
- •«Бекітемін»
- •Пәннiң мақсаттары мен мiндеттерi, оның оқу процесiндегi орны
- •Пән бойынша студенттердің білімдерін бағалау жүйесі
- •Студенттердің тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Тақырыптық жоспар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша лекция тезистері
- •2. Экономикалық заңдар мен категориялар
- •3. Экономикалық теорияның пәні
- •2. Лекция. Экономикалық дамудың жалпы негіздері. Өндіріс теориясы
- •3 Лекция. Өндірістің ұйымдастыру-құқықтық формалары.
- •1. Кәсіпкерлік және кәсіпорын (фирма)
- •4. Лекция. Меншік және экономикалық жүйе.
- •1. Меншік экономикалық категория
- •2. Меншік және иемдену заңдары.
- •1. Тауар, тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы.
- •2. Ақша, оның қызметтері.
- •3. Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары. Бағалар мен тарифтер
- •7. Лекция. Нарықтық бәсеке және оның түрлері
- •8. Лекция. Фирма теориясы
- •1 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •2. Менеджмент – фирманы басқару теориясы
- •9 Лекция. Кәсіпкерлік капитал
- •1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы
- •Макроэкономика. Ұлттық экономика
- •10. Лекция. Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары. Макроэкономика - өзара байланысты өндірушілердің және тұтынушылардың жиынтығы.
- •11. Лекция. Жұмыссыздық және оның түрлері
- •11.1. Лекция. Инфляция және оның түрлері
- •12. Лекция. Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуі. Несиенің мәні. Банктік қызмет.
- •1. Несие мәні
- •2. Банктік жүйе
- •3. Экономикалық даму және экономикалық өсу
- •13. Лекция. Сақтандыру нарығы
- •2. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру.
- •3. Сақтандыру нарығының қатысушылары.
- •14 Лекция. Бағалы қағаздар нарығы
- •15 Лекция. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі
- •Практика (семинар) сабақтарының әдістемелік нұсқаулары
- •« Экономикалық диктант»
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары (сөж) тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж орындау және тапсыру кестесі
- •Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары (соөж) тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Соөж мазмұны мен өткізу кестесі
- •Бақылау өлшеуіш құралдар
- •1. Семестраралық бақылауға арналған тест сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер тізімі
- •Интернет ресурстар
- •Глоссарий
Бақылау өлшеуіш құралдар
1. Семестраралық бақылауға арналған тест сұрақтары
1. Информациялық ресурстар –
А) ҒТР Ә) экономикалық қатынастар сферасы
Б) автоматтанған өндірістің қызмет етуі үшін және компьютерлік техника арқылы оны басқаруға қажет жағдайлар.
2. Өндіргіш күштер –
А) Өндіріс процесіндегі экономикалық және өндірістік қатынастар
Ә) Экономикалық қатынастар сферасы
Б) адам өзінің өндірісіне, тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер.
3. Халықтың бай, кедей боп бөлінуі, жалақы айырмашылығының тым алшақтығы, кәсіпкерлікті қолдау нарықтық экономиканың қай үлгісіне жатады?
А) жапониялық үлгі , Ә) француздық үлгі, Б) американдық үлгі.
4. Марсистік теория бойынша факторларды жіктеу әдістеріне төмендегілердің қайсы кірмейді?
А) жұмыс күші Ә) еңбек заттары Б) капитал В) еңбек құралдары.
5. Маржиналистік теория бойынша факторларды топқа бөлуіне төмендегілердің қайсы кірмейді?
А) жер Ә) еңбек Б) капитал В) кәсіпкерлік қызмет Г) игіліктер
6. Коммерциялық табысқа жетуді көздейтін іс-әрекет
А) кәсіпкер Ә) кәсіпкерлік Б) жетістікке жету деп аталады.
7. Заттың пайдалылығы, оның өзіне тән белгілі физикалық немесе басқа да қасиеттерінің арқасында адамдардың белгілі бір қажеттіктерін қамтамасыз ететін қабілеті
А) керектік деп аталады. Ә) өнімнің тұтыну бағалығын құрайды.
Б) өнімнің пайдалығын құрайды.
8. Еңбекпен жасалған қоғамдық бағалықты иемденген және айырбасқа арналған заттар немесе қызметтер
А) тауар Ә) игіліктер Б) өнім деп талады.
