
- •2. Атмосфераның химиялық құрамы.
- •Бақылау сұрақтары :
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Тақырыбы: Атмосфераның ластануының антропогендік ошақ- көздері.
- •Дәрістің мақсаты: Атмосфераның ластануының антропогендік ошақ- көздерімен танысу.
- •1. Атмосфераның антропогенді апатты ластануының тарихы. Транспорт және ауа,өндіріс және ауа қабаты. Пайдалы қазбаларды қазып алу және ауа.
- •2. Атмосфералық ауаның ластануын ескерту(құқықтық, экономикалық, техникалық аспектілер). Санитарлық зоналар. Ластаушы заттардың өсімдіктер, жануарлар дүниесіне әсері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1. Судың қасиеттері және ондағы тірі зат.
- •2. Жер планетасы және су қабаты.
- •3. Табиғи және ластанған сулардың химиялық құрамы. Ластанудың алдын-алу мәселелері. Су айналымы.
- •4. Су қажеттілігінің мөлшері.
- •5. Судың өздігінен тазаруы. Су айналымы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2. Топыраққа антропогендік әсер түрлері. Топырақтың бұзылу, яғни топырақтың физикалық-химиялық әсер-ықпалдарға ұшырауы және онымен
- •3. Топырақ биосфераның экологиялық күрме түйіні іспеттес. Топырақта жер қыртысы, гидросфера аралығында зат айналу процесінің тұйықталуы жүреді.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Тақырыбы: Қоршаған ортаның осы кездегі проблемалары. Топырақ эрозиясы (жел, су, жер суару). Топырақтың екінші рет тұздануы және т.Б. Рекультивация.
- •2.Топырақтың екінші рет тұздануы. Рекультивация.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1.Жерді ұтымды пайданалудың және қорғаудың құқықтық нормалары.
- •2. Халықаралық табиғи ресурстар.
- •Айнала табиғи ортаны қорғау обьектілерінің халықаралық классификациясы
- •3.Халықаралық құқық принциптері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2. Балқаш өңірінің экологиялық мәселелері.
- •3.Каспий маңының экологиялық мәселелері.
- •4.Семей аймағының экологиялық мәселелері.
- •Бақылау сұрақтары:
2. Атмосфералық ауаның ластануын ескерту(құқықтық, экономикалық, техникалық аспектілер). Санитарлық зоналар. Ластаушы заттардың өсімдіктер, жануарлар дүниесіне әсері.
Ауаны ластаушы заттарды зерттегенде туатын қорытынды – бұл тірі организмдер үшін таза ауаның маңызы зор екендігі. Егер ауаның құрамындағы шаң мен тозаң 0,02 мг/м3-ден артық болмаса, ондай ауа таза болып есептеледі. Көп жылдар бойына жиналған мәліметтерге қарағанда ауылдық жердегі ауада шаң-тозаң 0.05-0.1 мг/м3, ал қалаларда – 2,5-3 мг/м3 болады. Өкінішке орай, кейбір өндіріс орталықтарында бұл көрсеткіш 100 мг/м3-ге дейін жетіп жатады.
Атмосфералық ауаны таза сақтау шараларын жүзеге асырғанда мына жағдайларды ескерту қажет:
- таза ауа жер шарындағы тірі организмдердің бәріне де керек;
- ауаның тазалығы адамдардың іс-әрекетінен бұзылады;
- ауадағы зиянды заттар үлкен жылдамықпен алыс аймақтарға тарап жатады.
Атмосфералық ауа мемлекеттік шекарамен санаспай, ластаушы заттар бір орында тұрмай, үнемі көшіп жүреді. Атмосфераның жоғарғы қабаттарында ауа көлденең бағытта сағатына 100-150 км жылдамдықпен, қозғалып алыстағы елдердің үстіне жетіп жатады.
