Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
динтану.doc
Скачиваний:
188
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
361.47 Кб
Скачать

Дәріс №8

Тақырыбы: Африка және Америка континенттеріндегі ежелгі халықтар діндері

1. Африкадағы діндер туралы айту өте қиын, себебі осы күнге дейіп жүздеген және мыңдаған майда тайпалардан бастап үлкен мемлекеттік одақтар бар. Бұл континентті зерттеудің өзі де осы 150 жылдан аса қоймайды. Соның өзінде де осы кезеңге дейін «Қараңғы» континент болып қалып отыр. Ғылыми жорамал бойынша «Біздің барлығымыз африкандықпыз» деген зерттеу фактілерімен санассақ, бірінші «адамдар» осы континенттен шығып тарады дейді. Мұндай жорамалда (гипотезада), бірнеше миллион жылдар бұрын шығыс Африка бөлігінде бірнеше гоминид (ерте жабайы адамдар) өмір сүрген. Олар 4 млн. жыл бұрын қазіргі Танзания және Эфиопия төңірегінде өмір сүрген дейді. 2 млн. жыл өткеннен соң, олар шығыс Африкаға таралып әр түрлі гоминидқа айналған. 1 млн. жылда олардан гомо эректустар (тік жүретін адам) бөлініп шығады. Олар бірте-бірте басқа географиялық континенттерге тарай отырып адамзаттың мәдени қайнар көзі болған.

Зулус діні тікелей зулус деген деревня (ауыл) өмірінің атымен қойылған деседі. Діни көзқарастары Зулу халқының дінін ерте дәуірден зерттеу ешбір мүмкіндік болмағандықтан, тек Чака көсемінің тұсындағы өмірлерімен байланысты хабарлар арқылы қарастырылады.

Зулу діни өмірінде сегіз діни кейіпкер үлкен рөл атқарады.

1. Көсем - абыз (жрец) - мұрагерлік дәреже - барлық ауылдың бастығы және барлық діни салт-жораларды басқаратын адам. Оның тағы да саяси‑әлеуметтік қызметтері де бар.

2. Сауегей (прорицатель) - болжаушы. Әр түрлі сыйқырлық іс-әрекеттер жасайды. Жаман нәрселерді күні бұрын болжап біледі. Оларға қарсы (болдырмау үшін) іс-әрекеттер жасайды. Көбінде сәуегейлік рөлді әйелдер орындайды.

3. Тәуіп (знахрь). Зулу тәуіптері - «кәсіби» дәрігерлер. Олар өсімдіктерден әр түрлі дәрі-дәрмектер жасауда, осы күнге дейін халық дәрігерлерінің атағына ие болған адамдар көп.

4. Аспан-бақташы (небесный пастух) - Аспан Құдайы, еркек мүсінді. Олардың атқару қызметі көсемнің іс-әрекетімен тығыз байланысты. Олар - жауын жауғыза алатындар. Найзағайларды игереді. Олар сайлау алдына иницианция - ритуалынан өтеді - (бетін тіліп із қалдырады...).

5. Сыйқыршы, әзәзіл (чародей) - жаман жағдайларды өзгерте алады. Ашу мен кайғыға толған адамдар сыйқыршыға барып мұңын шертеді.

6. Мыстан кемпір (ведун, ведьма) - қараңғы өмірден күш алады. Оның істері жасырын. Ашуланса кез келген адамды ауыруға ұшыратады, түнде ұшып жүреді...

7. Кешірушілер (умилостивитель) - кешірімпаз адамдар. Кек сақтамайды...

8. Ауыру (пациент) - кез келген адам болады. Оларды әр түрлі ауырудан жазу керек.

Қазіргі кезде ислам дінінің беделі көптеген Африкандық қалаларда өсіп келеді. Мұсылмандардың қалалары мен елдері: Мавритания, Сенегал, Гвинея республикасы, Мали, Нигери, Солтүстік Нигерия, Орталық республика Чад, Судан, Сомалиде. Африкандық христиандардың көпшілігі ЮАР, Ұғанди, Оңтүстік Камерун, Либерияда. Бұл жерлерде Христианның католик және Протестант діндерінің ағымдары таралған.

