Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

index (2)

.pdf
Скачиваний:
58
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Цилиндрді ауамен толтыруды жақсарту үшін кейбір қозғалтқыштарда кіргізу клапанының табақшасының диаметрі шығару клапанының табақшасының диаметріне қарағанда үлкен болады.

2.Сухариктер екі бӛлікке кесілген конусты сақина түрінде болады

(сурет 12).

3.Бағыттаушы втулка клапан қозғалысының бағытын және оның ерге қисық отырғызылмауын қамтамасыздандырады. Бағыттағышты шойыннан немесе металлокерамикадан жасап цилиндрлер қалпағына престеп отырғызады.

4.Серіппе клапандарды жабуға қажетті және олардың ерге тығыз отыруын қамтамасыздандыратын күштерді туындатады. Серіппелер орамдары түрақты немесе айнымалы адымды болып жасалады. Кейбір қозғалтқыштардың әр клапанына екі серіппеден қойылады. Олардың орамдарының бағыттары әртүрлі.

5.Иін 7 (сурет 12) екі иықты рычаг түрінде, болаттан дайындалған болады. Оның қалыңдау орта бӛлігіндегі тесікке втулка престеліп отырғызылған. Бір иығындағы (ұзынында) боекпен клапанды қысады, ал екінші иығындағы реттеу винтімен клапан мен иін боегының арасындағы саңылауды реттеп, клапанның тығыз жабылуын қамтамасыздандырады.

6.Штанга 12 итергіштен иінге күш беру қызметін атқарады. Ол бүтін немесе қуыс болат стерженнен дайындалады. Штангалардың шеттерінде әрленген термикалық ӛңделген ұштықтар болады. Тӛменгі ұштық пішіні шар тәрізді және итергіштің 13 сфералық тереңдемелеріне тіректенеді. Жоғарғы ұштық та шар тәрізді пішінді және оған реттеу винтінің 9 бастамасы тіреледі.

7.Итергіштерді болаттан дайындайды. Құрылымы бойынша цилиндрлі, саңырауқұлақ тәрізді немесе роликті болады.

8.Бӛлістіру білігі белгілі ретте клапандарды ашып жабуға арналған. Білікпен жұдырықшалар және тірек мойындары бірге дайындалған. Әр жұдырықша кіргізу немесе шығару клапанының біріне әсер етеді. Болат бӛлістіру біліктерінің жұдырықшаларын ЖЖТта шынықтырады. Тірек мойындарының втулкаларын болаттан, қоладан немесе металлкерамикадан дайындайды.

Бӛлістіру білігінің алдыңғы шетінде жетек шестернясы орнатылған. Бӛлістіру білігінің шестернясын болаттан, шойыннан немесе текстолиттен дайындайды.

9. Бӛлістіру шестернялары қозғалтқыштардың кӛбінде алдыңғы бӛлікте арнайы картерде орналастырылған. Олар айналысты иінді біліктен бӛлістіру білігіне,отын сорғысының білігіне, май сорғысына және басқа да механизмдерге беруге арналған. Шестернялар болаттан дайындалады. Шуды тӛмендету үшін қыйсық тісті жасалған.

21

Бақылауға арналған сұрақтар

1.Блок-картер құрылысы, қажеттілігі.

2.Цилиндрлер қалпағы туралы не білесіз?

3.Поршеньдер. Поршень сақиналары және саусақтары. Құрылысы, қажеттілігі.

4.Шатундар құрылысы және қажеттілігі.

5.Иінді білік құрылысы мен қажеттілігі.

6.Сермердің қажеттілігі және құрылысы

7.Газбӛлістіру механизмінің схемы және жұмысы.

8.Газбӛлістіру фазасы туралы не білесіз?

9.Газбӛлістіру механизмінің жалпы құрылысы және жұмыс орындау принципі.

10.Газбӛлістіру механизмінің жалпы құрылысы.

11.Газбӛлістіру механизмнің бӛлшектері.

12.Екіырғақты және тӛртырғақты қозғалтқыштардың газ бӛлістіру механизмдерінің айырмашылығы болады ма?