Мысалы, Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен жыл сайын 140 млн тонна шамасында шаң-тозаң, тұз қалдықтары ауаға көтеріледі. Олардың мөлшері үлкен, салмақтылары 800-1000 км-ден кейін жерге қайта түседі де, уақ және жеңілдерді Беларусь, Литва, Монғол жеріне дейін тарайды.
Атмосфералық ауаны таза сақтаудың ұйымдық шаралар жүргізіледі.
Қазақстан республикасында 1951 жылдан бастап 446 химиялық заттар мен олардың 33 түрлі қосындыларының қалдықтарын ауаға жіберуге болатын шектеулі-рұқсат етілген мөлшері белгіленіп, іс жүзінде қолданылып келеді. Рұқсат етілген мөлшер басқа елдермен салыстырғанда 2-ден 100 есеге дейін кем тағайындалған.
Осы шектеулі – рұқсат етілген мөлшер әр дайым сақталып, бұзылмай отырса әрине, ауа таза болып, адамдарға қауіпті болмас еді. Ауаға жіберуге шектеулі – рұқсат етілген мөлшерлер (CH 245-71 және CH-245-81)құжаттар бір жолды және орта тәуліктік болып екіге бөлінеді.
Бір жолғы барынша көп мөлшер технология ерекшелігіне байланысты немесе апатқа ұшырағанда зиянды қалдықтарды ауаға бір дүркін жіберуді ескереді. Мұнан кейін 20 минут бойына адамдар қосымша иіс, сәуле, күндегіден өзгеше ешнәрсе сезінбеуі керек.
Орта тәуліктік мөлшер – тәулік бойы ауаның ластануы көп немесе аз болатын мезгілдерді ескеріп белгілі уақытта, белгілі нүктеде сынауға алынған ауаның құрамын тексеріп, орта арифметикалық шамасын анықтайды.
Төменде ауаға жіберуге болатын зиянды қалдықтардың шектеул рұқсат етілген мөлшері келтірілген. Бұл мөлшерлер адамдардың денсаулығына, көңіл күйіне, сана-сезіміне және жұмыс істеу қабілетіне зиянсыз болып есептеледі.
Зиянды заттар |
Мг/м3 | |
Бір жолғы барынша көп |
Орта тәуліктік мөлшері | |
Азот қостотығы Аммиак Ацетатальдегид Ацетон Бензин Бутон Бензапирен Капролактан(буы, ұшқын,тозаңы) Карбафос Марганец Метанол Мышьяк Пропилен Нафталин Уытсыз шаң Пеницилин Сынап Күйе Қорғасын Күкірт қышқылы Күкірттің құрғақ тотығы Күкірттісутек Көгеретін қышқыл Тұзды қышқыл Стирол Тетрациклин Көміртек тотығы Сірке қышқылы Фенол Фосфордың құрғақ тотығы Фтор қоспалары Хлор Хлорофос Эталон Этилацетат Этилен |
0.085 0.2 0.01 0.35 5 200 - 0.06 0.015 - 1 - 3 0.003 0.5 0.05 - 0.15 - 0.3 0.5 0.008 - 0.2 0.003 0.01 3 0.2 0.01 0.15 0.02 0.1 0.04 5 0.1 3 |
0.085 0.2 0.01 0.35 1.5 - 0.1мкг/100м3 0.06 - 0.01 0.5 0.003 3 0.003 0.15 0.0025 0.003 0.05 0.007 0.1 0.05 0.008 0.01 0.2 0.003 0.006 1 0.06 0.01 0.05 0.005 0.03 0.02 5 0.1 3 |
Мемлекеттік санитарлық – бақылау және табиғатты қорғау жөніндегі мекемелер осы шектеулі рұқсат етілген мөлшердің, әсіресе ауаны негізгі ластаушылар болып саналатын өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс және көлік кәсіпорындарында, қатаң сақталуын бақылап, тиісті шаралар алып отыруға міндетті.
