Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

5 Қоғамдық аймақтар

5.0 Жалпы ережелер

5.0.1 Қоғамдық аймақтар мемлекеттік орган­дардың объектілерін, елшіліктер мен өкілдіктерді, іскер және қаржы орталықтарын, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарын, мәдениет, білім беру (жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындары, жалпы білім беру, мектептен тыс және кәсіптік оқу орындары, сондай-ақ мектеп алдын мекемелері), сауда қызметі, қызмет көрсету, туризм, спорт, демалыс, денсаулық сақтау объектілерін, әлеуметтік қызмет көрсету, діни ұйымдар объектілерін, және т.б. объектілерді орналастыруға арналған.

5.0.2 Қоғамдық аймақтарды ұйымдастыруға қажетті келесі негізгі қала құрылыстық талаптарды қарастыру керек:

- көпшілік жолаушылар көлігі аялдамаларына дейінгі жаяу жүргіншілер жолының жақындығын 200-400 м шегінде қабылдау керек

- автомобильдердің тұрақ орындарымен қамтамасыз етілу жақындығы 200 м-ден алыс емес;

- тығыздық көрсеткіші 0,3 адам/м2-ден артық емес, жаяу жүру аймағы шегіндегі жаяу жүру қозғалысының қауіпсіздігі;

- мүгедектер және халықтың басқа аз әрекетті топтарының кедергісіз жылжу мүмкіндігі;

- қоғамдық аймақтардың инженерлік торап­тарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындауға арналған арнайы автокөлік құралда­рының қозғалу мүмкіндігі;

- экологиялық және өрт қауіпсіздігі (шудың, атмосфералық ауаның, топырақтың, ластану, ра­диоактивті ластану санитарлы-гигиеналық деңгей­лері, жәрдем көрсету адамдарды құтқару және өрт сөндіру мақсатында өрт сөндірі бөлімдерінің уақыттылы жетуі және т. б.).

5.0.3 Құрамына тұрғын және өзге қызметтік аймақтарда (аумақтарда) орналастырылған, қоғам-дық аймақтар ретінде жергілікті орталықтардың құрамына кіретін жалпықалалық орталық, қалалық қалақұрылысы түйіндерінің орталықтары, магис-траль маңайындағы аумақтардың қоғамдық аймақ-тары, қәсіптік орталықтар (медицина, білім беру, спорт және т.б. орталықтарды қала маңындағы аймақтарда орналастыруға болады) кіретін қоғам-дық аймақтар қоғамдық орталықтардың жүйесін қалыптастырады.

Е с к е р т у - Қоғадық аймақтардағы объектілердің саны, құрамы және орналасуы бекітілген қала құрылыс құжаттарына сәйкес қабылданады.

5.1 Жалпықалалық орталық

жүйесі аумағының қызметтік-

жайғастырылуын ұйымдастыру

5.1.1 Жалпықалалық орталық (қала орталығы) - әкімшілік, мәдениет, іскерлік және басқа да қоғамдық қызметтері шоғырланатын, сондай-ақ қаланың бас алаңдарының көшелері мен желек жолдарының жүйесін құрайтын ерекше маңызы бар сәулет ансамбльдері және ғимарат­тары орналасқан тарихи қалыптасқан, қаланың аса маңызды бөлігі.

Астананың жалпықалалық орталығы - қоғам­дық орталықтар жүйесінің басты элементі жай­ғастыру аудандарының үш аумағында - Орталықта, Оңтүстік-шығыста және Сарыарқа, Манас, Сығанақ, Сарайшық көшелерінің шекарасының Оңтүстігінде орналасқан. Қазіргі кезде оның болашақта жалпықалалық орталық өзегін жасайтын соңғы қалыптастыруы жүргізіліп жатыр.

Жалпықалалық орталық мемлекеттік, облыстық және жергілікті қызметтегі орталық мемлекеттік атқарушы органдармен, әр түрлі шет ел мемлекеттерінің елшіліктерімен және өкілділіктерімен, мемлекет­аралық қоғамдық ұйымдармен, іскерлік және қаржы орталықтарымен, мемлекетаралық және ұлттық компаниялардың кеңселерімен, іскерлік және сауда орталықтарымен, көпқызметтік концерт-ойын-сауық залдарымен және діни ғимараттармен және т.б. объектілермен көрінеді.

