эпидемиологиялық қауіпсіз
Г) радиологиялық қауіпсіз
Д) химиялық құрамы тұрақты
3. Судың органолептикалық қасиеттерін көрсет:
А) иісі
Б) түсі
В) тұтқырлығы
Г) дәмі
Д) мөлдірлігі
4. Ауыз судың иісі қалай бағаланады:
А) шкаламен
Б) температурамен
В) балмен
Г) градуспен
Д) процентепен
5. Толық санитарлық анализ жүргізу үшін судан қанша көлемде сынама алынады.
А) 1 л
Б) 2 л
В) 3 л
Су сынамасында химиялық зерттеу кезінде аммиактың болуы нені көрсетеді:
А) судың жаңадан ластануын
Б) судың бұрыннан ластануын
В) судың үнемі ластануын
Г) судың ластануының тоқтағандығын
Д) судың зияндылығын
9. Судың кермектілігінің түрлерін көрсет:
А) жалпы
Б) карбанатты
В) жоюға болатын
Г) меншікті
Д) тұрақты
10. Ауыз судың құрамындағы нитриттердің рұқсат етілген көлемі:
А) 2 мг/л
Б) 4 мг/л
В) 6 мг/л
Г) 8 мг/л
Д) 10 мг/л
Сульфаттардың судағы мөлшері қанша болады:
А) 100 мг/л
Б) 200 мг/л
В) 300 мг/л
Г) 400 мг/л
Д) 500 мг/л
Суды тазалаудың физикалық әдістерін көрсет:
А) коагуляция
Б) озондау
В) тұндыру
Г) хлорлау
Д) сүзу
Суды тазалаудың химиялық әдістерін көрсет:
А) коагуляция
Б) озондау
В) тұндыру
Г) хлорлау
Д) сүзу
Суды коагуляциялау кезінде глинозем қандай элементтермен реакцияға түседі:
А) кальцийдің қос көміртекті тұздары
Б) фосфордың қос тотығы
В) барийдің қышқылды ерітіндісі
Г) магнидің қос көміртекті тұзы
Д) темірдің қос тотығы
Суды залалсыздандырудың жеткілікті өткендігін қандай көрсеткішпен бағалаймыз:
А) бос хлор
Б) қалдық хлор
В) белсенді хлор
Г) бактерия саны
Д) коли - титр
Қосымша 2.
Дәріхананың тазартылған суын микробиологиялық зерттеу.
(мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер).
Жұмыс барысы:
1. 1 см 3 суды 2 Петри чашкасына себеміз.
2. Ерітілген және суытылған (45 0С) қоректік ортаны үстінен құямыз.
3. I күн 24 сағат 37 0С термостатта тұрады.
4. II күн 24 сағат бөлме температурасында ұсталады.
5. Қоректік ортаның үстінде және арасында өскен санын лупаның көмегімен есептейміз. 2 чашкада өскен колониялар санының орташа арифметикалық шамасын табамыз.
6. Зерттеу нәтижесінде қорытынды беріледі.
7. 1 мл суда рұқсат етілген бактерия саны 100.
Судың нәжісті қалдықтармен ластануын ішек таяқшасын анықтау арқылы бағалайды. Ол мембрандық сүзгіштер әдісі арқылы анықталады. Судың құрамында ішек таяқшасын табу коли – индекс және коли – титрмен көрсетіледі.
Коли – индекс – 1 л суда 3 – тен аз ішек таяқшасының болуы.
Коли - титр – 300 мл суда 3 – тен аз ішек таяқшасының болуы.
Қосымша 3.
