Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

4545

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
70.81 Кб
Скачать

Қай жылы Әбілқайыр хан қайтыс болып, оның мемлекеті ыдырады? 1468 жыл

Қай жылы Әбілқайыр хан ойраттардан жеңіліп, олармен ауыр жағдайда бейбіт келісімге келді? 1457 жыл

Қай жылы және қай Қазақ Жүзі бірінші болып Ресей империясының құрамына енді? 1731 жыл, 19 ақпан, Кіші жүз

Қай жылы императрица Анна Иоанновна Орта жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1734 жыл

Қай жылы императрица Анна Иоановна Кіші Жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1731 жыл, қаңтар

Қай жылы К. Қасымұлы үш жүздің ханы болды? 1841жылы

Қай жылы Кіші жүз ханы Әбілхайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты? 1748 жылы

Қай жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр Құтлымбет Қоштайұлының бастауымен елшілерінің Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен Ресейге жіберді? 1730 жыл 1 қыркүйек

Қай жылы Қазақ АКСР-і Қазақ КСР-і болып өзгертіліп, одақтас республика ретінде КСРО құрамына енді? 1936 жылы

Қай жылы Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енді? 1224

Қай жылы Қазақстанда ұлттық валюта теңге еңгізілді? 1993 жылы 15 қараша

Қай жылы Моғолстан мемлекеті құрылды және оның алғашқы ханы кім? 1348 жыл, Тоғылық Темір

Қай жылы монғолдар Орта Азияны жаулап алды? 1221

Қай жылы Мұхаммед Шайбани Сығанақ қаласын басып алғысы келді, бірақ Қасым әскерлерінен ойсырата жеңілді, ал өзбектер Самарқандқа қашты? 1510 жыл

Қай жылы орыс әскерлері Ташкент қаласын басып алды? 1865 жылы

Қай жылы Семей полигонында алғаш ядролық сынақ өткізілді? 1949 жылы 28 қаңтар

Қай жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді? 603 жылы

Қай жылы Шыңғыс хан қайтыс болып, оның империясы бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөліне бастады? 1227 жыл

Қай қағанның тұсында Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті? Мұқан

Қай қазақ ханы ең алғаш Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдірді? Әбілхайыр

Қай қазақ ханының тұсында қазақ халқының саны 1 млн. адамға жетті? Қасым

Қай орыс жазушыларының шығармаларын Абай қазақ тіліне аударды? Пушкин, Лермонтов, Крылов

Қай тайпаларды шошақбөріктілер деп атады? Сақ тиграхаудалар

Қай халықтың жоғарғы билеушілері елбөрілі әулетінен болды? Қыпшақ

Қай хандар тұсында Алтын Орда гүлденді? Өзбек пен Жәнібек

Қай ханның тұсында Ақ Орда тәуелсіз хандық болып жарияланды Орыс хан

Қай шығармада А.Македонскийдің сақтар жеріне жорықтары туралы айтылады? А. Құнанбаев «Ескендір»

Қандай ғылыми еңбек Ш.Уәлихановқа бүкіл әлемдік танымдылық әкелді? Қашқарияға сапары

Қандай оқиға қазақ зиялыларын ұлт - азаттық көтеріліс сахнасына шыққандығы жөнінде хабардар етті? Қоянды съезі

Қандай оқиға Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуын білдірді? 1864 жылы Шымкенттің алынуы

Қандай оқиға1219 жылы Шыңғысханның Мәуереннахрға жорығын жеделдетті? Отырар апаты

Қандай тауар, ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың Ресеймен саудада негізгі болып табылды? Мал

Қара.. және Сары ... – бұл ірі бөлімдер атауы қай тайпада болды? Түркештер

Қаратау тауларында Х.Алпысбаев жетекшілігімен ашылған ежелгі палеолит тұрақтары қалай аталды? Бөріқазған, Тәңірқазған

Қарахандар мемлекетінің астанасы: Шығысында – Баласағұн, батысында – Бұқара

Қарахандар мемлекетінің құлауы кімдермен байланысты болды? Қидандармен

Қарахандар мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: 942 – 1210 жылдар

Қарлұқ мемлекетінің өмір сүрген жылдары: 756 – 940 жылдар

Қашан және кімдердің күшімен Жоңғар хандығы біржолата жойылды? 1758 жылы, Цинь империясы

Қашан Кіші Жүз Ресей бодандығын түпкілікті қабылдады? 1731 жылы

Қашан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді?

