- •Жоспар:
- •І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
- •1.1. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары
- •1.2 Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
- •1.3 Стандарттар және қаржылық есеп беруді дайындау ережелері
- •1.4 Объектілерді түгендеу жұмыстары мен қателерді түзету
- •Іі. Қаржылық есеп беруді жасау
- •2.1 Қаржылық есеп берудің элементтері
- •2.2Бухгалтерлік баланс және оны дайындау
- •3.1. Таблица.
- •3.2. Таблица.
- •2.3Пайда және зиян туралы есеп беру
- •2.4Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру.
- •2.5 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба.
- •Қосымша
- •Астана қаласы бюджетінің 2010-2012 жылдардағы көрсеткіштерінің серпіні
- •Акциялар бойынша дивиденттерді, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша есептелінген пайыздарды, берілген қарыздарды алған келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:
- •Бағам айырмасы бойынша шыққан шығыстары жөнінде жасалатын шоттар корреспонденциясы:
- •Қорытынды.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.3 Стандарттар және қаржылық есеп беруді дайындау ережелері
Бүкіл әлемдегі қаржылық есеп берулерде қолданылатын бухгалтерлік есеп приниптерін бірегейлендіруге қол жеткізу үшін 1973 жылы Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартары комитеттері (ҚЕХСК) Австралия, Канада, Франия, Германия, Жапония, Мексика, Голландия, Ұлыбритания, Ирландия және АҚШ-тың ксіби бухгалтерлері арасындағы келісім нтижесінде құрылды. 1983 жылдан бері барлық ксіби бухгалтерлерлік үйымдар Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясы мүшелерң ҚЕХСК-ның мүшелері болдыү
Қаржылық есеп берудің Халықаралық стандартары комитеті барлық жерде қабылданып, ұстану үшңн 41 ҚЕХС жете зерттеп, жасап, жариялады және ұсынды.
ҚЕХСК-ның басты мақсаты – егер мыналар анықталып, қол жеткізілсе, қаржылық есеп беруді ұсыну:
Міндеттер, оларды шешу үшін қаржылық ақпарат талап етіледі;
Ақпараттық жүйе құру приниптері;
Осы ақпараттың салалық сипаттамалар;
Қаржылық есеп беру элементтері;
1997 жылдан бастап ҚР-да ҚЕХС негізінде жасалған бухгалтерлік есептің стандарттары қолданыста жүр.
1.4 Объектілерді түгендеу жұмыстары мен қателерді түзету
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта іріктелудің нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілеген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды анықтау үшін қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу деп айтамыз.
Түгендеу – бұл бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражатарының, аяқталмаған өндірістің, ТМҚ-ның, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және оладың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне, қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара.
Толық түгендеу – жылына бәр рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін.
Ішінара түгендеу – тек қана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға, кәсіпорынның кассадағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны.
Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:
Жоспарлы – алдын ала белгіленген мерзімді қойған мақсатына және мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі.
Кезектен тыс – бұл кәсіпорынның басшысының тапсырмас бойынша, бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның ауысқан кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі.
Ол БЕС 24 «Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі, түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б. қағидалар қарастырылады.
Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізі тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамы, есепті жылдағы түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.
Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы және өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәтижелерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады: сондай-ақ кем шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; ТМҚ-ны қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге, есепке алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде, сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы ұсыныстар әзірлеуге; мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңдеу орындарындағы ТМҚ-ны түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
Түгендеу комиссяларының мүшелері кем шыққандарды және талан-таражға түскендерді бүркемелеу мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе артық шыққан тауарлар, материалдар және басқа да құндылықтар туралы жазбаға біле тұра дұрыс емес деректерді енгізбегені үшін ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілкке тартылады.
Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін немесе материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады.
Түгендеу комиссисының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссияның мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады.
Екі түгендеу аралығындағы кезеңде құндылықтардың номенклатурасы бойынша үлкен кәсіпорындағы сақтау және қайта өңдеу жұмыстары іріктеу әдісімен тексеріледі.
Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын оның деректері бухгалтерлік есептегі деректермен салыстырылып, олардың арасындағы айырмашылықтары көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін ҚР-ның Мемлекеттік статистика комитеті бекіткен бірінші реттегі толтырылатын есеп құжаттарының мынадай үлгілері қолданылады.
Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алынған және күнделікті жалға бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.
Түгендеу қағазы өндірісті ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық құндылықтарды бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайларды қолданылады. Бұл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге солардың тұрған орындарында сақталады.
