Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мировая интеграция.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
36.73 Кб
Скачать

7 тақырып: Еуропалық интеграция үрдістері

1.ЕО құрылу тарихы.

2. ЕО басты мақсаттары мен мекемелері.

3. ЕО сыртқы саясаты

European Union (EU) in the international political and economic union. The total number of the European Union, the European Community, in particular

With a population of more than 373 million people, with 24 Country say

located in Europe - Germany, France, Italy, Belgium, Netherlands, Luxembourg, Great Britain, Denmark, Ireland, Greece, Spain, Portugal, Austria, Finland and Sweden (1993), in the presence of.

This Union was founded in 1993

Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа Poland, Hungary, the Czech Republic, Slovakia, Slovenia, Croatia, Estonia, Latvia, Lithuania member countries

Каз (Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған.)

The main objectives of the Single European Act of integration cooperation within the framework of the European Union (1987), the Maastricht agreement (1992) and agreed upon by the Amsterdam (1997) have been determined.

Каз(Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды)

The bodies of the European Union, the European Commission, the European Parliament, the Council of the European Union, the Chamber of the European Court of Auditors, etc. . The European Union is the largest trade association in the world. In January 1995, the European Union Commission in Brussels, the headquarters of the Republic of Kazakhstan and the European Union and its member states signed an agreement on partnership and cooperation between

ЕО басты саяси-экономикалық, әлеуметтік жұмыстарының бағыттары:

  • ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық құру жөніндегі Келісімнің 4-бабы);

  • Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын ¥лыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі;

  • Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу;

  • Еуропалық Одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық сая¬сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т.б. саясаттарын жүргізу;

  • Еуропа одағы қүқын - мүше- мемлекеттердің, заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін қалыптастыру;

  • Tұрақты, құқықтық байланысы ретінде Одақтың азаматтық институтын құру;

  • Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

Грекиядағы кризиске 7 жыл болды. 2008 ден басталып әлі соңы көрінбейді. Ол 500 млрд евро қарыздар. Оны 50 жыл ішіндеде төле алмайды. Кризис нәтижесінде Грекияда жұмыссыздық, компаниялар жұмысын тоқтатып, гректер мемлекеттен қашуда. Ашу ызасы келген адамдар шерулері тоқтамай жатыр

2015 Жылы сайлауда екі жақ пайда болды. 1) Антонис Самарас – партиясы «Жаңа демократия» 2) «Сириза» партиясынан Алексис Ципрас. Екуіде кризисті тоқтамамын деп сендіреді.

Кризис нәтижесінде грекияда дефолт болуы мүмкін және ол еуро аймағынан шығуға мәжбүрлеуі мүмкін.

Бұлай болған жағдайда басқа экономикасы әлжуаз елдер де Грекияның әрекетін қайталауы ықтимал, ал бұл ортақ валютаға үлкен салмақ түсіріп, оны тіпті құнсыздандырып жіберуі мүмкін.

РЕСЕЙГЕ БАЙЛАНЫСТЫ САЯСАТ ЖӘНЕ САНКЦИЯЛАР

Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысына басып кіргені үшін Ресейге салынған санкцияны соза түсу керек пе, жоқ па деген мәселе де Еуроодақтағы ауызбірлікке сын болып тұр.

Жеке тұлғалардың мүліктері мен есеп-шоттарын бұғаттау, оларға виза бермеу туралы санкцияның мерзімі наурыз айында бітеді. Бұл шектеулер көбінесе ресейшіл сепаратистерге және Ресей мемлекеттік думасындағы төменгі шенді депутаттарға қатысты болғандықтан, оның мерзімі тағы да еш дау-дамайсыз ұзартылуы әбден мүмкін.

Ресейдің банктері мен энергетика өнеркәсібіне қатысты санкцияларды қайта қарастыратын маусым-шілдеде Еуроодақ мүшелері жолайрыққа тірелері анық. Санкцияларды ұзарту туралы шешім қабылдау үшін Еуроодаққа мүше 28 елдің барлығы оны бірауыздан қолдап дауыс берулері керек. Бірақ одақ құрамында түрлі себептермен бұл санкцияны қолдауға тартыншақтап жүрген елдер аз емес.

Оңтүстіктегі елдер еуроаймақтағы жоғарыда айтылған қиындықтардан жапа шегіп отырғандықтан, Ресей нарығына көбірек жол ашсақ қана дағдарыстан құтыламыз деген пікірді ұстанады. Мұнымен қоса, Еуроодақтың шығысындағы елдер Ресейдің ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға тыйым салуы олардың фермерлеріне өте ауыр соққы болып тигенін алға тартуы мүмкін.

БРИТАНИЯ ОДАҚТАН ШЫҒА МА?

