
- •Құрылыс нормалары және ережелері астана қаласын жайғастыру және салу планировка и застройка города астаны
- •1 Қолдану саласы
- •2 Нормативтік сілтемелер
- •3 Терминдер және анықтамалар
- •4 Астана қаласы аумағының
- •5 Қоғамдық аймақтар
- •5.0 Жалпы ережелер
- •5.1 Жалпықалалық орталық
- •5.2 Жергілікті қоғамдық орталықтарын
- •5.3 Қоғамдық аймақ учаскесінің
- •6 Тұрғын аймақтар
- •6.0 Жалпы ережелер
- •6.1 Тұрғын бірліктердің, аралас тұрғын
- •6.2 Аралас тұрғын топтың
- •6.3 Ықшамаудан аумағының
- •6.4 Тұрғын аудан аумағының
- •6.5 Қаланың құрылыс салудағы тұрғын
- •7 Өндірістік аймақтар
- •7.1 Жалпы ережелер
- •7.2 Өнеркәсіптік кластер
- •7.3 Ғылыми-өндірістік кластер
- •7.4 Коммуналды-қоймалық кластерлер
- •7.5 Өндірістік аймақтың
- •8 Тынысжай және қала маңы аймақтары
- •8.1 Қала және қала маңы аумақтарының
- •8.2 Қала маңы аймақтары
- •8.2.10 Астана қаласы тынысжайлық аумақтарын және қала маңы аймағын жобалауды Астана қаласын және оның маңын көгалдандырудың Бас жоспарына сәйкес жасау қажет.
- •9.2 Еркше қорғалатын табиғат аумақтары
- •10 Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау
- •10.1 Жалпы ережелер
- •10.2 Атмосфералық ауаны қорғау
- •10.3 Шудан қорғау
- •10.4 Гоелогиялық ортаны қорғау
- •10.5 Топырақтарды қорғау
- •10.6 Аумақты өнеркәсіптік және
- •10.7 Су ресурстарын қорғау
- •10.8 Тұрғын аумақтарды электрмагнитті өрістердің әсерінен қорғау
- •10.9 Иондайтын сәулеленулерден тұрғын
- •10.10 Тұрғын аумақтарды дірілден және
- •10.11 Инсоляция және жарықтандыру
- •10.12 Қала аумағын абаттандыру
- •11 Қоғамдық қызмет көрсету
- •12 Аумақты инженерлік
- •12.1 Жалпы ережелер
- •12.2 Тұрғын аумақтар
- •12.3 Қоғамдық аудандар
- •12.4 Өндірістік аумақтар
- •12.5 Тынысжай аумақтары
- •12.6 Астана қаласының су хәуіздері Қала су қоймалары және олардың қалақұрылысындағы мәні
- •Қала тоғандары
- •13 Көліктік инфрақұрылым
- •13.0 Жалпы ережелер
- •13.1 Көліктік-жолдық торап
- •13.2 Қалалық көпшілік жолаушылар көлігі
- •13.3 Жеке көлік
- •Арнайы топтар
- •13.4 Сыртқы көлік
- •14 Инженерлік қамтамасыз ету
- •14.1 Сумен қамтамасыз ету
- •14.2 Канализация
- •14.3 Жаңбыр канализациясы
- •14.4 Суды төмендету жүйесі
- •14.5 Жылумен қамтамасыз ету
- •14.6 Суық сумен қамтамасыз ету
- •14.7 Газбен қамтамасыз ету
- •14.8 Электрмен жабдықтау
- •14.9 Байланыс, радиохабар, теледидар
- •14.10 Инженерлік тораптарды жайғастыру
- •14.11 Ғимаратарды қайта қалпына келтіру
- •15 Өртке қарсы талаптар
- •Нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттардың тізімі
- •Терминдер мен анықтамалар
- •3.1 Тұрғын аумақтары
- •3.2 Тұрғын үй құрылысы
- •Қызмет көрсету мекемелері және кәсіпорындары
- •4.1 Мектепке дейiнгi балалар мекемелерi
- •4.2 Жоғары және орта оқу орындары
- •4.3 Денсаулық сақтау мекемелері
- •4.4 Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері
- •4.5 Мәдениет және өнер мекемелері
- •Қозғалыстағы автомобильден шықпай қызмет көрсетуге арналған объектілер (Автокафе)
- •Автокафе учаскесі жоспарының сұлбалары
- •Жол қозғалысынан болатын шу
- •Велосипед жолдарының негізгі көрсеткіштері
- •Магистралды жолдар
5.2 Жергілікті қоғамдық орталықтарын
және аймақтардың қызметтік-
жайғастырылуын ұйымдастыру
5.2.1 Жергілікті қоғамдық орталық - ауданның негізгі аудандары жататын қала ауданының орталығы 10 га-ға дейінгі аумақта қоғамдық құрылыс салу объектілерімен, аралас тұрғын құрылыс салу учаскелерімен, жаяу жүру аймағымен біріктірілген табиғат-тынысжайлық учаскелермен (гүлбағы, саябақ, жолжелек) қалыптасады.
Құрылыс салу учаскелерінің аумағын пайдалану қарқындылығы аумақтың құрылыспен толтырылуы 50%-дан аспайтын жағдайда 15 мың. м2/га-дан кем болмауы тиіс.
Жергілікті орталықтың құрамындағы көгалдандырылған аумақтардың үлесі орталық аумағының 20%-дан кем емесін құрауы тиіс.
Автомобильдерді қоюға арналған тұрақтар жерүсті немесе жерасты деңгейде орталық аумағының кез келген нүктесінен 100 метрден, қоғамдық дәретханалар - 200 метрден алыс емес орналасуы тиіс.