Мезоамерика (Орта Америка) діндері. Мезоамериканың діни тарихы олардың қалалары және қалалық символдармен тығыз байланысты. Олардың сапалы қалалары, зәулім көшелері, ритуалдық ортақтары дүние жүзілік мәдениеттен қалыспай сол бір қатарда: Қытай, Месопотамия, Египет, Индия, Нигерия, Перу елдерінің деңгейінде тұрғандығын көрсетеді.

Mезоамерика - 7 майда мемлекеттен тұрады: Мексика, Гватемала, Белиз, Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Косто-Рико елдері. Осы елдердің урбанизациялық үрдісі б.д.д. 2 мың жылы басталып ХҮІ ғасырға дейін бізге жетті. Олардың дүниетанымдық көзқарасы діни көзқараспен - әлемді тану, әлемді өзгерту, әлемді түсіну тұрғыда өтіп жатты. Мысалы, әлемді өзгерту ‑ эологиялық комплекс үйлер, қалалар мен пирамидалар, храмдар Әлемді түсіну - адамның денесін әлеммен байланыстыру - космология, ритуал, монахтардың сословиялары, абыздар, қолбасшылар, астрологтар, ршуалды құрбан шалу... Әлемді жаксарту - әр түрлі ритуалдар арқылы күннің шығуына, күнге, аспанға арнап құрбан шалу. Үш негізгі элемент: ритуалдық орталық, Құдайлық жер, адамның орны.

Ацтектердін діни әдет-ғұрыптары. 1519 жылы Кортес 500 әскермен ацтектердің орталығы Теночтитланға келгенде, ацтектің қолбасшысы Моктесума Шокойцив Кортесті өздерінің аңызға айналған абыз-көсемі (ХІг.) Тольтексим келді деп қабылдады. Себебі XII ғасырдан бастап Топилцина Кецалькоатляға арнап көптеген оқиғалар, аңыздар, өлеңдер, өнерлер және мүсіндер салып, оны Құдай бейнесіне теңеді.

Топилицина Коцелькоатля Құдайы ғарыштан келген, Құдай күшіне енген, халыққа діни әдет-ғүрыптар алып келді деп санайды. Оның өмірі туралы, пьесаның жеті актысына үқсатыи суреттейді. 1) Оның таңғажайып тууы; 2) оның ритуалдық істері, әстетикалық жәвс этикалық жолындағы тәжірибелік үлгілері; 3) жаңа шығып, туып отыру 4) тамаша мемлекет және астана тұрғызу; 5) оны қастандықпен қүлату, 6) шет елге қуу; 7) оның өлімі және Венера жүлдызына айналуы Осындай мифтік аңыздар сол ацтектердің діни негіздерін құрады.

Ацтектердің күнделікті өмірдегі әдет-ғүрыптары, салт-жоралары, мифтік көзқарастары, оздерінің бас Құдайы Кецалькоатляның аңыздык өмірбаянымен тығыз байланысты өтеді. Кецалькоатл аңызы бойынша оның анасы Чимальма (щит Земли) зүбәржатты (тасты) жұтып жүкті болады да, Кецалькоатлды өмірге келтіреді. Ол атасы мен әжесінің колында жеті жасқа дейін тұрып әр түрлі салт-жораларды үйреніп аскетке айналады. Әр түрлі салттық іс-әрекеттер жасап халықты үйретеді. Мысалы, ол шанышқымен (спицамен) өзінің қанын ағызып Құдайға құрбандық көрсетеді. Оның басқаруымен көптеген храмдар салынады, сол храмда шоқынуға, халықты құрбандық шалуға үйретеді ХҮІ ғасырда исландық монах Диего Дүран деген бірінші рет Европаны Кецалькоатлдің салт-жоралары мен таныстырды.

