
- •1.Экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері.
- •2.Капитал айналымы. Капиталдың толық және ауыспалы айналымы
- •3.Кәсіпкерліктің ұйымдық экономикалық формалары:
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері.
- •2. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамтудың мәселелері
- •1. Экономикалық теорияның нарықтық идеологияны қалыптастырудағы рөлi.
- •2. Экологияның экономикалық мәселелері
- •2.Қоғамдық игіліктер және қоғамдық таңдау.
- •3.Халықаралық несие, түрлері. Капитал миграциясы
- •1.Қоғамдық дамудың өркениеттік теориясы.
- •2.Негізгі және айнымалы капитал. Амортизация.
- •3.Жұмыссыздық дегеніміз не? Түрлері, мәндері. Жұмыс күші
- •1.Постиндустриалдық экономика теориясы және қазіргі даму сатысының көріністері мен ерекшіліктері.
- •3.Лаффер қисығы нені сипаттайды?
- •1.Нарықтық экономика: мән-мағынасы және қазіргі кезеңдегі модельдері.
- •2.Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының қажеттілігі мен оның негізгі реттеу бағыттары.
- •3.Оукен заңы нені байланыстырады?
- •1 Құнның еңбектік теориясы.
- •2.Мемлекеттік реттеудің түрлері мен әдістері.
- •3.Филлипс қисығы нені көрсетеді? Қай жылы
- •1.Экономикалық ресурстар және негізгі өндіріс факторлары
- •2.Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.
- •3.Қаржы дегеніміз не? Атқаратын қызметтері
- •2.Циклдық толқуларды мемлекеттің реттеу мәселесі.
- •3.Мемлекеттік бюджет дегеніміз не? Бюджет тапшылығы, пайда болу себептері. Мемлекеттік қарыз дегеніміз не?
- •12-Билет
- •13-Билет
- •2. Нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттік сектордың алатын орны.
- •14-Билет
- •1. Сұраныс пен ұсыныстың теориясы және әдіснамалық және тәжірибелік рөлі
- •2. Жалақының түрлері мен формалары. Лоренц қисығы
- •1. Сұраныс пен ұсыныстың икемділіг теориясы, оның тәжірибелік маңызы
- •2. Фискалды саясат, оны іске асырудың мәселелері.
- •3. Валюталық курс оны реттеу тәсілдері. Валюталық жүйе
2.Қоғамдық игіліктер және қоғамдық таңдау.
Қоғамның көптеген тұтыну қажеттіліктері қоғамдық игіліктердің көмегімен қанағаттандырылады. Қоғамдық игіліктерді өндіру және олардың көмегімен тұтыну қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру әрбір мемлекеттің мүддесіне сәйкес келеді. Нарықтық экономика жағдайында сыртқы әсерлердің салдарынан қоғамдық игіліктер тиімді деңгейден аз өндіріледі. Сондықтан қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну нарықтық механизм жағдайында мемлекеттік реттеуді қажет етеді.
Таза қоғамдық игіліктердің бірқатар ерекшеліктері бар:
1) қоғамдық игіліктер бәріне ортақ болғандықтан, оларды тұтынудан ешкімді ажыратып тастау мүмкін емес. Таза қоғамдық игіліктерді тұтынғаны үшін ақы төлегісі келмеген адамдарды тұтынушылардың қатарынан шығарып жіберуге болмайды.
2) таза қоғамдық игіліктерді тұтынуда бәсекенің болмауы. Таза қоғамдық игіліктер барлық тұтынушыларға ортақ болып табылады;
3) таза қоғамдық игіліктерді өндіру және тұтыну жағымды сыртқы әсерлерді туғызады. Егер таза қоғамдық игіліктер бір адам үшін өндірілсе, онда оның пайдалылығын басқа да адамдар көреді.
Қоғамдық таңдау теориясы. Мемлекет нарық сәтсіздікке (фиаскоға) ұшыраған салаларға көмекке келеді. Қоғамдық таңдау теориясы жеке экономикалық бағыт ретінде 1960 жылдардың аяғында қалыптасты. Бұл теорияның пайда болуына көбінесе американдық экономист, Нобель сыйлығының иегері Кеннет Эрроу мен шотландтық экономист Дункан Блэк атсалысты. Олар экономикалық талдаудың принциптерін (шығындар мен табыстар прнициптері) үкіметтің саяси және экономикалық шешімдер қабылдау үрдісіне қолдануды мақсат етіп қойды.
3.Халықаралық несие, түрлері. Капитал миграциясы
Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:
Өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие байланысқан және қаржылық деп бөлінеді.
Ұсынылу формасы бойынша тауарлық және валюталық деп бөлінеді.
Берілу мерземі бойынша қысқамерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, онкольдік деп бөлуге болады.
Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады.
Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді.
Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі.
БИЛЕТ-6
1.Қоғамдық дамудың өркениеттік теориясы.
2.Негізгі және айнымалы капитал. Амортизация.
3.Жұмыссыздық дегеніміз не? Түрлері, мәндері. Жұмыс күші
1.Қоғамдық дамудың өркениеттік теориясы.
Экономикалық, мәдени, саяси байланыстардың өрістеуі нәтижесінде экономикалық, әлеуметтік, саяси формалардың біртектілігі күшейіп, халықтардың мәдени, ұлттық және діни салалардағы өзіндік ерекшеліктерін сақтауға ұмтылысы артады. Жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың оптимальды және тиімді механизмдерін айқындау процесі жүріп, жалпы адамзат игіліктерінің ортақтығы планетарлық өркениетті қалыптастырары даусыз айқын бола бастады. Сонымен бірге мұның өзі қоғамдық дамудың өркениетті теориясы қалыптасуының алғашқы кезеңі екенін де ескеруіміз керек.
Бұл халықаралық қатынастар саласы, қазіргі әлемдік мәселелер, экономикалық жаңғырту және т.б проблемалар.