13.Бӛлістіру білігі қандай материалдардан дайындалады?

22

3. Майлау жүйесі

3.1 Үйкеліс және майлау туралы түсініктер

Қозғалтқыштың жұмысында оның жылжымалы бӛліктері жылжымайтын бӛліктері бойымен сырғанайды. Қозғалтқыштың үйкелістегі беттері жақсы ӛңделгеніне қарамастан беттерінде тегіс еместік болады.

Жұмыс үрдісінде жанасатын беттердегі тегіс еместік қозғалысқа кедергі жасайтын үйкеліс күшінің ұлғаюына жағдай жасап, қозғалтқыш қуатын тӛмендетеді. Құрғақ үйкеліс бӛлшектердің қызуын туындатып, олардың қажалуын жеделдетеді. Үйкеліс күшін тӛмендету және біруақытта бӛлшектерді салқындату үшін үйкелетін беттер аралығына май қабатын кіргізеді. Сұйықты үйкеліс құрғақ үйкеліске қарағанда оншақты есе кіші. Сұйықты үйкелісте бӛлшектердің қажалуы бірнеше есе тӛмен.

Қозғалтқыштың майлау жүйесі үйкелетін беттер арасына үздіксіз май беруге және олардан жылуды алып кетуге арналған.

Автотрактор қозғалтқыштарын майлауда мотор майлары қолданылады. Майларда оптималды мүмкіншіліктер, жақсы майлау қасиеттері, жоғарғы антикоррозиялық қасиеттері және тұрақтылық болуы тиіс. Майлардың пайдалану қасиеттерін жақсарту мақсатында оларға арнайы отырғызбалар (присадки) қосылады.

Ауылшаруашылығы тракторлары мен автомобильдерінде Б, В және Г тобының майлары қолданылады.

«Б» тобының майлары аз форсирленген, «В» - орташа форсирленген, «Г» - жоғары форсирленген қозғалтқыштарға арналған. Майларды маркілеуде келесі белгілеулер қабылданған, мысалы М-8Б1, М-10Г2, 8, 10 – кинематикалық тұтқырлық, мм2/с 1000С- де; «Б», «Г» - майлар тобына қатыстылығы; цифр 1 –карбюраторлы қозғалтқыштар үшін, цифр 2 – дизельдер үшін.

3.2 Майлау жүйесінің сұлбалары. Жүйенің элементтері және олардың жұмысы

Кӛптеген қозғалтқыштарда аралас майлау жүйесін қолданады. Жоғары жүктелген бӛлшектерге май қысыммен беріледі, ал қалғандарына шашыратумен және ӛздігінен ағумен беріледі.

Қысыммен иінді біліктің түбірлік және шатундық подшипниктері, клапанды механизм, бӛлістіру білігі мен бӛлістіру шестерняларының втулкалары майланады.

Сурет 14те қозғалтқыштың майлау жүйесінің жұмысының принципиалды сұлбасы келтірілген. Қозғалтқыштың жұмысында май картер түбінен шестернялы сорғымен (Сурет15) сорылып, қысыммен сүзгіге беріледі. Тазаланған май май радиаторында салқындатылып бас май каналына (магистральға) 13 беріледі. Бұл каналдан май блоктағы каналдар

23

арқылы ӛтіп иінді біліктің түбірлік подшипниктеріне және бӛлістіру білігінің мойындарына беріледі.

1 – түп; 2 – майқабылдағышты сорғы; 3 – сорғының редукциялық клапаны; 4 – ӛлшегіш; 5 – аралық шестерня; 6 – сүзгі; 7 – температуралық клапан; 8 – май радиаторы; 9 – тӛгу клапаны; 10 – бӛлістіру білігі; 11 – манометр; 12 – иін осі; 13 – бас май каналы; 14 – шатун мойнының қуысы; 15 – иінді білік; 16 – май құю мойны

Сурет 14Майлау жүйесінің сұлбасы

1 –радиаторлық секцияның жетектеуші шестернясы; 2 – приставка; 3 – жетектеуші білік; 4

–негізгі секцияның жетектеуші шестернясы; 5 – негізгі секцияның жетектелуші шестернясы; 6 – тұрық; 7 – қысымдау каналы; 8 – майқабылдағыштың торы; 9 – майқабылдағыш; 10 – редукциялық клапан; 11 – реттеу винті; 12 – шығу тесігі; 13 – кіргізу тесігі; 14 – қақпақ; 15 – тұрық; 16 – сорғы жетегінің шестернясы.

