Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф ЕНУ 703-08-12 УМКД ев. техн 2 кредит.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
793.6 Кб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәннің оқу-әдістемелі кешені

Басылым: үшінші

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк

Еуразиялық зерттеулер кафедрасы

(кафедраның атауы)

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Әлеуметтік ғылымдар

факультетінің деканы

Т.С. Садықов

_______________________

________________20____ж.

Техникалық-жаратылыстану мамандығының(тарының) білім алушылары үшін

(мамандықтың шифры және атауы)

ЕТР 21 12 Еуразияшылдық: теория және практика

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені

Астана 2013

Р.2.Силлабус

1.Пән оқытушысы: Шыныбеков Болат Шамкенұлы, еуразиялық зерттеулер кафедрасының аға оқытушысы.

Кафедраның байланыс телефоны: 8 (7172) 434886; bolat2008_65@mail.ru

Ғылыми мектеп: Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Ғылыми қызығушылығы аясы: Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы, Еуразия халықтары тарихы мен мәдениетін зерттеу.

2. Пәннің аты- ЕТР 2112- Еуразияшылдық: теория және практика, 2-кредит

3. Оқу пәнінің жүргізілу уақыты мен орны- сабақ кестесіне сәйкес.

4. Оқу пәндерінің деректемелері (пререквизиттер және постреквизиттер) тарих, мәдениеттану, әлеуметтану, экономика негіздері.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы Аталған пәнде еуразияшылдық идеясының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері толық қамтылады. Сондай-ақ, Қазақстанның еуразияшылдық идеясының мән-маңызы мен жүзеге асырылу жолдары қарастырылады.

5.1. Оқу пәнінің бағыты. Еуразияшылдық идеясының туындауының тарихи кезеңдері, әртүрлі ағымдары, қоғамдық-саяси ой-пікірлері туралы, Еуразиялық эконо­ми­калық интегра­ция­ның болашағы, Еуразиялық интеграцияның экономикалық негіздері, ЕурАзЭҚ-тың дамуының практикалық нәтижелері

туралы және еуразияшылдыққа қатысты қазақстандық жоба жайында оқытылады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты: еуразияшылдық идеяның тарихын және оның қазіргі замандағы тәжірбиелік мәнісін зерттеу.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

1.Еуразияшылдықтың теориясы мен практикасы және осы идеяға қатысты қазақстандық жоба туралы жүйелі білім игеру.

2. Еуразияшылдық туралы алған іргелі білімдерін ғылыми зерттеулерде қолдану.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны. Еуразияшылдық: теория және практика курсы еуразияшылдық идеясы мен оның қайнар көздері хақындағы басты тұғырнамалар турасында ең негізгі және қажетті мәліметтер беру мақсатындағы дәрістер мен практикалық сабақтар беруді көздейді. Еуразияшылдық идеясы бұған дейінгі түрлі еуразиялық зерттеулер бағытында – негізінен орыс қоғамдық – саяси ғылыми ойының жемісі болып табылатын ойлар жүйесі мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық жаңа жобасы негізінде жаңа үрдістер мен түрленулерге ие болды.

5.5. Пәннің пререквизиттері. Қазақстан тарихы, Мәдениеттану, Философия, Саясаттану.

5.6. Пәннің постреквизиттері. Әлем тарихы, Еуразия халықтарының тарихы, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, Орталық Азия елдерінің мәдениеті.