Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка каз / методичка по учебной практики_каз вар_22.05.2015.docx
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.41 Mб
Скачать

10.2-Сурет. DrawLine-ды қолдану мысалы

DrawLines әдісін бір рет шақыра отырып, өзара жалғасқан бірнеше тік сызықтарды бірден салуға болады. Басқаша айтсақ, DrawLines бірнеше нүктелерді өзара жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл нүктелердің көлденең және тік осьтар бойынша координаттары Point немесе Pointf класының массиві арқылы әдіске беріледі.

public void DrawLines(Pen, Point[]);

public void DrawLines(Pen, PointF[]);

DrawLines әдісінің мүмкіндіктерін көрсету үшін қосымшаны құрыңыз. Код келесі түрде болады:

Программа жұмысының нәтижесі 10.3-суретте көрсетілген.

10.3-Сурет. Нүктелер массивін қолдану мысалы

Тікбұрыштардың суретін салу үшін DrawRectangle әдісін қолдануға болады:

DrawRectangle(Pen, int, int, int, int);

Бірінші параметр ретінде Pen класының қаламұшы беріледі. Қалған параметрлер тікбұрыштардың орналасуы мен өлшемін береді.

Көпбұрыштардың суретін салу үшін келесі әдісті қолдануға болады:

DrawPolygon (Pen, Point[]);

DrawEllipse әдісі тікбұрышты аймақпен қоршалған эллипс суретін салады, оның орналасуы мен өлшемі параметрлер ретінде әдіске беріледі. Программа DrawArc әдісінің көмегімен эллипс сегментін сала алады. Сегмент эллипс еніп тұрған тікбұрышты аймақ координаттарының және сағат тіліне қарсы бағытпен есептелген екі түйіннің көмегімен беріледі. Бірінші бұрыш Angle1 сегменттің бір жақ шетінің орналасуын, ал Angle2 – басқа шетінің орналасуын береді (10.4-сурет).

10.4-Сурет. Эллипс сегментін беретін бұрыштар мен тікбұрыш

Grpahics класында боялған фигураларды салуға арналған бірнеше әдістер анықталған. Осы әдістердің ішінде Fill* префиксі бар әдістердің атаулары:

FillRectangle (боялған тікбұрышты салу), FillRectangles (боялған көпбұрыштардың жиынтығын салу), FillPolygon (боялған көпбұрышты салу), FillEllipse (боялған эллипсті салу), FillPie (боялған эллипс сегментін салу) FillClosedCurve (боялған сплайнды салу) FillRegion (Region типті боялған аймақты салу).

Fill* префиксті әдістердің Draw* префиксті әдістерден екі айырмашылығы бар. Ең алдымен, Fill* префиксті әдістер – боялған, ал Draw* префиксті әдістер – боялмаған фигураларды салады. Бұдан басқа, Fill* префиксті әдістерге бірінші параметр ретінде Pen класының қаламұшы емес, SolidBrush класының бояу жаққышы беріледі. Төменде боялған тікбұрышты шығаратын мысал келтірілген:

SolidBrush B = new SolidBrush(Color.DeepPink);

g.FillRectangle(B, 0, 0, 100, 100);

Жеке тапсырмалар

MSDN1 анықтамасының көмегімен Graphics, Color, Pen және SolidBrush кластарының әдістері мен қасиеттерін зерделеңіз. Әртүрлі объектілерден (сызықтар, көпбұрыштар, эллипстер, тікбұрыштар және т.б.) тұратын суретті формаға шығаратын өз қосымшаңызды құрыңыз. Сызықтардың әртүрлі түстері мен стильдерін (біріңғай, сызықшалы, сызықшалы-нүктелі) қолданыңыз.

7. Оқу тәжірибесі бойынша жеке тапсырмалар

Студенттің алдағы ғылыми жұмысына қажет болатын, жекелген сұрақтарды зерделеу мақсатында бағдарламаға қосымша жеке тапсырмалар беріледі. Жеке жұмыстың мазмұны мен көлемі тапсырмалармен анықталады, сондай-ақ, озық технология мен жаңа техниканы, экономиканы, өндірісті ұйымдастыруды, қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шараларды және т.б. зерделеуге қатысты сұрақтарды қамтуы мүмкін.

Жеке тапсырмалар тәжірибе жетекшілерімен әзірленеді және бекітілген тәртіппен оқу тәжірибесінің алдында студенттерге беріледі.

Жеке тапсырманың орындалуы оқу тәжірибесі туралы есеп беру құжатында көрсетілуі тиіс.