
23. Туркеш каганаты (704-756).
Жетісуда билік басына Үш Елік қаған(699-706) бастаған түркештер келді. Олар Шаштан Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Басты астанасы – Суяб. 2-ордасы – Күңгіт қаласына орналасты. Үш Елік қаған елді әрқайсысында 7 мың әскері бар 20 үлесті жерге бөлді. Үш Еліктің орнына Сақал қаған(706-711) отырды. Түркештердің өз арасында ауызбірлік болмады. Батысында соғдылықтармен бірге арабтарға қарсы соғысты. Оңтүстігінен Таң имп-ясы қауып төндірді. Түркеш қағанаты саяси тұрақсыздықты басынан кешіргенімен, Сұлу қағанның тұсында(715-708) қайта нығайды. Сұлуға екі майданда күрес жүргізуге тура келді. Сұлу арабтарға қарсы батыл да шешімді әрекеттермен көзге түсіп, арабтар оған Әбу Мұзахим(Сүзеген) деп ат қойды. 738ж Сұлу Субқа қайтып келе жатқан кезде, өз қолбасшыларының бірі Баға Тарханның қолынан қаза тапты.751ж Тараздың маңындағы Атлах қаласының түбінде әскербасы Зияд Ибн Салих басқарған арабтармен қолбасшы Гао Сяньчжи басқарған қытайлар арасында соғыс болды. Ұрыс 5 күнге созылды. Шешуші сәтте қытайдың қол астындағы қарлұқтар бас көтеріп, арабтар жағына шықты да, қытайлар жеңілді. Екі жақты соғыстан әлсіреген түркеш мемл-ті 756ж түркі тілдес тайпа қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай, біржолата құлады.
24. Карлук мем.
Қарлұқтар жайлы алғашқы деректер(Болат деген атпен белгілі) 5ғ-ға жатады. Олар Алтайдан Балқаштың шығ.жағалауына дейін жайлаған көшпелі тайпа болған. 7ғ-дың ортасында қарлұқ бірлестігінде үш ірі тайпа: болат, шігіл, ташлық енді. 742ж осы үш тайпа одағы – қарлұқ, ұйғыр және басмылдардың біріккен күші Шығ.Түріктерге қарсы шықты. Түріктер жеңілді. Олардың қағанатының орнына жаңа мемл-т Ұйғыр қағанаты п.б.(744-840)756ж қарлұқтар ұйғырлардан жеңіліп Жетісуға келді де, ерте феод. мемл-т қарлұқ қағанатын құрды. Астанасы – Суяб. 766-775жж қарлұқтар қашғарияны, ал 8ғ-дың аяғына қарай Ферғананы да жаулап алды. Қарлұқ көсемі жабғу деп аталды. 840ж-дан кейін ғана қаған атағын алды. Араб географы әл-Маруази(12ғ) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болған дейді. Қарлұқтар үстемдік еткен халық этникалық жағынан біртектес болған жоқ. Оның ішінде таяу шығыс пен орта азиядан көшіп келген иран тілдес соғдылықтар да болды. Араб географы ибн Хаукаль(10ғ): «Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек болды»,- деп жазған. 840ж Ұйғыр қағанатының құлауы Азия даласы үшін маңызды оқиға болды. Енисей қырғыздары ұйғырларды Тұрпан жазирасы мен Ганьчжоу аймағына қоныс аударуға мәжбүр етті. 9ғ-да арабтар қарлұқ жеріне жорық жасап Исфиджабты жаулап алды, Таразды қоршады. Ұзақ қорғаныстан кейін қала халқы исламды қабылдады. Қарлұқ қағанатының ордасы Тараздан Қашғар маңына көшірілді. Қоғамдық құрылысы. Қарлұқ мемл-нде басқарудың әскери әкімшілік жүйесі болды. Дерекке қарағанда қарлұқ елінде 25 қала мен елді мекен болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Барысхан және т.б.
25. Кимак каганаты (9-11гг басы).
Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректеріндегі яньмо тайпасыиен тығыз байланысты. Яньмо н-е қимақтар 8ғ басында монғолияның солт.бат-да өмір сүрген. 656ж бұл тайпа көзге түсе бастады. 11ғ парсы тарихшысы Гардези еңбегінде қимақтар татарлардан тарайды делінген. 840ж Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның тайпаларының біразы қимақ бірлестігіне қосылды.Қимақ тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді. 9ғ. 2-жарт. Қимақ одағының құрамына 12 тайпа енді. Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі қуаттысы қыпшақтар болды. 8ғ-11ғ-басына дейін олар Алтайдан Ерт іске дейінгі, бат. Оңт. Орал таулары Еділ өзеніне дейінгі кең байтақ аумақты алып жатты, 11ғ.басында қимақ мемл.-ң шекарасы тұрақтана бастады. Оларға Булгариядан, Орта Азиядан ж-е қырғыздардан сауда керуендері келіп тұрды. ҰЖЖ-нан Ертістегі қимақ қағанының ордасы Имақияға керуен жолының бір тармағы п.б. Қимақ қағанаты құрылып күшейген кезде құдыретті қимақ билеушісі түркілерде ең жоғарғы атақ – қаған деген атақ иемдендіШаруашылығы. Араб географы ибн-Хаукальдың айтуынша Түрккістанда әсем елтірі беретін қой өсіретін. Қарлұқтар мен қимақтарда да түйе болды, бірақ оғыздардан аз өсірді.Әбу Дулафтың(10ғ) жазбасына қарағанда қарлұқтар мен қимақтар тамаққа бұршақ, тас бұршақ ж-е арпа пайдаланған.