Жалпықалалық орталықты қызметтік-жайғастыруды ұйымдастыру және салу келесі талаптарды сақтаған кезде қалыптасады:

- қала тұрғындары үшін аумақтың 60%-ынан кем емес өткізгіштігі, ашықтығы;

- квартал өлшемдерін қала құрылыс жобалары белгілейді;

- тұру қызметінің орналасуы құрылыс салу жалпы қорының 25%-ынан кем емесін құрайды. Осы ауданның аумағын және құрылыс салу учаскелерін пайдалану қарқындылығы мен сипаты келесі жағдайлардың сақталуын қарастырады:

- құрылыстың тығыздығы және аумақтағы құрылыстың салынуы жобалау талаптарына сәйкес;

- қоғамдық мақсаттағы құрылыс үлесі 75%-дан кем емесін құрауы керек;

- жалпықалалық орталықтың көп келетін объектілерінің құрылыс салу үлесі қоғам­дық мақсаттағы құрылыстың қабат сайынғы жиынтық ауданының 25 %-ынан кем емес құрау керек;

- жеке көлік құралдарының қол жетерлігін шектеу;

- қоғамдық көлікке қол жеткізудің жоғарыла­тылған деңгейі;

- транзиттік қозғалыстың алып тасталуы, егер оған мүмкіндік болмаса, жалпықалалық орталық арқылы оқшауланған көлік жолдарының ұйымдастырылуы.

5.1.2 Қалалық қала құрылысы түйіні - жал­пықалалық мақсаттағы магистральды көшелердің қиылысында қалыптасқан және көшеден тыс жыл­дам көлік станцияларына шығу мүмкіншіліктері бар, қаланың көпқызметтік орталығын қалыптас­ты­ра­тын, жалпықоғамдық мақсаттағы сәулет-қала құры­лыстық құрылым.

Қалалық қала құрылысы түйінінің шекарасы магистральдар қиылысына жанасатын учаскелердің сыртқы жиынтық шекарасы немесе көпқызметтік орталық кварталының шекарасы болып табылады.

Қалалық қала құрылысы түйінін пайдалану қарқыны мен сипаты келесі шарттарды қадағалауды қарастырады:

- құрылыс салу тығыздығы - 30 мың. м2-қа дейін болуы тиіс;

- аумақтың құрылыспен толтырылуы - 50%-дан артық емес болуы тиіс;

- құрылыстың жер үсті бөлігінің қабат сайынғы ауданы 100 мың. м2-ден кем емес болуы тиіс;

- жер асты кеңістігіндегі құрылыс салудың со­ма­лық қабат сайынғы ауданы жер үсті құрылыстың қабат сайынғы жиынтық ауданының 1/3-тен кем емесін құрауы тиіс;

- қоғамдық мақсаттағы құрылыс үлесі түйіндегі барлық құрылыстың қабат сайынғы жиынтық ауданының 60%-дан кем емесін құрауы тиіс;

- олардың ішінен көп келетін объек­ті­лер­дің құрылыс үлесі қоғамдық мақсаттағы құрылыстың 25 %-ынан кем емесін құрауы тиіс;

- бір-бірінен едәуір алыстатылған объектілер­дің арасындағы өту жолының ұзақтығы 400 м-ден аспауы тиіс;

- орталықтың кез келген нүктесінен автомо­бильдерді сақтаудың (тұрақтың) жақын орналасқан уақытша алаң­ша­сына дейінгі өту жолының ұзындығы 400 м-ден ас­пауы тиіс;

- орталықтың кез келген нүктесінен қоғамдық дәретханаға дейін өту жолының ұзындығы - 150 м-ден артық емес;

- негізгі жаяу жүру деңгейіндегі қоғамдық объектілеріне кіру орны 15 метрден сирек емес аралықта орналасуы керек;

- жаяу жүру аймағының (құрылыс салу объек­ті­лерінен тыс) аумағында бір уақытта орналасқан жүр­гіншілер ағынының тығыздығы мына есеппен белгіленеді: күн бойы 0,2 адам/м2-ге дейін және «қарбалас» сағатында 0,3 адам/м2-ден артық емес болуы тиіс;

