
леуметтану тест
.docxӘлеуметтану тест
-
Әлеуметтану – бұл: жалпы қоғамның ерекше жұмыс істеуі мен дамуының заңдылықтары туралы ғылым
-
Әлеуметтанудың ғылым ретінде негізін салған кім? О.Конт
-
Әлеуметтану өз алдына ғылым ретінде қай ғасырда пайда болды? 19 ғасырда
-
«Социология» (әлеуметтану) терминін алғаш қолданған кім? О.Конт
-
Әлеуметтану бойынша алғашқы еңбек қалай аталды? О.Конттың «Позитивтік философия курсы»
-
Микроәлеуметтану нені зерттейді? адамдардың күнделікті өмірдегі жүріс-тұрысын, олардың өзара әрекеттерін және мотивтерін
-
Макроәлеуметтану нені зерттейді? қоғамды біртұтас жүйе ретінде, оның әлеуметтік құрылымын және әлеуметтік институттарын
-
Қоғам жөніндегі басқа ғылымдармен салыстырғанда әлеуметтанудың өзіндік ерекшеліктері неден көрінеді? оның қоғамды зерттеуінен, оның элементтерін құрайтындардың өзара байланысы мен әрекетінің өмір сүруі мен дамуынан
-
Әлеуметтанудың объектісі: тұтас жүйе ретіндегі қоғамға тән адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар және қатынастар, оның әлеуметтік құрылымы, сонымен қатар онда жүріп жатқан процестер
-
Әлеуметтанудың кешігіп пайда болу себебін немен түсіндіруге болады? оның зерттеу объектісінің күрделілігімен
-
Адамдардың қызметімен байланысты туу, өлім-жетім және көші-қон мәселелерін зерттейтін тәсіл қалай аталады? Демографиялық
-
Қоғамда әр түрлі топтардың пайда болуын зерттейтін тәсіл қалай аталады? Ұжымдық
-
Қоғамдық ережелер мен құндылықтар сияқты мәдениеттің элементтері негізінде адамдардың мінез-құлқын талдауға көмектесетін тәсіл қалай аталады? Мәдениеттанулық
-
Қоғамдық өмірді адамдардың өзара қарым-қатынас жүйесі ретінде зерттейтін тәсіл қалай аталады? Интеракционистік
-
Көптеген мектептерді, теорияларды, бағыттарды көрсететін, қоғамдық даму ерекшелігін өз ұстанымдары тұрғысынан түсіндіретін әлеуметтанулық деңгейдің аталуы? теориялық әлеуметтану
-
Нақты әлеуметтанулық зерттеулермен байланысқан әлеуметтанудың деңгейі қалай аталады: қолданбалы әлеуметтану
-
Қоғамдық қатынастарды жақсартатын және жетілдіретін әлеуметтанудың функциясы қалай аталады: гуманистік
-
Ақпаратты жинауды, жүйелендіруді және топтастыруды іске асыратын әлеуметтанудың функциясы : ақпараттық
-
Қоғамның барлық саласында мақсатты бағытталған саясат жүргізу үшін әлеуметтанудың мәліметтерін атқарушы билік органдарына, әртүрлі саяси партиялар мен қозғалыстарға пайдалануға мүмкіндік беретін функция: әлеуметтік басқару
-
Ғылымға "қоғамдық-экономикалық формация" терминін енгізген ғалым: Маркс К
-
«Түсінуші әлеуметтану» тұжырымдамасының авторлары: Зиммель Г., Вебер М.
-
«Позитивтік философия курсы» еңбегінің авторы: О. Конт
-
Позитивизм бағытын (ағымын) негіздеген: О. Конт
-
Адамның қоғамдағы әлеуметтік мінез-құлқының типтерін бөліп көрсеткен ғалым: М.Вебер
-
Қоғамдағы адамның ауытқыған мінез-құлқын алғашқылардың бірі болып зерттеген, ұжымдық сана теориясының авторы: Э. Дюркгейм
-
Қоғамдық келісім-шарт теориясын жасаған кім ? Т.Гоббс, Ж. Руссо
-
Әлеуметтанудағы алғашқы бағыт: позитивизм
-
Қоғамның революциялық жолмен дамуын жақтаған кім? К. Маркс
-
«Әлеуметтік дарвинизм» бағытын негіздеген: Г.Спенсер
-
Қай ойшылдың ілімі бойынша адам санасы дамудың теологиялық, метафизикалық және позитивтік деп аталатын үш сатысынан өтеді? О.Конт
-
«Идеалдық типтер» тұжырымдамасының авторы: М.Вебер
-
«Синтездік философия жүйесінің» авторы: Г. Спенсер
-
Қоғамда тәртіп орнатудың тірегі - орта тап деп есептеген ежелгі грек ойшылы: Аристотель
-
Қоғамның әлеуметтік құрылымын алғаш талдаған ежелгі грек ойшылы: Платон
-
Қоғам және мемлекет теориясын жасаған жаңа заман ойшылы: Николло Макиавелли
-
«Құрылым» және «функция» ұғымдарын ең алғаш пайдаланған ғалым: Г.Спенсер
-
Айналымға «қоғамдық-экономикалық формация» ұғымын енгізген ғалым: К.Маркс
-
Утопиялық социализм тұжырымдамасының авторын атаңыз: Ш.Фурье және А.де Сен-Симон
-
Ресей әлеуметтануының ерекшелігі немен анықталады? ХІХ ғасырдағы Ресей әлеуметтік-саяси дамуының ерекшеліктерімен
-
Қай бағыттың өкілдері қоғам дамуына адам факторы қатты ықпал етеді деп санады? психологиялық бағыт
-
Анархиялық бағыттың негізін қалаған: М.Бакунин
-
Қай еңбекте Ресей әлеуметтануындағы субъективтік идеализмнің негізгі идеялары баяндалды? П. Л. Лавровтың «Тарихи хаттарында»
-
Жағырафиялық бағыттың негізін қалаған, «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» атты кітаптың авторы: Л.И.Мечников