Огыз мем. Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғаридің(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ). 10ғ-да астанасы – Янгикент. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасты. Оғыз мемл-ң басшысы жабғу деп аталды. 965ж Киев Русімен бірігіп Хазар қағанатын талқдады. 985ж Еділ бұлғарларына соққы берді. 10-11ғғ шекарасында мөлшерден тыс алым-салық оғыз тайпаларының көтерілісіне алып келді. Бұл кезде 10ғ-ң 2-жартысында елді Әли хан басқарды. Бұл жағдайда Жент маңындағы селжұқтар көсемі көтеріліс жасап Жентті басып алды. Бірақ көп ұзамай олар Жент аймағынан қуылды. Әли ханның мұрагері жабғу Шахмәлік тұсында оғыз мемл-ті күшейіп 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Қоғамдық құрылысы. Жабғу патшалығында «сюбашы» аталатын оғыз әскерінің басшысы маңызды рөл атқарды. Жабғудың орынбасарлары күл еркін деп аталды. Мүлік теңсіздігінің негізі жеке меншік мал болып есептелді. Оғыздар пұтқа табынды, шамандарға сыйынды. Кейінірек ислам діні ене бастады.Оғыздар ірі екі өркештітүйе өсірді.
26.Карахан. Қарахан әулетінің мемл-ті. Қарахан әулетінің атасы Сатұқ Боғра хан(915-955) болып есептеледі. Саманилердің қолдауына сүйеніп, ол өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 1942ж Сатұқ Баласағұн билеушісін құлатып өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемл-ң өз тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуымен оның ерте тарихында басты рөлді қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды, бұл конфедерацияға шігіл мен яғма да кірген еді. 10ғ-да яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуді, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек 11ғ-да яғмалар Қиян теріскейде, Іле алқабында тұрды. Ыстықкөлдің солт.жағынан көшіп келген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді. Қарахан мемл-ң құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан байтақ аумақта болған саяси оқиғалармен, сондай-ақ қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді.Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың, шігілдердің, яғмалардың саманилерге қарсы, сондай-ақ шығыстан дүркін-дүркін шабуыл жасаған тоғыз-оғыздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қаз-н аумағының оңт-мен оңт-шығ-ғы түрік тайпалары тобының этникалық саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде қарлұқтар басты рөл атқарды. Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960ж қағанаттың мемл-к діні ислам деп жариялайды. Оның астанасы – Қашғар болды. Қарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес, біртіндеп, жаулап алған жерлерде қарахан шонжарлары билігінің орнығуына қарай қалыптасты. Қарахандар өздері бағындырған жергілікті халықтардың көптеген мемл-к дәстүрлерін мұра етіп алды, оған ежелгі түрік мемл-ті, Бат.Түрік, Түргеш, қарлұқ мемл-ң терең ықпалы болды. 12ғ-ң 2-ширегінің бас кезінде құмырсқадай қаптаған қарақытай халқы Жетісу мен Баласағұнды, сосын Шығ.Қараханның қалған иеліктерін басып алады да, оның батыс тармағына қауіп төндіреді. 1141ж Қарахан Салжұқтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемл-ті екі хандығының билігі де қарақытай қолына көшті. 1210ж Шығ.Қарахандар әулеті наймандармен қиғаш келіп соқтығысып қалады. Ал 1212ж Хорезмшах Мұхаммед Бат.Қағанаттың соңғы қағаны Самарқанттық Османды өлтіреді. Ұзамай қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады
27.Карахан когамдык курылыс. Жоғарғы өкімет билігі хақанның (ханның) қолында болды. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Үстем тап өкілдеріне ханның ұрпақтары тегіндер, ілек (ел) хандар, бектер, нөкерлер жатқан. Билік үлестік жерлер арқылы жүргізілген. Ұлестік жерлер ірі жене кіші болып бөлінген. Хақанның сарай маңындағы қызметкерлерінен құралған тұрақты ұйымы болды. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болды, ол әрі көмекші , әрі кеңесші болып саналады. Қараханидтер кезіндегі уәзірлер, қарлұқ қағанының «көл-еркіндеріне» ұқсас . Махмұд Қашқаридің жазуына қарағанда, «көл-еркіннің» мәні көл-кесір, ұшаң-теңіз, ақыл-ой деген мағынаны білдірген. Шындығында, қазақша уәзір сөзі ақыл-ойдың кені..
Хақанның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін жері-орда деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған. Олар: хақанның уәзірлері, нөкерлері, орынбасарлары, қазынашылары, елшілері, хат жүргізушілері, аспапшылары және т.б жеңіл-желпі жұмыс істейтіндер.