1991 жылы 10 желтоқсан

Қашан Ресей әскері Іле аймағына кіргізілді және жергілікті ұйғырлар мен дұнғандарды қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғады? 1871 жылы

Қашаннан бастап БК П (б) Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, ерекше қатаң сипат алды? 1925 жылы қыркүйек

Қимақ қағанатының астанасы: Имақия

Қимақ қағанатының өмір сүрген кезеңі: IX – XI ғасырдың басы

Қимақ мемлекетінің мұрагерлері Қыпшақтар

Қоғамдағы қай таптың өкілдері қазақтың ханы болып сайлана алды? Ақсүйектер

Қожа Ахмед Яссауи кесенесі қай жерде орналасқан? Түркістан

Қола неден құралады? Мыс пен қалайы қоспасынан

ҚР Президенті Қазақстанның астанасы Акмола болуы жөніндегі қаулыға қашан қол қойды? 1995 ж қыркүйек

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» даму бағдарламасы қай жылы жасалды? 1997 жылы 10 қазан

Құрманғазы, Дәулеткерей және Тәттімбеттер кім болды? Көрнекті күйші, домбыра музыка классиктері

Қыпшақ мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: XI ғасырдың басы – 1219 жыл

Қыпшақтар шаруашылығының негізгі түрі: мал шаруашылығы

М.Қашқаридың өмір сүрген жылдары: 1029 – 1101 ж.ж

Матриархат термині нені білдіреді? әйелдердің қоғамдағы дәрежесінін жоғарылауы

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қашан қабылданды? 2000 жылы

Мемлекеттік Думаға сайланған қазақтар: Тынышбаев, Бөкейханов, Қаратаев

Микролит дегеніміз не? Мезолиттегі құрал тас пластина

Моғолстан мемлекетіндегі Хан кеңесінің аты: Мәжіліс

Моғолстанның астанасын атаңыз: Алмалық

Монғол шапқыншылығы қарсаңында қарақытайлар елiне барып паналаған, мұсылмандарға қыр көрсеткен басшы: Күшлік хан

Мұқан қағанның билік құрған жылдары: 553 – 572 жыл

Найман тайпалық одағы қалай аталды? Сегіз оғыз

Неге Баласағұн қаласы Шыңғысханға соғыссыз берілді? Күшліктің мұсылмандарға қысымынан құтқарушы деп қабылдады

Неліктен Ішкі (Бөкей) Орда «ішкі» деп аталды? Жайық өзені бойында, бекініс тылында орналасты

Ноғай Ордасы көптеген рулық-тайпалық топтарды біріктірген бірнеше ұлыстардан тұрды. Ұлыс билеушісі кім болды? Мырза

Ноғай Ордасында әскери дипломатиялық, әкімшілік мұрагерлік билікті кім иеленді ? Князь

Ноғай Ордасының орталығы болған жер: Сарайшық Жайықтың төменгі ағысы

Ноғай Ордасының территориясы қай жерде болды? Еділ мен Жайық арасы

Оғыз мемлекетінің астанасы: Янгикент

Оғыз мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: IX – XI ғасырдың басы

Ойраттарға шешуші соққы берген Монғолстан ханы кім? Уәйіс хан

Орта Азия жерiнде мемлекеттiң негiзiн қалап, XV ғ. бас кезiнде алғашқы қазақ хандарымен Сырдария маңындағы қалалар үшiн ұзақ уақыт күрес жүргiзген: Мұхаммед Шайбани

Орта жүзде хан билігін әлсірету үшін патша үкіметі 1815 жылы қандай шара қолданды? Бөкейді тағайындады

Орта жүзде хандық билік қашан жойылды? 1822 жылы

Орынбор - Ташкент темір жолы құрылысы қашан салынды? 1901 -1905 жылы

Орынбор қай жылдары Қазақ АКСР-ның астанасы болды? 1920-1924 жж

Орынбор экспедициясы қай жылы құрылды? 1734 жылы

Орынбор экспедициясының тұңғыш басшысы кім? Кирилов

Отырар қаласының монғол әскерлерiнен қорғануы қанша уақытқа созылды? 5-6 ай

Өзiнiң қарсыластарымен ұзақ күрестен кейiн, 1370 жылы Мәуераннахрда жеке билеушi болған кiм? Ә.Темір

