
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені Астана
- •Силлабус
- •5.Оқу пәнінің сипаттамасы
- •5.4.Пәнді оқу барысындағы студенттер қалыптастыруға тиіс жайлар мен дағдылар.
- •5.5. Пәнді оқытудың жоспары:
- •6) Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2. Қосымша әдебиеттер:
- •7. Білімді бағалау
- •Әлеуметтану пәнінен глоссарий
- •Глоссариймен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Дәрістердің қысқаша конспектісі Тақырып 1. Әлеуметтанудың объектісі және пәні
- •Тақырып 2 Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
- •Тақырып 3 Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •Тақырып 4 Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік
- •Әлеуметтік топтар
- •Тақырып 5 Әлеуметтік институттар
- •Тақырып 6 Тұлға әлеуметтануы
- •Әлеуметтік мәртебелер және рөлдер
- •Тақырып 7 Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы
- •Тақырып 8 Отбасы әлеуметтануы
- •Тақырып 9 Экономикалық әлеуметтану
- •Экономикалық социологияның тарихи дамуы
- •Экономикалық социологияның негізгі категориялары
- •Тақырып 10 Әлеуметтік шиеленістер
- •Жанжалды жіктеу
- •Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі
- •Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері
- •Тақырып 11 Мәдениет әлеуметтануы
- •Тақырып 12 Дін әлеуметтануы
- •Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
- •Тақырып 13 Этникалық әлеуметтану
- •Этносаралық қатынастар
- •Тақырып 14 Басқару әлеуметтануы
- •Тақырып 15 Эмпирикалық әлеуметтану
- •1 Кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:
- •2 Кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
- •3 Кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:
- •4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
- •Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
- •Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау. Іріктеу жиынтығы
- •Сипатты есептеу
- •Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
- •Әлеуметтану пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Семинар сабақтарының жоспары
- •Әлеуметтану пәні бойынша
- •Семинар сабағына, өздік және тәжірибелік жұмыстарды орындауға
- •Арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Семинар сабағы
- •Тәжірибелік сабақ
- •Курстың жеке тақырыптары бойынша конспектілеу жұмыстарын жүргізу
- •Курстың жеке тақырыптары бойынша жұмыстардан көшірмелер жасау
- •Тезистерді құрастыру
- •Мақалаларға аңдатпа мен ой-пікір жазу
- •Курстың белгілі бір тақырыптары бойынша библиография құрастыру
- •Әдеби қайнар көздерді сипаттау үлгісі
- •Реферативтік баяндамаларды даярлау
- •Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар:
- •Әлеуметтану пәнінен бақылау сұрақтарына дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өздік тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Әлеуметтану пәнiнен эсселер тақырыбы
- •Эссе қалай жазылады?
- •Әлеуметтану пәнінен білім алушылардың білімін бағалауға арналған сұрақтар
Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар:
1.Әлеуметтану не үшін қажет ? 2. Әлеуметтану және қоғамдық пікір 3. Әлеуметтану және қоғам 4. Әлеуметтанудың пайда болуының алғышарттары, оның жеке ғылымдық пән ретінде пайда болуының қажеттілігі 5.Огюст Конт- әлеуметтану ғылымының атасы 6. XIXғ. - XX ғасырдың басында әлеуметтанудың қалыптасуы мен дамуы 7. XX ғасырдағы әлеуметтану: эмпирия және теория 8. Әлеуметтанудың дамуының қазіргі кезеңі: оның парадигмалары 9. Жаңа социологиялық ойлар |
10. Социологияның объектісі және пәні, оның негізгі функциялары.
11. Социологиялық білімнің құрылымы мен деңгейлері.
12. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі социологияның орны.
13. Әлеуметтік жүйелер, олардың типтері, формалары, әлеуметтік ұйымдасу деңгейлері. Адам әлеуметтік жүйенің компоненті ретінде.
14. Әлеуметтік жүйелердің динамикасы, тұрақтылық проблемалары. Әлеуметтік жүйелерді тану әдістері.
15. Қоғамның жүйе ретіндегі мәні, құрылымы және функциялары. «Қоғамның» социологиялық ұғымы, оның сапалық сипаты: біртұтастық, әлеуметтілік, автономдылық және өзінділік, өзін-өзі реттеу қабілеттілігі.
Әлеуметтану пәнінен бақылау сұрақтарына дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулар
Коллоквиумдарға дайындалу.
Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін игеру дәрежесін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі.
Осыдан шығатыны:
коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек.
Бақылау жұмыстарына дайындалу.
Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:
білім алушылардың ағымдық үлгерімін тексеру;
білім алушылардың дайындығын айқындау;
үлгірімділігі төмен тыңдаушылармен жұмыс жасау әдістемесін ұйымдастыру.
Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып:
бақылау жұмысының тақырыбын білу қажет;
теориялық материал, негізгі формулаларды, есепті шығару әдістерін қайталау керек;
оқулықтағы мысалдар мен есептерді және семинар сабақтарында қарастырылған есептерді қайта қарастыру.
Егер студент алғашқы дәрістен бастап өткен материалмен жүйелі жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық туғызбайды.
Өздік тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол СӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖ – да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.
СӨЖ формалары мен мазмұның өңдеу.
Тақырып бойынша шолу жасау – басым мен Интернеттің ақпараттық ресурстарынан қосымша материалдарды тарту арқылы ұсынылатын тақырып бойынша 1- 2 беттік қысқаша шолу жасау.
Реферат – СӨЖ – дің неғұрлым кең таралған формасы бола отырып, әдебиетті міндетті түрде крсете отырып, белгілі тақырыпқа жасалған баяндаманы білдіреді. Рефератты оппенирлеу неғұрлым қызықты да шығармашылық жұмыс болып табылады. Осы жұмыс нәтежесінде пікір – талас жүргізу, оған талдау жасау ептіліктері өңделеді.
Коллоквиум – білімді нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар – тәртіп бойынша, спецификалық құрылымға ие, сондықтан жауаптар жинақталған материалды талдау негізінде ғана беріле алады.
Эссе – бұл сын, публицистика сияқты түрлі жанрларда өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселерге қатысты өз ойларын баяндау.
Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез-келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез-келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың қаншалықты ашылу және қоршағандардан қаншалықты қызығушылық тудыру, тыңдаушының қарастырып отырған мәселесін қаншалықты кәсіби қарастыру критериі бойынша бағаланады.
Білім беруге арналған нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға жауап беру талап етілетін көптеген қарапайым және күрделі жағдайлар беріледі; неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз кейсін жаза алады.
Іскерлік ойындар болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті дағды, ептіліктерді өңдеуге көмектеседі; кей ойындар бойынша үйде дайындалу немесе кітапханада аяқтау қажет.
Топтық жоба – топта 3-5 адамнан құрылып, әрбіреуі өз жобасын өңдеуі керек.
Жеке жоба – неғұрлым дайын тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек, жоба нәтижелері ғылыми конференцияда қарастырылуы мүмкін.
Жобаларды орындау. Тапсырманы орындау тәртібі:
өзіндік жұмыстар графигімен бекітілген мерзімнен кешіктірмей тапсырмаларды орындауға кірісу;
егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына қайтып оралып, оны толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу;
егер осыдан кейін қиындықтар туындаса, онда оқытушыға консультацияға келу;
алынған шешімді талдау;
тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережесін тексеру керек;
тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;
тапсырма графикпен (орын) бекітілген мерзімнен кешіктірмей қорғалуы керек, себебі ол академиялық берешек болып есептеледі.
Өзіндік жұмысқа берілген уақыт шектелген, сондықтан өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылуға, саналы демалуға үйрену қажет. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның өзіндік жұмыс әдістемесін тыңдаушыларға үйретуге қатысты жауапкершілігі артады.
Рефератты қорғау немесе презентация. Бұл сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды,
шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:
Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет. Егер нақты ақпарат жоқ болса, оқытушыдан сұрауды ұмытпаңыз.
Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ. Бұл сіздің компасыңыз тәрізді болмақ және ойыңыз бәріне түсінікті болу қажет.
Сіздің сөзіңіз қандай жанрда? Өзіңіздің рөліңізге байланысты соттағы адвокаттың, үгіт-насихат кезіндегі кандидаттың, симпозиумдағы оқымыстының сөз сөйлеу үлгісін таңдауға болады немесе телевизордағы, кинофильмдерде көргендеріңізге ұқсауға болады.
Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.
Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз. Бірінші, екінші ... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.
Тыңдаушылар жалығып кетпесін. Мысалдар мен афоризмдер, тіпті анекдотпен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.
Сөйлеу жылдамдылығы. Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.
Сөз сөйлеуге дайындалу қажет. Достарыңыздың немесе айнаның алдына отырып сөзіңізді дайындаңыз. Берілген уақытқа үлгеруге тырысу қажет. Тәжірибелі оратор, саясаткер Уинстон Черчилльдің өзі бірнеше күн бойы дайындалған.
Егер сіз жалғыз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз мәтініңіздіі басқалармен салыстырып алыңыз. Қайталанулар болмауы қажет.
Реферат тақырыбы бойынша студент семинар сабағында, конференцияда айтуға болады.
Рефератты бағалағанда келесі пунктерге баса назар аударылады:
жазылған материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе білу;
сұрақтар қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді дұрыс қолдана білу;
рефератты жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы болуы;