
- •Он екінші апта қазақ халқының дәстүрлі өнері (3 сағат)
- •1. Берілген туынды зат есімдермен сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқып, баяндауға жоспар жасаңыз.
- •Халық дәстүрлі өнері — ұлттық мәдени мұра
- •3.Жаңа сөздерді жаттап алыңыз.
- •4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5.Өнер туралы қанатты сөздерді жаттап алыңыз.
- •6.Мәтінді оқып, қысқаша өз сөзіңізбен баяндаңыз.
- •7.Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •Екінші сабақ (1 сағат)
- •1.Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Қазақ кино өнері
- •2. Сұрақтарға жауап әзірлеңіз.
- •5.Мәтінді берілген жоспар бойынша топқа бөліп баяндаңыз.
- •6.Сұхбаттасыңыз.
- •7.Қосымша оқуға. Астана Опера (театр)
- •Kk.Wikipedia.Ord/wiki
- •1.Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңыз, мағынасын өз сөзіңізбен баяндаңыз.
- •Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
- •2.Мәтінге жоспар құрыңыз.
- •Он үшінші апта
- •2. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.
- •3. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4.Есіңізге түсіріңіз.
- •5.Мәтіннен шылауларды тауып, теріп көшіріңіз, түрлерін ажыратыңыз.
- •6.Мәтінді оқып, бәдік айтысы жайлы біліп алыңыз.
- •7. Сұхбаттасыңыз.
- •Екінші сабақ (1 сағат)
- •1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз. Күй атасы – Құрманғазы
- •Kk.Wikipedia.Org
- •2. Мәтіні төмендегі жоспар бойынша баяндаңыз.
- •3. Мәтіндегі күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын есте сақтаңыз.
- •4. Сөйлемдерді, қажетті шылауларды қойып, толықтырыңыз.
- •5.Берілген мақалдарды жаттап алыңыз.
- •Үшінші сабақ (1 сағат)
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен баяндаңыз. Ұлттық байлық
- •3. Қазақстанның үлттық байлығына не жататынын көрсетіңіз.
- •5. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.
- •6.Сұхбаттасыңыз.
- •7.Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын айтыңыз, жаттап алыңыз..
- •Ұлттық құндылықтар
- •Он төртінші апта
- •2. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыз.
- •3. Сұхбаттасыңыздар.
- •Екінші сабақ (1 сағат) Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция
- •1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз.
- •«Заман жаршысы» газеті.
- •6. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
- •2.Шәкәрімнің ғибадаттарын ұғып алыңыз (ықшамдалып алынды).
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Өлеңді жаттап алыңыз. Құмарлық
- •Көркем сөз – көркем өнер (3 сағат)
- •Бірінші сабақ (1 сағат)
- •1. Сөздікті пайдаланып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ұғып алыңыз.
- •Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
- •3. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •4. Төмендегі үстеулерді пайдаланып, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдер құраңыз.
- •5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.
- •Екінші сабақ (1 сағат)
- •1. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз. М. Әуезов – суреткер
- •2. Сөз тіркестерінің мағыналарын сөздіктің көмегімен анықтаңыз, сөйлем құраңыз.
- •3. Мәтіннен жазушының ауыл адамдарын – жерлестерін суреттеген үзіндіні тауып, сипаттама беріңіз.
- •4. Төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.
2.Шәкәрімнің ғибадаттарын ұғып алыңыз (ықшамдалып алынды).
І Өзімшілдік.
Бір байдың қызына шешек шығып, бетін тыртық қылғандықтан, бір соқырға беріпті. Досы байға келіп: «Сондай дәрігер келіпті, күйеуіңіздің көзін неге қаратпайсыз?»-десе, бай: «Күйеуімнің көзі ашылған соң, қызымның бетіндегі тыртығын көріп, шығарып жібереді ғой. Қызым байдан шыққаннан да күйеуім соқыр қалпында қалғаны артық»,-депті.
Жаңа сөздер:
тыртық – шрам қарату – здесь: лечить
соқыр қалпында қалғаны – оставаться слепым
ІІІ Шәкәрім айтқан:
Бір еңбекші қызметкер қандай тастақ жер болса да жалаң аяқ жүре берген соң, бай: «Сен неге дәйім жалаң аяқ жүресің?» - дейді. Сонда қызметкер былай дейді: «Жалданған бай мені тақтай алып кел деп жұмсаған соң, барсам, екі аяғы тобығынан жоқ бір бишара еңбектеп жоңқа жонып отыр екен. Соны көргенде, мынаның башпағы түгіл, башпақ киетін аяғы да жоқ, мен башпағым жоқ деп асып жүр екем ғой деп, содан бері жалаң аяқ жүруге әбден әдеттендім»,- депті.
Жаңа сөздер:
Тастақ – каменистый жалаң аяқ – босяком
дәйім – постоянно жұмсау – посылать
тобық - еңбектеу – ползать
жоңқа – дерево башпақ - обувь
әбден әдеттену – очень привыкать мүсәпір – инвалид.
Сұрақ: «Қанағат қарын тойдырар, қанағатсыздық жалғыз атыңды сойдырар» деген мақалдың осы мәтінге қатысы бар ма?
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Шәкәрім кім?
Шәкәрәм кімнің тәрбиесін көрді?
Шәкәрім өлеңдерінде кімдерді сынады?
Шәкәрәм білімін қалай толықтырды?
Байдың өзімшілдігі неде?
Қызметкер неліктен тастақ жерде жалаңаяқ жүрді?
4. Өлеңді жаттап алыңыз. Құмарлық
Құмарлық деген бір ит бар, Жаныңа жау шын ит бар. Алды-артыңа қаратпас, Рахымы жоқ тым ит бар. Дойбы, қарта - бәрі бар, Жүз құбылған әні бар. Киім біткен қынаулы, Таңырқарлық сәні бар. Мен де осындай болам ба, Бола алмасам оңам ба? Бар малымды шашсам да, Жетпей қойсам соған ба! Жеттім, оздым - жер білді, Маңайдағы ел білді. «Бәрекелді, батыр», - деп, Қыз-бозбала сол күлді. Әлі келем далақтап, Қызыл тілім салақтап. Менен озған кім бар деп, Алдыңғы жаққа алақтап.
Заман өтті, жас өтті, Қайрат, өнер бос кетті. Абұйыр жоқ, сана жоқ, Өз басыңа не жетті? Естігенді ұға бер, Ыдысың болса - тыға бер. Пайдасыз болса құмарың, Сілкініп тастап шыға бер.
БӨЖ тапсырмасы: Өзіңіз оқыған классик жазушылардың шығармалары жайлы баяндау.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.
2. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.
3.Құдайбердұлы Ш. Өлеңдер мен поэмалар /Құраст.: Х.Сүйіншалиев.- Алматы: Рауан, 1990.
4. Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлерi.- Алматы: Атамұра, 1995.
ОН БЕСІНШІ АПТА
Көркем сөз – көркем өнер (3 сағат)
Грамматика. Үстеу, оның түрлері.