Ұлыбритания біраз уақыттан бері Еуроодақтан біршама алшақтап кетті. Ал мамырдың 7-сінде болатын сайлау бұл елдің Еуропа Одағынан түбегейлі бөлініп шығуының басы болуы мүмкін деген қауіп жоқ емес. Бұл ең аз дегенде Еуроодақтағы келісім-шарттарға қатысты аса ауыр әрі ұзаққа созылған дау-дамайлы келіссөздерге негіз болады.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон «егер мен басқаратын Консервативтік партия жеңіске жетсе, онда елдің Еуроодақтың құрамында қалу-қалмауына қатысты референдум өткіземіз» деп уәде берді. Қазіргі ахуалға қарасақ, Кэмеронның билікте қалу мүмкіндігі жоғары, ал Еуроодаққа мүшеліктен шығу туралы референдум өте ауыр сынақ болғалы тұр.

Кэмерон мұндай референдум 2017 жылдың соңына дейін өткізіледі деген, бірақ кейіннен бұдан ерте ұйымдастырылуы мүмкін екенін де ескертті

Еуропаға заңсыз келген босқындар және мигранттар

Соңғы әзірде Испанияның Канар аралдарына және Италияның Лампедуса аралына қайыққа мінген африкалық мигранттар көптеп келуде. Мұның өзі ащы өмір шындығының бір көрінісі. Африканың кейбір мемлекеттерінде тұрғындардың бір күндік күнкөрісі бір долларға да жетпейді екен. Сондықтан олардың көпшілігі сыртқы әлемге жол тапқысы келеді. Негізгі нысана-Еуропа елдері болуда.

Соңғы төрт күннің ішінде Африка құрлығынан бір жарым мыңнан аса мигранттар Атлант мұхиты арқылы қауіпті сапарларға бел буған екен. Олар кедейшілік пен жұмыссыздықтан құтылу мақсатында Мавритания мен Сенегалдан шыққан болатын. Бет алған бағыттары- Еуропа одағы арқылы бай мемлекеттерге жету еді. Жыл басынан бері Канар аралдарына 17 мыңнан аса африкалық келген екен. Яғни бір күнде шамамен 100 адамнан келген деген сөз. Бұл істі ауыздықтай алмаған жергілікті өкілдер негізгі көмекті құрлықтағы мемлекеттерінен сұраған болатын. Мадрид өз кезегінде көмек сұрап Еуропа одағына қайрылды. Мигранттардың мұндай тасқынының пайда болу себебі неде?

7 тақырып (жалгасы): Ұлыбританияның қазіргі кездегі сыртқы саясаты

1. Қазіргі Ұлыбритания мемлекетінің Еуро Одақтағы және Азиядағы сыртқы саясаты

2. Ұлыбритания және АҚШ пен қарым қатынастарын оқу.

3. Ұлыбритания мемлекетінің сыртқы саяси проблемалары.

  • Ұлыбритания — жоғары дамыған өнеркәсіпті ел.

Ол халықаралық еңбек бөлінісінде өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Қазіргі заманғы Ұлыбританияның экономикадағы рөлі тек өнеркәсіптік қана емес, сондай-ақ банкілік, сақтандыру, кемелерді жалға беру және басқа да іскерлік қызметтермен анықталады. Ұлттық жалпы өнімнің 30%-ға жуығы өңдеуші өнеркәсіп пен 45%-ы көлік пен байланыс, жеке сауда, сақтандыру, банкілер мен басқа да қаражат мекемелерін, денсаулық сақтау мен білім беруді қамтитын қызмет көрсету саласынан түседі. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша Ұлыбритания дүние жүзінде бесінші орын (АҚШ, Жапония, Германия, Франциядан кейін) алады. Ұлыбритания өнеркәсібі негізінен сырттан әкелінген шикізаттарды пайдаланады

Бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон 2015 жылы болатын сайлауларда өз үкіметі жеңіске жетсе, елдің Еуропа Одағы (ЕО) құрамында қалу немесе мүшеліктен шығу мәселесін 2017 жылдың соңына дейін референдумға салатынын айтты. ЕО елдері басшылары Кэмеронның бұл сөзіне алаңдаушылық білдірді.

Германия канцлері Ангела Меркель "ЕО мен Ұлыбритания бітімге келуі керек" десе, Францияның қаржы министрі Пьер Московиси "одаққа мүше Лондонның құқы ғана емес міндеті де бар" екенін ескертті.