Өзін қазақ елінің үкіметі атаған «Алашорданы» тарату туралы шешім қашан қабылданды? 1919 жылы қазан

Өндіруші шаруашылық қашан пайда болды? Неолитте

Өскемен бекінісі қашан салынды? 1720 жыл

Палеолит кезеңіндегі адамдардың ең негізгі шаруашылығы: терімшілік, аң аулау

Патша үкіметі атына петиция қабылданған қазақтардың Қоянды съезі қашан болды? 1905 жылы 25 шілде

Патша үкіметінің отарлау езгісіне қарсы қазақтардың жаппай көтерілуі алғаш рет неден көрініс алды? Пугачев көтерілісінен

Президенттің «Қазақстан-2030 бағдарламасында» айтқанындай болашақ ұрпақ қандай қасиеттерге ие болатынын таңдап алады? Барлығы

Ресей империясының құрамына қазақ жерлері қандай ретпен енді? Кіші, Орта, Ұлы

Ресей қол астындағы Түркістан автономиясын жақтаған, сталинизмді сынап бірнеше еңбек жазған ірі қоғам қайраткері? Мұстафа Шоқай

Ресейден Қазақстанға саяси жер аударылғандар қандай идея таратты? Демократиялық

Республика Жоғары Кеңесі Қазақ КСР Президентінің қызмет орны туралы қаулыны қашан бекітті? 1990 жылы 24 сәуір

С.Датов бастаған көтеріліс жылдарында көтерілісшілер қолынан қай қазақ ханы және қай жылы қаза тапты? 1797 жылы Есім хан

Сақ тайпаларының орналасу ареалын көрсетіңіз:Қазақстан, Орта Азия

Сақ тайпалық бірлестігінің өмір сүруінің хронологиялық шеңбері: б.з.б. VII-IV ғасырлар

Сақтар өнеріне қандай стиль тән? Аңдық стиль

Сақ-тиграхауда тайпалары Қазақстанның қай бөлігін мекендеді? Жетісу

Семей ядролық полигоны қашан жабылды? 1991 жылы 29 тамыз

Столыпин аграрлық реформасы бойынша Қазақстанға Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды қоыныстандару қашан басталды? 1920жылы

Столыпин реформасы қай жылдары жүзеге асырылды? 1906-1910(12) жылы

Сұлтан Саржан Қасымұлы кім еді? 1825-1836 жылдардағы көтеріліске қатысқан Кенесарының ағасы, Абылайдың немересі

Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған жылдары? 715 – 738 жылдар

Сырдария облысында ең алғаш рет Кеңес өкіметі қай қалада орнады? Перовскіде

Сырым Датов бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірінде болды? Батыс Қазақстан

Сырым Датов бастаған көтеріліс қай жылдары болды? 1783 – 1797 жылдар

Сырым Датов бастаған көтерілісшілер қай ханды тақтан тайдыруға ұмтылды? Нұралы хан

Тас ғасыры тарих дәуірінің қай кезеңіне жатады? Ежелгі

Төменде келтірілген шайқастардың қайсысында Исатай Тайманов қаза тапты? Ақбұлақ

Төмендегі келтірілген тұлғалардың қайсысы Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысқан? С. Датұлы

Түргеш қағанаты неше тұтыққа бөлінді? 20

Түргеш қағанатының құрылған жылы: 704 жыл

Түргеш қағанатының негізін қалаған: Үш елік

Түрік қағанатының негізгі халқы: Қауым малшылары

Түрік қағанатының негізін қалаған: Бумын

Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 552 – 603 жылдар

Түріктер үшін сәтті жарықтар болған: Батыс

Түріктерде үлкен қажеттілікті басынан кешіруге мәжбүр еткен жұт жылдары: 581 – 583 жылдар

Түркі сына жазбасын оқыған: С.Томсон

Түркістан - Сібір темір жолын салу қашан басталды? 1927 жылы

Түркістан-Сібір теміржолының құрылысы қашан аяқталды? 1931 жылы

Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет жұмысын кім басқарады? Рысқұлов

Тұңғыш қазақ хандары қай мемлекетпен бірінші одақтық қарым-қатынас жасады? Моғолстан