-
Ресейде субъективті әлеуметтанудың іргесін қалаған кім? Н. К. Михайловский
-
Орыстан шыққан американың XX ғасырдағы атақты әлеуметтанушысы: П.А. Сорокин
-
П.А.Сорокин өзінің қай еңбегінде қоғамның әлеуметтік жіктелу тұжырымдамасын ашып көрсетті? «Әлеуметтік мобильдік»
-
П. А. Сорокин қай тұжырымдаманың авторы болып саналады? әлеуметтік стратификация мен мобилдік
-
Қызметтің өзара байланысқан екі формасы: 1) ойлап табу, еліктеу, бейімделу және 2) мінез-құлық ережелерінің біртіндеп өсуі мен дамуының көмегімен сипатталатын әлеуметтік өзгеріс әлеуметтанулық зерттеудің пәні болып табылады деп есептеген ғалым: М. Ковалевский
-
«Қазіргі демократияның шығуы» атты еңбегінде экономикалық құрылысты онда экономика мораль, өнер, дін және ғылым арқылы ықпал ететін саяси-құқықтық құрылыстың базисі ретінде айқындаған кім? М. Ковалевский
-
1908ж. Ресейде тұңғыш рет Психоневрологиялық университетте әлеуметтану кафедрасын құрушылардың бірі: Де-Роберти
-
Ресейдегі неопозитизмнің авторы: П. Сорокин
-
Әлеуметтану қоғамдық құбылыстарды зерттеуде ғылыми тәсілдерге негізделуі тиіс деп тұжырымдаған ресейлік ғалымды атаңыз: Де-Роберти
-
Ресейдегі марксизмнің дәстүрлі бастамасы осы ғалыммен байланысты: Г. Плеханов
-
Ғасырлар тоғысында Ресейді көбірек толғандырған проблемалардың бірі: әлеуметтік прогресс
-
Ресейде әлеуметтанудың туындауының бастапқы кезеңі үшін Батыстан әкелінген бір мезетте пайда болған екі бағыт: позитивизм және марксизм
-
Ресейдегі органицизм бағытының авторлары: П. Лилиенфельд және А. Стронин
-
Де-Робертидің әлеуметтану бойынша жазған іргелі еңбегін атаңыз: «Әлеуметтану»
-
61. Ш. Уәлиханов өзі өмір сүрген қазақ қоғамының кұрылысын қалайша белгіледі? патриархалды-феодалдық
-
Ш. Уәлиханов қазақ қоғамын саяси басқару туралы не айтты? халық өзін-өзі басқарады
-
Ш. Уәлихановтың қоғамды реформалау жөніндегі көзқарасы: реформалар туралы мәселе аса үлкен сақтықты, терең пайымдауды талап етеді, өйткені олардан халықтың «болу немесе болмауы» шешіледі
-
Ш. Уәлиханов халықтың әлеуметтік жағдайы туралы: байлар мен белгілі адамдардың мүдделері бұқараның, халық көпшілігінің мүддесіне қарсы
-
Ы. Алтынсарин қазақ қоғамының алдыңғы қатарлы өркениеттен артта қалу себептерін неден көрді? қазақтар арасындағы оқу-ағарту ісінің болмауынан
-
Ы. Алтынсарин көшпелі қазақ қауымынық әлеуметтік дамуының басты бағыттары туралы: елге сауаттылықты тарату, қол өнерді дамыту, отырықшылыққа көшу, жер шаруашылығына өту жолдарымен қоғамды эволюциялық дамыту
-
Ы. Алтынсариннің қазақ қоғамының әлеуметтік-таптық кұрылымы туралы көзқарасы: бай-феодалдар, орта шаруа, кедей жатақтар
-
Абай қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздіктің себептерін немен түсіндірді? қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуі және олардың мүдделерінің қарама-қайшы болуымен
-
Абай әдеттегі қазақ құқын жетілдіруде қандай үлес қосты? 100-ден аса баптардан тұратын әдеттегі құқықтың жиынтығын құрастырды
-
Абайдың анықтауы бойынша ғылым қандай әлеуметтік рөл атқарады? ғылым адамды қараңғылықтан құтқарады, білімсіздіктен шығудың жолын көрсетеді
-
Абайдың еңбектің әлеуметтік рөлі туралы көзқарасы: еңбектің барлык түрлері пайдалы, сонымен қатар жалдамалы енбек те пайдалы
-
Тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ететін Абай айтқан алғышарттар: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
-
Байтұрсыновтың қоғамның даму жолдары жөніндегі көзқарасы: эволюциялық, реформалық жолмен іске асыру
-
Ә.Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына себеп болған жағдай: партия бұратана халықтарға, соның ішінде қазақтарға автономия алу мүмкіндігін бермейтіндігін білгендіктен
-
АҚШ өндірістік кәсіпорындарында әлеуметтанулық зерттеу жүргізген ғалым: Мэйо Э.
-
Эмпирикалық әлеуметтану әлеуметтанымдық зерттеулердің дербес бағыты ретінде қай елде қалыптасты? АҚШ-та
-
1957 жылы авторитарлық, демократиялық және аралас басқарудың үш стилін ерекшелейтін басқару стилі туралы теорияны жасаған автор: Макгрегор Д.
-
Э.Берджес пен Р. Парктың оқулығы эмпирикалық әлеуметтанудың дамуындағы елеулі кезең болды. Онда олар эмпирикалық зерттеулердің өздеріне мәлім принциптері мен әдістемелерінін жиынтығын беруге тырысты. Бұл оқулық қалай аталады? «Әлеуметтану ғылымына кіріспе»
-
Құрылымдық функционализм деп аталған құрылымдық-функционалдық әдістің негізін қалаған ғалым: Парсонс Т.