Дэвид Кэмеронның сөзі Ұлыбританияда да әрқилы пікір туғызды. Оппозициялық лейбористер партиясының басшысы Эд Милибэнд "Кэмероннің артық тәуекелге барғанын" айтса, бизнес иелері премьер-министр мәлімдемесінің экономикаға әсері болатынын ескертті. Өткен аптада АҚШ президенті Барак Обама да Кэмеронға «АҚШ Еуропа Одағы құрамындағы қуатты Ұлыбританияны бағалайтынын» айтқан.

Great Britain, also known as Britain is an island in the North Atlantic off the north-west coast of continental Europe. Population 62 mln.

With an area of 209,331 km2 (80,823 sq mi), it is the largest island in Europe

and the ninth-largest in the world. In 2011 the island had a population

of about 61 million people, making it the third-most populous island in the world,

It is part of the British Isles

archipelago along with over 1,000 smaller surrounding islands, including the island of Ireland to its west.

The island is part of the United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland, constituting most of its territory: most of England, Scotland, and Wales are on the island, with their respective capital cities, London, Edinburgh, and Cardiff.

«ОДАҚ ӘЛСІРЕУІ МҮМКІН»

Сарапшылар Ұлыбритания одақ құрамынан шығып кетсе, ұйымға қандай әсері болатыны жайлы әртүрлі болжам айтады. Олардың ойынша, Ұлыбритания кетсе, ЕО сыртқы саясатта ғаламдық мәселелерден гөрі аймақтық, жергілікті проблемалаларға баса мән беріп кетуі мүмкін. Себебі Ұлыбритания – ЕО атынан әскери операцияларды жүргізуші басты ел, одақ мүшелері арасында өзге мемлекеттерде ірі дипломатиялық корпусы бар ел.

– Ұлыбритания ЕО-дан шығып кетсе, ұйым әскери, дипломатиялық салаларда әлсізденіп, экономикалық қуатынан айырылуы мүмкін, – дейді Халықаралық бейбітшілік жөніндегі Еуропа Карнеги қорының өкілі Стефан Лене.

ЕО-НЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН»

Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуропа кеңесінің өкілі Яна Кобзованың пікірінше, Ұлыбритания одақтан шығып кетсе, ұйымдағы басқа елдер (Франция, Германия, Испания, Италия сияқты ірі мемлекеттер) басы артық мәселеге назар аудармай, Ресеймен энергетикалық мәселелерге қатысты келісім шарттар жасасуды қолдайды.

– Ұлыбритания – Ресеймен қарым-қатынаста тек материалдық пайданы ғана көздемей, адам құқықтары, демократияның жай-күйі сияқты мәселелерге де назар аударатын мемлекеттердің бірі. Лондон Ресейде сыбайлас жемқорлық мәселесі, басқару жүйесінде кемшіліктер барын еске салып, «ол мәселелер ЕО-ның назарында тұруы керек» деген ұстанымды қолдайды, – дейді Яна Кобзова.

2015 жылы Ұлыбритания Ресейге қарсы АҚШ бастаған санкцияларға қосылып отырю Ол Украина себептерінен басталып, енді Ресейдің агрессивті сыртқы саясатына да байланысты

ҰЛЫБРИТАНИЯ ИРАН КЕЛІСІМДЕРІ

Ол келісім бойынша, ЕО халықаралық ұйымдармен бір ғана субъект ретінде қарым-қатынас орната алады. Бірақ оған Ұлыбритания түрлі жолдармен қарсылық танытып, ол келісім орындалмай келді. Және Ұлыбританияның осы келісімге қарсылық танытуынан ЕО зардап шекті. Егер Ұлыбритания ЕО-дан шықса, бұл жағдай өзгерер, – дейді Роза Балфур. Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хэммонд Иранға салынған экономикалық санкциялар келесі жылдың көктемінен алына бастайтынын мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында

Хэммонд бүгін Тегеранға Ұлыбритания елшілігін ашуға барған сапарында айтқан. Хэммонд Иран мен АҚШ шілдеде Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған келісімді қазан айына қара бекітетінінен үмітті екенін білдірген. Хэммонд Ираннан санкцияларды алынбас бұрын алдын ала дайындық жұмыстары жасалуы шарт екенін, тек содан кейін ғана бұл елге инвестиция құйыла бастайтынын айтты.

Kazakhstan – United Kingdom relations were formally established on 19 January 1992. The UK opened an embassy in Kazakhstan in October 1992 and Kazakhstan opened an embassy in the UK in February 1996. Kazakhstan's relations with the West have greatly improved in the last few years as the Government has closely cooperated in the U.S.-led War on Terror.

Britain is the third-largest foreign investor in Kazakhstan with British companies making up 14% of foreign direct investment. Over 100 British companies do business in Kazakhstan

BAE Systems has a 49% stake in Air Astana

8 тақырып: БРИКС ұйымы интеграциясы