Қараған мемлекетіндегі қоғамдық құрылыс басқару тәртібі, жер иеленудің түрлері, алым-салық алудың жүйесі, әлеуметтік теңсіздік, қанаудың түрлері туралы сөз еткенде, орта Азиядағы мемлекеттердегі қоғамдық құрылыстың әсері болғандығын ескерген жөн. Мәселен, отырықшы-егіншілік округтерде негізінен саманилер тұсында қолданылған құрылымда сақталды. Мұнда бұрынғысынша қоныс және қала басшылары (мехталар, әкімдер, раистер) болды. Сонымен бірге ілік-хандар тұсында, сахиб-барида (мәліметшілік қызметтерде қоса атқаратын почта бастықтары), мұстауфалар (финанс –салық ведомствосының чиновнигі мен бастығы) және т.б да лауазымдар сақталды.
Қырдағы аймақтағы мал шаруашылығымен айналысатын халықты басқару тәртібі басқаша болды. Ол да иерархиялық принциптерге негізделіп тұрса да, көшпелі қауымдардың әкімшілік басқаруы рулық-тайпалық басшы топтар арқылы, көбінде елші басына, бектер мен хандарға бағынатын ру басылары арқылы жүзеге асырылды.
28.Кыпшак мем. 11ғ-дың басында Қимақ қағанаты құлағаннан соң, Қаз-н аумағындағы әскери саяси басымдылық қыпшақ тайпаларының қоластына көшті. Қыпшақ ақсүйектері оғыз жабғуын Сырдариның төменгі және орта ағысынан, жіне Каспий маңы даласынан ығытырып шығарды. 11ғ-дың 2-ширегінде сол кезге дейінгі деректерде оғыз даласы аталып келген дала Дешті-Қыпшақ деп атала бастады. 11ғ-дың ортасында батысқа қарай жылжыды, Русь, Византия, Венгрия халықтарымен қатынас жасады. 1). Бұл кезеңде қимақ тайпалар олағы қалыптасып, оның ішіндегі қыпшақтар басты рөл атқарды(7-8ғғ).2). (8ғ-басы – 9ғ). Қыпшақтар Алтайдан Ертіске Оңт.Орал тауларынан Еділге дейінгі кең-байтақ аймаққа біртіндеп қоныстана бастады.3). (11-12ғғ). Қыпшақ хандарының, әсіресе, шығыс ұлыстың құдіреті асып айбындана түсті. Қыпшақ тайпалары 11-13ғғ Орта Азиядағы, Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп үркі тілдес тайпа болды. Қыпшақтардың таризи көшкін жолдары арқылы араб географы әл-Омари(14ғ):«Қыпшақ хандары қыста сарайда, ал жайлаулары бұрынғы Орал тауларының аймағында»,-деп жазған.
29.Кыпшак мемл. Территориясы. Қыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек, Сарысу өңірінде көшіп қонып жүрген.Қыпшақ этникалық дерекі:VI—VIIIғ.ғ Қимақ Қыпшақтар туралы мағлұматтар алғаш рет деректерінде кез. IV-VIIғҚыпшақ арғы тегі Си ордасының шығыс бөлігін мекендеген және олардың көршісі яньто тайпасы болғанын, оны қыпшақтар бағындырып, екі тайпа бірігіп Сеяньто аталған.691ж Сеяньто тайпасы Сир мемлекеті деген атауды өзгертіп. 760ж қыпшақ этнимні қабылданды.Қыпшақтар этникалық құрамы 2 бөліктен тұрады:батыс бірлестігі 11тайпадан тұрады(елбөрілі, тоқсоба,истиоба,дурут т.б);шығыс бірлестік 16 тайпадан тұрады.11-12 ғ Ұлы даланы мекендеген біртұтас болып бірікті. Бұл кейінен қазақ халқының қалыптасыунын негізгі ұйтқы болды.Шынғыс хан әскерлері ретінде Дешті қыпшықа келіп сінген түркі монғол тайпалары (керей,меркіт,нйман,уақ, жалайыр,қоңырат т.б)Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшықтармен араласып біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары «Қыпшақ ұлысы» д. а. 13ғ Алтын Орда құрамындағы қыпшақ тайпалары негізінде құрылған автономиялық бірлестік—Ақ Орда күшейе бастады.14ғ-аяақ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары «өзбек» деген жалпылама атаумен аталды.15ғ орта тұсынан бастап «өзбек» термині «қазақ» атауы ығыстырып шығарды.
30.Казак халкынын этникалык озегинин калыптасуы.Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді.
Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұнжардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. 2 ғ. 1 жартысында орын алды. Бұл кезде солтүстік ғұндардың тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, 6 ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғүндардың біріктіруші ролінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Мұның өзі тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелді және сол этникалық процестердің бағыт-бағдарын айқындап отырды. Этномәдениеттік жағдайда түркі тілінің одан әрі дамып жайылған аймақтарда сол сияқты моңғол түрінің белгілі әсері де көбейді.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтік нәсілге өтуі басталды. Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. 1-5 ғғ. қамтиды, мұның өзі жергілікті жұрттың кескін-кейпіне, оның тіліне әсер еткені даусыз. Б.з. 6 ғасырынан бастап үйсін, қаңлы және басқа тайпалар тарих сахнасынан көрінбейді, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан жерінде , оңтүстік аймақта шығыстан Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдығынан болса керек. Олар негізінен байырқу, Бұлақ, қарлұқ, кимек, қыпшақ тайпалары еді. 6 ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды. Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. 702 жылы Батыс түркі қағанаты тарағаннан кейін оның орнына Түргеш қағанаты (704-756), Қарлұқ қағанаты (756-940), Оғыздар (9 ғ. соңы 11 ғ. басы), Кимек қағанаты) 893-11 ғ. б.), Қыпшақтар (11-1219 ж.), Қарахандар (942-1212 ж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи ролі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Ертіс пен Еділ арасын мекендеді.
