Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
генерализация.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
532.99 Кб
Скачать

2. Картографияны жасау түлері.

Өз тарапынан география (басқа ғылымдардай) картадан кез келген табиғи, әлеуметтік құбы-лыстардың кеңістікте орналасуын, үйлесуін зерттеуге керекті құнды материалдар табады. Картографияның практикалық маңызы — географиялық карталардың құндылығында физикалық, географиялық, экономика-статистика лық деректерді қорытындылау арқылы жасалады. Топографиялық карталарды жасауға қажетті далалық түсірулермен, оларды өңдеу әдістерімен топография және аэрофототопография шұғылданады. Тақырыптық түсірулер, (геологиялық, толырақ түсіру т. б.) — геология, топырақ картографияларының т. б. міндеті. Карталарды жобалау әрі камералдық дайындаумен картографияның өзі шұғылданады. Камералдық жұмыс кезінде, жобаланған картаның мақсатына қарай, алдын ала оның: программасы (масштабы, картографиялық проекциясы, картаның мазмұны және кескіндеу әдістері) белгіленеді. Бұдан кейін картографиялық торжасау, оған қажетті деректердің мазмұнын (түгел не бастыларын) көшіру, генерализациялау мен программада белгіленген картографиялық белгілер арқылы картаның түп нұсқасы: графика жолымен сызылады. Тақырыптық карталарды жасағанда деректердің мазмұны күн бұрын дайындалған (не таңдалып алынған) географиялық негізге көшіріледі. Картаны баспаға дайындау процесінде көбінесе картаның алғашқы түп нұсқасынан жоғары сапалы басылған формалар алуға мүмкіндік беретін таза көшірме ретінде екінші басылымдық түп нұсқа (сызылып не пластикада гравюрлеу жолымен) жасалады. Карта дайындау жұмысы керекті мөлшерде карта тиражын басып шығаратын карта шығару процесімен бітеді.[3]

Картография саласындағы халытар ғылми байланыс алғашқы кезде халықар географиялық конгрестерде пайда болып дамыды. Олардың бастамасы бойынша бір бастапиқы меридианды таңдап алу (1871 ж. Антверпен конгресі) туралы Вашингтон конференциясы шақырылды. Халықар милли-ондық карта (1891 ж. Берн конгресі), мұхиттардың халықар батиметрлік картасы (1899 ж. Берлин конгресі) т. б. туралы бас қосулар өткізілді. 1922 ж. географиялық конгрестермен қатар, ғылымның маңызды проблемаларын шешетін халықар комиссияларды ұйымдастырып отыратын халықар география одағының құрылуы картогра-фиялық зерттеулерді де дамытты (Ұлттық және аймақтық жиынтық атластар, халық мәселелерін картографиялау, жерді пайдалану картасы, халықар. геоморфологиялық карталар т. б. жарық көрді). 1961 ж. Халықаралық картография ассоциациясының ұйымдастырылуы әрбір 2 жылда ғылми-техникалық конференциялардың шақырылуы, арнаулы комиссиялардың үзбей жұмыс істеуі т. б. Картография проблемаларын үздіксіз зерттеуге мүмкіндік берді. Дамып келе жатқан елдерде картографияның қалыптасуы үшін БҰҰ-ның картографиялық конференциясының маңызы зор. Олар Азия мен Қиыр Шығыс (1955 жылдан) және Африка (1963 жылдан) елдері үшін 3 жылда бір рет шаңырылып тұрады. Халықар баста-малардың ішінде континенттер мен дүние жүзілік мұхиттың салыстырмалы кескінін беретін рельефтің гипсометрмен бейнеленген 1:2 500 000 масштабты халықар дүние жүзі картасының маңызы бар. Оны Болгария, Венгрия, ГДР, Полыпа, Румыния, СССР, Чехословакия картография-геодезиялың орындары дайындап жатыр.[4]