
- •Құрылыс нормалары және ережелері астана қаласын жайғастыру және салу планировка и застройка города астаны
- •1 Қолдану саласы
- •2 Нормативтік сілтемелер
- •3 Терминдер және анықтамалар
- •4 Астана қаласы аумағының
- •5 Қоғамдық аймақтар
- •5.0 Жалпы ережелер
- •5.1 Жалпықалалық орталық
- •5.2 Жергілікті қоғамдық орталықтарын
- •5.3 Қоғамдық аймақ учаскесінің
- •6 Тұрғын аймақтар
- •6.0 Жалпы ережелер
- •6.1 Тұрғын бірліктердің, аралас тұрғын
- •6.2 Аралас тұрғын топтың
- •6.3 Ықшамаудан аумағының
- •6.4 Тұрғын аудан аумағының
- •6.5 Қаланың құрылыс салудағы тұрғын
- •7 Өндірістік аймақтар
- •7.1 Жалпы ережелер
- •7.2 Өнеркәсіптік кластер
- •7.3 Ғылыми-өндірістік кластер
- •7.4 Коммуналды-қоймалық кластерлер
- •7.5 Өндірістік аймақтың
- •8 Тынысжай және қала маңы аймақтары
- •8.1 Қала және қала маңы аумақтарының
- •8.2 Қала маңы аймақтары
- •8.2.10 Астана қаласы тынысжайлық аумақтарын және қала маңы аймағын жобалауды Астана қаласын және оның маңын көгалдандырудың Бас жоспарына сәйкес жасау қажет.
- •9.2 Еркше қорғалатын табиғат аумақтары
- •10 Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау
- •10.1 Жалпы ережелер
- •10.2 Атмосфералық ауаны қорғау
- •10.3 Шудан қорғау
- •10.4 Гоелогиялық ортаны қорғау
- •10.5 Топырақтарды қорғау
- •10.6 Аумақты өнеркәсіптік және
- •10.7 Су ресурстарын қорғау
- •10.8 Тұрғын аумақтарды электрмагнитті өрістердің әсерінен қорғау
- •10.9 Иондайтын сәулеленулерден тұрғын
- •10.10 Тұрғын аумақтарды дірілден және
- •10.11 Инсоляция және жарықтандыру
- •10.12 Қала аумағын абаттандыру
- •11 Қоғамдық қызмет көрсету
- •12 Аумақты инженерлік
- •12.1 Жалпы ережелер
- •12.2 Тұрғын аумақтар
- •12.3 Қоғамдық аудандар
- •12.4 Өндірістік аумақтар
- •12.5 Тынысжай аумақтары
- •12.6 Астана қаласының су хәуіздері Қала су қоймалары және олардың қалақұрылысындағы мәні
- •Қала тоғандары
- •13 Көліктік инфрақұрылым
- •13.0 Жалпы ережелер
- •13.1 Көліктік-жолдық торап
- •13.2 Қалалық көпшілік жолаушылар көлігі
- •13.3 Жеке көлік
- •Арнайы топтар
- •13.4 Сыртқы көлік
- •14 Инженерлік қамтамасыз ету
- •14.1 Сумен қамтамасыз ету
- •14.2 Канализация
- •14.3 Жаңбыр канализациясы
- •14.4 Суды төмендету жүйесі
- •14.5 Жылумен қамтамасыз ету
- •14.6 Суық сумен қамтамасыз ету
- •14.7 Газбен қамтамасыз ету
- •14.8 Электрмен жабдықтау
- •14.9 Байланыс, радиохабар, теледидар
- •14.10 Инженерлік тораптарды жайғастыру
- •14.11 Ғимаратарды қайта қалпына келтіру
- •15 Өртке қарсы талаптар
- •Нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттардың тізімі
- •Терминдер мен анықтамалар
- •3.1 Тұрғын аумақтары
- •3.2 Тұрғын үй құрылысы
- •Қызмет көрсету мекемелері және кәсіпорындары
- •4.1 Мектепке дейiнгi балалар мекемелерi
- •4.2 Жоғары және орта оқу орындары
- •4.3 Денсаулық сақтау мекемелері
- •4.4 Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері
- •4.5 Мәдениет және өнер мекемелері
- •Қозғалыстағы автомобильден шықпай қызмет көрсетуге арналған объектілер (Автокафе)
- •Автокафе учаскесі жоспарының сұлбалары
- •Жол қозғалысынан болатын шу
- •Велосипед жолдарының негізгі көрсеткіштері
- •Магистралды жолдар
7.2 Өнеркәсіптік кластер
7.2.1 Өнеркәсіптік кластерде өнеркәсіп кәсіпорындары және олармен байланысты қосымша және қызмет көрсететін объектілер, сондай-ақ энергетика объектілері, тамақ, ет-сүт өнеркәсібі, кондитер фабрикалар, балық және теңіз өнімдерін өңдеу кәсіпорындары, гараждар, автобаздар, қоймалар, теміржол кіру жолдары, жүк станциялары және басқа да көлік және инженерлік имараттар орналастырылады.