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен тағы бір мемлекет - ол оңтүстік, оңтүстік шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті. Бұл мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күшті болды. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік -шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Алтай жақтан ығыса келіп, өздерінің мемлекеттік бірлестігін құрған наймандар мен керейттер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді.
Бірақ осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың (қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлайды. 13 ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда мронғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Монғолдар екі мемлекеті де қиратты. Сөйтіп, халық болып қалыптасуы процесі 15 ғасырға дейін кешікті.
Монғол шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар орнағанмен, Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыстар бұзылғанын, Алаш халқының әртүрлі аймақтарға (Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Көк Орда, Ақ Орда) қарағанын да мойындау керек. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Дегенмен тіл бірлігі жойылмады. Себебі бұл халық монғол шапқыншылығынан бұрын-ақ мәдени қалыптасып қалған еді. Қайта монғолдар түркіленіп кетті. Бірақ бұл кезде бұрынғы екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік және кейін қосылған монғолоидтік нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының (антропологиялық, этникалық, лингвистикалық негізде) бірыңғай тұтас қосындысы келіп шығады.
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді.
Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран тайпасынан болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Сонымен қатар қыпшақ әскер басшыларының көпшілігі де ұран тайпасынан болған.
31. 12 г керейттер (керейлер) мен меркиттер косылган наймандар конфедерациясы орт. Азиядағы ірі мем-к құрылым болды. Ал наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы туралы мәселе өте күрделі, қиын мәселе. Олардың этникалық құрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми әдебиеттегі ең жаңа мәліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дәйектейді. Ғалымдар «найман » терминінің мәні монғол тілі тұрғысынан алғанда ашылады, ол конфедерацияға енген тайпалар санына қарап, «сегіз» деген сөз деп болжам жасайды. Көне түрік жазуларында айтылатын «сегіз-оғыздарды» зерттеушілер наймандармен теңестіреді. VIIIғ-да оғыздар тайпаларының бірлестігі Орхон өзенінен бастап, жоғарғы Ертіске дейінгі жерді алып жатқан. Керей конфедерациясының этникалық құрамы біртекті бомаған. Ол түрік тілді және монғол тілді жұрттан құралады. Керейіттер батысында – наймандар, солт. – меркіттер, шығ. – татарлар, оңт. – таңғұттармен шектесті.
Керейіт тайпасының екі ордасы болған:
Орхон өзеніндегі – Қатынбалық;
Хуанхэ өзенінің иірімінде.
ХІІғ-дың 2-жарт-нда Тоғырыл хан тұсында Керейіттер ұлысы солт-те Селенганың жоғарғы бойынан, оңт-те Хуанхэге дейінгі, бат-та Ханғай таунынан, шығ-та Халкин Голге дейінгі жерлерді еркін жайлаған. Оның сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері, мәселен, Тимучин мен Жамуха тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болды. Наймандар мен Керейіттерде іс-қазғаздарды жүргізу өте үлкен қарқынмен дамыды. Әсіресе, алым-салық жинау мен қызмет адамдарын тағайындау құжаттарына мөр басылатын болған. Қоғамның таңдаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген. Керейіттердің христиан дініне енуі олардың әлеуметтік және мәдени дамудың жоғары деңгейде тұрғанын көрсетеді.Керейіт тайпаларының ыдырауына себепкер болған 1203 жылғы Шыңғыс хан шабуылы бұл тайпаның шашырауына әсер етті.
32.6-11г Мадениет жане гылым. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашғари, Ахмед Яссауи.6-8 ғ. Түркі тілдес тайпалары арасында ерте дәуірден басталған ауысша шығармашылық дәстүрі дамыды. 8-10 ғ Сырдария алқабында қыпшақ оғыз арасында Қорқыт ата эпосы тарады. Қорқыт ата қазіргі Қызылорда Қармақшы ауд. Туған атақты жырау. Қорқыт ата кітабы алғаш зерттеуші неміс Диц Қорқыттың оғыз ұрпағынан шыққан және оның көп халықтардың әулие түтатынын айтады. Оғыз нама эпосы ел арасында кең таралып 13 ғ. Рашид ад дин , 18 ғ. Әбілқазы көшірген. Онда Оғыз өмірі баяндалады. 7 ғ жазба әдебиеті шыққан. 9-12 ғ ислам дінінң таралуына байланысты әдеби және ғылыми шы,армалар араб тілінде жазылды.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы. 1 Әбунасыр Әл-Фараби Қазақ жерінде түып өскен ұлы ойшыл, әмбебап-ғалым. Мұсылмандық Шығыста «Екінші ұстаз» (Аристотельден кейінгі) ретінде белгілі болған оның қызметі X ғ. Қатысты. Ол 870 жылы түрік отбасында Фараб (Отырар) қаласында туған. Ол өзінің ана тілі-түрік тілінде оқиды, кейін Халифаттың мәдени орталығы болған-Бағдатқа барады. Сонда араб тілін біліп үйреніп, ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны, музыка мен тілдерді оқып үйренеді. Ол грек ойшылы Аристотельдің еңбектерін ынта қойып оқиды, одан кейін әлемдік озық дәстүрлермен жан-дүниесін байытады да орта ғасырдағы араб шығысының негізгі идеялық ғалымдарының біріне айналады.