-
Әлеуметтік интеракция (өзара әрекет) теориясының авторы: Дж. Мид
-
Қазіргі әлемдегі қылмыстың себептері туралы аномия теориясы қай автордың еңбектерінде дамыды? Мертон Р.
-
Американ әлеуметтанушысы Л. Козердің тұжырымдамасы бойынша қоғамдық өмірдің негізі болып табылатын не? құрылымдық шиеленіс (конфликт)
-
Тұлғаның базалық (азық-түлікке, киім-кешекке, қауіпсіздікке және т.б.) және өндірістік (әділеттілік, аман-саулық, тәртіп және т.б. қажеттіліктер) қажеттіліктерін екі топқа бөліп қажеттіліктің иерархиялық теориясын жасаған ғалым: Маслоу А.
-
1892 жылы АҚШ-тың қай қаласында әлемдегі тұңғыш әлеуметтану университеті пайда болды? Чикаго
-
Күнделікті өмірді театрдағы әрекетпен салыстыруды негіз еткен драматургиялық әлеуметтанудың авторы: Э.Гофман
-
Этнометодология тұжырымдамасының авторы: Г. Гарфинкель
-
Феноменологиялық әлеуметтанудың авторын атаңыз: А.Шюц
-
Жүріс-тұрыстың сыртқы емес, ішкі механизмін ашатын теорияны атаңыз: этнометодология
-
Адамдардың сый-сияпат алу үшін ұмтылыс жасайтын жақсы мінез-құлқының мотиві жөніндегі әлеуметтік айырбас теориясының авторын атаңыз: Дж.Хоманс
-
Неміс ғалымының типтеуіне сәйкес қоғамдық қатынастар типі бойынша үстемдік және аралас және жолдастық болып бөлінеді, осы ғалымды нұсқаңыз: Ф.Теннис
-
Тарихи үрдістің мәні – бұл жеке меншік пен байлыққа бақылау қою үшін күрес деп санаған «Капитал» атты шығарманың авторын атаңыз: К.Маркс
-
Әлеуметтік шиеленіс теориясын жасаған және әлеуметтік тұрақсыздықтың негізгі себебі капитал емес, билік деп есептеген неміс ғалымы: Р.Дарендорф
-
Көбіне көп қазіргі қоғамның бет-бейнесін анықтайтын билеуші элитаны зерттеу әлеуметтанудың негізгі міндеті болуға тиіс деп есептеген ғалымды атаңыз: Ч.Миллс
-
Әлеуметтану тұрғысынан қоғам дегеніміз – бұл: өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адамдардың тарихи формаларымен біріккен, өзара байланыстары мен өзара әрекеттері туындайтын адамдар жиынтығы
-
Бұл ғалымдар 1967 жылы әлеуметтік біріктірудің: тұрақты аумақ, өзін-өзі өндіру, жоғары дамыған мәдениеттің болуы және саяси тәуелсіздік сияқты жағдайларын анықтап, оны қоғам деп есептеуді ұсынды: Марш Р., Шилз Э.
-
Қоғам дамуының негізгі жолдары: революциялық пен эволюциялықтың үйлесімділігі
-
Революция деген - бұл: өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың негіздерін қиратып қоғамдық өмірдің бүкіл немесе көптеген жақтарын толық немесе кешенді өзгерту
-
Ескірген техника мен технологияны жаңа, мейлінше жетілген техника мен технологияға алмастыру қалай аталады? ғылыми-техникалық прогресс
-
Қоғамды жүйелік тұрғыда зерттеу деген: құрылымдық, функционалдық, динамикалық тұрғыда зерттеу
-
Жаһандық деңгейде қоғам әлемдік жүйеге айналады, оны үш бөлікке: өзекке, жартылай шетаймаққа және шетаймаққа (ядро, периферия, полупериферия) бөлуге болады деп санаған ғалым: Валлерштайн И.
-
Қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларын ішнара және біртіндеп жетілдіру қалай аталады? Реформа
-
«Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы» атты еңбегінде әлеуметтануда қоғам дамуының алғашқы теорияларының бірін жасаған ғалым: Дюркгейм Э.
