Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

9.2 Еркше қорғалатын табиғат аумақтары

9.2.1 Табиғат кешендерінің аумақтарында жо­ба­лау кезінде «Астана қаласының 2006-2010 жыл­дарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын» жетекшілікке алу керек. Осы аумақтардың шекаралары қала құры­лыс­тық үйлестіру сызықтарымен бекітіледі. Табиғат кешендерінің аумақтары нормалау шарттары бойынша бөлінеді:

- еркше қорғалатын табиғат аумақтары:

- көгалдандырылған аумақтар.

9.2.2 Еркше қорғалатын табиғат аумақтары Қазақстан Республикасының «Еркше қорғалатын табиғат аумақтары» туралы Заңының талаптарына сәйкес қала құрылыс қызметінің белгіленген тәрті­бі­не сәйкес арнайы нормаларды пайдаланумен және қажетті зерттеулерді орындаумен жобаланады.

9.2.3 Көгалдандырылған аумақтарды осы нормалардың және ережелердің 8 тарауына сәйкес қалақұрылысы тәртіптерінің белгіленген тәртіпте­ріне сәйкес жобаланады.

10 Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау

10.1 Жалпы ережелер

10.1.1 Жобалау құжаттамасын әзірлеу барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты ұтымды пайдалану, адам денсаулығын сақтау және халықтың қауіпсіздік қоныстану ортасын қалып­тас­ты­ру басымдылығын қамтамасыз ету керек.

Қала құ­ры­лыстық жобалау барысында сақталуы міндетті болып табылатын экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар Экологиялық кодекс, жоспар алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу барысында қоршаған ортаға болжанатын шаруа­шылық және басқа қызметтің әсерін баға­лауды жүргізу Нұсқаулығының, Қазақстан Республикасы­ның «Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары» туралы Заңының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да нормативтік құжаттардың талаптары негізінде белгіленеді.

Тарауды әзірлеу мақсаты қоршаған ортаның негізгі құрауыштары - атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, топырақ, өсімдік және жануар әлемін қорғау жөніндегі ұсыныстар мен шаралардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

10.1.2 Қала құрылыстық құжатта­маны әзірлеу барысында Астана қаласының дамуы бойынша жобалық-жайғастыру, әлеуметтік-эконо­микалық, ин­женерлік-техникалық және басқа шешімдерді қала­да қалыптасқан экологиялық жағдайды ескеріп қабылдау керек.

Сонымен бірге құрамына

- болжанатын шаруашылық-құрылыс жұмыс­тарының ықтимал әсерлердің;

- осы әсерлердің нәтижелері ретіндегі қоршаған ортадағы өзгерістердің;

- қоғам үшін қоршаған ортаның өзгерістері әкелетін нәтижелерінің.

10.1.3 Жобалау қала құрылыстық құжаттама­сындағы экологиялық негіздеме Астана қаласының аумағының қазіргі және болжанған экологиялық күйі және қала құрылыстық жобалау дың кезеңділігіне сәйкес және ҚР ҚНжЕ 1.02-18-2004 талаптары ескеріліп орындалады.

10.1.4 Жаңа құрылыс аумағын гидрогеоло­гиялық және топырақ факторларын, қаланың жасыл аймақтарын барынша сақтау мүмкіндігін ескеріп, бірегейлігі мен ерекше табиғат қорғау құндылығы жағынан бағалау керек.

10.1.5 Тұрғын құрылыстардың жаңа аумақта­рын кешенді бағалауға медициналық-эко­логиялық зерттеулердің, санитарлық-эпидемиоло­гиялық ба­қылау органдарының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың мәлімет­тері негізінде орындалған алаңшаның санитарлық-гигиеналық сипаттамасын, қажет болған жағдайда, , халық денсаулығына төнетін қауіптің бағасын қоса отырып, енгізу керек.

10.1.6 Астана қаласын жайғастыру және құрылыс салу жобаларындағы ҚОӘБ орындау тәртібі, нысаны, құрамы және мазмұны белгіленген тәртіпте бекітілген және қолданысқа енгізілген нұс­қаулық-әдістемелік құжаттамалармен анықталады.