- •5В050506 Экономика, 5в050507 Менеджмент, 5в050508 Есеп және аудит, 5в050509 Қаржы мамандықтары үшін
- •Астана 2012
- •Мазмұны
- •1. Силлабус
- •5.4 Оқу пәнiнiң мазмұны.
- •5.5 Оқу пәнін оқытудың жоспары
- •6) Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •6.2 Қосымша әдебиет
- •7) Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •8) Оқу пәнінің талаптары
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау
- •Микроэкономиканың пәні және методологиясы
- •Сұраныс пен ұсыныс теориялары. Нарықтық тепе-теңдік
- •Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері
- •Өндіруші теориясы. Өндіріс функциясы
- •Өндіріс шығындары және пайда
- •Нарықтық құрылымдар. Жетілген бәсеке жағдайындағы ұсыныс және пайданы мейлінше арттыру мәселесі
- •Жетілмеген бәсеке нарықтары. Таза монополия нарығы және монополиялық билік
- •Монополистік бәсеке нарығы
- •Олигополия нарығы және оның модельдері
- •Өндіріс факторларының нарықтары. Еңбек нарығы
- •Капитал және жер нарықтары
- •Жалпы тепе-теңдік және экономикалық тиімділік
- •Асимметриялық ақпарат нарықтары
- •Сыртқы әсерлер теориясы
- •Қоғамдық игіліктер және қоғамдық таңдау теориясы. Экономикадағы мемлекеттің рөлі
- •4. Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •Оқу құралы
- •Есептер жинағы
- •Ғылыми журналдан мақалалар
- •Нормативті құжаттар
- •5. Семинар, практикалық және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау
- •4‑Тақырып. Өндіруші теориясы. Өндіріс функциясы
- •Таза монополия нарығы және монополиялық билік
- •15Тақырып. Қоғамдық игіліктер және қоғамдық таңдау теориясы. Экономикадағы мемлекеттің рөлі
- •6. Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •2‑Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориялары. Нарықтық тепе-теңдік
- •4‑Тақырып. Өндіруші теориясы. Өндіріс функциясы
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Таза монополия нарығы және монополиялық билік
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •15Тақырып. Қоғамдық игіліктер және қоғамдық таңдау теориясы. Экономикадағы мемлекеттің рөлі
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •7. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
Нарықтық құрылымдар. Жетілген бәсеке жағдайындағы ұсыныс және пайданы мейлінше арттыру мәселесі
Мақсаты: нарықтық құрылымдар туралы жалпы түсінікпен таныса отырып, нарықтағы фирмалардың жетілген бәсеке жағдайындағы шарттары мен қабылдайтын шешімдеріне талдау жасау. Қысқа және ұзақ мерзімдегі пайданы арттыру мәселелерін де қарастыру. Ол үшін дәріс жоспарында мына сұрақтар қарастырылу қажет.
Дәріс сабағының жоспары:
Нарық құрылымы туралы түсінік. Нарық құрылымдарының негізгі ережелері.
Жетілген (таза) бәсеке нарығының моделі және оның шарттары. Бәсекелес фирманың тауарына деген сұраныс.
Жетілген бәсекелес фирманың пайданы мейлінше арттыруы және оның әдістері.
Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімдік ұсынысы.
Жетілген бәсекелес фирманың ұзақ мерзімдегі тепе-теңдігі және тауарлар ұсынысы.
Негізгі ұғымдар: кәсіпкерлік фирма; бәсекелес фирма; жетілген бәсеке; өндіріс саласы; еркін кіру; еркін шығу; салалық тепе-теңдік; шекті түсім; шекті пайда; іс-әрекетті тоқтату нүктесі; ұсыныстың қысқа мерзімдік қисығы; ұзақ мерзімдік бәсекелестік тепе-теңдік; пайда парадоксы; сала ұсынысының ұзақ мерзімдік қисығы; шығындары өзгермейтін сала; шығындары өспелі сала; шығындары кемімелі сала; т.б.
Тақырыптың қысқаша мазмұны.
Бағаның қызмет етуіне байланысты, нарықтық заңға сәйкес сұраныс пен ұсыныстың еркін ойыны арқылы анықталатын нарық – жетілген бәсеке нарығы деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығындағы фирманың әрекетін талдау фирманың шығарылым көлемін таңдау ұстанымдары туралы сұраққа жауап іздеуге негізделеді.
Жетілген бәсекелес фирма – бұл нарықтық бағаға әсер ете алмайтын және оны «берілген» деп қабылдайтын, сонымен қатар, оның әрекет ету сипаттамасы нарықтағы қалыптасқан жағдайларға бейімделетін фирма.