-
Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыратын сала қалай аталады? экономикалық сала
-
Бұл саланың міндеті - қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті қатамасыз ету, қақтығыстарды тоқтату, билікті қорғау және т.с.с.: саяси сала
-
Жаңа білімдер ашу, оларды келесі ұрпаққа жеткізу, көркемдік құндылықтарды жасау қай саланың міндеті болып табылады: рухани сала
-
Адамның қоғамдағы әл-ауқаты үшін жауап беретін сала – бұл: әлеуметтік сала
-
Кезуші аңшылар, көсемдер, мал щаруашылығы мен жер шаруашылығы, неолит революциясы, ежелгі мемлекеттер, аграрлық қоғам, қазіргі заманғы қоғам – бұл: қоғам дамуының сатылары
-
Әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің ұқсас белгілері: қоғамның даму типтері
-
Әрбір кейінгі даму сатыларына бұрынғыларына қарағанда аз уақыт кетеді деп есептейтін заң – бұл: тарихи уақытты жеделдету заңы
-
Осы заңдылыққа сәйкес халықтар мен ұлттардың даму жылдамдығы әр түрлі: заңдылық заңы
-
Қоғам қашан пайда болды? 40 мың жыл бұрын
-
Қоғамның өзіндік жетілгендігінің басты белгісі: экономикалық
-
Әлеуметтік институттың басты артықшылығы: алдын-ала болжам жасау, сенімділік, тұрақтылық
-
Әлеуметтік институттар пайымдау үшін мыналарды негіз етіп береді: қажеттіліктің сапалық деңгейде қанағаттандырылуын
-
Институт ең алдымен неге негізделеді? ара қатынастарды әлеуметтік реттеушілікке
-
Институттардың тиімділігін арттыруда не мүмкіндік туғызады? еңбек бөлінісі және кәсібилік
-
Төменде көрсетілген әлеуметтік институттендірілген байланыстардан формальды еместерін бөліп көрсет: достық
-
Әлеуметтік институт туралы толық түсінік берген американ әлеуметтанушысы және экономисі: Т. Веблен
-
Адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастырудың тарихи тұрғыдан қалыптасқан тұрақты формалары бұл: әлеуметтік институт
-
Әлеуметтік мәртебелер мен ролдерді, нормалар мен ережелерді анықтау және бекіту үрдісі қалай аталады? Институционалдандыру
-
Бұл еңбегінде Торстейн Бунде Веблен қоғамның эволюциясын әлеуметтік институттардың табиғи сұрыпталу үрдісі ретінде қарастырған: «Парықсыз тап теориясы»
-
Әлеуметтік институттың беделінің түсуін сипаттайтын кері үрдістің аталуы: институционалдық дағдарыс
-
Институттың: а) жүріс-тұрыс ұстанымы мен үлгісі; б) символдық мәдени белгілері; в) утилитарлық мәдени белгілері; г) ауызша және жазбаша кодексі; д) идеология сияқты белгілерін бөліп көрсеткен авторды атаңыз: С. Фролов
-
Әлеуметтік институттардың қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын реттейтін қызметі қалай аталады? Реттеушілік
-
Әлеуметтік топ мүшелерінің топтасуын, өзара тәуелділігін және өзара жауапкершілігін қамтамасыз ететін функцияны атаңыз: біріктірушілік
-
Келер ұрпаққа тәрбиені жеткізетін функцияның аталуы: трансляциялау
-
Қоғам мүшелерінің жүріс-тұрысын бекітіп, қалыпқа келтіретін және бұл жүріс-тұрысты күні бұрын білдіретін функцияның аталуы: қоғамдық қатынастарды бекіту және ұдайы өндіру
-
Нәтиже беретін, бір бағыттағы және қайталанбалы әлеуметтік әрекеттердің жиынтығы қалай аталады? әлеуметтік процесс
-
Қоры шектеулі және тең бөлінбеген құндылықтарды иемдену үшін индивидтер, топтар немес қауымдастықтар арасындағы күрестің аталуы: бәсекелестік
-
Жаңа ортаның мәдени нормаларын, құндылықтарын және әрекет эталондарын индивидтің немесе топтың қабылдауы қалай аталады? Бейімделу
-
Жаңа мақсаттар мен тәсілдерді толық немесе жартылай қабылдау жолымен индивидтің немесе топтың өзгерген жағдайлар мен мәдениетке келісуін білдіретін бейімделу формасы: мәміле
-
Барлық қатысушылардың жалпы мәдени үрдіске қатысуы арқылы тұлғалар мен топтардың өзара мәдени араласу үрдісінің аталуы: сіңісу
-
Әлеуметтік құрылым – бұл: әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар
-
Маркстік теория бойынша әлеуметтік құрылымның өзегі: таптар
-
Қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы тұжырымдамаға қарсы тұрған теория: әлеуметтік стратификация
-
П.Сорокиннің теориясына сәйкес әлеуметтік стратификацияның үш түрі бар: экономикалық, саяси, кәсіби
-
«Страт» түсінігі нені білдіреді? Жіктерді
-
П.Сорокиннің әлеуметтік стратификация теориясының негізіне адамдардың бірігуі алынған: әлеуметтік жіктерге
-
Әлеуметтік мобилдік терминін 1927 жылы әлеуметтануға енгізген кім? П.Сорокин
-
Өндіріс құралдарын меншіктенген немесе меншіктенбеген, табысқа қол жеткізудің ерекшелікті тәсілімен сипатталатын адамдардың үлкен тобы қалай аталады? Тап
-
П.Сорокиннің теориясына сәйкес әлеуметтік мобилдік қандай әлеуметтік саты бойынша қозғалуды білдіреді? тік және көлденең бағытпен
-
Индивидтің туғанынан немесе өзінің жеке басының сапасына орай әлеуметтік иерархияда белгілі бір орын алуына мүмкіндік беретін жағдай қалай аталады? Мәртебе
-
Құлдық, касталар, сословиялар, таптар – бұлар....... Құлдық, касталар, сословиялар, таптар – бұлар....... стратификацияның тарихи типтері
-
«Страта» ұғымы әлеуметтануға қай ғылымнан ауысты? Геология
-
Таптарға анықтама берілген В.Лениннің еңбегін атаңыз: «Ұлы бастама»
-
К.Маркстің көзқарасына қарсы әлеуметтік теңсіздік туралы өз пікірін айтқан ағылшын ғалымы: Г.Спенсер
-
Адамның өзі туғаннан бастап мүшесі болуға міндетті әлеуметтік топты немесе стратты атаңыз: каста
-
Дәстүрлерде немесе заңдарда бекітілген және мұраға берілетін құқықтар мен міндеттерге иелік ететін әлеуметтік топты атаңыз: сословия
-
20 ғасырдың 30 жылдарында АҚШ-та пайда болған батыс әлеуметтануындағы стратификацияның барынша танымал үлгісін жасаған ғалым: У. Уотсон
-
Шаруашылық және қоғамдық дәнекерлікпен байланысқан туысқандар тобы қалай аталады? Клан
-
Адамдарды басыбайлылыққа салудың әлеуметтік, экономикалық және заңдық формасы қалай аталады? Құлдық
-
Жалпы, бүкіл адамдарға тән сапалар мен қабілеттерді сипаттау үшін қолданатын ұғым: адам
-
Адамзаттың, топтың немесе әлеуметтік қауымдастықтың бір ғана өкілі болып саналатын: индивид
-
Қоғамдық өмірде басқа адамдармен өзара әрекет процесінде жүзеге асатын қасиеттер мен сапаларды сипаттау үшін қолданылатын термин: тұлға
-
Тұлғаның рөлдік теориясына сәйкес қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын «әлеуметтік мәртебе» және «әлеуметтік рөл» сияқты екі негізгі ұғымдармен бейнелеуге болады деп бірінші жазған: Мид Дж.
