
- •Құрылыс нормалары және ережелері астана қаласын жайғастыру және салу планировка и застройка города астаны
- •1 Қолдану саласы
- •2 Нормативтік сілтемелер
- •3 Терминдер және анықтамалар
- •4 Астана қаласы аумағының
- •5 Қоғамдық аймақтар
- •5.0 Жалпы ережелер
- •5.1 Жалпықалалық орталық
- •5.2 Жергілікті қоғамдық орталықтарын
- •5.3 Қоғамдық аймақ учаскесінің
- •6 Тұрғын аймақтар
- •6.0 Жалпы ережелер
- •6.1 Тұрғын бірліктердің, аралас тұрғын
- •6.2 Аралас тұрғын топтың
- •6.3 Ықшамаудан аумағының
- •6.4 Тұрғын аудан аумағының
- •6.5 Қаланың құрылыс салудағы тұрғын
- •7 Өндірістік аймақтар
- •7.1 Жалпы ережелер
- •7.2 Өнеркәсіптік кластер
- •7.3 Ғылыми-өндірістік кластер
- •7.4 Коммуналды-қоймалық кластерлер
- •7.5 Өндірістік аймақтың
- •8 Тынысжай және қала маңы аймақтары
- •8.1 Қала және қала маңы аумақтарының
- •8.2 Қала маңы аймақтары
- •8.2.10 Астана қаласы тынысжайлық аумақтарын және қала маңы аймағын жобалауды Астана қаласын және оның маңын көгалдандырудың Бас жоспарына сәйкес жасау қажет.
- •9.2 Еркше қорғалатын табиғат аумақтары
- •10 Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау
- •10.1 Жалпы ережелер
- •10.2 Атмосфералық ауаны қорғау
- •10.3 Шудан қорғау
- •10.4 Гоелогиялық ортаны қорғау
- •10.5 Топырақтарды қорғау
- •10.6 Аумақты өнеркәсіптік және
- •10.7 Су ресурстарын қорғау
- •10.8 Тұрғын аумақтарды электрмагнитті өрістердің әсерінен қорғау
- •10.9 Иондайтын сәулеленулерден тұрғын
- •10.10 Тұрғын аумақтарды дірілден және
- •10.11 Инсоляция және жарықтандыру
- •10.12 Қала аумағын абаттандыру
- •11 Қоғамдық қызмет көрсету
- •12 Аумақты инженерлік
- •12.1 Жалпы ережелер
- •12.2 Тұрғын аумақтар
- •12.3 Қоғамдық аудандар
- •12.4 Өндірістік аумақтар
- •12.5 Тынысжай аумақтары
- •12.6 Астана қаласының су хәуіздері Қала су қоймалары және олардың қалақұрылысындағы мәні
- •Қала тоғандары
- •13 Көліктік инфрақұрылым
- •13.0 Жалпы ережелер
- •13.1 Көліктік-жолдық торап
- •13.2 Қалалық көпшілік жолаушылар көлігі
- •13.3 Жеке көлік
- •Арнайы топтар
- •13.4 Сыртқы көлік
- •14 Инженерлік қамтамасыз ету
- •14.1 Сумен қамтамасыз ету
- •14.2 Канализация
- •14.3 Жаңбыр канализациясы
- •14.4 Суды төмендету жүйесі
- •14.5 Жылумен қамтамасыз ету
- •14.6 Суық сумен қамтамасыз ету
- •14.7 Газбен қамтамасыз ету
- •14.8 Электрмен жабдықтау
- •14.9 Байланыс, радиохабар, теледидар
- •14.10 Инженерлік тораптарды жайғастыру
- •14.11 Ғимаратарды қайта қалпына келтіру
- •15 Өртке қарсы талаптар
- •Нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттардың тізімі
- •Терминдер мен анықтамалар
- •3.1 Тұрғын аумақтары
- •3.2 Тұрғын үй құрылысы
- •Қызмет көрсету мекемелері және кәсіпорындары
- •4.1 Мектепке дейiнгi балалар мекемелерi
- •4.2 Жоғары және орта оқу орындары
- •4.3 Денсаулық сақтау мекемелері
- •4.4 Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері
- •4.5 Мәдениет және өнер мекемелері
- •Қозғалыстағы автомобильден шықпай қызмет көрсетуге арналған объектілер (Автокафе)
- •Автокафе учаскесі жоспарының сұлбалары
- •Жол қозғалысынан болатын шу
- •Велосипед жолдарының негізгі көрсеткіштері
- •Магистралды жолдар
14.6 Суық сумен қамтамасыз ету
14.6.1 Суық сумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау барысында ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 талаптарын ескеру керек.
14.7 Газбен қамтамасыз ету
14.7.1 Қала құрылысы жобаларының газбен қамтамасыз ету тарауын әзірлеуді ҚР ҚНжЕ 3.01-01.2002, МҚН 4.03-01-2003, ҚНжЕ 2.05.06-85* және Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелері тнормаларына сәйкес жүргізу қажет.
