
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
- •5) Пәннің сипаттамасы
- •6) Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Глосарий
- •Теориялық археологияға кіріспе.
- •Археологияның зерттеу тарихы: ғылыми табиғи әдістер мен деректер
- •Палеомагнетизм
- •Археология ғылымының негізгі қағидаларының дамуы
- •Археологиялық ғылымдағы "теориялық археология" ұғымы.
- •Археологиялық ғылымдағы даталаудың әдiстерi
- •Обалар және жерлеу ғұрпы: мәселелер талдау және интерпретациялар
- •Археологиялық мәлiметтердiң негiзiнде әлеуметтiк зерттеулер өткiзуiнiң теориялық қағидалары
- •Әлеуметтiк зерттеулердiң өткiзуiнiң теориялық қағидалары археологиялық мәлiметтердiң негiзiнде
- •Археологиядағы палеоэкономикалық модельдеу
- •Археологиялық материалдардың мәдениеттанулық интерпретациясы
- •Дәріс №11 Қолайлы ерте дүние тарихын зерттеудің типологиялық әдiстерi
- •Археологиядағы даталауының жаратылыстану-ғылыми әдiстерi.
- •Теориялық археологияның iргелi мәселелерi
- •Батыс археологиялық мектептер
- •Өткендi шолу және прогностиялық ғылым
- •Семинар материалдары
- •Теориялық археологияға кіріспе.
- •Археологияның зерттеу тарихы: ғылыми табиғи әдістер мен деректер
- •Археология ғылымының негізгі қағидаларының дамуы
- •Археологиялық ғылымдағы "теориялық археология" ұғымы.
- •Археологиялық ғылымдағы даталаудың әдiстерi
- •Обалар және жерлеу ғұрпы: мәселелер талдау және интерпретациялар
- •Археологиялық мәлiметтердiң негiзiнде әлеуметтiк зерттеулер өткiзуiнiң теориялық қағидалары
- •Әлеуметтiк зерттеулердiң өткiзуiнiң теориялық қағидалары археологиялық мәлiметтердiң негiзiнде
- •Археологиядағы палеоэкономикалық модельдеу
- •Археологиялық материалдардың мәдениеттанулық интерпретациясы
- •Қолайлы ерте дүние тарихын зерттеудің типологиялық әдiстерi
- •Археологиядағы даталауының жаратылыстану-ғылыми әдiстерi.
- •Теориялық археологияның iргелi мәселелерi
- •Батыс археологиялық мектептер
- •Өткендi шолу және прогностиялық ғылым
- •Бөж бойынша методикалық ұсыныстар
- •«Теориялық археология» курсы бойынша тест тапсырмалары (Емтихан материалдары)
Теориялық археологияға кіріспе.
Мақсат: теориялық археология бойынша ғылыми-тұжырымдық ойларды сараптау жұмысынан өткізу.
Жоспар:
1. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері;
2. «Теориялық археология» пәнінің құрлымы;
3. Археология ғылымының жалпы теориялық ұғымдары.
Әдістемелік нұсқау:Аталмыш курс археология пәнінің жалғасы болып табылады. Бұрынғы ұғымдар нақты көзқарастар бекітіліп, археология ғылымының даму жолына біртіндеп еніп, археологиялық жетістіктер мен білімінің қордалануына өзіндік үлес қосқан факт ретінде қарастыруға болады.
Авторлық ашулар мен концепцияларды шешуде археологиядағы қиындықтар күмәнділікке апарып соқты. Теориялық археологияны қолдану, археологияның дамуы мен зерттеуінің дамуына әсер ететін әдістерді дамыту мақсатын ұстанған «теориялық археология» курсы археология ғылым ретінде қалыптастыру тапсырмасын алдына қояды.Теориялық археологиясының құрылысын түсіну үшін Е.Д.Гражданниктің құрастырған археологиялық классификациясын негізгі алу керек. Археология ғылымының міндеті белгілі аймақтардан алынған ғылыми қорытындылар болса, ал мақсатына ғылыми өнімнің өлшеу әдісі, бағалау және бақылау жатады. Төмендегі құрылымға назар аударайық:
АРХЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ |
Археолгия ғылымының тарихнамасы 2. Археологиялық критикология;
А) Археологиялық наукометрия; Б) Археологиялық критикология;
В) Археологиялық прогностикалықғылымитаным.
АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ИНФОРМАТИКА |
А) Археологиялық синетика; Б) Археологиялық материал басылымдары;
В) Археологиялық жаңалықтар; Г) Мақсатты-бағдарламалы ғылымитаным;
Д) Археология ілімінің теориялық негізінің қалыптасуы.
1. Археология ғылымының тарихы нақты тақырыпқа арналған немесе тарихи дәуірге бағытталған ғылымның тарихын зерттейді. Өткен ғасыр тарихына көз жүгірте, тарихи графикалық зерттеулер ғылымның дамуын тануға, археологиялық бағыт пен мектептердің, концепциялардың дамуын зерттеуге мүмкіндік береді. Археологиялық тарихи графиканың келесі негізгі тапсырмаларын атап өтуге болады:
а) археологиялық ойдың әр бағытына сай келетін теориялы әдістік принциптерін анықтау;
б) археологиялық ғылымның негізгі қайнар көзінің базаларын, археологиялық фактілерді нақты зерттеу әдістерінанықтау;
в) Археологиялық ғылыми мектептердің орындарын, олардың археологиялық фактілерді жүйелеуі мен бағыттарын анықтау;
г) археология саласында зерттеу жұмыстарын атқаратын ұйым мен пішіндерді анықтау. Оның қатарына ғылыми орталықтар, жоғарғы оқу орындары, мұражай, және мұрағат кіреді;
д) Археологиялық зерттеулердің проблемасын, оның дамуын анықтау;
ж) археология саласы мен мектептердің күшімен құрылған археологиялық концепцияларды анықтау;
қазіргі уақытта археологиялық ескерткіштерге тек қана мақалалар емес, сонымен қатар монографияны жалпылама түрде сипаттайтын тарихи очерктердежазылады. Бұл жұмыстарда Орталық Азия мен Қазақстанның әр аумағында жинақталған, археология ғылымының қыр сырын жан жақты ашатын материалдар бар.
2. «Археологиялық сын» - алдында қолданылған археологиялық фактілердің интерпретация әдістерін, олардың дәйектілігінің дәрежесін және жаңадан ашылған археологиялық жаңалықтарды тексеру.Бұл бетбұрыс тек жоғарыда айтылған мақсатты ғана емес, сонымен қоса басқа көзқарасты қоштайтындармен күрес жүргізуді қолдайды. Осы бөлімдердің әр бірі ғылымды жетілдіретін проблеманы қарастырады.үштік топ: а) археологиялық ғылыми метрияб) археологиялық сын; в) археологиялық ғылыми болжамшылық.
Археологиялық ғылыми метрия – ғылыми, эмпирикалық материалдарды статистика бойынша жабдықтау;
археологиялық сын–ғылыми қорытындыларға сын беру бағасы жайлы ғылым.
археологиялық ғылыми болжамшылық–ғылыми – техникалық жаңалықтарды болжайтын археология ғылымының саласы
Сұрақтар:
1. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері?
2. «Теориялық археология» пәнінің құрлымы?
3. Археология ғылымының жалпы теориялық ұғымдары?
Негізгі әдебиет
Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966.
Марғұлан Ә. Беғаза-дәндібай мәдениетті. Алматы, 2006
Байпақов К., Таймағанбетов Ж. Қазақстан археологиясы. Алматы, 2008
Вагнер Г.А. научные методы датирования в геологии, археологии и истории. М., 2006
Черных Е.Н., Завьялов В.И. Археология и естественнонаучные методы. М., 2005
Қосымша әдебиет
Тәуелсіздік кезіндегі Қазақстан археологиясы: қортындылары мен келешегі. 1-2 Том., Алматы. 2011
Роль естественно - научных методов в археологических исследованиях// сборник научных трудов. Барнаул, 2009
Петров А.Е. Фальсификация исторических источников и конструирование этнократических мифов. М., 2011
Мартынов А.И. Культурогенез. М., 2008
Ткачев А.А. Центральный Казахстан в эпоху бронзы. В двух частях.Тюмень, 2002. ч.I – 289 с. ч.II – 243 с.
Винаградов Н.Б. Степи южного урала и Казахстана. Челябинск. 2011
Кузьмина Е.Е. Древнейшие скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. Фрунзе, 1986.
Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы // Материалы и исследования по археологии СССР (МИА), № 88. М.-Л.,1960.
Дәріс №2