9. Тауарды жасауға жұмсалған еңбек шығыны
А) тұтыну бағалығын Ә) тұтыну құнын Б) өнім өтімдігін құрайды.
10. Ақшаның атқаратын қызметтеріне төмендегілердің қайсысы жатпайды?
А) төлемақы құралы, Ә) құн өлшемі Б) айналым құралы В) жинақ құралы
11. Заттың құнының ақшалай түрі, оның
А) белгілі-бір қасиеттері Ә) құн өлшемі Б) бағасы болып табылады.
12. Еркіндік дәрежесіне сай баға бөлінуіне жатпайтыны қайсы?
А) қатаң белгіленген тұрақты бағалар. Ә) реттелген бағалар
Б) еркін бағалар В) нарықтық бағалар.
13. Экономикалық теорияның зерттеп тану объектісіне
А) өндіріс фазалары жатады.
Ә) зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу жатады.
Б) нарықтың қызмет ету механизмі, нарық қатынастарын реформалаудың бағыттары жатады.
14. Табиғат ресурстары –
А) қоршаған орта Ә) элекр қуаты, су, қуаты, күн қуаты.
Б) өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компанеттері.
15. Өндіріс –
А) қоғамның тіршілік іс-әрекеттерін қолдап, орындау үшін керектік.
Ә) табиғи және материалдық ресурстардың жиынтығы.
Б) қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заңдарына адамның ықпал ету процесі.
16. Материалдық ресурстар –
А) жұмысшы күші, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар.
Ә) өздері өндірістің нәтижесі болып табылатын, құрал-жабдықтардың барлығы.
Б) ақша-қаражат, актив, қор.
17. Қаржы ресурстары –
А) адамның жалақысы, табысы, шығындары. Ә) сауда, төлем баланстары
Б) өндіріс порцесі үшін қоғамның бөлген ақша құралдары.
18. Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс –
А) өндіріс объектісі Ә) ұдайы өндіріс циклі Б) өндіріс деп аталады.
19. Қажеттіктер бұл –
А) қанағаттандыруды тілейтін, өмір сүруді және организмнің дамуын қамтамасыз ететін, адамның жеке басын дамыту үшін қолданылатын объективтік керектік.
Ә) барлық тарихи дәуірлерге тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.
Б) шаруашылықтың нақты тарихи формасының дамуы.
20. Экономикалық өсудің мақсаты –
А) адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту.
Ә) өндіріс тәсілдері – негізгі экономикалық заңдар.
Б) адамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайын жасау.
21. Экономикалық теория дегеніміз-
А) материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудағы іс-әрекеттерді зерттейтін ғылым.
Ә) Экономикалық әртүрлі түсініктер мен терминдерді зерттейтін ғылым.
Б) Тек баға мен нарық мәселелерін зерттейтін ғылым.
22. Американдық ғалым А.Маслоу материалдық және рухани қажеттіктерді жүйелеуіне төмендегінің қайсысы кірмейді?
А) физиологиялық Ә) қауіпсіздік Б) саяси В) әлеуметтік байланыстарға
Г) өзін-өзі сыйлауға, мадақтауға.
23. Экономикалық заңдар дегеніміз ...
А) адамдар қоғамнан тыс жағдайда әрекет ететін заңдар
Ә) адамдардың іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар
Б) қоғамдық шаруашылықтың заңдары.
24.Қоғамдық байлық саудада ғана пайда болады, ғылымның пәні ақша, тауар айналымы деп түсіндіретін мектеп қалай аталды?
А) физиократтар Ә) Институтционализм Б) меркантилизм
25. «Табиғаттың билігі» деген түсінікті білдіретін мектеп қалай аталады?
А) ғылыми саяси экономия Ә) физиократтар Б) неолиберализм
26. Бірінші деңгейдегі банкті көрсетіңіз.
А) Еуразиялық банк Ә) Мемлекеттік банк Б) Халық банк В) Ұлттық банк
27. Экономикалық теория ғылым болып қай ғасырларда қалыптасты ?
А) XVI-XVII Ә) XVII-XVIII Б) XVIII-XIX
28. Микроэкономика
А) Жеке өндірушілердің қызмет әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.
Ә) нарықта болатын жетілген және жетілмеген бәсекені зерттейді.