- көпқызметтік орталықтың қоғамдық кеңістігі, орталық объектілерінің өзара байланысын, кешен­нің барлық деңгейлеріндегі өту жол коммуникация­ла­рының үздіксіздігін, көлік аялдамаларына және көгал­дандыру тынысжай алаңшаларына жету қо­лайлығын қамтамасыз ететін, бірыңғай өту жолы­ның аймағы негізінде қалыптасуы тиіс;

- жаяу жүру аймағына жанасатын қабаттар­да­ғы тұрғын бөлмелердің орналасуын жол беріл­меуі тиіс;

- күні бойы көпқызметтік орталықтың қа­лалық белсенділігінің біртектілігін оның құрамында келушілер немесе іскерлер ағындарын келтірудің аралас режімді объектілерді орналастырып жасау керек.

5.1.3 Магистраль маңы аумағы - қа­ланың орталық ауданын қалалық түйіндермен не­месе магистраль маңы объектілерінің учас­келер еніне, бірақ қызыл сызықтан 50 м-ден артық емес, сәйкес келетін тереңдігінде қалалық түйінде­рін бір-бірімен қосатын бөліктеріндегі жалпықала­лық мақсаттағы магистральды көшелеріне жанасатын аумақ.

Магистраль маңайындағы аумақтың шека­ра­сы, магистральдарға жанасатын, ғимараттар учас­ке­лерінің жиынтық (магистральдан тыс) шекарасы болып табылады.

Магистраль маңайындағы аумақтарты пай­далану қарқындылығы мен сипаты мынадай болуы тиіс:

- магистраль маңайындағы аумақтардың құ­рылыс салу тығыздығы, құрылыспен толтырылуы 30 %-дан кем емес кезінде 20 мың.м2 (645 адам.)/га кем емес;

- қоғамдық қордың үлесі құрылыс салудың жалпы қорының жартысынан кем емес;

- олардың ішінде белсенді қатынасатын объектілердің үлесі 15 %-дан кем емес;

- құрылыс салудың жалпы қорындағы тұрғын ғимараттар пәтерлерінің жалпы ауданының үлесі - 30 %-тен кем емес;

- жер асты кеңістігіндегі құрылыс салудың со­малық қабат сайынғы ауданы ғимараттардың жер үсті сомалық қабат сайынғы ауданынан 20 %-тен кем емес;

- жаяу жүру аймағының (құрылыс салу объек­тілерінен тыс) аумағында бір уақытта орналасқан жүргіншілер ағынының есептік тығыздығы күн бойы 0,1 адам/м2 кем емес, бірақ «қарбалас» сағатта 0,3 адам/м2 аспауы тиіс;

- көше шебінің құрылысында ғимараттар ара­сын­дағы аралықтардың жиынтық ұзақтығы - 25%-дан артық емес болуы тиіс, сызықтық және нүктелік құрылы салу кезінде ғимараттар арасындағы интервалдар шектелмейді;

- көше шебіне шығатын қоғамдық және тұрғын ғимараттары мен имараттарының бірінші қабаттарын келушілер үшін ашық режімді объекті­лер­мен толтыру керек; 1-қабаттарда тұрғын бөлме­лер­дің орналасуына жол берілмейді;

- магистраль маңы аумағында ауданы 0,5 га-дан артық өндірістік аумақтар учаскелерін орна­лас­ты­руға жол берілмейді;

- көпшілік жолаушылар көлігінің әртүрлі жүйелерінің аялдамалары арасындағы аралықтар 250 м-ден аспауы тиіс;

- жүк автомобилі көлігінің магистраль маңында орналасатын объектілерге жету жолы бүйірлі және параллель көшелерден, жүргіншілер жолын кеспей ұйымдастырылуы тиіс;

- тұруы ұзақ (15 минуттан артық) объектілер маңындағы объектілік тұрақтар жаяу қозғалыс деңгейінен тыс және объектіден алыстығы 100 метрден аспайтындай орналасуы тиіс;

- тұруы қысқа (15 мин. кем) объектілер маңындағы объектілік тұрақтар жаяу қозғалыс деңгейінен тыс және объектіден алыстығы 50 метр аспайтындай орналасуы тиіс;

- магистраль маңы аумағының қоғамдық кеңістігі магистральдың жаяу жүру бөлігімен (жаяужолмен), құрылыс салу сызығынан алыстатылған, ғимарат алдындағы алаңдармен, құрылыс салу сызығына жанасатын және ғимарат қабаттарының жаяу жүру деңгейімен қабысатын гүл бақтарымен қалыпта­сады;

