Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

6.3 Ықшамаудан аумағының

қызметтік- жайғастырылуын ұйымдастыру

6.3.1 Тұрғын ықшамаудан (квартал жіне кварталдар) - өлшемі, ереже бойынша, 10-нан 100 га дейін, тұрғын топтарға, аралас тұрғын топтарға және өзінің аумағы шегінде жақындатылған және ықшам­аудан­ның күнделікті қызмет көрсету ортақ қолданыстағы объектілеріне арналған аумақ.

Ықшамаудан аумағының шекаралары, ереже бойынша, жалпықалалық, аудандық мақсаттағы және тұрғын көшелер ма­гистраль­дарының қызыл сызықтары, сондай-ақ басқа қызметтік мақсаттағы аумақтарының шекаралары және табиғи шекаралар болып табылады.

6.3.2 Ықшамауданның есептік аумағы тұрғын, аралас тұрғын құрылыс топтарын және ық­шам­ауданның ортақ қолданыстағы аумақтарын қам­тиды: мектеп, күнделікті қызмет көрсету мекемелер, коммуналды объектілер, гараж-тұрақтарының учас­келері, жас көшеттер (бақ, гүл бағы, жолжелек) аумақтары, көшелер, өту жолдары, автотұрақтар.

Аумақ балансының нысаны және ықшамау­дан аумағының нормаланатын элементтері 3-қосымшаның Қ3.1.5-кестесінде келтірілген. 3.1.6 т-нда ықшамаудан объектілері аумағының қамтама­сыз етілуінің меншікті нормалары келтіріледі.

6.3.3 Тұрғын ықшамауданды тұрғын аудан­дар құрамындағы тұрғын мақсаттағы аумақтарда, дербес тұрғын құрылым ретінде - 500 га дейін магистраль аралық аумақ­тар­да қалалық түйіндер­дің 1,5 км қол жетерлік шегінде қалып­тастыру керек.

Ықшамаудан, ереже бойынша, бірнеше квартал­дардың жерін алады, қалалық және аудандық мақсаттағы магистральдармен бөлшек­тенбейді.

Ықшамауданның шекаралары, жалпықалалық, ау­дан­дық мақсаттағы және тұрғын көшелер магис­тральдарының қызыл сызықтары, сондай-ақ басқа бекітілген қызметтік мақсаттағы аумақтардың шека­ралары және табиғи шекаралары болып табылады.

6.3.4 Ықшамаудан аумағында ықшамаудан халқына қызмет көрсетуге байланысты емес, 0,05 га артық учаскелерімен бөлек тұрған тұрғын емес объектілердің орналасуына тыйым салынады.

Кіші бизнес объектілерін және экологиялық қауіпсіз міндетті қызмет көрсету мекемелерінің кешендерін толықтыратын, аз қуатты өндірістік кәсіпорындарды орналастыруға жол беріледі.

Ықшамаудан қорының көлеміндегі тұрғын емес қордың үлесі 25 %-дан аспауы тиіс.

6.3.5 Жалпы білім беретін мектеп мекемелерін ҚР ҚНжЕ 3.02-25-2004 сәйкес жобалау керек, қа­жет­тілігін шынайы демографиялық жағдайлар бойынша осы мекемелердегі әр түрлі жастағы балалардың қажеттілігінің белгіленген көрсеткіш­терімен қабыл­дау керек.

Балалардың мектептермен қамтама­сызды­ғының бақылау және шамалау көрсеткіштері 4-қосымшаның Қ4.2 Қ4.3-кестелерінде келтірілген.

Аумақ ауданын 6.4-кестесіне сәйкес қабылдау керек.

6.3.6 20 мың.м2/га жоғары тұрғын учаскелер құ­рылыс салудың нормативтік тығыздығымен Астана қаласының аумағында жаңа мектептерді жо­ба­лау кезінде тұрғын үйлерге жапсарлас немесе қосарлы-жапсарлас сыйымдылыға 240 адамға дейін бастауыш мектептің блок-бөлмелерін орна­лас­тыруға жол беріледі.

Қосарлы-жапсарлас блогына жанасатын жер учаскесінің көлемі 150 м2 -ден кем болмауы тиіс. Жеке орналасқан алаңшалар кезінде олардың өлшемдері бір сыныпқа 100 м2-ден кем емес болуы, ал мектеп ғимаратынан алыстануы 50 м-ден артық емес болуы тиіс.

Толық орта білім беретін жалпы білім беру мектептерімен қатар лицейлер қызмет етуі мүмкін. Лицейлердің қолжетерлік радиусы мөлшерленбейді.

6.3.7 Ықшамаудандағы көшелер мен өту жол­да­рын ұйымдастыруын 13-тарауға сәйкес қабылдау керек.

Көпқабаттық гараж-тұрақтарын орналас­тыруын 13-тараудың 13.25 және 13.28-кестелерінің талаптарына сәйкес жетекшілікке алып жүргізу керек.

Ықшамаудан аумағында автотұрақтарды 13.26-кестесіне сәйкес жобалау керек.