Әл-Фараби өзінің көзқарасымен ибн Синаға, ибн Буттутаға, ибн Туфайльға, ибн Рушдқа, еуропалық философия мен ғылымға айтарлықтай ықпал жасады. Ол түрлі елдерде тұрса да отанын ұмытқан емес, өзінің түріктерге жататынын әрқашан айрықша атап көрсеткен. Әл-Фараби 950 жылы Дамаскіде қайтыс болды.Біздерге жеткен деректерге қарағанда, Әл-Фараби 100-ден астам трактат жазған. Әзірге олардың 32-ғана табылған. Логиканы ол эмпириялық мәліметтер мен оның шындығын дәлелдеуге нағыз әмбебап құрал ретінде барлық ғылымдардың негізі деп білді.Әл-Фарабидің әлеуметтік-этникалық ілімі «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап» утопиялық идеяға негізделген. Рухани және дүниелік билікті қоса алып жүретін зиялы әкім игілік пен әділеттіліктің барша шындығын танып, оған азаматтарын сендіре алса, онда олардың күштерін бірлестіре отырып бақытты өмір құратынына үміт артты.Махмұд Қашқари ХІ ғасырдағы әйгілі автролардың бірі Махмұд Қашқаридың есіміне байланысты түрік тіліндегі әдебиет тез дамыды М.Қашқари өміріндегі жинақтаған байқауларын өзінің басты еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түрік тілінің сөздігі (1072-1083)») деген кітабында қорытындылады. Оны ежелгі ортағасырдағы түріктердің халақтық өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.Сөздік қазіргі кезде ХІ ғасырдағы түріктер өмірі, олардың материалдық мәдениетіндегі өзгерістер, нақты тұрмыс-тіршілік салты,фольклоры, этникасы мен топонимикасы, этнографиясы, рулар мен тайпаларға бөлінуі, терминдер мен олардың қасиеттері, титулдар мен лауазым адамдары, тағамдар мен ішімдік аттары, өсімдіктер мен дақылдар, халықтық күнтізбе және т.б. жайында мағлұматтар беретін бірден-бір ақпарат көзі.Жүсіп БаласағұнЖүсіп Баласағұн өзі «Құзорда» деп атаған Баласағұн қаласында 1015 немесе 1016 жылы түрік шонжарының отбасында дүниеге келді.Сол замандағы оқыған, ірі ғұламалардың бірі және бірегейі. Ол «Құт негізі – білік» («Құтадғу білік») дастанын жазды, ол 6520 бәйіттен (85 тараудан) тұрады және оның 124 бәйіттен құралған қосымшасы бар. Бұл дастан - жай этикалық-моралдық трактат емес, автордың пікірінше, ол идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі сословиелік адамдардың мінез-құлқының ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактикалық шығарма. Дастан кіріспесінде атап көрсетілгендей, ол «түрік сөздерімен бограхандық тілде» жазылған. «Егер осы тілде жазылған (осындай) кітаптар көп болса, бұл біздің тілде даналықтың басын қосқан тұңғыш жинақ», -дейді автор.Аталмыш дастан мазмұнының байлығы, тілінің көркемдігі жағынан дүниежүзілік әдебиеттегі тамаша ескерткіштердің бірі, ол қарахандар заманындағы гүлденген мәдениеттің куәге
33.Улы жибек жолы. Ұлы Жібек жолы жолы туралы алғ мәліметті будда діндары Сюань Цзяннің қол жазбаларынан білеміз (629-630ж). БЗД 3-2 ғас Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. ҰЖЖ шығыс пен батысты байланыстырып, Жерорта теңзенен Қытайға дейін Еуразияның қақ жарып өтетін керуен жтлынң жүйесі. Ұзындығы 7000 шақырымнан астам. Бұл жол Орта Азиямен Қазақсатн Терерториялары арөылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды: Лазурит жолы: Бадахшан тауы Иран Мисопотамия Мысыр Сирия Қытай. Нефрит: Жаркентдария Шығ Түркістан Қытай. Дала: Қара теңіз жағалауы Дон Оңт Орал Ертіс Алтай Зайсан көлі. Қазақстан жеріндегі ҰЖЖ негізгі бағыттары Жетісу мен Оңт Қазақстан Арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді. Батыстан шығысқа бағытталған, Іле бағ, Еуропа бағ, Орта және Шығ бағыты. ҰЖЖ 6-7ғғ ең гүлденген бағыты Қытайдан жетісу оңт Қаз арөылы батысқа баратын жол. Тауар тасымалы: Саудадағы баты тауар Жібек. ОЛ алтынмен теңелетін и халқаралық валютаға айналған. Батыс елдеріне жеткізіліп, кейіннен Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды. ҰЖЖ арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғаға, пілдер, арыстандар, арғымақ, тотықұс. Ортағасырлық Азияда әлемнің тқрт патшалығы туралы тұжырым болды: Пілдер патшалығы не Үндістан, Бағалы тастар патшалығы не Иран мен Византия, Сәйгүліктер паш не Түрік п, адамдар пат не мемлекетті басқару және өнеркәсіп пат Қытай. ҰЖЖ арөылы Қытайда көп таралған Шығ Түркістан мен қазақстанның әуендері болды. Сырдариядағы Кедер қаласынан 9-10ғғ жататын Саздан жасалған маска табылды. Осы ғғ жерлеу дәстүріне өзгеріс еңгізіліп, мұсылмандық сипат пайда болд. Орта ғасырлық ЖЖ маңызы: Отыырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынасы күшейіп, бірін бірі байытты. Қалалар көбейді, сыртқы байланыс дамыды, сауда өркендеді. ҰЖЖ 2000ж бойы жұмыс істеді. 15ғ су жолы пайда болған соң кеуен жол тоқтатылды.