- демалу үшін көшелік жиһазбен жабдықтал­ған, көлемі 0,1 га дейін гүлбақтары мен көгал­дандырылған учаскелер 350 метрден сирек емес аралықта ұйымдастырылуы тиіс;

- көгалдандырылған учаскелерде ағаштар мен бұталардың ұшар бастарының проекциясы аумақтың 40%-ынан кем емесін құрау керек;

- қызыл сызықтардағы ені 60 метрден аспайтын, магтстраль маңы аумақтарының көшелерін, магистральды көшенің шеттерін қосатын, жерасты деңгейінде сауда, қызмет көрсету объектілері бар қоғамдық кеңістіктерді құрастырып, бірыңғай қо­ғам­дық аймақ ретінде ұйымдастыру ұсынылады;

- ені 12 м-ден кем емес және жүргіншілер ағынының тығыздығы 1,5 адам/м2 аспайтын қыз­мет көрсету объектілеріне жанасатын жаяужолдар бөліктерінде маусымдық қызмет көрсету және қосымша сауда алаңдарын орналастыруға жол беріледі, сонда жүргіншілер қозғалысы үшін жаяу­жол енінің 0,5 кем емесі қалуы тиіс, орталықтың кез келген нүктесінен қоғамдық дәретханаға дейінгі өту жолының ұзындығы - 200 м-ден артық болмауы тиіс.

5.1.4 Көпқызметтік-саябақ аймағы - 10 га-дан артық, жалпықалалық және аудандық мақсатта­ғы магистральды көшелермен, магистраль маңы аумақтарымен шектелген аумақ; аумақ өлшемі, ереже бойынша, қоғамдық құрылыс салу­дың, аралас қоғамдық құрылыс салудың және гүл бақтары, желекжолдар, бақтар, саябақтардың көгалдандырылған аумақтарының 5 га-дан артық емес кварталдармен қалыптасады.

Көпқызметтік-саябақ аймағындағы қоғамдық құрылыс және табиғат кешендерінің (ТК) көгал­дандырылған аумақтары үчаскелерінің үлесі тиісінше 30% және 40 %-дан кем емесін құрайды.

Көпқызметтік аймақ аумағында квартал­дардың құрылыс тығыздығын 10 мың. м2/га-дан кем емес етіп алу керек.

Тұру ұзақтығы 15 минуттан артық қоғамдық объекті­лердің маңындағы тұрақтарды жерасты деңгейінде, объектіден 150 метрден аспайтын қашықтықта орналастыру керек.

Қала ортасының көрікті объектілерін және учаскелерін біріктіретін жүргіншілер аймақтары мен көшелерді ұйымдастыру керек.

Жүргіншілер жолының ұзындығы көпқызметтік аймақтың кез келген нүктесінен көпшілік жолаушылар көлігінің ең жақын орналасқан аял­дамасына дейін 400 м-ден, қоғамдық дәретханаға дейін - 200 м-ден аспауы тиіс.

5.1.5 Арнайы қоғамдық аймақ - қоғамдық мақсаттағы (оқу, іскерлік, спорттық, мәдениет ақпараттық, ойын-сауық және/немесе аймақтың бағытына байланысты дасқа объектілер) құрылыс­пен кварталмен немесе квартал топтарымен қалыптасатын, ауданы 25 га-дан артық, , қоғамдық аймақ құрылысының қабат сайынғы жиынтық ауданының 60%-нан кем емесі бар аумақ. Бұл аймақ жалпықоғамдық және аудандық мақсаттағы магистральды көшелермен шектеледі.

Арнайы қоғамдық аймақтың орналасуы Астана қаласы дамуының Бас жоспарында белгіле­неді. Аймақ аумағының ауданы, оны пайдалану қар­қындылығы, объектілердің жиынтық сыйымдылығы, құрылыс салынған және құрылыс салынбаған аумақтардың арақатынасы, сәулеттік-кеңістік ұйымдас­тыру қалалық жайғастыру (әкімшілік) аудандарын дамытудың қала құрылысы жоспарларында, жайғастыру жобаларында және құрылыс салу жобаларында белгіленеді.