Сурет 15– Май сорғысы

24

Иінді біліктің еңкіш каналдары арқылы май шатун мойнының қуысына 14 беріледі де, онда қосымша тазаланғаннан кейін мойын бетіне шығып шатун подшипниктерін майлайды.

Магистральдан май аралық шестерняның 5 саусағына беріледі.

Бӛлістіру білігінің мойындарының бірінің каналымен май пульсирлі ағынмен блоктың вертикаль каналына беріледі және бастамадағы каналмен және сыртқы түтікпен иіннің қуыс осіне 12 барады. Иін білігіндегі тесік арқылы және штангалар арқылы ағып бӛлістіру білігінің жұдырықшаларын және итергішті майлайды.

Цилиндрлердің және поршеньдердің қабырғалары, поршеньдер саусақтары бӛлістіру шестернялары шашырату арқылы майланады. Иінді біліктің подшипниктерінен шыққан және клапан механизмінен аққан май тез айналатын иінді білікпен майды тамшыларға шашыратылып, май тұманы пайда болады.

Май тамшылары цилиндрлердің, поршеньдердің, бӛлістіру білігінің беттеріне отырып, оларды майлайды да картер түбіне ағып түседі, одан май қайтадан ӛз жолын бастайды.

Поршень саусағы шатунның жоғарғы бастамасының тесігіне кірген май тамшыларымен майланады. Шатун стерженінде каналы бар қозғалтқыштарда поршень саусағы қысыммен майланады.

Майлау жүйесінің жұмысын бас магистральдағы қысымды кӛрсететін манометр бойынша бақылайды. Сонымен қатар кейбір қозғалтқыштарда майлау жүйесінің температурасын ӛлшейтін термометр және май қысымының апаттық тӛмен түсуінің сигнализаторы орнатылады.

Бақылау сұрақтары

1.Үйкеліс және майлау туралы жалпы түсініктер.

2.Майлау жүйесінің схемалары.

3.Майлау жүйесінің жалпы құрылысы.

4.Майлау жүйесінің жұмыс принципі

5.Май сорғысының құрылысы.

6.Май сорғысының жұмыс принципі.

7.Майлау жүйесінде май қалай тазартылады.

8.Майлау жүйесіндегі клапандар түрі және қажеттілігі.

9.Қысымен майлауда майлау қалай жүзеге асырылады?

10.Шашыратып майлау қалай жүзеге асырылады?

25

4 Салқындату жүйесі

4.1 Жалпы талаптар

Жұмыстағы қозғалтқыштың цилиндрлеріндегі газдардың орташа тепературасы 10000С шамасында болады. Газдар жұмыс үдерісінде цилиндрлер қабырғасын, поршеньдерді цилиндрлер қақпағын қыздырады. Егер қозғалтқышты салқындатпаса, онда бӛлшектер арасындағы май пленкасы жанып, бӛлшектердің қажалуы ұлғайып, кеңеюдің әсерінен поршендердің кептелуі және де басқа ақаулардың пайда болуы мүмкін.

Қозғалтқыштың қалыпты жұмыс істеуі үшін салқындату сұйығының температурасы 80…950С шегінде болуы тиіс

Салқындату жүйесі қызған бӛлшектерден жылуды алып кету және жұмыстағы қозғалтқыштың қалыпты температуралық режимін қолдау қызметін атқарады, оған жасанды салқындатумен сұйық (сұйықты салқындату) немесе қоршаған ауа (ауалы салқындату) кӛмегімен қол жеткізіледі.

