Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКЖ Теоретическая археология - 2013.docx
Скачиваний:
77
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

6) Негізгі және қосымша әдебиет тізімі

6.1 Негізгі әдебиет

  1. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966.

  2. Марғұлан Ә. Беғаза-дәндібай мәдениетті. Алматы, 2006

  3. Байпақов К., Таймағанбетов Ж. Қазақстан археологиясы. Алматы, 2008

  4. Вагнер Г.А. научные методы датирования в геологии, археологии и истории. М., 2006

  5. Черных Е.Н., Завьялов В.И. Археология и естественнонаучные методы. М., 2005

6.2. Қосымша әдебиет

  1. Тәуелсіздік кезіндегі Қазақстан археологиясы: қортындылары мен келешегі. 1-2 Том., Алматы. 2011

  2. Роль естественно - научных методов в археологических исследованиях// сборник научных трудов. Барнаул, 2009

  3. Петров А.Е. Фальсификация исторических источников и конструирование этнократических мифов. М., 2011

  4. Мартынов А.И. Культурогенез. М., 2008

  5. Ткачев А.А. Центральный Казахстан в эпоху бронзы. В двух частях.Тюмень, 2002. ч.I – 289 с. ч.II – 243 с.

  6. Винаградов Н.Б. Степи южного урала и Казахстана. Челябинск. 2011

  7. Кузьмина Е.Е. Древнейшие скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. Фрунзе, 1986.

  8. Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы // Материалы и исследования по археологии СССР (МИА), № 88. М.-Л.,1960.

  9. Сорокин В.С. Могильник бронзовой эпохи Тасты-Бутак I в Западном Казахстане // МИА, № 120, М.-Л., 1962.

  10. Оразбаев А.М. Поселение Чаглинка (Шагалалы). Некоторые формы и типы жилищ// По следам древних культур Казахстана. Алма-Ата, 1970.

    1. Білімді бағалау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау; коллоквиум және бланкілік тестілеу формасында екі аралық бақылау; компьютерлік тестілеу формасындағы қорытынды аттестаттау жоспарлануда.

Ағымдық бақылау - 20%

БӨЖ тапсырмаларын бақылау - 20%

Ағымдық бақылау:

Коллоквиум - 10%

Бланкілік тестілеу - 10%

Ағымдық және аралық бақылау - 60%

Қорытынды бақылау - 40%

    1. Оқу пәнінің саясаты

«Теориялық археология» пәні – міндетті пән. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредиттен тұрады, оның ішінде дәріс – 15 сағат, семинар (практикалық) сабақтар – 15 сағат, БӨЖ – 60 сағат.

Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, дәрістер мен семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, БӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларын тексеру, аралық бақылау, қорытынды бақылау).

Кафедраның әдістемелік секциясының отырысында қарастырылған, 2013 жылғы

«___» ________ № _____ хаттамасы.

Кафедра меңгеруші бекіткен _____________________ Үмітқалиев Ұ.Ү.

Глосарий

Абсолюттік мерзімдеу – Археологиялық ескерткішті немесе затты сандық өлшемде болмаса қазіргі заманғы жылсанау жүйесінде мерзімдеу.

Австолопитек (лат. Тіл. «оңтүстік» және грекше «маймыл») – адамның арғы бабаларының бірі саналатын приматтың қаңқасы. Оның сүйек қалдықтары Оңтүсстік және Шығыс Африкада табылған. Жасы үш миллион жыл. Миының аумағы 500 – 600 куб см (салмағы 40 кг). Австролопитектер іштей бірнеше түрге бөлінеді. Олардың кейбіреулері қарапайым еңбек құралдарын жасай білген.

Агора– ежелгі грек қаласының орталық болігі, жиын өткізетін алаң.

Акинак – сақтардың екі жүзді қанжары. Сабының бас жағы әртүрлі кейіпте жасалады. көбіне қоладан құйылған.

Акрополь – ежелгі грек қалаларының цитаделі. Әдетте биік жерде орналасады.

Аллювий– судың ағысымен келген ежелгі тұнбалар.