34.Улы жибек жолы дипломатия.Сауда жолына байланысты дипломатиялық қарым-қатынасты 568 жылғы Түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің арасында болған келісімдерден толық байқауға болады.
35. Орта гг калалар . Құрылымы: Қалалар ірі су алқаптарының бойында, сауда керуен бойында, феодалдардың ордалары мен бекіністер бойында пайда б. 10-12ғ орта қ қ қала мәдениетінің гүлденген кезі. 9-12ғ халық көп қоныстан қала ИСПИДЖАБ. 10-12 Қазақстанынң ірі қаласы ИСпиджаб. Әр қала тәуелсәз өмәр сүрген және өз билеушісі болған: КЕрменкент билеушісі күлтегін табан, Барысхан билеушісі барысхан тебіні, Науакент билеушісі Ялан шах, Семекна билеушісі инал тегін, олардың өз әскері қз билеушілірі болған. Қала халқы негізінен егіншілік, қолөнер саудамен айналысыьт. Тараз саудагерлер қаласы, Суяб әр елдіңі аудагерлері кездесетін ел халқының жартысы саудамен айналысатын қала атанды, Испиджаб әлем саудагерлердің қазба байлығының қайнар көзі атанды. Қала ауданлдары: цитадель қала билеушісі тұратын әкімшілік аудан, шахристан бай шонжарлар, дін қызметкерлері әскери басшылар тұратын аудан, рабад қол өнершілдер , саугерлер, егіншілер тұратын аудан. Қамал орталық орын. Қазхақстанның оңт 25қала тьабылыд, Жетісу оңт бпатысында 27 қала болған. Отырар әкімшілк , сауда, қолөнер, мәдениет орт. 20ғ 70-80 ж Отырардың орны қазалып, аспан астындағы мұражай атанды. Оның моншасы еден астмен жүргізілген су құбырларымен жфылытады. Әл Фараби туған қала. Баласағұн Шу өзен бойындағы мәдениетпен өнердің жамыған жері, өсу кезеңдерін 5-7,8-9,10-12ғғ бастан кешкен көп қабатты қала. Қала құрылысындағы өзгерістер: 10-12 ғғ қалаларда ислам дінінінң енуіне байл мешіттер пайда б, жаңа құрылыс түрінің бірі шығ моншасы. 10-12 ,ғғ тұрғын үйлер бір бірімен байланысты қатар салынған үш бөлимеден тұрды. Олар қоржын үйлер д.а
36.Таниршилдик. 10-12 ғасырларда қазақтар арасында Ұмай құдайына табыну ата-баба аруағына сыйыну етек жайды. Табиғат күштеріне табыну көшпелі түріктер арасында біразға дейін сақталды. Бұл наным – сенімдері тек 7 ғасырда ислам діні біртіндеп ығыстыра бастады. 7 ғасырда қазақ жеріндегі түрік тайпалары арасында ислам діні етек жайды. Бұл істі Хишам Халиф жүргізді. 10 ғасырда ислам дінін Жетісу жеріндегі тайпалар Сырдария бойындағы оғыздар қабылдады. Сырдария бойындағы Испиджаб қаласы Ислам дінінің орталығы болды. 10 ғасырда қыпшақтар да ислам дінін қабылдады.Қазақстан жерінде ислам дінін таратушылардың бірігейі Қожа Ахмет Иссауи болды.
Ислам діні әсіресе 16-17 ғасырларда қазақтар арасында кең тарады. Ислам дінімен бірге тәңірге табыну қазақтардың діни нанымдарының бірі болды. Халықтың аруаққа сыйынуы тоқтаған жоқ Бұл ислам дінінің қағидаларына қайшы келді. Қазақтар жер анаға, су анаға , от анаға, қой иесі Шопан атаға, сиыр иесі Зеңгі бабаға, жылқы иесі Қамбар атаға, түйе иесі Ойсыл қараға табынды. Сонымен қатар әулие Қызылтау, Теректі құздарына, Қазығұрт үңгіріне, Қошқар ата бұлағы сияқты жерлерге табынды. Қазақта ислам дінінің талабына сәйкес адамдардың жаназасын шығарып, өлікті жуып, арулап құбылаға қаратып жерледі.Қайтыс болған адамның жұма, қырық күн және бір жылдық асы беріліп тұрады.
Бай адамдардың мазарлары әшекейленіп биік күмбезбен салынады.