Жетілген бәсеке нарығындағы фирмалар біртекті тауарлар өндіретіндіктен, жеке алынған фирманың өніміне деген сұраныс абсолютті икемді, ал сұраныс қисығы көлденең сызықты болып табылады.
Жетілген бәсекелес фирманың өніміне деген сұраныс абсолютті икемді болып табыла отырып, оның сұраныс қисығы шекті табыс қисығымен сәйкес келеді, бұл өз кезегінде фирманың нарықтық бағаны басшылыққа ала отырып шығарылым көлемі туралы шешім қабылдауға итермелейді. Фирма өз пайдасын шекті шығындар нарықтық бағаға тең болғандағы шығарылым көлемі кезінде максималдайды.
Қысқа мерзімде жетілген бәсекелес фирманың ұсыныс қисығы өндірістің қысқа мерзімді шекті шығындарының орташа өзгермелі шығындармен қиылысуындағы жоғарғы кесіндісімен сәйкес келеді:
- өндірістің орташа шығындарынан жоғары баға кезінде фирма экономикалық пайда алады;
- бағаның өндірістің орташа шығындарына тең болуы кезінде фирма нөлдік пайда ала отырып, өзін-өзі өтеу жағдайында болады;
- фирма шығындарды ең аз деңгейге жеткізе отырып бағаның минималды орташа өзгермелі шығындарымен тең болғандағы шығарылым көлемін жүзеге асыруы қажет.
Жетілген бәсекелестік жағдайында ұзақ мерзімді уақытта MC=MR=AC=P теңдігі сақталады. Тепе-теңдік жағдайында осы белгілі бәсекелестік саланың барлық фирмаларының шығындары бірдей болуы керек деген парадокс туындайды.
Жетілген бәсеке нарығында салаға кіріп-шығу тосқауылдарының жоқ болуы ұзақ мерзімде нарықтық ұсыныстың ұлғаюы есебінен экономикалық пайданың жоғалуына себепші болып табылады.
Жетілген бәсекелі фирманың және саланың ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік жағдайы нарықтық баға өндірістің ұзақ мерзімдегі минималды орташа шығындарына тең болған уақытта орындалады, яғни фирмалар нөлдік экономикалық пайданы ғана ала алады.
Қысқа мерзімдегі нарықтық (салалық) ұсыныс бағаның әрбір жеке деңгейінде жекелеген фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс көлемдерін көлденеңінен қосу арқылы анықталады.
Салалық ұсыныстың ұзақ мерзімдегі қисығы өндіріс факторларына деген бағалардың өзгеруіне байланысты қалыптасады және оның көлбеулігі мынадай болуы мүмкін: а) көлденең түзу сызықты, егер өндіріс факторларының бағалары салалық шығарылым көлемін кеңейту кезінде өзгеріссіз қалса; ә) жоғары бағытталған өспелі қисық түрінде, егер факторлардың бағалары өссе; б) төмен бағытталған кемімелі қисық түрінде болуы мүмкін, егер өндіріс факторларының бағалары төмендейтін болса.
Жетілген бәсеке нарығы әрекет етудің мынадай шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді, яғни жетілген бәсеке жағдайындағы фирма баға шекті шығындарға және де өндірістің ұзақ мерзімдегі минималды орташа шығындарына тең болғандағы сату көлемін таңдайды.
Жетілген бәсеке нарығы әрекет етуді қамтамасыз етудің аса тиімді әдісі болып табылады, яғни бұл жерде өндірістік ресурстарды аса ұтымды түрде пайдалану жүзеге асырылады және өндіріс үрдісі ең аз шығындармен және аса арзан тәсілдермен орындалады.
Қорытынды
1. Нарық құрылымы деген ұғым мынадай факторлармен анықталады: 1) саладағы фирмалардың саны және олардың ауқымы; 2) фирмалардың өндіретін өнімдерінің түрлері (стандартты және ерекшеленген); 3) фирмалардың салаға кіру және одан шығып кету мүмкіндіктері.
2. Жетілген бәсеке нарығы дегеніміз – нарықтағы бағаға әсер ете алмайтын және оны өзгерте алмайтын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылымның бір типі.
Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар.
Нарықтық құрылымның не екенін жақсылап түсініп алу қажет. Нарықтық құрылымның түрлеріне бәсекенің қандай түрлері жататынын да білу қажет. Жетілген бәсекенің негізгі шарттарына маңызды түрде көңіл бөлу қажет. Жетілген бәсекелес фирманың қысқа және ұзақ мерзімде қабылдайтын шешімдерін анықтай білу керек.
7-тақырып. Жалпы шолу дәрісі
