81. Бор постулаттары
Уикипедия
— ашық энциклопедиясынан алынған
мәлімет
Сутек атомының
сызықтық спектрін (Бальмер-Ридберг
формуласы), атомның
ядролық моделі мен
жарық сәулесінің квантты шығарылуы мен
жұтылуын түсіндіру мақсатында Нильс
Бордың 1913 жылы
тұжырымдаған жорамалдары:
1.
Атомдар, тек стационарлық күйлер деп
аталатын қандай да бiр күйлерде ғана
бола алады. Бұл күйдегi электрондар
ядроны айнала үдей қозғалғанымен өзiнен
сәуле шығармайды.
2.
Сәуле шығару немесе жұту тек бiр
стационарлық күйден екiншi стационарлық
күйге өткен кезде ғана болады. Ал
шығарылған немесе жұтылған сәуленiң
жиiлiгi мына шарттан анықталады
Мұндағы
En және
Em осы
стационар күйлердiң энергиясы, ал
– Планк
тұрақтысы.
Атомдардың
энергетикалық күйлерiн энергия деңгейлерi
арқылы белгiлеп, сәуле шығару және жұту
үрдiстерiн көрнектi түрде көрсету ыңғайлы.