2. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі сабағының ұйымдастырылуы.
Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу сабақтарында көбіне қимылды ойындарды қолдануды қарастырады.Олар баланың гармониялық дене дамуын құраушы- күшті,жылдамдықты, шыдамдылықты, икемділікті, ептілікті дамытуға негізделген. Кәдімгі гимнастикалық жаттығулардың орнына қимылды ойындарды қолданған дұрыс.
Ұйымдастырылған қимылды ойындар балалардың жан-жақты дамуының қажетті шарты болып табылады. Ойын арқылы қоршаған өмір танылады, баланың мінез-құлқы, қабілеті, қимыл дағдылары қалыптасады. Ұжымды қимыл ойындардың құндылығы-ол балалардың ұжымдық қарым-қатынасының бірінші сатысы болып, баланың дербестігінің, оның творчествалық қиялы мен фантазиясының дамуына көмектеседі.
Қимылды ойындар организмнің ауамен шынығуының ең жақсы әдістерінің бірі болып саналады, ол үшін жабық бөлмелерде сабақтарды жүргізгенде, дене тәрбиелеу орындарын дайындау және ұстау ережесін бұлжытпай орындау керек, және де ойынның үлкен артықшылығы , денсаулық жағдайы бойынша әр топқа жататын балалардың (күш түсіруі бойынша) барлығы ойынға қатыса алады,
өйткені ойында түсетін күшті баланың өзі дербес шамалай алады.
Ойындарды таңдап алуда мына талаптарды орындау қажет:
-ойындар балалардың психофизиологиялық дамуына әсер ету керек;
-ойындар моторлық ептілікті дамытуы қажет;
-ойындар балаларды ұжымдық іс-әрекетке ұйымдастыру керек;
-ойындар ерекше дайындықты және құралдарды қажет етпеуі керек;
-ойындарды мүмкіншілігінше таза ауада жүргізген дұрыс;
-ойындар балалармен жеңіл меңгерілуі керек;
-ойындарды балаларға тез ұқтыру үшін, ойын түрі педагогтардың өзімен де жеңіл меңгерілуі керек.
Бір ойын ұзақ ойналған сайын, сол жаттығулар кешені ұзақ жасала береді.Сондықтан, ойындарды жиі ауыстыра беру орынды болмайды, оның орнына таныс ойындарды күрделендірген дұрыс. Ойынды күрделендіру қашықтықты ұзартумен, ойынның жаңа тәртіптерін енгізумен оларды дұрыс орындау жолымен жүргізілуі керек.
Балалармен ойын күнделікті жүргізіліп, тәрбиелеу режимінің бір элементі болуы керек. Бірде-бір күн ойынсыз және гимнастикалық жаттығуларынсыз өтпеуі керек, мұнда арнаулы шынықтырушы процедуралар әдеттегі элемент ретінде жүргізілуі керек. Мектепке дейінгі мекемеде ең универсалды және нәтижелі формасы болып жаттықтыру сабағы болып саналады.
Мұнда, ол дәстүрлі сабақтарға ұқсас болмайды, бірақ жаттықтырудың негізгі элементтері сабақтың барлық формаларына кіреді. Оның міндетті бөлімдері мыналар:
1. Кіріспе (даярлайтын).
Негізгі
3.Қорытынды.
Сабақтың негізгі формасы ойын болып келсе де, оның алдында даярлау (кіріспе) бөлімі болуы керек-дене қыздыру, кейін ойынның өзі ал соңынан салмақты біртіндеп төмендету.
Дене қыздырудың мақсаты-баланың организімін салмаққа біртіндеп үйрету, оның қыздыруда жүрумен және жүгірумен бірге икемділікке және ептілікке бдғытталған жаттығулардың әртүрлері үйлестіріледі. Дене қыздырудың ұзақтығы 2-3 мин-тен 5-10 мин-қа дейін болуы керек.
Сабақтың негізгі бөлімі- дене қасиеттерін дамытуға немесе қимылдарға үйретуге арналады. Дене қасиеттерін дамытуды немесе жетілдіруге мына кезекте жүргізген дұрыс: координацияға; шапшаңдыққа; күшке; жылдамдылыққа жаттығуларды жүргізу.
Кішкентай балалар үшін негізгі бөлімнің ұзақтығы 12-15мин., оқушылар үшін-20-30мин. Сабақтың қорытынды бөлімінде сабырлы жүру, денені босатуға жаттығулар және жеңіл жүгірістерге мән беріледі. Бала бақшасында дене тәрбиелеудің қосымша түрлеріне оқу-сабақтар процесінде және олардың араларында, және де топтағы ойын уақыттарындағы қимылдық разрядкалар мен динамикалық паузалар жатады.
