Оды оценки яиценоскости птиц
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Мал шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеу технологиясы кафедрасы
«Бекітемін»
___________________________________
Ветеринария және мал шаруашылығы
технологиясы факультетінің деканы,
профессор Б.Майқанов __ ____2015 ж.
МП компоненті АП 5В120200 «Ветеринарлық медицина»
мамандығына
«МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ және МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ»
пәнінің
Жұмыс бағдарламасы
Пәннің барлық сағаты – 4 кредит,
оның ішінде, аудиторлық сабақтар - 180 сағат:
дәріс - 30 сағат; ЗТС - 60 сағат;
СОӨЖ - 30 сағат; СӨЖ - 60 сағат
Бақылау түрі – Емтихан
Астана 2015
ZhKZh 2205 - «Мал шаруашылығы және мал азықтандыру» пәнінің бағдарламасы мамандандыру циклі бойынша дипломдандырылған мамандарды (бакалавр) дайындау деңгейіне ҚР Үкіметінің 23.08.2015 ж. № 1080 қаулысымен бекітілген типтік оқу бағдарламасы; «Жоғарғы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» және С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ғылыми кеңесі 07.08.2015 ж. бекіткен 5В120200 - Ветеринарлық медицина мамандығының оқу жұмыс жоспары мен таңдау пәндер каталогына сәйкес құрастырылған.
Бағдарлама «Мал шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеу технологиясы» кафедрасының отырылысында қаралып, ұсынылды
(__ ______ 2015 ж. № __ хаттама).
Кафедра менгерушісі, доцент Н.Қажғалиев
Бағдарлама «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің әдістемелік комисиясында қаралып, мақұлданды
(__ _______ 2015 ж. № __ хаттама).
Әдістемелк комиссия төрайымы, доцент А.Бегенова
ОҚЫТУШЫЛАР ЖӨНІНДЕ МӘЛІМЕТ:
- дәріскер – ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Н.Омарқожаұлы
- оқытушы – ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі, Долдашева Г.Қ.
Ақпараттық мерзімі мен кеңес беретін, студенттердің өзіндік жұмыстарын қабылдайтын уақыты – күнделікті 900 – 1500 сағат аралығында 206-ші аудитория мен 210-шы кабинетте
ПӘН ЖӨНІНДЕ МӘЛІМЕТ:
Пән коды мен атауы – «Мал шаруашылығы және мал азықтандыру»
Оқыту семестрі – 1, 2; көлемі – 4 кредит: оның ішінде, аудиторлық сабақтар - 180 сағат, дәріс - 30 сағат; ЗТС - 60 сағат; СОӨЖ - 30 сағат; СӨЖ - 60 сағат
Бақылау түрі – Емтихан
Сабақ өткізілетін жері – 206-ші аудитория
3 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Пәннің мақсаты мен ұғымдары және оқу үдерісіндегі орны
Пәнді оқыту мақсаты – ветеринарлық медицина студенттеріне мал басын өсіріп, көбейту әдістері мен денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру шараларын үйрету
Пәнді оқыту мақсатына сәйкес қойлатын міндеттері:
- төрт түлік мал түрі және тұқымдарымен таныстыру;
- мал басының өнімділігін бағалау әдістерін үйрету;
- өсірілетін мал басын сұрыптап, жіктеу арқылы асылдандыруды үйрету;
- мал азығының құрамы мен қоректілігін бағалау өлшемдерін беру;
- мал азығын жіктеу және мал азықтандыруда тиімді пайдалану жолдарын көрсету;
- азықтандыру құнарлылығын бақылау әдістерін меңгерту.
Осыны ұстана отырып «5В120200 - Ветеринарлық медицина» мамандығының студенттері білуі керек:
- мал басының өнімдік бағыты мен өнімділігін бағалауды;
- сырт пішіні мен дене бітімі бойынша денсаулығын болжауды;
- онтогенез заңдылықтары мен мал өсіру әдістерін жетілдіруді;
- мал табынның көбеюі мен мал түліктерді өнімдерін өндіру технологиясын;
- азық химиялық құрамын талдап қоректілігін бағалауды;
- мал азығының энергиялық, протеиндік, минералдық және жәрумендік құндылығы мен құнарлылығын бағалауды;
- мал басын өнімділігіне сәйкес нормалап азықтандыруды ұйымдастыруды;
- азықтандыру деңгейі мен сапасын бақылап, мал денсаулығын сақтауды.
Пән мазмұнын игерген студент мынаны орындай алуы керек:
- мал денесінің өлшемдерін алып, индекстерін есептеуді;
- мал өнімділігі мен өнім сапасын бақылап, бағалауды;
- азық орташа үлгісін алып, химиялық құрамын зерттеуді;
- мал азығының қоректілігі мен құнарлылығын бағалауды;
- мал азығын жіктеп, түрлі жемшөп дайындау технологиясын білуді;
- азықтандыру нормасын анықтап, азықтандыру рационын құрасытруды;
- азықтандыру рациондарының құнарлалаған бақылауды.
Пәнді аяқтағаннан кейін ол іс жүзінде орындай білуі керек:
- мал басының өнімдік қасиеттерін бағалауды;
- азық құрамы мен қоректілігін бағалауды;
- малды нормалап азықтандыруды;
- азықтандыру нәтижесін бағалауды.