Б) тұтынудың өсуі мен өндіріс мөлшерінің арасында, инвестициялардың өсуі мен өнім мөлшерінің арасындағы байланысты зерттейді.
29. Макроэкономика
А) жеке тауардың бағасы, жұмсалған ресурстар, фирманың қызмет атқару механизмдерін зерттейді.
Ә) микропропорциялардың негізінде қалыптасатын ұлттық экономикалық жүйенің қызмет әрекеттерін зерттейді.
Б) ұдайы өндіріс динамикасын, экономикалық өсудің факторларын зерттейді.
30. Адам Смит, Давид Рикардо, Жан Батист Сэй, Вильям Петти қай мектептің өкілдері?
А) тарихи мектеп Ә) ежелгі оқулар Б) классикалық саяси мектеп
Семестраралық бақылауды өткізуге арналған ашық сұрақтар
Экономикалық теория нені зерттейді?
Экономикалық зерттеу не үшін қажет?
Экономикалық теорияда қандай зерттеу әдістері қолданылады?
Микроэкономикамен макроэкономиканың айырмасын түсіндіріңіз. Олар қалай өзара байланысқан?
Соңғы кезде қандай макроэкономикалық мәселелер талқылануда?
Экономистер неге модель құрады?
Қажеттіліктерімен тілектерін қанағаттандыру үшін қоғамдағы адамдар өздерінің шектеулі мүмкіндіктерін қалай таңдап, қалай пайдаланады?
Экономикалық ресуртарға не жатады?
Әр түрлі экономикалық жүйелерде таңдау проблемасы қалай шешілуде?
Барлық тауарлар қай жүйелерде мол болады?
Өндіріс экономикалық тиімділікте деп қандай жағдайда айтылады?
Меншік құқығы деген не?
Меншік қатынасы деген не?
Экономикалық билікті кім және қалай алады?
Коуз теоремасының мәні.
Меншік құқығының жіктелуі.
ҚР меншік қатынасы қандай заң актілерімен реттелінеді?
Мемлекет меншігінен алу деген не?
Жекешелендіру деген не? Оның қандай кезеңдері бар?
Жекешелендіру Қазақстанға не берді?
Нарық ұғымы.
Нарық жүйесінің жұмыс істеудегі негізгі принциптері.
Сатып алушылардың қажеттіліктері туралы ақпаратты нарық қалай жинайды?
Өндірушілерді нарық қалай ынталандырады?
Экономикадағы мемлекеттің ролі.
Экономикалық ресурстарға кім иелік етеді?
Дайын бұйымдармен қызметтердің бағалары қай жерде қалыптасады?
Нарықтың неге қатаң қаржылық жауапкершілікке сүйенген демократия екендігін түсіндіріңіз.
Кәсіпкерлік дегеніміз не?
Заңды тұлға дегеніміз не?
Кәсіпорын дегеніміз не?
Тұтынушы дегеніміз кім?
Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік, оның перспективалары.
Ашық акционерлік қоғаммен жабық акционерлік қоғамның айырмашылығы қандай?
Нарық дегеніміз не?
Сұраныс заңының мәні.
Ұсыныс заңының мәні
Жетілген бәсекелестік нарығының сипаттамасы.
Монополистік нарықтың сипаттамасы.
Олигополия дегеніміз не?
Монополия дегеніміз не?
Экономиканы реттеудегі экономикалық заңнаманың ролі қандай?
Капитал ұғымы.
Ақша деген не?
Ақша функциялары.
Капитал қозғалысының түрі.
Негізгі және айналым капиталының түсінігі.
Жеке капиталдың көздері.
Несие капитал?
Кәсіпорынның айналым қаражаттарына не жатады.
Емтиханға арналған тест сұрақтары
1. Банк берген өкілеттілік шегінде банк атынан банктік операцияларды іске асыратын банктің орналасу орнынан тысқары орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын, банк бөлімшесі, бұл
A) мемлекеттік банк B) банктік холдинг C) еншілес банк
D) банк өкілдігі E) банк филиалы
2. Сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерiн мүлiктiк жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешенi, бұл
A) сақтандыру жағдайы B) сақтандыру пулы C) сақтандыру ұйымы
D) сақтандыру E) сақтандыру резерві
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті қандай мерзімге тағайындайды?
