
- •Он екінші апта қазақ халқының дәстүрлі өнері (3 сағат)
- •1. Берілген туынды зат есімдермен сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқып, баяндауға жоспар жасаңыз.
- •Халық дәстүрлі өнері — ұлттық мәдени мұра
- •3.Жаңа сөздерді жаттап алыңыз.
- •4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5.Өнер туралы қанатты сөздерді жаттап алыңыз.
- •6.Мәтінді оқып, қысқаша өз сөзіңізбен баяндаңыз.
- •7.Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •Екінші сабақ (1 сағат)
- •1.Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Қазақ кино өнері
- •2. Сұрақтарға жауап әзірлеңіз.
- •5.Мәтінді берілген жоспар бойынша топқа бөліп баяндаңыз.
- •6.Сұхбаттасыңыз.
- •7.Қосымша оқуға. Астана Опера (театр)
- •Kk.Wikipedia.Ord/wiki
- •1.Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңыз, мағынасын өз сөзіңізбен баяндаңыз.
- •Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
- •2.Мәтінге жоспар құрыңыз.
- •Он үшінші апта
- •2. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.
- •3. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4.Есіңізге түсіріңіз.
- •5.Мәтіннен шылауларды тауып, теріп көшіріңіз, түрлерін ажыратыңыз.
- •6.Мәтінді оқып, бәдік айтысы жайлы біліп алыңыз.
- •7. Сұхбаттасыңыз.
- •Екінші сабақ (1 сағат)
- •1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз. Күй атасы – Құрманғазы
- •Kk.Wikipedia.Org
- •2. Мәтіні төмендегі жоспар бойынша баяндаңыз.
- •3. Мәтіндегі күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын есте сақтаңыз.
- •4. Сөйлемдерді, қажетті шылауларды қойып, толықтырыңыз.
- •5.Берілген мақалдарды жаттап алыңыз.
- •Үшінші сабақ (1 сағат)
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен баяндаңыз. Ұлттық байлық
- •3. Қазақстанның үлттық байлығына не жататынын көрсетіңіз.
- •5. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.
- •6.Сұхбаттасыңыз.
- •7.Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын айтыңыз, жаттап алыңыз..
- •Ұлттық құндылықтар
- •Он төртінші апта
- •2. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыз.
- •3. Сұхбаттасыңыздар.
- •Екінші сабақ (1 сағат) Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция
- •1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз.
- •«Заман жаршысы» газеті.
- •6. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
- •2.Шәкәрімнің ғибадаттарын ұғып алыңыз (ықшамдалып алынды).
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Өлеңді жаттап алыңыз. Құмарлық
- •Көркем сөз – көркем өнер (3 сағат)
- •Бірінші сабақ (1 сағат)
- •1. Сөздікті пайдаланып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ұғып алыңыз.
- •Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
- •3. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •4. Төмендегі үстеулерді пайдаланып, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдер құраңыз.
- •5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.
- •Екінші сабақ (1 сағат)
- •1. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз. М. Әуезов – суреткер
- •2. Сөз тіркестерінің мағыналарын сөздіктің көмегімен анықтаңыз, сөйлем құраңыз.
- •3. Мәтіннен жазушының ауыл адамдарын – жерлестерін суреттеген үзіндіні тауып, сипаттама беріңіз.
- •4. Төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.
Бірінші сабақ (1 сағат)
Еске түсіріңіз: Үстеулер іс-әрекеттің қашан, қайда, қалай болғанынан хабардар етеді. Қызметіне қарай үстеулер мезгіл (кеше, ертең, бұрын, былтыр т.б.), мекен (жанында, артында т.б.), сын-қимыл (етбетінен, қолма-қол, қазақша, емін-еркін т.б), мөлшер (сонша, әжептеуір, азғантай, қыруар т.б.), мақсат (әдейі, қасақана, амалсыздан, босқа т.б.), күшейткіш (аса, тым, ең, әбден, нағыз т.б.) болып бөлінеді.
1. Сөздікті пайдаланып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ұғып алыңыз.
Жалғастыру - продолжать
қазақ жұртшылығы үшін - для казахского народа
саналы өмір – сознательная жизнь
тыйым салынды - запрещалось
шығармашылық мұра – творческое наследие
Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.
Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1907 жылы Баянауылға барып, орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, «Абай» журналын шығаруға ат салысады. 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.
Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі тұсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан кейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.
Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» хикаяты мен «Әнші» секілді бірқатар көркем әңгімелері, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған «Жазушыларға», «Неғып отыр?», «Ах-ха-ха-хау», «Ұран», «Еңбекшілер ұраны» секілді өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды.Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы - прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек» романдары туды.Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармаларын қазақ тіліне аударады.