Түгендеу кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен анықталған мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есепті деректердің арасындағы алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша реттеледі. Сортталу нәтижесінде анықталған кем шыққандар немесе артықтардың өзара есеп айырысуы тек ерекшілік ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген комиссияның жұмысын бағалау үшін және ТМҚ-ның сапасы мен мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Сорттаудың болғандығы жөнінде материалды жауапты адамдар түгендеу комиссиясына түсініктеме береді. Сортталудың өзара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссясының қарауына беріледі жне оны кәсіпорын басшысы түбегейлі шешеді; ал ол ұсынылған барлық материалды зерттегеннен кейін есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданады. Сортталуы бойынша олардың артық не кем шығуын есепке алғаннан кейін, жетпей қалған құндылықтар жауапты адамдардың жауапкершілігіне жатады. Егер де сортталу кезінде жауапты адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем шыққан мүліктер ертінде қаралады да, ксіпорынның зиянына жатқызылады. Сортталу салдарынан анықталған құн айырмашылықтары материалды жауапты адамның кінәсінен болмаса, ол түгендеу комиссиясының хаттамаларында бұл аталған айрмашылықтар жауапты адамның мойнына қойылмау себептерін ашып көрсетеді. Есеп айырысудың барлық түрлерінің түгендеулерінде өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен, сатып алушымен, есеп беретін адамдармен, қызметкерлермен, дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды есептелген сомалрдың мұқият негізделгеніне саяды. Есеп айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін барлық сатып алушылардың және дебиторлардың мәліметтерінің дұрыстығын тексеру үшін кредиторлардың берешегі туралы дербес шоттарды көшірмелері жазылады.
Дебитор кәсіпорындар көшірмелерін алған соң, берешек қалдықтарын растауға немесе өздерінің толық келіспейтіндерін туралы хабарлама жасайды.
Түгендеу комиссиясы құжаттарды тексеру жолымен, банк мекемелерімен, қаржы және салық органдарымен, кәсіпорынның жеке баланстарға бөлінген құрылымдық бөлімшелерімен және бас кәсіпорындармен есеп айырысудың дәлдігін анықтайды.
Талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштар сомалары бойынша анықтамада бұл мерзімнің өтуіне кінәлі адамдар көрсетіледі. Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек, өндіріліп алынуы мүмкінсіз басқа да қарыздар кәсіпорын басшасының шешімімен септен шығарылады да, күдікті қағаздар бойынша резерв қаражатының шотына немесе шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жатқызылады.
Түгендеу жне басқадай тексерістер кезінде анықталған қолда бар негізгі құралдардың, материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының бухгалтерлік есептегі деректермен алшақтығы мынадай тәртіпте реттеледі:
артық немесе кем шыққан кезде олар өзара есепке жазылады, бірақ есепке жатқызылған мүліктер бухгалтерлік есепте көрініс таппайды;
артық шыққан негізгі құралдар, материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражат кәсіпорынның табысына кірістеліп, есепке алынады, бұлардың артық шығу себепетрі мен оған кінәлі адамдар кейін анықталады;
құндылықтардың кемуі белгіленегн тәртіпте бекітілген нормалардың шегінде кәсіпорын басшысының өкімімен өндіріс не айналым шығындарына көшіріліп жазлады;
материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттарының және де басқа мүліктің кем шыққаны, сондай-ақ табиғи кемуі нормаларының тыс ысырап болған жағдайда жауаптыатұлғалардың мойнына қойылады. Жауапты адамдар анықталмаған немесе кінәлі адамдардың өндіріп алуға сот тыйым салған жағдайларда кем шыққан мүліктер және ыссыраптардан келген зияндар шаруашылық қызметінің нәтижелеріне көшіріліп жазылады.
Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының қолда бар құндылықтар мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында түгендеу кезінде анықталған алшақтықтарды реттеу туралы ұсыныстары айтылған хаттамасын түгендеу аяқталған соң кәсіпорын басшысы бекітеді. Түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталған айдағы есепте және есеп беруінде, ал жылдық түгендеу бухгалтерлік жылдық есеп беруінде көрініс табады.
Есеп берер алдынла үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерия цехтардан, қоймалардан, есеп беретін адамдардан құжаттардың толық түскенін тексеруді, ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі барлық шығындарды өндіріс шығындарына қосуды, негізгі құралдардың амортизациясын, демалысқа төленетін резервін және басқа мақсаттарға арналған резервін, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді, алдағы кезеңдердеің шығындарын есептен шығаруды, құндылқтардың барлық шоттары мен топтарында есептік баға бойынша нақты өзіндік қүнын, орташа КДШ пайызын не ауытқуын есептен шығаруды, жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құнын анықтап, оны өндірістік және басқа шоттарға көшіріп жазуды тексеру қажет.