-
Әлеуметтану тұрғысынан тұлғаны зерттеу тұлғаның қай қасиетін ерекше бөліп көрсетеді: әлеуметтік сапаларын
-
Ескі жүріс-тұрыстың орнына жаңа жүріс-тұрыстың құндылықтарына, нормаларына, рөлдеріне және ережелеріне оқыту процесі қалай аталады? Реәлеуметтендіру
-
Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттететін диспозициялық теорияның негізін салғандар: Ф. Знанецкий, У.Томас
-
«Айнадағы Мен» теориясының авторы: Ч.Кули
-
Қоғамда табысты өмір сүру үшін қажетті мінез-құлық үлгілерін, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды индивидтің меңгеру процесі қалай аталады? Әлеуметтендіру
-
Әр адамның жүріс-тұрысын тіл, салт, әлеуметтік институттар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. әлеуметтік орта арқылы бақылайтын жүріс-тұрыс тұжырымдамасының авторы: Дж.Хоманс
-
Еліктеу, ұқсастыру, ұят және кінә сезімі сияқты психологиялық механизмдердің көмегімен әлеуметтендіру процесін қарастырған ғалым: З.Фрейд
-
Билік өкілеттілігін пайдаланудың көмегімен қоғамдық тәртіпті қолдаудың ерекше механизмі – бұл: әлеуметтік бақылау
-
Әлеуметтік бақылау тұжырымдамасының авторы: П.Бергер
-
Адамның ішкі дүниесіне әлеуметтік нормалар мен құндылықтардың ену процесі қалай аталады? Интериоризация
-
Индивидтің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, ролдік функцияларға, әлеуметтік нормаларға бейімделуі қалай аталады? үйрену (адаптация)
-
Тарихи-мәдени мектептің авторы: Л.Выгодский
-
Инстинктвизм теориясының авторы: З. Фрейд
-
Тұлғаның енжар, қанаушы (эксплуататорлық), жинақтаушы және нарықтық типтерін бөліп көрсеткен ғалымды атаңыз: Э.Фромм
-
Әлеуметтік жүйеде осы мәртебені иемденген адам атқаруға тиісті әрекеттердің жиынтығының аталуы: әлеуметтік роль
-
Девианттық мінез-құлықтың көрсететіні: ресми мойындалған немесе қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес келмейтін бұқаралық қызметтің формасы
-
Девианттық мінез-құлықтың қоғамда болуының басты себебі: экономикалық қатынастарда
-
Қылмыстарды зерттеудің мәліметтеріне қарағанда енбек пен қылмыстық мінездің арасында: тікелей байланыс жоқ
-
Еңбектің мазмұны мен қоғамға жат тәртіптің арасындағы байланыс психологиямен және моральмен жанама түрде болғанмен олар қайшылықтар туғызады: қызметкердің қажеттілігі мен оның өндірістік жағдайлары арасында
-
Қоғамға жат ауытқушылықтардың пайда болуының қайнар көзі не? қоғам дамуының ақиқат процесі мен адамдардың ізденіс-талап құқын жүзеге асырудың сәйкеспеуі
-
Ішкі шиеленістер немен анықталады? жеке бастың моральдық санасының қайшылықтарымен
-
Адамдардың санасы мен мінез-құлқында болатын мынадай келеңсіз кұбылыстар: немқұрайлылық, дөрекілік, менмендік, қаталдық, арсыздық және т. б. ауытқыған мінез-құлықтың қай түріне жатқызылады? адамдар ара қатынасындағы ізгіліктік принциптердің бұзылуына
-
Ауытқыған мінез-құлықтың шектен шыққан түрі: қылмыскерлік
-
Өз бетінше пайда болып, үлкен эмоциональдық пен және конформизммен айрықшаланатын: стихиялық топтар
-
Стихиялық топтар сана мен мінез-құлықтың бұрмаланған белгілерін қабылдауға тым жақын. Бұл ең алдымен мынаумен түсіндіріледі: топта қоғамдық пайдалы мақсаттардың болмауымен
-
Делинквентілік неден қолдау таппайды? Заңнан
-
Шетелде ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануы қай еңбектен бастау алды? Э. Дюркгейм. «Өзіне-өзі қол салу»
-
Ғылымда «білімді игеру» ілімін түсінудің теориялық негізін қалаған психолог: С. Рубинштейн
-
Сіңу (ассимиляция) және үйрену (аккомодация) Ж. Пиаженің ойы бойынша нені меңгерудің формалары: білімдегі тәжірибені
-
Бастапқы схемалардың жаңа объектілерінің құрылымдарын өзгерту арқылы бейімделу дегеніміз: үйрену (аккомодация)
-
Ақпаратты қабылдау процесінде білім тұлғаның өзін дамытып, тұлғалық пішін алады. Мұндай ойлар ілімге қандай тұрғыдан қараудың негізі болады: мәдениетті меңгеру
-
Ақпаратты қабылдау процесінде білім тұлғаның өзін дамытып, тұлғалық пішін алады. Бұл көзқарастың негізін салған: Л. Выготский
-
Толық білім мен білім бөлігі ара қатынасы мынадан көрінеді: білімнің пайда болуы мен қызмет етуі міндеттерін атқаруы әлеуметтендіру және тәрбиенің көмегінсіз мүмкін еместігінен
-
Мектептің пайда болуын ненің шығуы мен дамуы шешті? Ғылым
-
Білім институттары жүйесіне кіретін не? отбасы, мектеп, мәдениет орындары, бұқаралық ақпарат құралдары
-
Білімнің беделін айқындаушы: қоғамның білімнің маңыздылығын мойындауы
-
Кәсіби білімнің әр түрлі формаларын адамның таңдау мүмкіндігі мен оған бейімділігіне сүйене отырып білім қандай қызметті атқарады? әлеуметтік мобилдік
-
Саяси саланың қоғамдық өмірдің басқа салаларымен байланысын зерттейтін ғылым: саясат әлеуметтануы
-
