Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_bilety.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
91.28 Кб
Скачать

Билет 2

1. Құқық – мемлекетпен белгіленген қамтамасыз ететін кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталаған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормалардың жүйесі.

Құқық белгілері:

  • Ерікті сипаты

  • Жалпыға міндеттілігі

  • Нормативтілігі

  • Мемлекетпен байланысы

  • Формаларды анықталғандығы

  • Жүйелілігі

2. Алименттер — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерінасырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.

Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:

  • бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;

  • олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мәнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға көшпейді;

  • алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (қосу) жүзеге асырылады.

Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдықфактілер негіз болады:

  • субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);

  • заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушының мұқтаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын кәмелетке толмағандығы және басқалары);

  • тараптардың алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндіріп алу жөніндегі шешімі.

Билет 3

1. Құқық жалпы ұғым болып табылса  , құқықтық нормалар  құқықты қалыптастыратын , дара ұғымдардың  көп сандағы  жиынтығы.  Құқықтық нормалар  құқықтық  формалық болмысы ,  өмір сүруінің  тыныс — тіршілігі  объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы  өмір сүреді. Қоғамдық қатынастарды  реттейді және қорғайды. Сондықтан  құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.  Норма сөзі  латын аударғанда « үлгі », «ереже» деген мағынаны білдіреді.  Құқықтық нормаларды  қабылдау , бекіту әр уақытта  мемлекет тарапынан болады және олардың мазмұнында  қоғамдық қатынастарға түскен  субъектілердің   мінез- құлықтары ,  әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі  сан алуан ситуацияларға  тап болған жағдайларда  оның сол сәттегі  әрекеттері   құқық нормаларымен  реттеледі , немесе қорғалады. Мысалы , субъект  үйін сату  үшін  нотариустың  қатысуымен  сату туралы келісімшарт  жасауы тиіс , некеге тұру үшін  кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер. Құқықтық норма дегеніміз – мемлекет  бекіткен , бәріне бірдей , формаларды айқын  және орындалуы , сақталуы қажет болған жағдайда  күшпен қамтамасыз етілетін  мінез – құлықтың үлгісі.

Құқықтық норманың элементтері: 

Диспозициця – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.

Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.

2. Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық. Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады. Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл – объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.

Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек.

Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.

Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.

Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]