Объектілерді түгендеу жұмыстарына тоқталатын болсақ, олар мына негізде қарастырамыз:
Аяқталмаған құрылысты түгендеу барысында оны бар-жоқтығы және заттай көлемі тексеріледі,сонымен бірге оның құрамына құрал-сайман, құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтайтау, құрылс монтаж жұмыстарының құрамында – жоспарсыз жұмыстың бар-жоғы анықталуы керек, тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды.
Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын, онң көлемін және құнын белгілеуді білдіреді.
Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен бланктерді, сақтандыру куәлігін қайта есептеумен түгендейді. Түгендеу нәтижесін жеке «Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен» ресімдейді. Кассаны түгендеу ШЖС-нің басшылығымен әзірленген және бекітілген кассалық операияларды жүргізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Кассаны түгендеу, қатаң есеп берумен құжаттар және бланкілерді түгендеу әдетте бас бухгалтер мен кассирдің қатысуымен кенеттен болады. Түгендеу кезінде қолда бар ақша қайта есептеліп, кассада сақтаулы басқа да құндылықтар тексеріледі. Түгендеу басталғанша оларға сүргі алынады, яғни мөрленеді. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық кітапша бойынша ақша қаражатының қалдығын шығаруы керек. Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есеп беруге кіреді және «кассада кірістелінбеген, есептен шығарылмаған сома қалған жоқ» деген қолхат алады. Ақша қайта есептелінбегеннен кейін кассадағы ақша қаражатын түгендеу актісі жасалады. Түгендеу нәтижесі кассалық кітапша бойынша бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырылады. Актіге анықталған жолсыздықтар туралы кассирдің түсініктемесі және түгендеу нәтижесі бойынша ары қарай шешім туралы субъект басшысының қарары жазылады. Түгендеу барысында мыналарды тексеру аса қажет: кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт бекітілді ме, касса талапқа сай жарақталған ба, сейф кілттерінің дубликаты қайда сақталады.
Банктегі шот, несие бойынша, салық бойынша банкпен есеп айырысу бюджетпен, қызметкерлермен еңбекақы бойынша, жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқадай несие берушілермен бастапқы құжаттардың негізінде түгенделеді, мұнда қалдықтардың нақтылығы белгіленіп, бұл шотқа жататын соманы мұқият тексереді. Берешектің пайда болған мерзімін, оның нақтылығын, талап мерзімін өткізіп алған кінәліні анықтайды. Барлық дебиторлармен және кредиторлармен кәсіпорын қағаздық шоттан көшірме алмасуы керек және оларға түгендеу комиссиясын ұсыну керек.
Баланстан берешектің есептен шығаруын тексеріп, 3 жылдың ішінде өндіріп алу мүмкіндігін бақылауды жүзеге асыру аса қажет.
Егер есеп айырысуларды түгендеу дебиторлық және кредиторлық және берешектер сомасы және негіздеу және қысқарту, айыппұл төлеуге, тұрақсыздық төлеміне және күмәнді қарыз бойынша резерв пайда болуына жол бермеу үшін төлем мерзімін нақтылау мақсатында жүргізіледі.
Тексеруге жататындар:
есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу – ҚР заңында белгіленген іссапар және өкілдік шығындардың орнын толтыру нормасына, субъектінің кассалық операцияларды жүргізу ережесіне сәйкес шаруашылық, өкілдік және іссапар шығындарына арналған ақшалай қаражатты беру негіздемесінің дұрыстығын тексереді. Ақшалай қаражатты беру және шағын кәсіпорындарға 24 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі және есеп беруі» стандартына сәйкес тексеріледі;
кредиттерді алу және өтеу бойынша банкпен есеп айырысу – тексеру барысында ағымдық, корреспонденттік немесе жинақ шоттары мен оларға тіркелген қосымша ақтау құжаттарына қатысты банк жазулары салыстырылады. Ақшалай кредит сомасынң есептелу мерзіміне және пайыз төлеміне сәйкес тексеріледі;
сатып алушылар және тапсырыс берушілермен, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – субъект таңдаған есептік саясатқа сәйкес тексереді. Мынаны есте ұстау керек: талап қою мерзімі 3 жылды құрайды, талап қою мерзімі келісімшарт негізінде қарызды кешіктіру сәиінен басталады. Талап қою мерзімі біткен дебиторлық берешек субъект басшысының шешімі бойынша резерв есебінен есептен шығарылады немесе резерв құрылмағаннан болса, онда шаруашылық қызметінің нәтижесіне жатқызылып, салық салғанда түзетуге кіреді.