A) 9 жылға B) 6 жылға C) 10 жылға D) 5 жылға E) 8 жылға
4. Сақтандыру объектісінен тәуелді сақтандыру түрлері:
A) жалпы, өмірді B) міндетті, ерікті C) жеке, мүліктік
D) жинақтаушы, жинақтаушы емес E) мемлекеттік, мемлекеттік емес
6. Сақтандыру төлемдерін іске асыру негіздері бойынша сақтандыру түрлері:
A) жинақтаушы, жинақтаушы емес; B) міндетті, ерікті; C) жалпы, өмірді;
D) жеке, мүліктік; E) мемлекеттік, мемлекеттік емес.
7. Экономикалық тәуекелдің түріне қайсы кірмейді.
A) қаржылық; B) инфляциялық; C) проценттік; D) валюталық; E) нарықтық.
8. Міндеттілік деңгейі бойынша сақтандыру түрлері:
A) жинақтаушы, жинақтаушы емес; B) жалпы, өмірді; C) міндетті, ерікті;
D) жеке, мүліктік; E) мемлекеттік, мемлекеттік емес.
9. ҚР территориясында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын филиал немесе өкілдік статусы жоқ, заңды тұлға болып табылмайтын, уәкілетті орган келісімі негізінде құрылған банктің аймақтық ерекшеленген бөлімшесі, бұл
A) банктік холдинг B) банк филиалы; C) еншілес банк;
D) банк өкілдігі; E) банктің есеп кассалық бөлімі;
10. Банкноталарды және монеталарды қабылдау, беру, сақтау, айырбастаумен байланысты операциялар, бұл
A) займдық операциялар; B) аударымдық операциялар; C) есептік операциялар;
D) кассалық операциялар; E) сейфтік операциялар.
11. Құрал жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды төлем төлеу шартымен белгіленген мерзімге пайдалануға беруді қарастыратын жалға беруді қарастыратын жалға беру шарты, бұл:
A) сейфтік B) факторинг C) форфейтинг D) трасттық E) лизинг
12. Қазақстан Ұлттық Банкі басқармасының негізгі функциялары:
A) аталғандардың барлығы B) мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлеу
C) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тұжырымдама негізінде банкноттар мен тиындардың көрсетілген құны мен дизайнын анықтау
D) қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгілеу
E) банктерге резервтік талаптардың нормативін бекіту
13. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы неше адамнан тұрады?
A) 9 B) 6 C) 10 D) 11 E) 5
14. Ұлттық банк жүргізетін операцияларға қайсы кірмейді?
A) шетел валютасын және төлем құжаттарын сатып алып, сатады;
B) коммерциялық банктерге банктік операцияларды жүргізуге лицензия береді;
C) ақша несие саясатының негізгі бағытын жасайды;
D) халыққа төмен пайызды несие береді;
E) мемлекет шығарған құнды қағаздарды алып, сатады.
15. Банк .............. операциялар арқылы ақша ресурстарын тартып, жинақтайды, ал ............... операциялар арқылы соларды орналастырады. Сөздерді орнына қойыңыз.
A) активтік, пассивтік; B) кассалық, сейфтік; C) тарту, орналастыру;
D) активтік, ұйымдастырушылық; E) пассивтік, активтік.
16. Қосымша ресурстарды пайдаланудың арқасында (капиталдың, еңбектің жұмсалуының өсуі) болатын экономикалық өсу ....
A) интенсивті; B) қарқынды C) баяу; D) бірқалыпты; E) экстенсивті.
17. Ұлттық өнім мен ұлттық табыстың мөлшерін, құрылымын анықтаумен және экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеумен айналысатын экономика саласы?
A) микроэкономика; B) макроэкономика C) мезаэкономика;
D) мегаэкономика; E) ұлттық экономика.
18. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері:
A) борышкер және несие беруші; B) кепіл беруші және кепіл ұстаушы;
C) өндірушілер мен тұтынушылар; D) мемлекет және жеке тұлға;
E) заңды тұлға және жеке тұлға.
19. Біздің елде БҰҰ-ның методологиясымен 1988 жылдан бастап есептеліп келе жатқан, елдегі бір жыл ішінде өндірілген түпкі игіліктердің нарықтық құны?