Әлеуметтік-саяси қатынастарға талдау жасау - бұл: саясат әлеуметтануының объектісі
-
Мүмкіндіктен шыға отырып анықтайтын, саяси қызметтің көптеген топтық формаларын сипаттайтын, адамдардың индивидуалдық жүріс-тұрысын сараптайтын саясат әлеуметтануының әдісі: бихевиористік
-
Саяси жүйенің өзегі, оның орталық элементі болып саналатын: мемдәрісет
-
Билік субъектісінің өзінің мақсатына жетуде биліктің ықпалына объектінің бағынбауына қарамастан, күш қолдану немесе қоқанлоқы көрсету жолдарымен және оның бағыну немесе бағынбау аралығын таңдау мүмкіндігінен айырылуы қалай аталады? Күштеу
-
Қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымының үлгілерін іздестірудің тәжірибелік міндеттерін шешуге бағытталған саясат әлеуметтануының функциясы: практикалық-саяси
-
Саяси институттардың, рөлдердің, қатынастардың, процестердің жиынтығынан тұратын күрделі түзілім: саяси жүйе
-
Саяси жүйе теориясын негіздеуші: А.Истон
-
Билікті бөлудің жобасын ұсынған бірінші автор: Дж.Локк
-
Биліктің негізгі тармақтары: атқарушы, заң шығарушы, сот
-
Билік қатынастарының субъектісі болып саналатын: адамдар, адам топтары, қоғам
-
Қоғамда тәртіпті сақтау үшін биліктің маңыздылығын қамтамасыз ететін биліктің функциясы: идеологиялық
-
Саяси жүйенің өмір сүру тәсілі, қызмет жағдайы, саяси қатысудың белгілі дәрежесі мен формалары – бұл: режим
-
Әлеуметтік саяси өмірдің объектілер мен субъектілерінің, әр түрлі элементтерінің қарым-қатынасы мен байланысын ашатын заңдар қалай аталады? өмір сүру заңдары
-
Саяси институттар мен ұйымдар, саяси принциптер мен нормалар, саяси қатынастар, саяси мәдениет пен сана – бұл: саяси жүйенің компоненттері
-
Бір субъектінің басқа бір субъектіге өзінің ерік-жігерін таңу мүмкіндігін сипаттайтын қоғамдық қатынастардың ерекше формасы қалай аталады? Билік
-
Биліктің негізгі үш легитимдік типін: рационалдық, дәстүрлі, харизматикалық типтерін бөліп көрсеткен ғалымды атаңыз: М.Вебер
-
Саяси жүйенің бұл функциясының міндеті: индивидтерді саяси құндылықтарға тарту болып табылады: әлеуметтендіру функциясы
-
Индивидтер өзара әрекет ететін нормалар мен ережелерді енгізу жолымен қоғамға ықпал етудің міндеті: реттеу функциясы
-
«Үйлесімді әртүрлілік» заңын алғаш ашқан: Платон
-
«Экономика» терминін айналымға енгізген: гректер
-
Еңбек бөлінісі туралы жүйелі ілімді тұңғыш рет ұсынған: А.Смит
-
«Индустриалдық қоғам» терминін ғылыми айналымға енгізген социалист-утопист: А.Сен-Симон
-
«Әлеуметтік шиеленіс теориясын» жасаған: К.Маркс
-
Постиндустриалдық өркениет дамуының негізінде жатқан «еңбек түрлерінің шкаласын» жасаған және негіздеген: Г.Зиммель
-
Ұтымдылық процесін, яғни тауар-ақша қатынастарының жоғары формасын құру мәселесін қарастырған «Протестанттық этика және капитализм рухы» атты кітаптың авторы: М.Вебер
-
Өзінің «Экономика және қоғам» атты басты еңбегінде М.Вебер әлеуметтік стратификация теориясын қарастырған, соған сәйкес қоғамның жіктер мен таптарға бөлінуінің негізіне үш фактор ықпал етеді: экономикалық мәртебе немесе байлық, саяси мәртебе немесе билік, престиж
-
Қоғамның тепе-теңдігі мен тұрақтылығын сақтай отырып, қоғамның тұрақтандырушысы болып саналатын тап: орта тап
-
Басқа топқа енуге шектеу қоюды немесе топтың өз ішінде шектелуін білдіретін, әлеуметтік тұйықталу құбылысын қарастырған: М.Вебер
-
«Әлеуметтік экономия» деп аталатын экономикалық әлеуметтану бойынша ең бірінші шыққан кітаптың авторы: Т.Грееф
-
Қоғамда шаруашылықты жүргізуді: натуралды, тауарлы емес (ойкономия) және ақшалай (хрематистика) типтеріне бөліп көрсетуге болады деп есептеген ғалым: Аристотель
-
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру жүйесінің авторы: Ф.Тейлор
-
«Х» және «У» басқару стилі теориясының авторы: Д.Макгрегор
-
Қоғам дамуының қандай да бір деңгейінде экономикалық процестердің әлеуметтік аспектілерінің ерекшеліктерін зерттеу қай функцияның міндеті болып табылады? танымдық функциясы
-
Қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестердің дамуын және ондағы әрекет етіп тұрған әлеуметтік институттарды талдау мына функцияның міндеті болып табылады: бағалау функциясы
-
Қандай да бір әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді туындататын себептерді зерттеу қай функцияның міндеті болып табылады: түсіндіру функциясы
-
Экономикалық әлеуметтанудың объектісі: экономика мен әлеуметтік салалардың өзара әрекетінің нәтижесінде пайда болатын әлеуметтік-әлеуметтік үрдістердің күрделі динамикалық жүйесі
-
Г.Зиммель өзінің ең басты еңбегінде жұмыс күшін дайындау мен көші-қонға, ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылыққа, үстемдік ету мен бағынуға, биржадағы ақша айырбасына, айырбас және тұтыну құнының әрекет ету механизміне терең талдау жасауға талпынған. Сол еңбекті атаңыз: «Ақша философиясы»