5.2.2 Магистральаралық қоғамдық аймақ - қоғамдық, өндірістік, аралас тұрғын және тұрғын құрылыс учаскелерімен, көгалдандарылған аумақтармен қалыптасатын кварталдар немесе кварталдар тобының 5-тен 20 га дейінгі аумағы, ауданы 100 га-дан артық магистральаралық аумақтарда орналасады. Қоғамдық, өндірістік және тынысжайлық мақсаттағы учаскелердің үлесі жиынтығында аймақ аумағының 80 %-ынан кем емесін құрайды, сонда қоғамдық құрылыс учаскелерінің үлесі - 25 %-дан кем емес болады.
Құрылыспен толтырылған магистраль аралық аумақтарды пайдалану қарқындылығы құрылыстық аймақтандыру сұлбасы бойынша белгіленеді.
Қою ұзақтылығы 15 минуттан артық объект маңы тұрақтарын 13-тарауда берілгендерді ескеріп есептеу керек және қоғамдық объектілер учаскелерінің аумағында, қосарлы салынған, қосарлы-жапсарлас, жер асты гараж-тұрақтары түрінде, соның ішінде кооперативті жолмен құрастыру керек.
5.3 Қоғамдық аймақ учаскесінің
қызметтік- жайғастырылуын ұйымдастыру
5.3.1 Қоғамдық аймақтың учаскесі - жалпы қордағы қоғамдық құрылыстың 60%-ынан кем емес үлесімен 5 га дейінгі аумақ, тұрғын, өндірістік, табиғат-тынысжайлық, қоғамдық аймақтарда, аралас пайдалану аймақтарында орналасады; қоғамдық мақсаттағы объектінің құрылыс салу ауданынан, жүргіншілер ағындары объектілерімен байланысты қабылдау мен үйлестіруге арналған объкт маңы алаңшасынан, сондай-ақ көгалдандырылған және шаруашылық алаңшаларынан тұрады. Жайғастыру және құрылыс салу сипаты, қоғамдық құрылыс салу учаскелерін пайдалану қарқындылығы қоғамдық объектінің көрінісімен белгіленеді және тараудың параметрлері мен ережелерімен анықталады.
Аумақты ұйымдастыру талаптарына және учаскені пайдалану қарқындылығына қарай қоғамдық объектілер келесі түрлерге бөлу ұсынылады:
- учаскені аралас пайдалануға, объект маңы алаңшаларының жинақы орналасуына және объект ішінде (ғылыми-зерттеулік институттар (ҒЗИ) жұмыс істеудің ортақ тәртіптегі жобалау-құрылыстық ұйымдар, әкімшілік және басқару объектілері, сауда, қызмет көрсету объектілері, мәдениет объектілері және т. б.) көгалдандыруға жол берілетін объектілер;
- учаскені аралас пайдалануға жол берілмейтін және 1 м2 жалпы ауданында (көпшілік және кәсіптік спорт объектілері, мектептер, балабақшалар, үй-интернаттар, мүгедектер мен қарттарға арналған интернаттар, стационарлық түрдегі емдеу мекемелері) 0,5 м2 кем емес құрылыспен толтырылмаған аумақтарды (оның ішінде, көгалдандырылған) талап ететін объектілер.
Қоғамдық объектілер учаскелерін орналастыруды, құрылыстық аймақтандырумен анықталатын қала аймағында құрылыс салу тығыздығын сақтап жүргізу керек, сонда аумақтың аралас пайдалануға жол беретін объектілер аумақтарын пайдалану қарқындылығын, ереже бойынша, осы құрылымдық бөлігінде басқа аумақтарды пайдалану қарқындылығынан жоғары белгілеу керек.
Қоғамдық объектілерді, 5.01-кестесіне және 13-тарауға сәйкес магистральдан алыстығын ескеріп, 0,3 адам./м2 аспайтын жүргіншілер ағындарының біртекті тығыздығын қамтамасыз ететіндей, жүргіншілер трассаларына қатысты орналастыру керек.
Балаларға, қарттарға, стационарлық типтегі емдеу мекемелеріне, мектептерге, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, көпшілік және кәсіптік спорт объектілеріне арналған учаскелерді магистраль аралық аумақтарда атмосфералық ауаға және жол берілетін шу деңгейінің талаптарын, осы объектілер үшін нормаланатын инсоляция және табиғи жарықтандыру шарттарын орындау кезінде орналастыру керек.
5.1 кесте- қалалық магистральдардан қоғамдық объектілердің алыстануы
Келушілер санының шамасына байланысты қоғамдық объектілердің түрлері |
Магистральдарға қатысты қоғамдық объектілердің орналасуы |
Бір күн ішінде 10-нан 50 мың адамға дейін біртекті жүктемелермен (ауданы 4-тен 20 мың.м2 дейін сауда және қызмет көрсету объектілері) |
Магистральдардан 50 м-ден артық емес қашықтықта орналастыру керек.
|
20 мың адам/ «қарбалас» сағ. артық «қарабалас» жүктемелермен (ауданы 30 мың м2 артық спорттық, әкімшілік және басқару объектілері, ауданы 100 мың м2 ғылыми-зерттеу және жобалау-құрылыстық ұйымдар) |
Магистральдан 50 м-ден кем емес және 200 м-ден алыс емес қашықтықта орналастыру керек. |
5-тен 20 мың адам/ «қарбалас» сағ. дейін артық «қарбалас» жүктемелермен (ауданы 40-тан 100 мың м2 дейін мәдени, спорт объектілері, жоғары оқу орындары, әкімшілік және басқару объектілері ауданы 10-нан 40 мың м2 дейін діни мақсатындағы объектілер) |
Магистральдан 200 м-ден алыс емес қашықтықта орналастыру керек. |