Амфора– скифтердің екі шетінде тұтқасы бар ұзынша келген ыдысы. Сұйық заттарды сақтауға немесе тасмалдауға арналған.

Амулетиесін әртүрлі кесірлерден қорғайды деп есептелетін зат, бойтұмар.

Ангобыдыстардың сыртын жылтыратып, үстінен өрнек салуға тұтас түс беретін балшық сылақ.

Антропоген: (грек. «адам» және « жаратам, жасаймын») – Жердің геологиялық тарихының қазіргі аталуы, кайназой эрасының соңғы кезеңі. Бұдан 2,5 мил. жылдан бұрын басталған. Басқаша аталуы – Төрттік кезең.

Антропогонез (грек. «адам» және « жаратылу, жасалу») адамзаттың қалыптасуы туралы ілім. Адамның жануарлар дүнйесінен бөлініп шығу процесі, адамның физикалық қасиетінің қалыптасу кезеңі, оның тіршілік әрекетінің алғашқы даму кезі, тілі мен адам қоғамының қалыптасқан шағы.

Антропоморфті(адам тектес) – қандайда бір жәндіктің немесе жануардың адам кейпінде салынған бейнесі.

Антропология: : (грек. «адам» және « сөз, ілім») – Адамның қалыптасу және даму эволюциясын, рассалардың шығуын зерттейтін ғылым.

Артефактархеологиялық заттардың европалық ғылымда айтылатын жиынтық атауы. адам қолымен жасалған зат немесе бұйым.

Архантроптар: (грек. «ежелгі» және «адам») адамның ежелгі тегі (ежелгі гоминидтер – питикантроп, синантроптар).

Археологиялық кешенархеологиялық нысандардың жиынтығы. Археологиялық кешендер жабық және ашық түрде болады. Жабық кешенге заттар бірақ рет (көмбелер, еңбек құралдары, кенеттен құлаған құрылыс астында қалған заттар)түседі. Ашық кешендер ұзақ мерзімге созылған уақыт барысында қалыптасады.

Археологиялық мәдениет бiр мезгiлде, бiр жерде дамыған шаруашылығы мен құрылымы жағынан бiр тектес ескерткiштерден алынған еңбек құралдары, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдары секiлдi археологиялық заттардың кешенi.

Ассимилациябір халықтың екіншісінің тілін, мәдениетін, әдет-ғұрып, дәстүрін қабылдау арқылы сіңіуі.

Астрогал – сүйектен жасалған істік құрал.Археологияда мекенжайлар мен жерлеулерде неолит дәуірінен бастап жиі кездеседі.

Ашель: (Франсиядағы жердің (Сент Ашель) атына байланысты алынған осы мәдениеттің шартты атауы) – Ерте палеолиттік археологиялық мәдениеттің аты. Бұдан бұрынғы 700 – 120 мың жыл аралығымен мерзімделеді. Қол шапқылар мен жарғыштардың (кливерлер) пайда болуымен және тасты леваллуаз тәсілімен жаңқалауды игерлуімен сипатталады. Қолдан салған лашықтар пайда болды, отты игерді. Тұрғындары аң аулап, терімшілікпен айналысты.

Бифас: - Шапқыш тәріздес екі жақты өңделген еңбек құралы.

Вкладыш (майда қырлы тастар) – сүйектен, ағаштан жасалған құралдар мен қаруларға салынатын, қыстырылатын пышақ, жаңқа түріндегі ұсақ тастар. Мұндай құралдар мен қарулар орта тас дәуірінде кеңінен қолданылды.

Вкладышты қарулар – тістері қыстырма тастардан құрастырылған ағаш немесе сүйек пышақ, қанжар, найза және орақтар.

Гарпун – сүйектен немесе металлдан жасалған лақтыратын қару

Голоцен (грекше «тұтас» және «жаңа») – мұздықтан кейінгі дәуір, Жердің геологиялық жасының соңғы төрттік (антропоген) кезеңінің, қазіргі жалғасып жатқан бөлігі. Оның басы Еуропа құрлығы мұздықтың еруімен сәыкес келеді (12 – 11мың жыл бұрын).

Дәріс №1.