-
Отбасының әлеуметтік институт ретінде пайда болған кезі: алғашқы қауымдық құрылыс
-
Отбасы – бұл: неке мен қандас туыстықтың негізінде, тұрмыстың ортақтығымен және өзара жауапкершілікпен байланысқан адамдардың бірлестігі
-
Отбасы өзінің дамуында келесі кезеңдерді басынан өткізді: промискуитет, қандас-туыстық, пуналуальды, жұп, моногамды
-
Отбасының негізгі функциясы: дүниеге нәресте әкелу
-
Некенің үш түрін: полигинияны, полиандрияны, моногамияны бөліп көрсеткен ғалымды атаңыз: Мак-Леннан
-
Неке мен отбасының мәселелеріне арналған Ф.Энгельстің негізгі еңбектерінің бірі – бұл: Семьяның, жеке меншіктің және мемдәрісеттің шығуы
-
Биліктің құрылымы бойынша болатын отбасы: эгалитарлық және авторитарлық
-
Адамзат қоғамның бірінші тиым салғаны: қан араласуға
-
Неке – бұл: ер адам мен әйел адамның арасындағы тарихи қатынастар формасы, соның негізінде қоғам олардың ерлі-зайыптылық құқықтары мен міндеттерін реттейді және бекітеді
-
Бір еркек пен бірнеше әйелдің некеде тұруы қалай аталады? Полигиния
-
Бір әйел мен бірнеше еркектің некеде тұруы қалай аталады? Полиандрия
-
Отбасы қарым-қатынас құрылымына қарай қандай түрлерге бөлінеді? серіктестік және авторитарлық
-
Өзінің «Отбасы әлеуметтануына кіріспе» атты еңбегінде бұл автор жыныстардың қарама-қарсылығы – бұл некелік одақ құрудың тек базалық негізі ғана емес, сонымен қатар, отбасындағы адамгершіліктік жақындасудың негізгі себебі деп атап көрсеткен. Еркек пен әйелдің бір-бірін ынтыға іздеуі олардың нақ осы өзгешеліктерімен байланысты. Осы ғалымды атаңыз: Э.Дюркгейм
-
Отбасының бұл функциясы өзін-өзі тәрбиелеумен қатар ерлі-зайыптылардың өзара тәрбиесін де қамтиды: тәрбиелік
-
Отбасының бұл функциясының міндеті отбасында моральдық, психологиялық және материалдық көмек пен қолдауды қамтамасыз ету болып табылады: рекреативтік
-
Отбасының бұл функциясы өз мүшелерінің өзге адамдармен, жақындарымен жақсы қарым-қатынасын қамтамасыз етеді: коммуникативтік
-
«Ирокездер лигасы», «Туысқандық жүйе және адамның отбасының адамдық қасиеті», «Ежелгі қоғам», деген еңбектерінде бұл американдық ғалым отбасылық қарым-қатынастың тарихи дамуының формасын қарастырады: Л.Морган
-
Бір жағының қалауымен еркін түрде бұзылатын, бір ер адамның бір әйел адаммен әлсіз, тұрақсыз одағының аталуы: жұптық отбасы
-
Отбасының даму сатысына төменгі атаулардың қайсысы жатпайды? патриархалды отбасы
-
«Семьяның, жеке меншіктің және мемдәрісеттің шығуы» атты еңбектің авторын атаңыз: Ф.Энгельс
-
Мәдениет – бұл: генетикалық мұраланбайтын, ерекшелікті тәсілдердің жиынтығы, жүріс-тұрыстың формалары мен үлгілері
-
Мәдениеттің басты элементі: тіл
-
Топты көпшіліктен айырықшалайтын нормалар мен құндылықтардың жүйесі: субмәдениет
-
Этноцентризмнің ұстанымы: басқа мәдениеттерді өз мәдениеті арқылы бағалау
-
Бұқаралық мәдениеттің басты функциясы: көңіл-көтеру-компенсаторлық
-
Мәдени реалитивизмнің ойластыратыны: кез келген мәдениеттің абсолюттік өзіндігі
-
«Мәдениет адамды бұзады: оған жетілгендік табиғаттан берілген» деп санаған: Дидро
-
«Адамзат тарихы қайсыбір жабайылық күйден басталады да, тек мәдениет қана адамды «адам етеді»» деп санаған: Вольтер
-
Қазіргі рухани қажеттіліктің жағдайын талдау соңғы кезде мынаны анықтап отыр: жаңа және ескі қажеттіліктер жіктелісінің көрінуі қарқынының артуын
-
Өркениет – бұл: қоғамдық дамудағы рухани мәдениеттің деңгейі, сатысы
-
Мәдениет әлеуметтануындағы негізгі еңбектердің бірі: П. Сорокин. «Қазіргі заман дағдарысы»
-
Дұрыс жауапты көрсетіңіз: мәдениет пен өркениет бірмезгілде пайда болды
-
Мәдениеттің адамдардың көптеген ұрпағының әлеуметтік тәжірибесін шоғырландыру қабілеті, сөйтіп әлем туралы бай білімді жинақтап және оны игерумен байланысты мүмкіншіліктер жасауы қандай функциямен байланысты: танымдық
-
Бұрынғымен, бүгінгімен және келешекпен байланысты қамтамасыз ететін әлеуметтік тәжірибені тарату функциясы – бұл: ақпараттық
-
Өзара түсіністіктің дұрыстығын қамтамасыз ететін әлеуметтік қарым-қатынас функциясы, кез-келген түрде ақпарат беру – бұл: коммуникативтік
-
Адамның мінез-құлқын бақылаудағы әлеуметтанудың құралы ретінде көрінетін функция – бұл: басқарушылық
-
Жоғары мәдениет, халықтық мәдениет, бұқаралық мәдениет, субмәдениет және контрмәдениет – бұл: мәдениеттің формалары
-
Ақпаратты беру мен алмасудың, қарым-қатынас процесінің, материалдық және рухани әлемнің кез келген объектілерінің байланыс құралы қалай аталады? Коммуникация
-
Адамдардың коммуникативтік қызметін қай ғылым саласы зерттейді? коммуникация әлеуметтануы
-