7.2.2 Өнеркәсіп аймақтары қосалқы аймақтарға өнеркәсіп кәсіпорындарының зияндылық класы бойынша санитарлық нормаларға сәйкес, жайғастыру және қызметтік ерекшеліктері (теміржол көлігінде қажеттілік, жүк алмасу сипаты т.б.) бойынша бөлінуі мүмкін.
Өнеркәсіп аймақтары (қосалқы аймақтар) құрамында кәсіпорындарды және басқа объектілерді орналастыру кезінде төмендегілерді шығарып, едәуір бөлшектенген аймақтандыру белгіленуі мүмкін:
- санитарлық сипаттамаларды, жұмыс істеушілер санын, жүк алмасу мөлшерінен, ұйымдастырудын сәулеттік-кеңістік ерекшеліктерін және құрылыс салу кезегін ескеріп жүргізілетін негізгі өндірістер аумақтары;
- жөндеу, құрылыс-пайдалану, энергетика объектілерін және басқа инженерлік имараттарды орналастыруға арналған қосалқы өндірістердің аумақтары;
- біріктірілген қоймалық шаруашылықтарды, тауар аулаларын, контейнерлік алаңшаларды, ішкі және зауыт ішіндегі көлік объектілерін орналастыруға арналған қоймалар және көлік аумақтары.
7.2.3 Өнеркәсіп аумақтарын жайғастыру жобаларында және аймақтандыру сұлбаларында уақытша құрылымдармен толтырылған резервті аумақтарды шығару керек.
7.2.4 Өндірістік объектінің аумағына кіру жолы көше жағынан қарастырылуы тиіс. Кіру жолының минималды ені 6,0 м-ден кем емес, толық ені бойынша қатты жабыннан болуы тиіс.
7.2.5 Жүк көтеру-жүк түсіру алаңшаларын ғимарат ішінде немесе биіктігі 1,8 м дуалмен қоршалған өндірістік объектінің аумақта орналастыру керек.
7.3 Ғылыми-өндірістік кластер
7.3.1 Ғылыми-өндірістік кластердің құрамына ғылымы тереңдетілген және жоғары технологиялық өндірістері бар кешенді кәсіпорындарды енгізу ұсынылады: технопарктер, салалық өндіріс негізіндегі конструкторлық және тәжірбиелік өндірістері бар жобалау бюроларымен, кадрларды дайындау бойынша оқу орталықтарымен қолданбалы саланың жаңа мекемелері және санитарлық, экологиялық және өртке қарсы талаптарды сақтап орналастырылған кәсіпорындарға ғылыми-техникалық (технологиялық) қызмет көрсетумен байланысты қызмет көрсетудің басқа да объектілері.
7.3.2 Технопарктің құрамында, ереже бойынша, мына секторлар (орталықтар) белгіленеді:
- ғылыми - инновациялық жобаларды жасау жөніндегі ғылыми мекемелердің аумақтарын, зерттеу орталықтары мен конструкторлық бюроларды орналастыруға арналған, олардың құрылыс тығыздығының нормативтері 7.3-кестесінде берілген;
- оқу - инновациялық жобаларды әзірлеу және іс жүзіне асыру үшін мамандарды дайындаумен байланысты оқу орталықтарын орналастыру үшін;
- инновациялар инкубаторы - инновациялық жобалардың басымды бағыттарын іздестіруді (зерттеулерін) жүргізетін және олардың бастапқы дамуын қамтамасыз ететін кіші кәсіпорындар мен фирмалардың аймағы;
- бизнес - зерттеулер мен әзірлемелердің жемісті дамуына және олардың қысқа мерзімде іс жүзіне асуына мумкіндік туғызатын іскерлік, қаржылық, ақпараттық, коммерциялық және басқа кәсіпорындарды орналастыру үшін.
- тұрғын - технопарк жұмысшылары мен олардың отбасыларының тұруына арналған.
Технопарк осы элементтердің толық жиынтығын немесе қызметтік қажеттіліктеріне қарай олардың бөліктерін қамтуы мүмкін.
7.3.3 Қаланың қоныстық аумағында, ірі интегралданған ғылыми-өндірістік кластерлерден (білім беру) басқа, ауданы бойынша 5 га-дан аспайтын, санитарлық қорғау аймақтарының ауданы 50 м-ден артық емес болуын талап ететін жергілікті ғылыми-өндірістік аймақтар болуы мүмкін.