- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •№ 2 Дәріс
- •3 Жолаушылар вагон паркінің мөлшері.
- •4 Пойызд қозғалысының жылдамдық өлшемі.
- •5 Қолайлы салмақ және жылдамдықты анықтау.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •№ 3 Дәріс
- •1 Пойыздарды құрастыру жоспарын есептеуге келесі мәліметтер.
- •2 Сызба графигінің бағыты.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •Модуль – Қала маңы қозғалысын ұйымдастыру № 4 Дәріс
- •II зона
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •№ 5 - Дәріс
- •1 Жолаушылар стансасының жұмыс технологиясы.
- •Жұп бағытындағы жолдар саны:
- •4 Қабылдап-жөнелту паркінде құрамды өңдеу
- •5 Транзиттік пойыздардағы локомотивті ағытпай-ақ өңдеу
- •6 Транзиттік пойыздардағы локомотивті ағытып өңдеу.
- •7 Құрам айналымы мен стансаға келетін және жөнелтілетін операцияларды тіркеу.
- •8 Техникалық стансаның қабылдау паркінде орындалатын операциялар.
- •9 Құрамды құрастыру және қайтадан құрастыру операциясы.
- •10 Құрамды рейіске дайындағандағы операция.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •№ 6 Дәріс
- •1 Қаламаңындағы пойыздардың келіп-кету операциясы.
- •2 Электр бөлімдерін өңдеу.
- •3 Қосарлап өңдеу және ұзартылған пойыздың ұзындығы.
- •4 Жолаушылар стансасындағы маневр жұмысы.
- •5 Маневр жұмысын мөлшерлеу.
- •6 Қажетті маневр локомотивінің санын анықтау.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •№ 7 Дәріс
- •1 Пойыздардың келу немесе жөнелту уақытындағы мөлшері.
- •2 Қаламаңындағы пойыздың жүріс графигі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •3 Модуль – Вокзал жұмысының технологиялық үрдісі № 8 Дәріс
- •1 Вокзал жұмысының ұйымдастырудың негізгісі.
- •2 Қаламаңындағы билетті сатқанда қажетті автомат санын анықтау.
- •3 Қажетті жүк сақтау қоймасының санын анықтау.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •№ 9 Дәріс
- •1 Жолаушылар стансасы.
- •2 Жолаушылар стансасының түрлері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •№ 10 Дәріс
- •1 Темір жол вокзалы.
- •2 Жолаушылар легін ұйымдастыру.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •№ 11 Дәріс
- •1 Негізгі мәліметтер.
- •2 Көзге көрінетін хабарландырулар.
- •3 Радио хабарландыру.
- •4 Анықтама бөлімі.
- •5 Ана мен бала бөлмесі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •№ 12 Дәріс
- •1 Негізгі жұмыс тәртібі. Билет кассасының жұмысы.
- •2 Орталықта басқаруда пойызға билет сату.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •№ 13 Дәріс
- •1 Диспетчерлік ортадағы жұмыстың ұйымдастырылуы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •4 Модуль – Багаж және жүк багажы тасымалын ұйымдастыру № 14 Дәріс
- •1 Жүкті жеткізу.
- •2 Жук тасымалын жоспарлау.
- •3 Жүк-багажбен атқарылатын операциялар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
- •№ 15 Дәріс
- •1 Халықаралық тасымалдаудың келісім-шарты.
- •2 Жолаушыларды тасымалдаудың жалпы шарты.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оқу-әдістемелік әдебіет
№ 6 Дәріс
Тақырып: Стансаның жұмыс технологиясы (1 сағат)
Дәрістын максаты: Жолаушылық станция. Жолаушылық станциялардың саралануы және топталуы
Мазмұн:
Қаламаңындағы пойыздардың келіп-кету операциясы.
Электр бөлімдерін өңдеу.
Қосарлап өңдеу және ұзартылған пойыздың ұзындығы.
Жолаушылар стансасындағы маневр жұмысы.
Маневр жұмысын мөлшерлеу.
Қажетті маневр локомотивінің санын анықтау.
Глосарий: Маневр жұмысы; стансадағы жолдардың дамуын есептеу; перрон қабылдап-жөнелтетін жолдар; арнайы жолдар мен парктер; транзиттік пойыздар.
1 Қаламаңындағы пойыздардың келіп-кету операциясы.
Қаламаңындағы пойыздардың құрамын өңдеу.
Қаламаңындағы пойыз құрамын өңдеудегі технологиялық процессін құрастыру мақсаты, алыс және жергілікті пойыздардың құрамына операциялардың орындалу уақытымен ерекшелінеді.
Келген қаламаңындағы пойыздарды өңдеу операциясы құрамды қүрғақ жинау, қабылдап-жөнелту паркінің жолдарында жүргізіледі.құрамды техникалық стансаға шегіндіру, жөнелту жолына беру, маневрмен ғана оырндалмайды, пойыз локомотивімен де жасалынады, локомотив депосы мен станса схемасының орналасу орнына қатысты болады.