Коммуникация саласында қалыптасқан қарым-қатынастың, өзара әрекеттің және ықпалдың ерекшеліктері болып саналады: коммуникация әлеуметтануының пәні
-
Әртүрлі жіктердің көңіл-күй көтеру әлемімен байланысқан утилитарлық сұранысты қанағаттандырудың атқаратын функциясы: жарнама-анықтамалық
-
Коммуникация әлеуметтануын қандай типтегі тұлға қызықтырады? «homo loguens» - сөйлеуші адам
-
Алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша индивидтің мінез-құлқын өзгертуге әкелетін индивид санасын мақсатты ынталандырудың тәсілі – бұл: дегеніне көндіру
-
Аудиторияның қажеттіліктерін қанағаттандыру тұжырымдамасын жасаған қай ғалым? Б.Берельсон
-
Мамандандырылған және бұқаралық ақпарат – бұл: әлеуметтік ақпарат деңгейлері
-
Өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша әлеуметтанулық ақпаратқа қысқаша баспасөз беттерінде түсініктеме шолу жарияланған – бұл: әлеуметтанулық түйін
-
Баспасөз, радио, теледидар – бұлар: бұқаралық коммуникацияның сыртқы формалары
-
Әлеуметтанудың зерттейтіні – бұл: зерттелетін объекті немесе құбылыс жөнінде нақты объективті мәлімет алуды мақсат еткен методологиялық, әдістемелік және ұйымдық-техникалық процедураның логикалық жүйесі
-
Бұл құжат кез келген әлеуметтану зерттеуінің міндетті түрдегі бастауы болып саналады, онда зерттеудің методологиялық принциптері, мақсаттары және міндеттері, оларға жетудің тәсілдері көрсетілген: бағдарлама
-
Бастапқы ақпаратты жинаудың мақсаттарын, міндеттерін, тәсілдерін, құралдарын анықтау, оны өңдеу және талдау – бұл: әлеуметтану зерттеулерінің кезеңдері
-
Зерттеу пәнінің тереңдігі мен күрделілігіне талдау жасау әлеуметтануда әлеуметтанулық зерттеулердің келесі түрлерін ерекше көрсетеді: барлаушылық, суреттемелік, талдаушылық (сараптамалық)
-
Шешілетін міндеттің ортақтығымен байланысты, әдістердің жиынтығына негізделген ұйымдастырушы құжат: әдістеме
-
Талдаушылық (аналитикалық) зертеудің мақсаты – бұл: құбылыстар мен процестердің негізіне жататын мәнді себептерді анықтау
-
Практикалық қызмет пен таным принциптерінің, нормаларының, әдістерінің жиынтығының аталуы: әлеуметтану зерттеуінің методологиясы
-
Әлеуметтануға жатпайтын әдіс: тарифтік
-
Зерттеушілік іс-шаралардың, техникалар мен әдістердің жиынтығы – бұл: әдіснама
-
Ауызша және жазбаша ақпараттың көзі ретінде эмпирикалық зерттеуге қатысушы адам – бұл: респондент
-
Зерттелетін объектіні мақсатты және жоспарлы түйсіну әдісі – бұл: бақылау
-
Сұхбатнама және анкеттеу қай әдіске жатады? Сауалнама
-
Объектіні кейбір басқаратын және бақылайтын факторлардың ықпалының нәтижесінде объектінің қызметі мен жүріс-тұрысының сандық және сапалық өзгерістерінің көрсеткіші туралы ақпарат алудың тәсілі – бұл: эксперимент
-
Ел Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында белгіленген негізгі міндеттердің бірі: қазақстандықтардың өмір сапасының артуы
-
Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі – жаңғыртуды жеделдету
-
ХХІ ғасыр деңгейіндегі білім беру мен кәсіптік даярлаудың басты міндеті: әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру
-
Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті – бәсекеге қабілеттілік, Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы
-
Жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары – қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер
-
Қазіргі заманғы әлеуметтік саясаттың басты назарда ұстағаны: адамдардың сұранысы мен қажеттіліктері және жұмыс орындарын жасақтау
-
Білім беру мен кәсіптік қайта даярлаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат нені қамтиды? мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тартуды
-
XXI ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанды сипаттайтын негізгі ұғымдар: барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен тұрмыс халін жақсарту
-
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының басты негіздерінің бірі. болып табылады: барлық діндердің тең құқықтылығына кепілдік беру, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету
-
Әлеуметтік саланы одан әрі жаңартудың барынша басым бағыттарының біріне не жатады? тұрғын үй құрылысын және жылжымайтын мүлік рыногын дамыту
-
Әлеуметтік қолдау көрсету жүйесінің нарықтық экономика талаптарына сай қайта жасалуының негізгі талаптарының бірі: әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу
-
Қазақстан мемлекетінің өз дамуындағы жаңа серпіліс жасауының басты негіздерінің бірі ............. болып табылады: еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнату
-
Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі : табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың, қоршаған ортаны қорғаудың жаңа бағдарламаларын құру