14.7.2 Азқабатты тұрғын үйлері бар құрылыстар тобын жылумен және ыстық сумен қам-тамасыз ету мақсатында, ереже бойынша, газ оты-нын (сұйытылған) пайдаланатын жеке жылу көздерін қарастыру керек.
14.7.3 Газ толтырғыш (ГТС) стансаларды елді мекеннен және олардың резервтік аумақтарынан тысқары орналастыру қажет. Қолданыстағы ГТС-ды елді мекеннен тысқары шығару керек.
Елді мекендерде орналасқан газ толтырғыш (ГТП) пункттерін, мүмкіндігінше, тұрғын құрылыстың ық жағына (басым бағытты желдер үшін) орналастыру қажет.
14.7.4 ГТП-іне арналған жер учаскелерінің және баллондардың аралық қоймаларының өлшемдерін 0,5 га-дан аспайтындай, ал ГТС үшін олардың өнімділігіне қарай жоба бойынша алу керек, бірақ өнімділігі төменде көрсетілген стансалар үшін -га-дан артық емес:
- 10 мың т / жыл. 6
- 20 мың т / жыл 7
- 40 мың т / жыл 8
Бұлардан әр түрлі мақсаттағы ғимарттар мен имаратттарға дейінгі арақашықтықты МҚН 4.03-01-2003-ке сәйкес алу керек.
14.8 Электрмен жабдықтау
14.8.1 Астана қаласының электр тораптарының жобаларын Қазақстан Республикасының электр қондырғыларын құру ережелері (ЭҚЕ), ҚР ҚБҚ 4.04-191-2002, ҚР ҚН 4.04-23-2004-тің талаптарын, тиісті құрылыстық нормалар мен ережелерін (ҚНжЕ және ҚН ) қанағаттандыруы тиіс.
14.8.2 Қалалық электр тораптары қаланың барлық тұтынушыларын ескеріп, кешенді түрде жобалануы тиіс және 35кВ тораптармен байластырылып және 0.38 - 10 кВ тораптармен жоғары орындалуы тиіс.
Бұл жағдайда қай ведомоствоға жататындығына қарамастан әр түрлі тұтынушыларды қоректендіру үшін электрмен жабдықтау жүйелерінің жеке элементтерін бірлесіп пайдалануды қарастыру қажет.
14.8.3 Кернеуі 110 кВ және одан да жоғары ашық типті жаңа электр қосалқы стансаларын көптеп салынып жатқан тұрғын құрылыстарында және қазіргі тұрғын аудандарда орналастыруға тыйым салынады.
14.8.4 10 кВ-тық жабық трансформаторлық қосалқы стансалар (ТҚ), үлестіру пунктері (ҮП) және 35 кВ-тық және одан жоғары жабық электр қосалқы стансалары МҚН 2.04-03.2005-ке сәйкес шуды қорғау құрылғысымен орындалуы тиіс.
Жеке тұрған ТҚ және ҮП-ін орналастыру барысында олардың тұрғын және қоғамдық ғимараттардың терезелерінен арақашықтығын ҚР ЭҚЕ-нің 4.2.77-тармақшасына және ҚР ҚНжЕ 3.01-01.2002-ге сәйкес алу керек.
Келтірілген арақашықтықтарды өрттен қорғау Мемлекеттік уәкілетті органдарының және Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келісімімен азайтуға болады.
Жеке тұрған ТҚ және ҮП-ді салу пайдасыз болған жағдайда оларды тұрғын және қоғамдық ғимараттарда қосарлы салуға мынадай жағдайларда жол беріледі:
- ТҚ және ҮП бөлімшелерін ғимараттың басқа бөлмелерінен өртке қарсы 1-типті қабырғалармен және 2-типті аражабындармен бөлу;
- электромагниттік сәуледен, шудан және дірілден нормативтік қорғауды қамтамасыз ету;
- майсыз трансформаторларды қолдану;
- табиғи желдетуді қамтамасыз ету;
-трансформаторларды тасымалдау мүмкіндігі;
- тәуліктің кез кедген мезгілінде қызмет көрсететін қызметкерлердің шұғыл жұмыстарды орындау үшін еркін кіруін қамтамасыз ету;
- сыртқа шығатын бөлек есік болуы.
ТҚ және ҮП-ді ерекше жағдайларда болмаса, бірінші қабаттың жөртөлелерінде еден деңгейінен 1 м-ден төмен орналастыруға болмайды.