37.Монгол. Қытай деректерінде Монғолия халқы татарлар деп аталған. Шыңғыс хан мен халқы өздерін монғолдар деп, ал мемелекетін Монғол мемлекеті деп атаған. 12 ғ. Монғол тайпалары Орхон мен Керулен аралығында мекендеген. 12 -13ғғ. Басында әскери феодалдық монғол мемлекеті құрылды. Астанасы Қарақорым. Оның негізін қалаушы бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баласы Темучин. Ол 20 жылға созылған күресте барлық монғол тайпаларын біріктірді. 1206 жылы хан болып сайланып Шыңғыс хан атанды. Монғол тайпалары Ш.х. ұлысы саналып үш қанатқа бөлінді: оң қанат баруңғар, сот қанат жоңғар, орталық гол. Әр қанатта ондыққа негізделген әскер болды: түмен, мыңдық, жүздік, ондық. Шыңғыс хан әскері 95 мыңдықтан құрылды. Ханның таңдаулы он мыңнан тұратын әскері болды. Монғол шапқ.: Шыңғыс хан: билігін күшейту, ішкі талас тартысты болдырмау, ақсүйектердің талабын орындау, халқын жаңа жайылымдармен қамьамасыз ету маөсатында жаулаушылық жорықтар бастады. Ш.х. соғысу тәсілдері: жорыққа шықпастан бұрын сауда керуенін жіберіп, ол ел туралы мәліметтер жинады, дінге қысым көрсетпеген, жаулап алған елдердің соғыс техникасын, халқын шапқыншылық соғыстарды пайдаланды. 1207-1211 жылдары Сібір халықтарын, Енисей қырғыздарын, Шығыс Түркістанды бағындырды. Ұйғыр мен Тұрпан князьдықтары монғол билігін қабылдады. Солт. Қытайды жаулап, олардың әскери техникасын пайдаланды. Ендігі мақсаты Орта Азия мен Иранды, Таяу шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еурпаны бағындыру. Әлі жаулап алмаған Ертіс , Арал теңізі ме Әмудария ның батысын Жошы ұлысы етіп белгіледі. Ш.х. Жетісудың гүлденген қалалары мен жайылымдары қызықтырды. Монғолдар Жетісуды қарсылықсыз басып алды: 1210-1211 ж. Қарлұқтар билеушісі Арсылан хан Шыңғыс хан билігін мойындады. 1218 ж. Баласағұн соғыссыз берілді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды алған соң монғолдар Оңт. Қаз. арқылы Орта Азияға жол ашты. 1219 ж. 150 әскерімен Ш.х. Отырарды қоршады. Қайыр хан 80 мың әскерімен қаланы бес ай қорғады. Алтыншы айда Қараджа сатқындығынан кейін қаланы жаулады. Жошы әскері Оңт. Қаз. қалаларын басып алды: Сығанақ, Ашнас, Жент, Баршынкет, Үзгент. 1219-1221 ж. Орта Азия түгелдей жаулап алынды. 1219-1224ж. Қазақстан Мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды.
38.Монгол улыстары. Қазақстан аумағы үш моңғол ұлысының құрамына: үлкен (дала) бөлігі – Жошы құрамына,Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан – шағатай ұлысына,Жетісудің солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарай кең жерлерді алды және Жетісудің солтүстік бөлігін, Ішкі Еділге дейін бүкіл Шығыс Дешті-Қыпшақты қамтыды. Шағатай ұлысы аталған жерлерден басқа өзіне Шығыс Түркістан мен Мәуеренахрды қосты. Үгедей Батыс Моңғолия, жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аудандарын иеленді. Шыңғысхандықтар өз ұлыстарын тәуелсіз қожалыққа айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін осы үрдіс өсе бастады, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге тарады 39. Алтын Орда Батый хан тұсында моңғолдар Польша, Венгрияны шапты. Грузияны жеңіп, Кавказ халықтарын бағындарды. Алтын Орда Днепр мен Ертіске дейін және Сырдарияның төмегі ағысынан Солт. Мұзды мұхитқа дейін созылып жаттыМемлекетті басқару 4 әмірден құрылған диуанның қолында болды. Жергілікті жерлерді басқару тікелей диуанға бағынышты – жергілікті әкімдердің қолына берілді. Басыбайлы адамдарды көшпенділер мен құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде моңғолдар көшпелі ақсүйектері кең жерлерде өте көп мал мен басқа байлықтарды иемденді. Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді.Батый хан тұсында Жошы ұлысында екі: оң және сол қанатқа бөлісу процесі жүргізілді. Оң қанат басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазақстан жерінің көп бөлігі солт.қанат құрамына кірді.Бастапқыда Алтын Орда монғолиядағы Ұлы ханға тәуелді болды. 1260ж монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға бөлініп кетті. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның тұсында тәуелсіздікке қол жеткізді. Одан кейінгі Мөңке хан тұсында өз атынан теңге шығара бастайды. Алтын Орда ХІVғ-дың І жарт. Өзбек хан мен Жәнібек хан тұсында құдіреттілігі арта түсті. 