Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еламан.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
99.53 Кб
Скачать

Сурет 9. Қытайға визаның түрлері

Қорытынды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында негізгі бағыттар, оның ішінде туристік сала жөнінде сөз қозғалған. Туристік саланың негізгі міндеті ретінде туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның туристік бағыт ретінде тартымдылығын арттыру көзделген болатын.

Әр мемлекет өз елінде туризм индустриясын дамытуға ұмтылады. Себебі, туризм саласы – халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың бірден-бір жолы болып табылады және халықаралық ынтымақтастықты, яғни бейбітшілікті нығайтуға өз септігін тигізеді.

Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін туризм, экономиканың басқа да салалары сияқты орталықтың қатаң қыспағынан шыға алмады. КСРО-дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық жағалауы, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болған еді. Өз кезегінде Қазақстанның архитектуралық, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекіліктері жарнамаланбады және қажет етілмеді. Қазақстандағы туризм индустриясының нашар даму себептерінің бірі оған экономиканың бір саласы ретінде мемлекеттік деңгейде көңілдің бөлінбеуі еді. Кешенді болжамға, ұзақ мерзімді жоспарлауға, туризмнің территориялық ұйымдастырылуына және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға дұрыс көзқарас болмады. Бұл саланы баяулатқан факторлардың бірі туризмнің арқасында жергілікті бюджетке қомақты қаржының түскеніне қарамастан, жергілікті басқару органдарының туристік қызметті басым бағыт деп танымауында жатыр.  Туризмнің дамуы, әсіресе әлемдік туризмнің дамуы, валюта түсімінің артуына, бюджеттің толығуына, жұмыссыздықтың азаюына, жұмыс орны нарығының кеңеюіне, ұлт табысының және өмір деңгейіне көтерілуіне, қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының гүлденуіне, тұрақты дамуына мүмкіндік берген болар еді. 

 Туризм дамуының басты проблемаларының бірі туристік кадрларды дайындау мәселесі. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік, жеке меншік және Ресей филиалдарын алатын болсақ, 28 оқу орнында туризм менеджерлері мамандығын дайындайды. Бұл дайындық 1992 жылдан бастау алғанымен, әлі күнге дейін туристік саланы кадрлық жағынан қамтамасыз ету өз деңгейінде болмай отыр. Көптеген жоғары оқу орындарында бұның басты себебі оқытушылар құрамының Қазақстанның туристік потенциалы жөніндегі білімінің және туристік саладағы қызмет тәжірибесінің жеткіліксіз болуы. Осыдан келіп, мамандарды даярлау отандық туристік рекреациялық ресурстар мазмұнын, технологиясын жеткілікті түсінбеуден, туристерді қабылдау кезіндегі әдіс-тәсілдерді толықтай меңгермеуден өз дәрежесінде болмай отыр. Сол себепті жоғары оқу орны түлектерінің басым бөлігі туроператорлық функцияны толықтай атқара алмай отыр

Біз өндірістік практика өту барысында кәсіпорын қызметінің жалпы сипаттамасымен, Тил-тур туристік компаниясының пайда болу тарихымен, кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарымен, серіктестерімен, жабдықтаушыларымен, бәсекелестерімен т.б. таныстық. Кәсіпорынның басқару құрылымын зерттеп престиж туристік компаниясының басқару құрылымы линиялық ұйымдық құрылым болып табылатындығын анықтадық. Персоналды басқару аспектілері мен әдістеріне тоқталып өттік. Кәсіпорында жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару ережелерін қарастырдық. Ынталандыру әдістерін меңгердік. Кәсіпорында еңбекақының алатын рөлін танып-білдік. Престиж туристік компаниясының 2013 жылғы маусым-шілде айлары арасындағы негізгі экономикалық көрсеткіштерін талқыладық. Кәсіпорын қызметінің баға саясатын зерттедік.