Қаламаңындағы құрамды дайындап болған соң, жөнелту жолына қойып, жолаушыларды мінгізеді. Осы жерде вагондарға техникалық тексеру жасап, жазылады. Егер пойызға жүк вагоны қойылса (жүк бөлімімен), онда ол құрамды жөнелту жолына бергенше тіркеп қояды.
Техникалық стансаларда қаламаңындағы құрамды дайындау және өңдеу дайындау және тұратын жолға беріледі.
2 Электр бөлімдерін өңдеу.
Келетін электр бөлімдерін өңдеу техникалық парктің жолдарына шегіндіріп немесе шегіндірмей-ақ жасайды. Бірінші жағдайда, жолаушыларды түсіріп болған соң, жинайтын бригада вагонның ішін құрғақ жинастырады. Локомотив бригадасы тоқтағаннан кейін басқа басқару кабинасына өтеді. Электропойыздар қабылдау жолынан жөнелтіледі. Электропойызды шегіндірмей-ақөңдеу техникалық парк жолдарында көрсетілген сурет 2.
Электрбөлімдерінде жиі жөндеу және профилактикалық тексеру, дайындау моторвагон депосында жасалынады. Электрбөлімдерін толығымен дайындау профилактикалық тексеру жүргізу тәулігіне бір рет жүргізіледі.
3 Қосарлап өңдеу және ұзартылған пойыздың ұзындығы.
Жолаушылар пойызының ұзартылған ұзындығы алыс және жергілікті қатынаста өңдеу стансаның қабылдап-жөнелту жолдарына қажет және жолаушылар платформасы сәйкес ұзындықта болуы керек. Мұндай пойыздарды өңдеу уақыты жай пойыздарды өңдеу нормативінен аспау керек, онда маневр жүрісіне қатысты операциялар есептелмегенде.
Қаламаңындағы қатынастағы қосарланған пойыздардың үзіліссіз жүрістегі уақыты, сондай-ақ бақшашылардың демалыс алдындағы және демалыс күндерінде тасымалдауы. Электропойыз құрамдарын біріктіру техникалық парк жолдарында жүргізіледі, оларды жолаушыларды отырғызуға береді. Стансаға олардың келіп-кетуін өңдеу үшін қабылдап-жөнелтетін жолдарды пайдаланып, алыс және жергілікті пойыздарды өңдеуде мамандандыру және олардың жеткілікті ұзындықта болуы.
4 Жолаушылар стансасындағы маневр жұмысы.
Маневрдың мақсаты мен түрлері.
Жолаушылар стансасындағы маневр құрылғыларына: тартым жолы, маневр локомотиві, тартуы және электрлебедкасы. Жолаушылар стансасындағы маневр локомотивінің негізгісі тепловоз. Жеке стансаларда пойыз электровозын құрамды отырғызуға бергенде пайдаланады немесе техникалық стансаға оларды жинағанда пайдаланады, сондай-ақ техникалық станса жағынан локомотив депосы орналасқан жерге ұзартылған ұзындықта құрамды ажыратады және қосады. Автотартулар техникалық стансаның жолдарында вагондарды ауыстырып қою жүк-пошта жолдарына және вагон-мейрамханаларды ауыстыру үшін пайдаланады. Электролебедка станса құрылғысы болады және тростың көмегімен вагондарды жолдан ауыстыруға қызмет көрсетеді, вагондарды көтеруге қолданады.
Жолаушылар вагонымен маневр жасау үлкен жауапкершілікті қажет етеді, сондықтан оларды шегіндіру арқылы жасайды. Жолаушылар стансасында 7-түрлі маневр жасалады:
құрастыру (стансадағы құрамға есептеу жүргізу);
қайта құрастыру (стансада есептеу жүргізіп және айналым кезінде вагондарды қою схема бойынша құрамды құрастыру);
құрам келген соң, оны бір парктен екінші паркке қою дайындау процессі және отырғызуға беру;
бір перрон жолына сыймағанда, біріктірілген және ұзартылған ұзындықта, жолаушылар пойызының құрамын ажырату және тіркеу (жолаушыларды отырғызған соң және пойыз келген соң 2 перрон жолдарына жолаушыларды түсіру үшін);
жеке вагондар және тіркеп-ағытатын вагон топтары;
жергілікті қызмет көрсету бекетінде солармен жүргізетін операциялар вагондарды беру және жинау (пошта-жүк алаңы, вагон-мейрамхана базасы, залалсыздандыру бекеті, залалсыздандыру бөлімі, жөндеу және т.б.);
басқалары (жолаушылар стансасында құрамды жуу мақсатында, сумен қамтамасыз ету, жөндеу және т. б.).
стансадағы еңбек өнімділігін арттырып және жүріс қауіпсіздігін сақтау үшін, 2 және оданда көп маневр локомотиві жұмыс істейді, парктер мен жолдар маневр аумағына бөлінеді. Маневр локомотивінің жұмыс істеуі 2 түрлі тәртіпте орындалады. Соның біреуі әрбір локомотивке белгілі бір маневр жұмысын бекіту, екіншісі – белгілі бір ауданға локомотивті бекіту, онда барлық маневр жұмысы орындалады.