14.8.1 кесте - ҚО шиналарындағы тұрғын құрылыстары аудандарының салыстырмалы есептікэлектр жүктемелері
Көрсеткіш |
Өлш.бірл. |
Қала аумақтары | ||||
Қалалық қала құрылыстық түйін |
Магистраль маңындағы аумақтар |
Квартал өлшемді магистраларалық аумақтар | ||||
5 га-ға дейін |
5 -тен 10 га-ға дейін |
10 га-дан артық | ||||
Электрлік жүкте-менің салыстыр-малы көрсеткіші |
Вт/м2 |
40 |
35 |
30 |
27 |
25 |
14.8.2 к е с т е - ТП және ЦП шиналарындағы тұрғын және қоғамдық ғимараттардың салыстырмалы есептік электр жүктемелері
Көрсеткіш |
Көпқабатты құрылыстың жаңа аудандары |
Орталықтың қайта қалпына келтірілетін аудандары |
1 0,4 кв ТП Вт/м2 шиналарындағы тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы салыстырмалы есептік электр жүктемелері |
44,7 36,2 |
53,0 |
соның ішінде: Тұрғын ғимараттар |
33,0 27,0 |
25,0 |
2 10 кВ ЦП Вт/м2 шиналарындағы салыстырмалы есептік электр жүктемелері |
30,5 26,0 |
37,0 |
кВт/адам бір адамға шаққандағысы |
0,54 0,61 |
0,9 |
Ескерту- алымында - айтарлықтай қайта қалпына келтірілмейтін көпқабатты құрылыстың жаңа аудандары, ал бөлімінде - жақсартылған жайғасымды пәтерлі көпқабатты құрылыстың жаңа аудандары |
Жобалау тапсырмасымен белгіленген және энергия беруші ұйыммен келісілген ғимараттардың жертөлелеріне ТҚ және ҮП-ді орналастыру қажет болған жағдайда 12 кВ-тық ҮҚ және 0,4 кВ-тық ҮҚ бөлмелері шұғыл-жөндеу қызметкерлері үшін тәулік бойы ашық болуын қауіпсіздік нормаларын, сенімді қолданысын және сыртқа шығуын бақылап, сәулет-жайғастыру шешімдері әдісімен қамтамасыз ету керек.
14.8.5 Жабық электр қосалқы стансалары салынатын аумақтардың ауданы 110 кВ - 0,6 га; 220 кВ - 1,4 га-ны құрауы тиіс.
14.8.6 Кернеуі 110 кВ ашық типті қолданыстағы электр қосалқы стансаларындың (ҚС) қасында қайта салынып жатқан тұрғын, қоғамдықдық және мәдени-тұрмыстық ғимараттар ҚС-ға дейінгі арақашықтықтарды азайту мақсатында шудан қорғау шаралары мен халықты электромагниттік әсерден қорғау шаралары жүзеге асырылуы керек. Осы шараларды және техникалық мүмкіндіктер кезіндегі шараларды энергия сақтау ұйымының келісімімен ҚС-ға да орындау қажет.
14.8.7 Кернеуі 110 кВ және одан жоғары электр қосалқы стансаларын салу кезінде 10 кВ-тық кабельдердің шығуына арналған кабельдік коллекторларды қарастыру қажет.
14.8.8 110 кВ және жоғары электр беретін әуелік желілер (ЭӘЖ), ереже бойынша, тұрғын құрылыстардан тысқары салынады. Тұрғын және қоғамдық мақсаттағы аумақтар шегінде жаңа төмендетілген терең ендіру электр қосалқы стансаларына қарай 110 кВ және одан жоғары желілерді салу қажет болған жағдайда, олардың кабельдік орындалуын қарастыру керек. Кабельді жүргізудің техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда ӘЭЖ үшін құрылыс салынбаған бос қорғау аймағы қадағалануы керек.
14.8.9 Жоғарыда аталған аумақтардан өтетін, кернеуі 35-110 кВ және одан жоғары қолданыстағы әуелік ЛЭП-ді босатылған аумақтарда құрылыс салуға болатын учаскелердегі кабельдік желілер-мен ауыстыру жолымен біртіндеп қайта құрылымдауды қарастыру қажет.
14.8.10 Ғимараттар мен имараттарды электрмен қамтамасыз ету кезінде жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК): күн және жел энергиясы және т.б. пайдалануға айрықша көңіл аудару керек. Ғимараттар мен имараттарды электрмен қам-тамасыз ету үшін ЖЭК-ті орынды пайдалану, электр өндіретін қондырғылардың сұлбаларын таңдау техникалық-экономикалық есепке негізделуі тиіс.
Жобалауға қойылатын тапсырмаға сәйкес ЭЕБАЖ-ін (электр энергиясын есептеуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі) қолдануға жол беріледі.
14.8.11 Қоректендіру орталықтарының 0,4 кВ ТП және 10 кВ-ға шиналарына келтірілген тұрғын үйлерде және қоғамдық тамақтану мекемелерінде электр плиталары қондырылған азқабатты құрылыстардың жаңа және қайта қалпына келтірілетін тұрғын аудандарының ірілендірілген электр жүктемелерін анықтау үшін салыстырмалы көрсеткіштерді осы нормалар мен ережелердің 14.8.1, 14.8.2-кестелер бойынша, ал коттедждердегі радиоқабылдағыштардың салыстырмалы есептік электр жүктемелерін ҚР ҚБҚ 4.04-11-2003-тің 5 және 6-кестелеріне сәйкес пайдалану керек
14.8.12 Электр берілісінің әуелік және кабельді желілері үшін 1000 В-тық және одан да жоғарғы электр желілерін қорғау аймағының ережелеріне сәйкес қорғау аймақтарын қарастыру керек. ҮП мен ТП үшін қорғау аймақтарын ғимараттардың периметрі бойынша 3 м арақашықтықта орналастыру қажет.