1312ж Өзбек хан исламды Алтын Ордадағы мемл. дін деп жариялайды. ХІVғ. 2-жарт. Алтын Орда алауыздықтың әсерінен әлсірей бастады.1357-1370жж таққа 20-дан астам хан отырып, бірін-бірі өлтіріп жатты. 1380 жылы Мамай Дмитрий Донской әскерінен Куликово даласында тас-талқан болып жеңілді. Жошы ұрпағы Тоқтамыс осы жағдайды пайдалынап, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382ж Москваны өртеді. Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше жорық жасады.Тоқтамыс пен Ақсақ Темір арасында 3 ірі шайқас болды. Ақсақ Темір Алтын Орданы қайта көтеріле алмастай етіп, талқандады. Алтын Орда – ең көп халқы қыпшақтар болды. Монғолдар азшылықты құрады. ХІІІғ-дың аяғы ХІVғ-дың соңы монғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орда халқы монғолдар деп атала бастады.Мемлекетің негізгі жерлерін моңғолдар жаулап алған, табиғаты мал шаруаш. үшін қолайлы еді. Орта Азиядағы Каспий теңізі және Қара теңіз бойындағы жерлерде тоқыраушылыққа дамыған егін шаруаш. мал шаруаш.-мен алмастырыла бастады.Көшпелі өмір салтын Шыңғыс ханның «Ясса» деп аталатын заңдар жинағы реттеді.Жеке князьдардың күшеюіне жол бермей, Алтын Орда хандары орыс жерлерін бөлшектеу және князьдар арасындағы қақтығысты күшейтуге тырысты. Хандар тіл алғыш князьдарды Ордаға қауіпті н/е лаңтастағыш князьдармен қақтығыстырып, соңғыларды хан ордасында өлтіру н/е жазалауыш әскер жіберу арқылы құртып отырды. Руське тонаушылық шабуыл жасау сылтау ретінде князьдардың қырқыстарына араласып отырды. Хандары: Бату хан (1242-1256)Берке хан (1256-1266)Мөңке хан (1266-1280)Темір Туда-Мөңке (1280-1287)Төле-Бұқа (1287-1291)Тоқты хан (1291-1312)Өзбек хан (1312-1342)Жәнібек хан (1342-1357)Ұлы Дүрбелең (1357-1380)Тоқтамыс хан (1380-1395)Едіге хан (1396-1411)Ұлы Мұхаммед (1419-1423)Барақ хан (1423-1428)Ұлы Мұхаммед (1428-1446)Ахмет хан (1447-1480)
40. Ак Орда Жетісудің солт. бөлігі, Ертіс өңірі, Ұлытау мен Кентауға дейінгі дала, Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл мен Сарысу өзендері алқаптарында, Арал өңірінің даласы мен төм. Сырдария бойы, Алакөл маңы. Оның астанасы – Сығынақ. Деректерде Ақ Орда еліндегі ақсүйектер жериеленушілігінің інжу,мильк, сойырғал сияқты түрлері болды. Тархандық сый тарту белгілі болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына құшыр, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әр түрлі қарыздарды өтеп тұрған. Мемл.-ті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқардыХІІІ-ХVғ-дың басында Шығ. Дешті Қыпшық аумағында Ақ Орда мемл. өмір сүрді. ХІVғ-дың 2-жар. Алтын Орда билігінің әлсіреуіне орай Ақ Орда күшейіп, өз тәуелсіздігін алды. Алғашқы ханы – Сасы бұқа. Ерзен хан, Орыс ханның (ХІVғ-дың 60-70жж) тұсында айтарлықтай күшейді. Ақсақ Темірден Ақ Орданы қорғау ауыртпалығы Орыс хан иығына түсті. Темір Мәліктен Тоқтамыс Ақ Орда билігін жаулап алды.Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері толығымен анықталды. Көшпелі аудандарда мал жекеменшік деп саналып, сол қыруар мал дала алпауыттарының қолында жинақталып тұрған жағдайда, жері қауым иелігінде деп айтылғанмен текті бай-бағландар шын қожасы еді. Ақ Орда билеушілері ХІVғ-дың 2-жарт. өздері Алтын Орданың қол астында екенін сөз жүзінде тәуелсіз саясат жүргізді. Ақ Орданың күшеюінен сескенген Ақсақ Темір оған қарсы айдап отырды. Тоқтамыс 1377ж Сығанақ, Сауран қалаларын басып алып, хан болды
Хандары:Орда Ежен Сасы-БұқаЕрзен хан Мүбарақ Қожа (1320-1344)Орыс хан (1372-1380)Тоқтамыс хан
Ноғай Ордасы Солт.-шығ.-ғы өріс қоныстары Сібірге дейін, оңт.-шығ.-та кейде Сырдария бойында, Арал теңізінің жағасында көшіп-қонып жүрген. Негізгі көп қоныстанған жері Жайық, Еділ және Қара теңіздің шығ. жағалауы. Билік басында хан болды. Халық құрамы түрлі болды: түрік және түркіленген моңғол тайпалары мен тайпалық бірлестіктері болған. Ноғай Ордасына қыпшақтар, қаңлылар, қоңыраттар, найман, алшын, тамалар енетін. Ол этникалық-саяси бірлестік ретінде п.б. Бар байлықтары – мыңдаған мал – үйір-үйір жылқы, түйе, қой, ірі қара мал далалық ноғай ақсүйектерінің қолында болды. Сонда да формальды түрде жер-су рулық қауымдастықтың ортақ меншігі болып саналды. ХVІғ-да Ноғай Ордасы орыс мемл.-мен сауда-экон. және саяси байланыс орнатады. Ноғай Ордасының тарихы Еділ мен Қазақстандағы көрші мемл.-тер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар әсіресе көшпелі өзбектермен қазақтар тарихына айрықша жақын. Едіге ханның ұлы Нұраддин (1426-1440)жж