A) жалпы ішкі өнім; B) жалпы ұлттық өнім; C) аралық өнім;
D) таза қоғамдық өнім; E) ұлттық табыс.
20. Баға жағынан, тауарды жеткізуге, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болатын ірі фирмалардың фабрикалық маркасын пайдалану құқына ие ұсақ жеке фирма?
A) франчайзинг; B) венчурлік фирма; C) опцион;
D) коммерциялық емес қор; E) корпорация.
21. Қай операция банктердің пассивтік операцияларына жатады?
A) валюталық операциялар B) несиелік операциялар
C) инвестициялық операциялар D) депозиттік операциялар E) лизингтік операциялар
22. Коммерциялық банктердің жүргізетін операцияларына кірмейтіні:
A) ақшалай салымдар мен несиелерді тартып, орналастыру;
B) коммерциялық банктерге несие беріп, елдегі несие пайызын тағайындау;
C) төлем құжаттарын және бағалы қағаздарды шығару;
D) техникаларды жалға беру үшін, өз есебінен сатып алу;
E) есеп айырысуды, кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
23. Жаңартылған өндіріс факторлары мен технологияларды пайдаланудың арқасында, яғни олардың қарқынды жұмыс атқару барысында экономикалық өсудің түрі ....
A) экстенсивті; B) қарқынды C) интенсивті; D) ұдайы; E) жедел.
24. Капитализм өз дамуында қандай кезеңдерден өтті:
А) Еркін бәсекелік, монополиялық, постиндустриялық даму сатыларынан
В) Индустрияға дейінгі, индустриялық, индустриядан кейінгі даму кезеңдерінен
С) Жай коорперация, мануфактура, фабрика
Д) Бірінші, екінші, үшінші ірі қоғамдық еңбек бөліністері
Е) Өнеркәсіптік төңкеріс, ұлы электро-техникалық төңкеріс, ғылыми-техникалық төңкеріс
25. Төмендегілердің қайсысы жеке кәсіпкерлікке жатады:
A) «Рахат»; B) «Бахус»; C) «Соверен Галахер»; D) «Лоу» нотариусы; E) «КБТУ» университеті
26. Берілген өкілеттілігіне сәйкес сақтандыру ұйымдары атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау жөіндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға, бұл:
A) сақтандыру агенті; B) сақтандыру брокері C) сақтанушы; D) сақтандырушы; E) актуарий.
27. Тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз тұтынушысы сайыста болатын екі жақты монополияның түрі?
A) олигопсония; B) дуополия; C) билатеральдік монополия;
D) монопсония; E) олигополия.
28. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйым?
A) корпорация; B) холдинг; C) компания; D) фабрика; E) фирма.
29. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорында басқару нысаны, негізгі қызметі шешім қабылдау мен оны орындау болып табылатын ғылым саласы.
A) микроэкономика; B) маркетинг; C) макроэкономика; D) менеджмент; E) лизинг.
30. Заңды тұлға болып табылмайтын, бір адам иелік ететін бизнес қалай аталады?
A) серіктестік;
B) акционерлік қоғам ;
C) индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;
D) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
E) корпорация.
31. Ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен, жаңалық енгізуден бизнес жасайтын коммерциялық ұйымды қалай атаймыз?
A) франчайзинг; B) венчурлік фирма; C) опцион;
D) коммерциялық емес қор; E) корпорация.
32 Бір-бірімен технологиялық байланысы болмайтын, әртүрлі фирмалар бірлестігі
A) тік интеграция; B) коммерциялық ұйым; C) екіжақты интеграция;
D) көлденең интеграция; E) кәсіпорын.
33. Капитализм өз дамуында қандай кезеңдерден өтті:
А) Еркін бәсекелік, монополиялық, постиндустриялық даму сатыларынан
В) Индустрияға дейінгі, индустриялық, индустриядан кейінгі даму кезеңдерінен
С) Жай коорперация, мануфактура, фабрика
Д) Бірінші, екінші, үшінші ірі қоғамдық еңбек бөліністері
Е) Өнеркәсіптік төңкеріс, ұлы электро-техникалық төңкеріс, ғылыми-техникалық төңкеріс
34. Аукцион - бұл:
А) Бәсекелестік негізде өтетін ашық сауда
В) Мүлік сатушы сатып алушыны өзі таңдан алады
С) Кәсіпорындардың акцияларын сатып алып, купон иелеріне таратып беру
Д) Мүліктерді алдын – ала сатып алу Е) Жәрмеңке
35. Табиғи монополияға мысал:
А) ОПЕК-халықаралық мұнай картелі В) ІВМ компаниясы С) Ұлттық банк
Д) Қалалық электр желісі Е) “Жалын” баспасы
36. Бағалы қағаздардың мүмкіндіктеріне кірмейтінін көрсет.