4.2 Сұйықты салқындатылатын қозғалтқыштар

Сұйықпен салқындатылатын қозғалтқыштар кеңінен тараған (сурет 16 а) Салқындату сұйығы ретінде қату температурасы тӛмен антифриз немесе тосол қолданылады. Сұйықты салқындату жүйесіне блоктың су жейдесі 6, цилиндрлер қалпағы, радиатор 2, су сорғысы 9 және вентилятор 3, сонымен қатар келесі кӛмекші құрылымдар: су бӛлістіру каналы 8, термостат 4, иілмелі жалғастыру түтіктері, тӛгу кранигі және сұйық температурасын

кӛрсеткіш 5 кіреді.

Негізгі қозғалтқыштың жұмысы уақытында салқындату жүйесіндегі еркісіз циркуляциясы центрден тепкіш сорғымен 9 туындатылады, ол суды радиатордың тӛменгі сыйымдылығынан алып, су жейдесіне 6 қысыммен бағыттайды, онда су цилиндрлер қабырғасын салқындатады.

Салқын қозғалтқышта су термостатпен су жейдесінен радиаторға соқпастан су сорғысына (кіші шеңбермен), ал қызған қозғалтқышта - радиатордың жоғарғы сыйымдылығына (үлкен шеңбермен) бағытталады. Радиаторда су желдеткішпен 3 туындатылып түтікшелер арасымен ӛтетін ауа ағынымен салқындатылады. Радиатордың тӛменгі сыйымдылығынан су сорғымен қайтадан қозғалтқыштың су жейдесіне қысымдалады.

Қозғалыстың үлкен жылдамдығына байланысты салқындату жейдесіне кірген және шыққан су температураларының айырмашылығының (4…70С) үлкен болмауы қозғалтқыштың бірқалыпты салқындатылуына жағдай жасайды

Қазіргі қозғалтқыштарда жабық салқындату жүйесі қолданылады. Ол радиатодың жабықтығымен, тек қысым жоғарылағанда немесе

26

б

а – сұйықты; б – ауалы;1 –радиатор пердесі; 2 – радиатор; 3 – желдеткіш; 4 – термостат; 5– термометр; 6,7– негізгі және іске қосу қозғалтқыштарының су жейдесі; 8–бӛлістіру каналы; 9 –су сорғысы; 10 – тӛгу кранигі; 11– ауа бӛлістіретін қаптама; 12– май беру реттегіші; 13 – золотник; 14 – цилиндр қалпағы;15– майӛткізгіш; 16 – ветилятор жетегінің шкиві; 17 – гидродинамикалық муфта; 18–желдеткіштің бағыттағыш аппараты; 19 – желдеткіш роторы.

Сурет 16Салқындату жүйесінің схемалары

тӛмендегенде орнатылған буауалы клапан кӛмегімен атмосферамен байланысатындығымен сыйпатталады.

Жүйедегі сұйық температурасын реттеу термостат (сурет 17) кӛмегімен жүзеге асырылады.

27

1 – тұрық; 2 – негізгі клапан; 3 –бүйірлік (кӛмекші) клапан; 4 – гофрирленген стакан; 5 – шток; 6 –термостат қорабы

Сурет 17Термостат

Бақылауға арналған сұрақтар

1.Егер қозғалтқышты салқындатпаса не болған болар еді?

2.Сұйықпен салқындату жүйесінің жалпы құрылысы.

3.Салқындату сұйығы ретінде не қолданылады?

4.Салқындату сұйығының қозғалысының қандай траекторияларын білесіз?

5.Салқындату сұйығының кіші шебермен қозғалысына түсініктеме беріңіз.

6.Салқындату сұйығының үлкен шебермен қозғалысына түсініктеме беріңіз.

7.Салқындату жейдесіне кірген және шыққан су температураларының айырмашылығы қандай болғаны тиімді?

8.Қазіргі қозғалтқыштарда қандай салқындату жүйесі қолданылады және оған түсініктеме беріңіз?

9.Темостаттың қажеттілігі неде?

10.Сұйықпен және ауамен салқындату жүйелерінің құрылымдық айырмашылығы неде?