Өсімдіктер үшін де зиянды қалдықтардың арнаулы шектелуі – рұқсат етілген мөлшері бекітілген. Мысалы, ластанған ауа әсерінен кейін 5 минут өткен соң фотосинтез процесі 10 проценттен артық азайып, күкіртті газ мөлшері 1-5,2мг⁄м3 болғанда кейбір өсімдіктерде көзге әзер көрінетін сәуле пайда болса – бұл бір жолғы барынша көп мөлшер болып саналады.
Ауадағы ластаушы заттардың шектеулі – рұқсат етілген мөлшері кейбір өсімдіктер үшін мынадай болып бекітілген.
мг/м3 | |||
|
Күкіртті газ |
аммиак |
формальдегид |
Кәдімгі сирень |
0.25 |
9 |
- |
Кәдімгі барбарис |
0.5 |
- |
- |
Арша |
0.65 |
5 |
20 |
үйеңкі |
2 |
- |
- |
Ластаушы заттары көп кәсіпорындарды жобалағанда оларды елді мекендерден алысырақ орналастыру көзделеді. Келтіретін зиянына қарай барлық кәсіпорындар 5 класқа бөлініполармен тұрғын үйлер арасында санитарлық-сақтану аймағы болу керек. Кәсіпорындардың қай классқа жататыны СН-245-71 құжатқа сәйкес анықталады.
I-классқа жатқанкәсіпорын мен тұрғын үйлер аралығында санитарлық сақтау аймақтың ені 1000 метрден кем болмауы керек. Бұл классқа аммиак, азот қышқылын, азотты тыңайтқыштар шығаратын, мақта, мұнай, газ қорғасын рудасын, сынап, мышьяк, марганец қазатын кәсіпорындар жатады.
II-классқа жататын кәсіпорындар мен тұрғын үйлер аралығындағы санитарлық-сақтау аймақтың ені 500метрден аз болиауы керек. Бұл классқа сода, селитра, пластмас, асбест өндіретін, қоректік ашытқы, магний, шойын, қорғасынды аккумултор, мырыш, мыс никель шығаратын, фосфорит, апатит, жаңғыш тақта тас, темір рудасын қазатын, гипс, әк, асфальтобетон шығаратын, жасанды тері өнімін өндіретін, сүйек күйдіретін, май ертетін кәсіпорындар жатады.
III-классқа жататынкәсіпорындар мен тұрғын үйлер аралығындағы санитарлық-сақтау аймақтарының ені 300метрден аз болмауы керек. Бұл классқа битум, лак, олифа,пенопласт, керамзит, шынылы мақта, толь, рубероид, антибиотиктер шығаратын, шикі мал терісі мен аң терілерін өңдейтін, жүн жуатын, мал соятын кәсіпорындар жатады
IV-классқа жататынкәсіпорындар мен тұрғын үйлер аралығындағы санитарлық- сақтау аймақтың ені 100метрден аз болмауы керек. Бұл классқа қағаз, сабын, кір жуатын заттар, электр қуатымен жұмыс жасайтын машиналар мен жабдықтар, кабель, қазан, электрод, ыдыс-аяқ, шыны, мата шығаратын, жіп иіретін, тас, тұз қазатын, сыр қайнататын, ет пен балық қақтайтын, көкөніс өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар жатады.
V-классқа жататын кәсіпорындар мен тұрғын үйлер аралығындағы санитарлық-сақтау аймақтың ені 50 метрден аз болмауы керек. Бұл классқа көмірқышқылын, ″құрғақ″ мұз, бояу, жиһаз шығаратын, типография, киім тігетін, нан пісіретін, лай өңдейтін, макарон, сыра, шарап шығаратын кәсіпорындар жатады.(29).
Қажет болған жағдайда санитарлық-сақтау аймақтарын кеңейтуге болады. Мұндай аймақтарға ағаштар, бұталар отырғызылып, кедергі, қалқандар жасалып кәсіпорынның зиянды заттары тұрғын үйлерге өтпеуін ойластырады. Егер санитарлық-сақтау аймағынан келетін пайда шамалы болса, онда кәсіпорынды қаладан тысқары жерде орналастыру қажет.
