
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені Астана
- •Силлабус
- •5.Оқу пәнінің сипаттамасы
- •5.4.Пәнді оқу барысындағы студенттер қалыптастыруға тиіс жайлар мен дағдылар.
- •5.5. Пәнді оқытудың жоспары:
- •6) Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2. Қосымша әдебиеттер:
- •7. Білімді бағалау
- •Әлеуметтану пәнінен глоссарий
- •Глоссариймен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Дәрістердің қысқаша конспектісі Тақырып 1. Әлеуметтанудың объектісі және пәні
- •Тақырып 2 Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
- •Тақырып 3 Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •Тақырып 4 Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік
- •Әлеуметтік топтар
- •Тақырып 5 Әлеуметтік институттар
- •Тақырып 6 Тұлға әлеуметтануы
- •Әлеуметтік мәртебелер және рөлдер
- •Тақырып 7 Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы
- •Тақырып 8 Отбасы әлеуметтануы
- •Тақырып 9 Экономикалық әлеуметтану
- •Экономикалық социологияның тарихи дамуы
- •Экономикалық социологияның негізгі категориялары
- •Тақырып 10 Әлеуметтік шиеленістер
- •Жанжалды жіктеу
- •Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі
- •Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері
- •Тақырып 11 Мәдениет әлеуметтануы
- •Тақырып 12 Дін әлеуметтануы
- •Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
- •Тақырып 13 Этникалық әлеуметтану
- •Этносаралық қатынастар
- •Тақырып 14 Басқару әлеуметтануы
- •Тақырып 15 Эмпирикалық әлеуметтану
- •1 Кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:
- •2 Кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
- •3 Кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:
- •4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
- •Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
- •Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау. Іріктеу жиынтығы
- •Сипатты есептеу
- •Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
- •Әлеуметтану пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Семинар сабақтарының жоспары
- •Әлеуметтану пәні бойынша
- •Семинар сабағына, өздік және тәжірибелік жұмыстарды орындауға
- •Арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Семинар сабағы
- •Тәжірибелік сабақ
- •Курстың жеке тақырыптары бойынша конспектілеу жұмыстарын жүргізу
- •Курстың жеке тақырыптары бойынша жұмыстардан көшірмелер жасау
- •Тезистерді құрастыру
- •Мақалаларға аңдатпа мен ой-пікір жазу
- •Курстың белгілі бір тақырыптары бойынша библиография құрастыру
- •Әдеби қайнар көздерді сипаттау үлгісі
- •Реферативтік баяндамаларды даярлау
- •Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар:
- •Әлеуметтану пәнінен бақылау сұрақтарына дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өздік тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Әлеуметтану пәнiнен эсселер тақырыбы
- •Эссе қалай жазылады?
- •Әлеуметтану пәнінен білім алушылардың білімін бағалауға арналған сұрақтар
|
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Пәннің оқу-әдістемелі кешені |
Басылым: үшінші |
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
Әлеуметтану кафедрасы
БЕКІТЕМІН
«Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университеті» ШЖҚ РМК
Әлеуметтік ғылымдар
факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор А.Ж.Шәріп.
_______________________
________________2014 ж.
ALE ӘЛЕУМЕТТАНУ
(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)
_Әлеуметтанулық емес мамандықтардың студенттеріне арналған
(мамандық атауы және шифры)
Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені Астана
2014
Силлабус
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік ғылымдар факультеті, әлеуметтану кафедрасы
1. Оқытушының аты-жөні : Бурбаева Перизат Төлеуғалиқызы, ә.ғ.к., аға оқытушы. 70 95 00 (35 108)– әлеуметтану кафедрасы
Ғылыми зерттеу бағыты: Жалпы әлеуметтану, жастар әлеуметтануы, отбасы әлеуметтануы, демография
2. Пәннің аты: Әлеуметтану
Пәннің коды: ALE 1108
3. Оқу пәнінің жүргізілетін уақыты мен орны: кесте бойынша
Семестр: мамандықтардың оқу жоспарына сәйкес
Аудитория: кесте бойынша
4.Пререквизиттер: тарих, философия, экономикалық теория негіздері
Постреквизиттер: мәдениеттану, саясаттану
5.Оқу пәнінің сипаттамасы
5.1. Оқу пәнінің бағыты. Әлеуметтану қоғамды, ондағы байланыстар мен қатынастардың құрылымын зерттейді. Адамдардың, топтар, таптардың өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік институттармен байланыстарын түсіндіреді. Қоғамдағы қалыптасқан, пайда болған күрделі байланыстар мен қарым-қатынастарға сипаттама береді, қоғам өміріндегі бүкіл құбылыстарды анықтап, тиісті шешім, даму жолдарын көрсетіп беріп отырады.
5.2. Пәнді оқытудың мақсаты. Студенттердің санасында қоғам мен оның құрылымы жайлы, ондағы әлеуметтік құбылыстар мен байланыстар жайлы дұрыс ғылыми көзқарас қалыптастыру. Оларды бүгінгі таңдағы қоғамда болып жатқан өзгерістермен таныс ете отырып, ол өзгерістерге талдау жасап, жеке тұлға ретінде баға беруге баулу.
5.3.Пәнді оқытудың міндеттері. Студенттері әдістемелік және дүниетанымдық жағынан қоғамды тану мәселесін көтергенде қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа көзқарас, теория, тәсілдермен таныстыру:
әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның тарихи дамуын түсіндіретін түрлі талаптарды талдап түсіндіру;
қоғамдағы теңсіздікті, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды азайту жолдарын қарастыру;
әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейде теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету:
әлеуметтік институттар мен индивидтер арасындағы байланыстарға бақылау жасап, реттеп отыру.
5.4.Пәнді оқу барысындағы студенттер қалыптастыруға тиіс жайлар мен дағдылар.
Әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның дамуын түсіндіретін түрлі әлеуметтанымдық концепцияларды талдап түсіндіру;
Қоғамдағы теңсіздікті, жіктік, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды әлеуметтік әділеттілік принципі арқылы шешілу жолдарын түсіндіру;
әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейдегі теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету.