Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка каз / методичка по учебной практики_каз вар_22.05.2015.docx
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.41 Mб
Скачать

4.5. Программаны тексеру құралдары

Жалпы айтқанда, жаңадан жазылған барлық программаларды іске қосу кезінде қателіктер табылады.

Бірінші деңгейдегі қателер (компиляция қателері) операторлардың қате жазылуына байланысты (орфографиялық, синтаксистік). Қате табылған жағдайда компилятор компиляция аяқталғаннан кейін өрнектелетін тізім құрады (4.1-сурет). Бұл жағдайда тек программаның сәтті компиляцияланған алдыңғы нұсқасын қайта іске қосу мүмкіндігі бар.

Компиляцияның қателерін тапқан кезде, экранның төменгі бөлігінде жобада табылған барлық қателер туралы ақпаратты беретін мәтіндік терезе пайда болады (4.1-сурет). Бұл терезенің әр жолында құрамынан қателер табылған файл аты, жол нөмірі және қатенің сипаты бар. Қажетті қателерді тез арада көру үшін тек қана сол қате жазылған жолды екі рет шертуіміз қажет. Сонымен қатар, бір ғана қатенің түзетілуі одан басқа да қателерді түзетілуіне мүмкіндік беретінін ескеруіміз керек. Сондықтанда, қателерді тізбекті түрде жоғарыдан төмен қарай түзеп отыру қажет және әрбір қатені дұрыстағаннан кейін программаны компиляциялауды ұмытпау керек.

4.1-Сурет. Компиляция қателері бар тізім терезесі

Екінші деңгейдегі қателер (орындалу қателері) таңдалған есепті шешу алгоритмдерінің қателерімен байланысты. Бұл қателер есептеу нәтижесі қате немесе нөлге бөлу, асыра толу және т.б. салдарынан болуы мүмкін Сондықтан тексерілген программаны пайдаланбас бүрын оны тестілеуіміз қажет. Егер тесттік есептеулер қате болса, онда оны іздеу үшін программа ортасының ендірілген тексергішті қолдану қажет.

Қарапайым жағдайда, қатенің орнын анықтау үшін келесі қадамдарды орындау ұсынылады. Мәтінді редакциялау терезесінде операторлардың алдағы жұмысын бақылайтын, күдікті бөлім алдына тоқтату нүктесін орнатуымыз керек. Ол үшін редакциялау терезесінде, қажетті жолдың сол жақ батырмасын басу жеткілікті. Нәтижесінде, сол жол қызыл болып белгіленіп тұрады (4.2-сурет).

4.2-Сурет. Тоқтату нүктесі бар код үзіндісі

Программа орындалып, қажетті нүктеге жеткен кезде, программа тоқтатылады, және одан әрі кодты қадам сайын орындауға болады. Ол үшін Отладка → Шаг с обходом (әдістерге кірмей) немесе Отладка → Шаг с заходом (әдістерге кірумен) командаларын пайдаланамыз.(4.3 - сурет).

4.3-Сурет. Программаны тексеру

Сары түспен орындалатын оператор ерекшеленген. Айнымалылардың мәнін, орындалу кезінде, көлбеу жүргізу арқылы көруге болады. Программаны тексеруді тоқтату үшін менюден келесі команданы орындауымыз қажет: Отладка → Остановить отладку.

Күдікті кодатығы алгоритмдік қателерді табу үшін аралық айнымалылардың мәнін әрбір қадам сайын қадағалап отыруға және оларды қолдан алынған шешімдермен салыстыруға болады.

4.6. Тапсырманы орындау тәртібі

Тапсырма: y=a*ln(x) x, dx қадамы арқылы x0 ден xk –ға дейін өрнегін есептеңіз және экранға мәндер кестесін шығарыңыз, a – константа.

Диалогтар панелі 4.4-суретте бейнеленген. Санау батырмасын басқан кездегі мәтін өңделуі төменде келтірілген :

private void button1_Click(object sender, EventArgs e)

{

// бастапқы деректерді санау

double x0 = Convert.ToDouble(textBox1.Text);

double xk = Convert.ToDouble(textBox2.Text);

double dx = Convert.ToDouble(textBox3.Text);

double a = Convert.ToDouble(textBox4.Text);

textBox5.Text = “Жұмысты орындады Иванов М.А. ” +

Environment.NewLine

//Функцияны табулациялау циклы

double x =x0;

while (x <= (xk+dx / 2))

{

double y = a * Math.Log(x);

textBox5.Text += “x=” + Convert.ToString(x) +

”; y=” + Convert.ToString(y) +

Environment.NewLine;

x = x + dx;

}

}

Программа жұмысын тексерген соң 4.4 суретте көрсетілген бақылау мысалының көмегімен жұмыс дұрыстығын тексеру керек. Цикл алдында тұрған операторға тоқтау нүктесін қойыңыз және программаны іске қосыңыз. Тоқтау нүктесіне жеткен кезде, программаны қадам сайын орындаңыз және орындау барысында айнымалылардың қалай өзгеретіндігін бақылаңыз.