28

5. Карбюраторлы қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі

Қоректендіру жүйесі отынды уақытша сақтауға, отынды және ауаны тазалауға, жағар қоспа дайындауға, жұмыс орындап біткен газдарды сыртқа шығаруға арналған құрылым.

Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің құрылысы 18-ші суретте кӛрсетілген.

Ауа ауатазалағыш 6, карбюратор 7 арқылы ӛтеді. Аталған ауа қозғалысында шу пайда болады.

Отын (бензин) отын сыйымдылығынан 18 сорғы 12 кӛмегімен түтік арқылы жіңішке тазалау сүзгісіне одан ары карбюраторға беріледі.

1-мойын; 2-қақпақ; 3-датчик; 4-кӛрсеткіш; 5,10,11,15отын ӛткізгіш; 6-ауа сүзгіш; 7- карбюратор; 8,9,14,17-газ ӛткізгіш; 12-сорғы; 13-отын сүзгі; 16-ӛшіргіш; 18-отын сыйымдылығы.

Сурет18Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің схемасы

Қоректендіру жүйесінде бу тығынын пайда болдырмау үшін, карбюраторға келтірілген отынның біраз бӛлігі түтікпен 5 кері отын сиымдылығына қайтарылады. Отынның циркуляциясының жоғарылауы, оның темперасын тӛмендетеді.

Отын сиымдылығында құю мойны 1, қақпақ, сонымен қатар сиымдылықтағы отын деңгейін кӛрсеткіші 4 бар датчик 3 болады.

Карбюраторда кіргізу құбырымен цилиндрге берілетін, талапқа сай отын ауалы қоспа жасалады. Қоспаны дайындау үдерісі, қоспа цилиндрге жылжығанға дейін жалғасады.

Карбюратор жүйенің орталық элементі, ол жұмыс істеп біткен газдардың рұқсат етілген шамасында қозғалтқыш жұмысының барлық режимінде қажетті экономикалық және қуаттық кӛрсеткіштерді қамтамасыздандырады. Оған келесі талаптар қойылады:

29

-қозғалтқыштың кіргізу трактысына берілетін отынды дәл дозалау;

-қажетті құрамдағы жанар қоспаны жасау мақсатында ауамен араластыру (алғашқы кезеңде);

-қозғалтқыштың жұмыс режиміне сәйкес жағар қоспаның мӛлшерін

ӛзгерту.

Қарапайым карбюратор құрамында құбыр 1, диффузор 2, араластыру камерасы 9, дроссель қақпағы 10, отын жиклеры (калибрленген тесік) 8, тозаңдандырғыш 11, қалытқылы камера болады 4 болады (сурет 2). Қалытқылы камерада отын және отынды жіңішке сүзгіден алып келетін тесік клапан ұясы 5, инелі клапан 6, қалытқы 7 болады.

а-диффузорда және араластыру камерасында қысымның ӛзгеруі; б-карбюратор схемасы; в- карбюратор сипаттамасы; 1-құбыр; 2- диффузор; 3- балансирлеу түтігі (тесік); 4- қалытқылы камера; 5- ұя; 6- клапан; 7- қалытқы; 8- жиклѐр; 9- араластыру камерасы; 10дроссельдік қақпақ; 11тозаңдандырғыш.

Сурет 19Қарапайым карбюратор

Қарапайым карбюратор келесі ретте жұмыс орындайды. Ауа ауатазалағыштан кіру құбыры 1 арқылы диффузорға 2 келеді. Диффузордың бірінші бӛлігінің қимасы басында жіңішке болады, яғни ауаның жылдамдығы ұлғайып, ағында қысым тӛмендейді. Ауа ағынының қысымы қалытқылы камерадағы қысымнан тӛмен болуы отынның тозаңдандырғыш 11 арқылы ауа ағынына тӛгілуін туындатады.

Диффузордың екінші бӛлігінде отынмен ауаның араласуы жүзеге асады. Отын ауада тозаңданып, одан ары ауа ағынының кӛлемінде бу, тамшы түрінде және араластыру камерасының 9 қабырғасымен қозғалады, содан кейін кіргізу құбырымен клапандарға, ол арқылы қозғалтқыш цилиндріне кіреді.

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]