Бала бақшасының күнделікті режимінде балалардың дербес қимылдық белсенділігіне белгілі уақыттар бөлінеді. Бірақ біздің және басқа авторлардың көптеген бақылаулары бойынша МДМ балалардың 60пайыздан жоғары уақыты белсенді қимылсыз өтеді.Балалардың қимылының ұзақтығы, олардың сирек болу уақытының 50 пайызынан жоғары болса, сонда ғана баланың организмі қалыпты дамуы мүмкін.
Сондықтан бізбен күндізгі ұйқыдан кейін тіке ойын-асхана бөлмесінде күнделікті қосымша дене тәрбиелеу-сауықтандыру сабақтарын жүргізудің әдістемелік (методикалық) негіздері дәрістелген. Белсенді қимылдық салмақтар негізінде шынықтырушы процедураларының барлық мүмкіншіліктерін қолданып жүргізілген шұғылданулар баланы белсенді шынықтырады.
МДМ балаларына шынықтыру сабақтарын ұйымдастыруды гигиеналық бақылауда мына көрсеткіштерді қолданады: сабақтың жалпы ұзақтығы және созылуы, және дене мәдениет жеке хронометраждау мәліметтері бойынша бағаланып, сабақтың жалпы және моторлық тығыздығы.
Бала бақшасындағы дене шынықтыру сабақтарының жеке құрылым бөлімлерінің тиісті жалпы ұзақтығы мен созылуы кестеде белілген .
|
Жасық тобы |
Сабақтың жалпы ұзақтығ |
Құрылым бөлімдердің созылуы (мин) | ||||
|
Кіріспе бөлімі |
Жалпы дамыту жаттығулары |
Негізгі қимылдарға үйрету |
Қимылды ойындар |
Қорытынды бөлім | ||
|
3-4 4-5 5-6 6-7 |
15-20 20-25 25-30 30-35 |
2-3 3-4 3-4 3-4 |
4-5 5-6 6-7 7-8 |
9-10 11-12 13-15 14-15 |
3-4 3-4 4 4 |
2-3 3-4 4-5 4-5 |
Сабақтың жалпы тығыздығы пайдалы уақыттың, яғниқимылдарды орындауға, тәрбиешінің көрсетуге және түсіндіруіне , топты орналастыруына, спорт жабдықтарын жинауға жұмсалған уақыттың сабақтың жалпы ұзақтығына, процентте көрсетілген қатынасы болып келеді. Бұл көрсеткіш ең кемінде 80-90 пайыз болу керек.
Моторлық тығыздығы баланың қимылдарды орындауына жіберілген уақыт сабақтың жалпы ұзақтығына қатынасымен сипатталады да, процентте көрсетіледі. Жеткілікті қимыл белсенділігіне бұл көрсеткіш 60-85 пайыз шамасында болады.
Дене шынықтыру сабақтарына бақылау жүргізуде дене дайындық деңгейі төмен немесе денсаулық жағдайында ауытқулары бар балалар бойынша тактикасына көңіл аудару керек. Осындай балаларды жүгіру және секіру сияқты жаттығулардан және де басқа да орындалатын жаттығулардан босатады.
Оқушыларға дене тәрбиелеуді өзара байланысты ұйымдастыру формалары мыналар:
-дене мәдениеті бойынша сабақтар;
-мектептің күн кестесіндегі дене мәдениет-сауықтандыру шаралары;
-мектептен, сыныптан тыс спорттық көпшілік жұмыстары;
-мектептен тыс спорттық-көпшілік жұмыстары;
-үйде, мектеп жанындағы және аулалық алаңдарда, стадиондарда және сабақтарда дене жаттығуларымен дербес шұғылдануы.
Дене мәдениет сабағы мектептегі дене тәрбиелеудің негізгі формасы болып саналады. Дене мәдениет сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар:
Сабақтың мазмұны мен уүштің шамасы оқушылардың денсаулық жағдайына, дене дайындық деңгейіне, жасына және жынысына сай келуі.
Сабақтың жеке құрылым бөлімдері ажыратылып, оның оңтайлы моторлық тығыздығы иен денеге түсетін күшін ескеріп сабақты әдістемелік дұрыс құру
Денеге түсуші денсаулықты нығайтуына, гармониялық дамуына және дұрыс дене тұлғасының қалыптасуына ықпал ету керек.
Осы сабақтың күн және апта оқу кестесіндегі басқа сабақтармен дұрыс байланыстырылып тиісті ретте жүргізілуі.
Сабақтың арнаулы залдары (спорт немесе гимнастикалық зал), арнайы жабдықталған мектеп алаңдарында , стадионда, шаңғы трассаларында немесе бассейндерде жүргізілуіне.