Тұрсын ханмен күресте қазақ ханы Есімге кімдер қолдау көрсетті? Қырғыздармен

Тұтық дегеніміз: Аймақ

Тың жерлерді игерудегі кері зардаптарды көрсетіңіз:барлығы

УІІ ғ. қай қағанның тұсында Түрік қағанаты күшейді? Тон жабғу

Үйсін мемлекеті қашан және қай территорияда құрылды? Б.з.б. 177 жылы Жетісуда

Үйсіндердің алғашқы қонысы қай жерден табылды? Шу алқабы

Үйсіндердің астанасы болған: Чигучен, Қызыл аңғар

Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулы: гуньмо

Ұзақ ғасырларға созылған қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуы қашан аяқталды? XV-XVI ғасыр

Ұйғырлар мен дүңгендердің Жетісу өңіріне қоныс аударуына қандай жағдай мәжбүр етті? Цинь империясының қысымы

Ұлттық мемлекеттікті қайта бөлу кезінде Қазақ АКСР-ның құрамына қай облыстар кірді? Сырдария мен Жетісу

Ұлы жұт жылдарындағы халықтың қайғы-қасіретін көрсететін ән? Елім – ай

Ұлы Отан Соғысы жылдарында Кеңес Одағы батыры атағын алған Қазақстандықтар саны? 497

Ұлық ұлысында жоғары әскери қолбасшының міндетін кім атқарды? Беклербек

Ұлық ұлысында мемлекеттік билік басшысының титулы: Уәзір

Ұлық Ұлысының Монғол империясынан бөлінуіне қандай себептер әсер етті? Барлық жауап дұрыс

Ф. Голощекин қай жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болды? 1925-1933

Фашистердің жоспары бойынша Қазақстан қандай елдің құрамына енуі қажет еді? Үлкен Түркістан

Хан мен сұлтандар үшін шариатта белгіленген мал салығы: Зекет

ХІ ғ. қай түркі тайпалары христиан дініне табына бастады? Керей

ХІІІ ғ. екінші жартысы-ХІУ ғ. бірінші жартысында Шағатай мемлекетінде қалалық мәденитеттің құлдырауының себептері: Барлық жауап дұрыс

ХІХ ғ. 80-ж. Торғай облысының Ырғыз қаласында қай қазақ қайраткерінің бастамасымен қазақ қыздары үшін алғашқы оқу орны ашалды? Алтынсарин

ХІХ ғ. аяғында Қазақстанда қандай өндіріс саласы дамыды? Тау кен

ХІХ ғ. аяғында Қазақстанның қай саласында шетел капиталистерінің белсенділігі артты? тау кен

ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында қазақ буржуазиясы өз капиталын негізінен қай салаға салды? Тау кен

ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында Қазақстанға қоныс аударған қоныстанушы шаруаларға жер бөлудің түрін көрсетіңіз: 15 десятина

ХІХ ғ. бірінші жартысында жарыққа шыққан «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының суреттемесі» атты қазақ тарихы туралы алғашқы жан-жақты еңбектің авторы: Левшин

ХІХ ғ. екінші жартысындағы қай қазақ композиторлары «Сарыарқа» және «Балбырауын» күйлерінің авторы? Құрманғазы

ХІХ ғ. Қазақстанда ашылған Еуропалық түрдегі мектептердің басты мақсаты не болды? Отарлаушы аппарат үшін қазақ жастары арасынан ұсақ шенеуніктер тағайындау

ХІХ ғ. Қазақстанда патша өкіметі қандай түрдегі оқу орындарын ашу үшін ерекше кедергі жасады? Мұсылман мектептері мен медреселер ашуға

ХІХ ғ. қай Ресей ғалымы Жетісудың табиғатын зерттеді? Семенов Тянь Шанский

ХІХ ғ. соңында Қазақстанда орыс және украин шаруа қоныс аударушыларына қандай жеңілдіктер жасалды? 15 жылға салықтан босатылды

ХІХ ғасыр ортасындағы энциклопедиялық басылымдардың бірінде жарық көрген Абылай хан туралы алғашқы ғылыми мақаланың авторы кім? Ш. Уалиханов

ХІХ ғасырда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынасында негізгі орталық болған қаланы атаңыз? Семей

ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында қазақ ақсүйектерінің қайсысы оқу-білімге кең жол ашып, қазақтардың егін салуы мен шөп шабуын қолдады? Жәңгір хан

ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Патша үкіметіне Батыс Сібір және Сырдария әскери бекіністерінің бірігуі туралы жоспардың жүзеге асуына не кедергі болды? Қырым соғысы басталды

ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Сырдарияның төменгі ағысындағы отарлыққа қарсы көтерілісті кім басқарды? Жанқожа Нұрмұқхамбетұлы

ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның қай бөлігі Ресей империясының құрамына еңген жоқ? Оңтүстік

ХІХ ғасырдың басында Ұлы Жүздің шығыс аудандары кімге тәуелді болды? Қоқандарға

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметі еңгізген шаңырақ басы салығы: 600 сом

ХІХ ғасырдың ортасындағы Қарқаралы уезіндегі ірі жәрмеңкелердің бірі: Қоянды

ХУІ-ХУІІ ғғ. “Ұлыстың ұлы күні” деп аталатын қазақтардың негізгі мейрамдарының бірі: Наурыз мейрамы

ХҮІ ғ. бірінші жартысында қай ханның тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты артты? Қасым хан

ХҮІІ ғ. бірінші жартысында Қазақтың қай ханының тұсында Оңтүстік Қазақстанның отырықшы-егіншілік адамдары мен Сырдарияның орта ағысындағы қалалар Қазақ хандығының құрамына еніп, Ташкент 200 жылға берілді? Есім хан

ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарында біріккен қазақ әскері қай жерде және қашан жоңғарларға қарсы соғыста алғаш үлкен жеңіске жетті?

ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдары қазақ-жоңғар қатынастарының дәстүрлі жаугершілік сипаттан одақ құру сипатына ауысуына үлкен үлес қосқан қазақ қайраткері: Абылай хан

ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үшін Қазақстанның қандай мәні болды? Шикізат базасы

ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде жоңғар билеушілерінің стратегиялық мақсаты: қазақ жерін жаулап алу

ХҮІІІ ғасырдың І ширегінде қазақтар үшін қай елден қауіп көбірек төнді? Жоңғарлар

ХҮІІІ-ғасырдың басында қазақ қоғамында негізгі заң ретінде қай заңдар жинағы қолданылды? Жеті жарғы

ХХ ғ. бас кезінде Столыпин реформасы кезінде қазақтардан қанша жер Көші-қон қорына алынды? 17 млн

ХХ ғ. басында Қазақстанда қандай темір жол торабы болды? Орынбор Ташкент

ХХ ғасыр басында Қазақстандағы қоныстандыру қоры немен айналысты? Қазақтардың жерін тартып алумен

ХХ ғасырдың 80-жылдарында Балқаш пен Арал мәселелері бойынша құрылған комитетті кім басқарды? Шаханов

ХХ ғасырдың басындағы Столыпин реформасы қандай мәселеге арналды? Аграрлық

Ш.Уәлиханов аталған оқу орындарының қайсысын бітірді? Омбыдағы Сібір кадет корпусы

Ш.Уәлиханов қай орыс жазушы - демократымен дос болды? Достаевский

Ш.Уәлиханов ориенталистика саласындағы еңбегі үшін қандай марапатқа ие болды? Ресей империясының географиялық қоғамының алтын медалімен

Ш.Уәлиханов өзінің еңбек жолын бастауда аталғандардың ішіндегі қандай лауазымда болды? гасфорт Адъютант

Ш.Уәлиханов өмір сүрген жылдары: 1835-1865 жылдары

Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр қай жылы хан болып сайланды? 1428 жыл

Шоқан Уәлиханов қай сала бойынша көрнекті зерттеу жұмыстарын жүргізді? География орындарын

Шыңғысхан өз империясын неше ұлысқа бөлді? 4 ҰЛЫС

Шыңғысханды император етiп жариялаған бүкiл монғолдардың құрылтай жиналысы қай жылы болды? 1206

Шыңғысханның заңдар жинағы: Жасақ, Ясса

Ы.Алтынсарин Қазақстанның қай облысында мектеп инспекторы лауазымын атқарды? Торғай облысында

Ы.Алтынсарин төменде көрсетілген қай шығарманың авторы? Қырғыз хрестоматиясы

Ы.Алтынсариннің бастамасымен Торғай облысында қандай түрдегі оқу орындары ашалды? Қазақ орыс мектеп училищелері

Янгикент қай мемлекеттің астанасы болды? Оғыз