А) ақшаға айырбасталу мүмкіндігі; Б) есеп айырбаста қолданылуы;
С) кепіл зат ретінде қолданылуы; Д) мұрагерлік бойынша берілу мүмкіндігі;
Е) жарамдық мерзімі шектелген;
37. Қолма-қол жеткізілген нақты тауарлармен сауда-саттық жүргізу нарығының түрі?
А) мерзімдік нарық; Б) споттық нарық; С) американдық нарық;
Д) биржа; Е) форвард;
38.Таза ұлттық өнім жасауға қатысы бар барлық өндірістік ресурстарды жеткізетіндердің табыстарының көлемін сипаттайтын табыс түрі?
A) жеке табыс; B) қоғамдық табыс; C) бюджеттік табыс;
D) мемлекет табысы; E) ұлттық табыс.
39.Жұмыссыздық түрлеріне кірмейтінін көрсет.
A) фрикциондық; B) маусымдық; C) жасырын; D) еркін; E) кәсіптік.
40.Бағаның өсуі арқылы көрінетін, сұраныс пен ұсыныстың және ұлттық шаруашылықтың басқа пропорцияларының тепе-теңдікте болмауын көрсететін процес қалай аталады?
A) дағдарыс; B) циклдік дағдарыс; C) инфляция; D) ревальвация; E) тоқырау.
41. Адамдардың материалдық және рухани игіліктерді иемдену, пайдалану және билік ету құқығы қалай аталады?
A) мүлік құқығы; B) меншік құқығы; C) міндеттеме; D) кепілзат; E) мүліктік емес құқықтар.
42. Иесіне дивидент алуға және оған компанияны басқаруға құқық беретін, мерзімсіз бағалы қағаз.
A) облигация; B) акция; C) вексель; D) чек; E) сертификат.
43.Өндірістік құрал-жабдықтарға қоғамдық меншіктің элементтерін біріктіретін және нарықтық экономиканы орталықтанған-жоспарлық басқарумен ұштастыратын экономикалық жүйе.
A) нарықтық экономика; B) жоспарлы экономика; C) аралас экономика;
D) ұлттық экономика; E) жергілікті экономика.
44. Иелену құралдары (активтер), міндеттемелер (пассивтер) және меншікті капитал көрсетілетін есеп беру формасы қалай аталады?
A) сыртқы баланс; B) баланс; C) бухгалтерлік есеп; D) жылдық есеп; E) жергілікті баланс.
45. Нақты және болашақтағы қажеттіліктердің қалыптасуын зерттеуге негізделген, өнімнің өндірісі мен өткізілуін кешенді ғылыми бағалаумен қай ғылым айналысады?
A) менеджмент; B) маркетинг; C) микроэкономика; D) макроэкономика; E) лизинг.
46. Бағаның өсу қарқынына байланысты жылына 20 % - 200% аралығында болса, инфляция қай түріне жатады?
A) секірмелі немесе «латындық»; B) секірмелі немесе «европалық»;
C) орташа немесе баяу; D) жылжымалы немесе күтілген; E) гиперинфляция.
47. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорында басқару нысаны, негізгі қызметі шешім қабылдау мен оны орындау болып табылатын ғылым саласы.
A) микроэкономика; B) маркетинг; C) макроэкономика; D) менеджмент; E) лизинг.
48. Монополияның түрлеріне қайсысы енбейді?
A) олигопсония; B) дуополия; C) микрополия; D) монопсония; E) олигополия.
49. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйым?
A) корпорация; B) холдинг; C) компания; D) фабрика; E) фирма.
50. Заңды тұлға болып табылмайтын, бір адам иелік ететін бизнес қалай аталады?
A) серіктестік; B) акционерлік қоғам ; C) индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;
D) жауапкершілігі шектеулі серіктестік; E) корпорация.