Жаттығуларды организмнің шынығуына ықпал жасаушы спорт киімдеріне және мәдениет сабақтары аптасына екі рет жүргізіледі (45мин-тан), араларындағы үзіліс 1-2 күн. Сабақтың кіріспе бөлімі 5-10мин, негізгі бөлімі 25 мин, қорытынды бөлімі 3-5мин. Дене мәдениет сабақтарын оқу күнінің бірінші және соңғы сабақтарында жүргізбеу керек, себебі ол уақыттарда оқушылардың іскерлігін жоғарлатуға тиісті ықпал жасамайды. Оқушыларға ұсынылатын сабақтардың моторлық тығыздығы 60-80 процент.
Дене мәдениет сауықтандыру шаралары оқу сабақтарының алдында жүргізілетін гимнастикадан, сабақтардағы «физкультминуткалардан»,сабақтардағы қимылды ойындардан, үлкен үзілістердегі қимылды ойындардан және де ұзартылған топтардағы оқушылардың «спорт сағаты» деп шартты спортпен «шұғылдануынан» тұрады.
Мектепте сабақ алдындағы гимнастика ашық ауада, ал қолайсыз ауа-райында желдетілген дәліздерде немесе рекрацияларда жүргізіледі. Гимнастиканың ұзақтығы 6-7 мин-тан аспауы керек.
Сабақтардағы «физкультминуткалар» баланың зерделік қабілетінің қалыптасуына оңтайлы әсер етеді. Шаршаудың үдеуіне бөгет жасайды, оқушылардың эмоциялық тонусын көтереді, статикалық күшті төмендетеді және тұлғаның қисаюының алдын алады. «Физкультминуткалар» сыныпта жүргізіледі, әрбір кешені 4-6 рет қайталанып, 4-5 жаттығулардан құралады. Жаттығулар отырып немесе түрегеліп тұрғанда орындалады.
Үлкен үзілістегі қимылды ойындар дене тәрбиелеу оқушыларымен немесе арнайы дайындалған кезекші мұғалімдермен ұйымдастырылып, көбіне ашық ауада жүргізіледі. Оларға жататындар:командалық немесе топтық ойындар, жарыс жаттығулары, ойын-атракциондары және де арнайы жабдықталған алаңдардағы дербес шұғылданулары. Мектептегі кластан тыс спорттық -көпшілік жұмысына спорт секцияларында шұғылдануларды ұйымдастыру және де денсаулық пен спорт күндерін жүргізу керек . Секциядағы шұғылданулар 1,5-2сағат аптасына 2-3 рет жүргізіледі.
Мектептен тыс спорттық-көпшілік жұмысы негізінен балалар мен жеткіншектердің спорт мектептерінің (БЖСМ) , спорт сауықтандыру лагерінің, балалардың туристік станцияларының, стадиондарындағы, спорт қоғамындағы балалар мен жеткіншектердің үйлеріндегі және сарайларындағы спорт секцияларының базаларында жүргізіледі.
Денсаулық жағдайы бойынша арнаулы топқа жатқызылған оқушылардың дене мәдениет сабақтарының бір қатар ерекшеліктері бар.
Кіріспе бөлімі 20 минут созылады да, жалпы нығайтушы және жалпы дамытушы жаттығулардан тұрады, олар баяу және орташа қарындылықта жүргізілуі керек.
Сабақтың негізгі бөлімі де 20 минут созылады, ал қорытынды бөлімінде (5мин) жүру, дем алу жаттығулары және тұлға құрау жаттығулары ұсынылады. Арнайы топтардың оқу сабақтары негізгі оқу уақытынан тыс сағаттарға шығарылады, бірақ сабақ кестесін жасағанда міндетті түрде ұзақтығы 45 мин-тан аптасына 2 сабақ немесе 30 мин-тан 3 сабақ жоспарланады.
Дене мәдениет сабақтарына арналған бөлмелер СЭС-тің балалар мен жасөспірімдер гигиена бөліміндегі дәрігерлер мен олардың көмекшілерінің санитарлық қадағалауында болады. Бақылау объектілері мыналар:
-адамның тіршілік өнімдерімен бөлмелегі ауаның ластануы. Метаболикалық шығарыстардың құрамында ауаның физикалық қасиеттерін өзгертетін, оны шаңдайтын, бактериялармен ластайтын т.б. антропотоксикалық әсерлері бар 400 дейін заттар саналады.
Ауаның химиялық ластануының индикаторы ретінде көмір қышқыл газының (СО2) мөлшері алынған (0,1проц-ке дейін);
-тегі мен сапасы бойынша әр түрлі спорттық шулар (мезгілді, импульсивті, жалпақ және жіңішке, жолақты, орта және жоғарғы жиілікті). Шудың рұқсатталған нормалық деңгейі музыкамен сүйемелдейтін спорт залдар үшін -50дБа, басқа спорт залдар мен бөлмелер үшін-60дБа дейін;
-статикалық электр әсері ең бірінші кезекте спорт киімдерін, аяқ киімдерді, инвентарды, жабдықтарды мен саймандарды жасауда синтетикалық материалдарды кең қолдануына байланысты, дене мәдениет сабақтарының процесінде пайда болады.