2. Майя халықтарының діндері. Майя тайпалары Орталық Америкада 200-900 жж. (Субрегион) Оңтүстік Гватемала, Солтүстік Гватемала және Шығыс Юкатан түбегінде өмір сүріп, таңғажайып өркениетке жетті. Халықтары негізінен жер шаруашылығымен, егін егіп, бау-бақшамен шұғылданатын. Сонымен қатар біздің білетініміз Маяның 8 қаласы болғандығы. Дүниетанымдық көзқарастарының негізінде аграрлық - өндіру, өсіру, өзгерту арқылы әлемді қарастырады. Олардың Символик жазуы — Космостық ағаш (дерево) - өсімдік. Құдайлары да Ицамна (космостық ағашқа ұқсас), аспан мен жерді қосып тұрушы. Тотемдік жануарлар: рептилялар, жылан, кесірткі киелі ретінде қарастырылады. Политеистік Құдайлары: жауын-Құдайы орман жерінде өмір береді; Ах-Кин - Күн Құдайының жылу беру және т.б. ритуалдары: туу, өлім, қайта туу барлығы діни мейрамдармен әдет-ғұрыптар жолында жүріп жатады.

Майялардың діни дүниетанымдық көзқарастарының, басқа діндерден айырмашылығы олар адам проблемасына аса үлкен көңіл бөледі. Адам, оның санасы - киелі табиғат күштерінің қатынасы. Адамның тек дене құрылысы ғана емес, олардың киімдері де үлкен мағыналық қасиет береді. Сондықтан олар киімдерін әр түрлі тігіп, бояп киеді. Майялардың дүниетанымдық көзқарасын төртке бөліп қарастыруға болады: 1) тәртіп ғарыштан аспанға түсіп, одан жерге келеді, жер бетінен жер астына өтеді; 2) қоғамда тәртіп мәңгі, себебі ғарыштан келеді; 3) әлем Құдайы - ғарыштық; 4) басты салт-жоралар арқылы адам өзінің «бірінші адамнан» шыққандығын дәлелдеуі керек. Майялардың ритуалдарының ішінде ең бір ерекшелігі - адамның қанын ағызу. Бұл салт қандай бір адамның белестік салты болмасын қан шығару арқылы жүріп жатады. Қан ағызу басқа адамдарға жан беру деп түсінеді. Осылай өз қанын құрбандыққа бере отырып, олар жасырып Құдайлық күштермен қатынас жасайды деп ойлайды.

Майя өркениетінің шығуы мен дамуы үш кезеңге бөліп қарастырылады.

Бірінші кезең жалпы даму (б.д.д. 1800-100 жж.) салт-жоралары жүйесінің калыптасуы мен зәулім архитектуралық комплекстердің салынуы. Ол кезең тағы да иероглифтік жазудың және күнтізбелік белгілеу, уақыттық, сауда-саттық пен әлеуметтік, саяси қатынастардың қалыптасуы. Ол кезде бірнеше мемлекеттік қалалардың пайда болуы ( Эль‑Миродор және Каминалуп).

Екінші кезең классикалық (б.д.д. 200-900 жж.), бұл кезең, мәдениеттің өркениетке жеткен кезеңі. Жер шаруашылығы кәсібінің бюрократтық халге жетуі және әр түрлі ритуалдық орындардың бір-бірімен бәсекелестік халге жетуі.

Үшінші кезең постклассикалық, бүл кезең әрі қарай даму мен оның дағдарысы - испандық жаулап алу кезеңіне дейін.

Бізге керек кезеңі — классикалық. Бұл кезде Майя мәдеииеті дүние жүзілік мәдениетке өздерінің үлесін қосты дейміз. Сол кездегі архитектуралық ғимараттар, Храм пирамидалары, биік стелалар (қабырғаның басына қойған тастар) немесе үлкен колонналар, әшекейлеп оюлармен жазылған жазулар мен суреттер және т.б. Осылай ашылған Майя мәдениетін сол кездегі алдыңғы қатардағы елдердің өркениетімен теңейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]