Мал шаруашылық комплекстері мен тұрғын үйлер аралығындағы санитарлық-сақтау аймақтардың ені мына мөлшерден аз болмауы тиіс:
Метр
5 мың бас қара өсіріп, 500
бордақылағанда
Мал басы он мыңнан көп болса 1000
12-24 мың бас шошқа 1500
баққанда
54 мың бас шошқа 2000
баққанда
100 мың тауық пен 300
1 млн бройлер өсіргенде
400 мың тауық пен
3 млн бройлер өсіргенде 1000
800-1200 бас сауын сиыр 300
баққанда
2000 бас сауын сиыр 500 баққанда
1.Автомашиналар зиянды газдарын азайту, әсіресе жүк таситын ауыр машиналардың көшелерде жүруін реттеу керек. Оларды барлық көшелермен жүргізбей, белгілі бір көшелермен немесе қаланың сыртындағы жолмен айналып жүруін белгілеп, бензин орнына газ бен түретін жасаса, зиянды газдарды ұстайтын қондырғылар (катализаторлар) мен жабдықтап, светофор алдында көп тұрмайтын етіп, көшелерде бір бағытта ғана жүретін болса ауаның ластануын бір шама азайтуға болады.
Чех республикасында бензиндегі қорғасын мөлшерін 0,4 граммнан 0,15 граммға дейін азайтуға қол жетті. Қазір олар бензинді қорғасынсыз шығару жолдарын іздестіруде.
Ауаны ластаудан сақтаудың келешегі бар бір жолы-электр және бу қуатымен жүретін автомашиналар ойлап щығару адамдарды, жүкті электр көлігімен немесе құбырлар арқылы тасымалдау.
Диаметрі 1020 және 1200мм, құбырлармен сағатына 40-50 километр жылдамдықпен құм, қайыршық тас, руда, материалдар мен дайын өнімдер тасуға болады. Компрессорлар, вакуум сорғыштар құбыр ішіне күшті жол үріп жүк тиелген вагондарды жүргізеді. Сумен араластырып көмір, руда т.б. шикізатты да тасымалдауға болады, Құбырмен жүк тасу Грузия, Украинада, Ресейде бар. АҚШ пен Жапонияда олар тіпті көп қолданылады.
2. Ауыл шарушылығындағы басты міндет – уты аз пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар ойлап табу, олардың қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау. Өздері тез іріп-шіріп,топырақта, суда, ауада көп сақталмайтын болса, зиянды әсері тек өсімдік жаулары мен арам шөптерге ғана тиіп, басқаларға зиянсыз болса дұрыс болар еді.
Өсімдіктерді химиялық жолмен қорғағаннан гөрі биологиялық жолға көшкен тиімді. Өсімдіктердің жауларына ауыру жұқтырып (бактерия, вирус-жұқпалы ауыруды қоздырушы микроб, саңырауқұлақ т.б.), немесе олардың жауларын көбейтіп күресу биологиялық әдіске жатады.
3. Ескерген, артта қалған технологияны жаңартып, экологиялық таза жұмыс істеуге көшу қажет. Қалдықты аз беретін немесе қалдықсызжұмыс істейтін өндірісті ластыру үшін түрлі саладағы кәсіпорындарды біріктіріп, бірінің қалдығын екінші пайдаланып іске жартатын етсе, тау-тау болып үйіліп жатқан зиянды қалдықтардан құтылар едік.
Мысалы, қара түсті металлургия қалдықтары шлак, шлам, күл, құрылыс материалдары кәсіпорындарында түйірленген шлақ, ұсақталған тас, құм, шлакты мақта, шлакты пемза(жеңіл,кеуек тас, затты тазартуға, ажарлауға қолданылады) шығаруға жарайды.
Құрылыс алаңында рулон, бояушы заттар қалдықтарын тозған резеңке доңғалықтарын т.б. өртегенше олардан шифер шығаруға, ұнтақтарын асфальтбетонмен араластырып, су жібермейтін қабат жасауға болады.