Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД для студентов.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

2. Лекция. Экономикалық дамудың жалпы негіздері. Өндіріс теориясы

  1. Экономикалық жүйедегі өндірістің орны. Өндіріс және оның формалары.

  2. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. Өндірістік функция

  3. Өндірістің ұйымдастыру-құқықтық формалары. Кәсіпкерлік және кәсіпорын (фирма)

Өндіріс – бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатпен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Өндіріс процесінде экономикалық өсудің бастапқы негізі қалыптасады. Өндіріс қоғамда қажеттіктерді қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Қажеттіктер бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның тіршілік әрекеттерін қолдап орындау үшін керектер болып табылады.

Өндіргіш күштер – бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сонд. өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, ад-ның өндіргіш күштері б.т. Өндіргіш күштердің екі құрылымы болады: өндіріс құралдары, жұмсышы күші.

Өндіріс және тұтыну арасында экономикалық қатынастар туындайды. Ол қоғамның мақсаттарынан, қамтамасыз етілу дәрежесінен тәуелді болатын реттеушілер және стимулдар б.т.

Өндіріс формалары:

  • индустриалдыққа дейінгі өндіріс, бұнда ауыл шар-ғы мен қол еңбегі үстемдік етеді.

  • Индустриалдық өндіріс, ірі механикаланған машина өндірісі үстемдік етеді.

  • Постиндустриалдық өндіріс, бұнда қызметтер, ғылым, білім сфералары үстемдік етеді.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы. Қаз.университеті. 1997.

3. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.1988.

3 Лекция. Өндірістің ұйымдастыру-құқықтық формалары.

1. Кәсіпкерлік және кәсіпорын (фирма)

Кәсіпкерлік кең тарағанда қоғамның өмірі нарық экономикасына сәйкес формаларда жүріп отырады. Кәсіпкерлік бұл коммерциялық табысқа жетуді көздейтін іс-әрекет, ал кәсіпкер – кәсіпорынды (фирманы) иемденетін адам. Кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, консультативтік іс-әрекеттерді және құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларды қамтиды.

Нарық экономикасында шаруашылық жүргізудің кәсіпкерлік іс-әрекеті тиімді және белсенді жүріп отыруы үшін белгілі шарттар қажет.

  • еркін тауар өнәдірушілердіңң шаруашылық әрекеттерінің толық еркіндігінің болуы;

  • меншіктің барлық түрлерінің тең құқықтығы жағдайында, экономикалық әреккеттің нәтижесіне толық жауапкершіліктің болуы;

  • игіліктер мен қызметтер өндірісін ынталандыратын фактор ретінде өндурушілердің бесекесінің болуы;

  • нарықта бағаның еркін белгіленуі;

  • экономиканың ашықтығы, сыртқы экономикалық операциялар жүргізуге кәсіпкердің құқы болуы.

Кәсіпорын (фирма) меншіктің әртүрлі формасының негізінде құрылады: жеке, мем-к, арендалық, ұжымдық, шаруашылық ассоциациясы, акционерлік компания, фермерлік шаруашылық түрінде болады.

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық формасы – оның нақты тауар мен қызметтерді жасауға бағытталған өндірістік-техникалық тұтастық деп және эк-лық ынталары пайда мен жеке табысты көздеген адамдар ұжымы деп қарау керек.

Барлық өндіріс факторларын пайдаланудың нәтижесі кәсіпорынның табысын құрайды. Үздіксіз тұрақты табыс табу үшін, кәсіпорын өндіріс өнімдерінің жалғыз түрін өндіруі жетімсіз болады. Бұндай өндіріс тұрақтылығынан тез айырылып, дағдарысқа төзімсіз болады. Экономистердің көбі қызметі көпөнімді өндіріспен байланысты болса, кәсіпкерлік әрекет көп табыс әкеледі деп тұжырымдайды.

Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары мен фирманың көлемі жатады. Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:

-индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;

- серіктестік немесе партнерлік;

- корпорация (акционерлік қоғам).

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. А., 2008

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

3. Қазақстан республикасының Азаматтық кодексі.