Еңбекақы бойынша субъектінің қызметкереге берешегі – комиссия істелінген және істелінбеген уақыт үшін есептелген соманы тексереді;
Есептеудің дұрыстығ, мөлшерлеме көлемі және салық төлеу мерзімдері – жинақтаушы зейнетақы қоры үшін ұсталымдар, сондай-ақ бұлардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс табуы;
Алдағы кезең шығндары – құжат бойынша шотта көрініс табатын сома, сонымен бірге шығынға жатқызылатын сома белгіленеді;
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу – жолдағы тауарлар сомасының бір бөлігі және фактурасы жоқ жеткізілім бойынша.
Инвестицияны түгендеуде құнды қағаздарға жұмсалған шығынд растайтын құжаттар, олардың дұрыс ресімделуі, құнды қағаз балансында ескерілген құнның нақтылығы, уақыттылығы және құнды қағаз бойынша алынған табыстардың бухгалтерлік есепте толық көрініс табуы тексеріледі.
Материалдық емес активтерді түгендеуде олардың есепте дұрыс әрі уақтылы көрініс табуы, субъектінің оны пайдалану құқын растайтын құжаттардың (патент, лицензия, тауарлық таңба т.б.) құжаттардың қолда бар болуы тексеріледі.
Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актілерінің қолда бар болуы және уақтылы жасалынуы, олардың бастапқы құны, амортизациялық аударымның анықталуы мен есептелуі және басқа да аса қажетті деректер тексеріледі.
Түгендеумен қатар қаржылық есеп беруді жасау үшін шындыққа жанасымды ақпаратты алу мақсатында таңдап алынған есептік саясатқа сәйкес барлық мүлік түрлері мен міндеттемелерге баға беруде субъект қолданатын бағалау тәртібінің шындыққа жанасымдылығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.Олар қателерді түзету болып табылады.
Есептік кезең үшін қаржылық есеп беруді жасау өткен кезеңдегі қаржылық есеп беруде кеткен барлық қателерді ескеру қажет.
Қаржылық есеп беруді жасау кезіндегі барлық қателерді елеулі және елеусіз қателер деп бөлуге болады. Егер қате пайдаланушының экономикалық шешіміне әсерін тигізсе, онда ол елеулі қате деп саналады.
«Таза табыс немесе кезеңдегі залал, елеулі қателер және есептік саясаттағы өзгерістер» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес елеулі қателер - өткен кезеңде кеткен қатенің есептік кезеңде табылуы, бұл қатенің елеулігі сондай, оны түзету күніне қарамастан өткен кезеңдегі қаржылық есеп беру шындыққа жанасымды деп есептелінбейді.
«Таза табыс немесе кезеңдегі залал, елеулі қателер және есептік саясаттағы өзгерістер» МСФО негізгі қателерге анықтау жүргізіледі. «Негізгі қателер – бұл ағымдағы кезеңде анықталған аса елеулі қате. Оның елеулігі соншалықты, бір немесе алдағы кезеңдегі қаржылық есеп берулер оларды шығару сәтінде сенімсіз деп саналады. Бір немесе бірнеше алдағы кезеңдерге қаржылық есеп беруді дайындауда кеткен қате ағымдағы кеезңде табылуы мүмкін». Қателер мыналардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін:
Математикалық есептеулерде;
Есептік саясатты дұрыс қолданбаудан;
Ақпараттарды, алдауды немесе ынта қоймауды бұрамалап көрсету.
Бұл қателерді түзету таза табысты немесе есептік кезеңдегі залалды есептеуде ескеріледі.
«Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп ебру» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес және «Таза табыс немесе кезеңдегі залал, елеулі қателер және есептік саясаттағы өзгерістер» МСФО алдағы кзеңдерег қатысты қателерді түзетудің екі әдісі қарастырылған:
Бөлінбеген табыстың алғашқы сальдосын өзгерту жолымен есеп беруде көрініс табу;
Таза табысты немесе есептік кезеңдегі залалды анықтауда қосу.
Ағымдағы есептік кезеңдегі елеулі қателерді түзету:
|
2012 |
2011 | ||
Өнімді сатудан түскен табыс |
193000 |
140000 | ||
Сатылған өнімнің өзіндік құны |
160000 |
112000 | ||
Қызмететн түскен табыс |
33000 |
28000 | ||
Корпоративтік табыс салығы |
9900 |
8400 | ||
Таза табыс |
23100 |
19600 |
Бөлінбеген табыстың алғашқы сальдосын өзгерту жолымен елеулі қателерге түзету жүргіземіз:
|
2012 |
2011 |
Есептік кезең басына – бөлінбеген табыс |
47500 |
29000 |
Елеулі қателерді түзету (корпоративтік табыс салығын шегеру үшін) (27000*30%=8100) (27000-8100) |
18900 |
|
Қайта саналған бөлінбеген табыс |
28600 |
29000 |
Таза табыс |
23100 |
19600 |
Есептік кезеңнің соңына – бөлінбеген табыс |
51700 |
48600 |