Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лабораторные работы.docx
Скачиваний:
75
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.91 Mб
Скачать

9. Тапсырма: Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз:

  1. 0,32210 8. 37,2510

  2. 150,700610 9. 206,12510

  3. 283,24510 10. 0,38610

  4. 0,42810 11. 10,10310

  5. 315,07510 12. 8,8310

  6. 181,36910 13. 14,12510

  7. 176,52610 14. 15,7510

10. Тапсырма: Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңыз.

  1. 32210 8. 700610

  2. 52410 9. 12510

  3. 283,24510 10. 22910

  4. 42810 11. 8810

  5. 315,07510 12. 37,2510

  6. 181,36910 13. 206,12510

  7. 176,52610 14. 94010

11. Тапсырма: Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстырыңыз.

  1. 32210 8. 36910

  2. 150,700610 9. 12510

  3. 283,24510 10. 22910

  4. 42810 11. 8810

  5. 315,07510 12. 37,2510

  6. 18110 13. 206,12510

  7. 176,52610 14. 98,9310

Бақылау сұрақтары:

    1. Санау жүйесі деп нені айтады?

    2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы неде?

    3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?

    4. Разряд дегеніміз не?

    5. Екілік сан дегеніміз не?

7. Екілік санның әрбір разрядын не деп атаймыз?

8. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырамыз?

9. Ондық он бөлшек екілік санау жүйесіне қалай ауыстырылады?

4 Зертханалық жұмыс.

Биәріп, Регистр орнату. Бір сөзді іздеу және басқасымен ауыстыру. Синоним сөздер шығару. Орфографиялық қатені тексеру. Жоларалық интервал орнату. Құжатты қорғау.

Жұмыстың мақсаты: Биәріп, регистр орнатуды үйрету. Жұмыс барысында қажетті сөзді іздеп, басқасына ауыстыруға, сол сөзге синоним сөздер шығаруға және сөзде қате барлығын тексеру тәіслдерін көрсету. Құжатты қорғау тәсілдеріне үйрету.

Жұмыстың орындалу реті:

1. MS Word мәтіндік редакторын жүктеңіз.

2. Жаңа құжат ашыңыз.

3. Құжатқа Мен студентпін мәтінін биәріппен жазу қажет. Ол үшін М әріпін теріп, ерекшелеп Вставка–Буквица командасын орындаңыз. Ашылған сұхбаттық терезеде орналасу жағдайын, жолдағы биіктік, арақашықтық шамаларын беріп, ОК басыңыз және мәтінді ары қарай жалғастырыңыз.

4. Екінші жолға өзіңіздің оқу орныңыздың атын теріңіз.

5. Мәтінді ерекшелеп, Главная- Регистр командасы немесе тінтуірдің оң жағын басып шыққан жанама мәзірден Шрифт- командасында, ашылған терезеде все прописные жолына жалаушаны орнатып ОК батырмасына басыңыз.

6. Жаңа жолға Астана қаласы мәтінін теріңіз.

7. Главная сұхбаттық терезеде найти бөлігіне Астана сөзін, ал заменить на.. бөлігіне Алматы сөзін беріңіз. Заменить батырмасын шертіңіз.

8. Студент сөзін теріп, мәтінді ерекшелеп,тышқанның оң жақ батырмасын басып Синоним – Тезаурус командаларын орындаңыз. Синоним сөздерді оқып шығыңыз.

9. Қатені тексеру үшін Рецензирование –Правописание командасын орындаңыз.

10. Құжатты ерекшелеп, батырманың оң жағын басып Абзац командасын орындап, ашылған сұхбаттық терезеде интервал бөлігінде междустрочный жолына 1,5 шамасын беріп, ОК басыңыз.

10. Құжатты ашуға пароль орнату үшін Office батырмасы–Подготовить-Защифровать документ жолына пароль енгізіңіз. Ок батырмасына басыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Биәріп орнату үшін не істейміз? Қандай орнату жағдайларын білесіз?

2. Бір сөзді іздеп оны ауыстыру үшін қандай команда?

3. Тезаурус дегеніміз не? Қалай орындаймыз?

4. Жоларалық интервал қалай орнатылады?

5. Құжатты қорғаудың қажеттілігі?

5 Зертханалық жұмыс.

Microsoft Word-та колонкаға бөлу, биәріп кірістіру,тізіммен жұмыс.

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Word- программасында құжатты калонкаға бөліп мәтін теру. Ол үшін Разметка страницы–Колонки. Колонканың 1, 2, 3 және сол жақ, оң жақтан бөлінген түрлері болады.

1-Кезең. Колонкаға бөліп мәтін теріңіз

Жұмыстың орындалу реті:

2-Кезең. Шрифтің өлшемін 8-ге қойып әріпті жазып оны қарамен белгілеп барып Вставка - Буквица батырмасы арқылы буквица түрін таңдап мәтін тереміз.

П

ернетақта- бұл ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы. Пернелерді басу арқылы сендер комьютер жадысына сигналдар жібере аласыңдар.

3-Кезең. Вставка-символ батырмасын пыйдаланып мына символдарды теріп шығыңыз.

4-Кезең. Мәтінге автоматты түрде маркер және номер пайдалануға болады. Онда главная маркер және номер.

Мысалы:

№ 6 Зертханалық жұмыс.

Microsoft Word-та формулалар қатары

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Word-программасында студенттер өздеріне қалаған визиткаларын құруды үйрену.

Жұмыстың орындалу реті:

Word редакторында формулалық өрнектерді кірістіру:

Формула редакторын іске қосу үшін курсорды формула енгізілетін орынға қойып, Кірістіру-Формула командаларын орындаймыз. Формулалар редакторында формуланы редакциялау үшін оған тінтуірді екі рет шерту қажет. Формулалар редакторы іске қосылған кезде Word терезесінің мәзір қатары өзгереді. Жұмыс аумағында тік төртбұрыш болып объект ауданы белгіленіп тұрады (формула жазған кезде аумақ автоматты түрде ұлғайып отырады), формулалар редакторының саймандар тақтасы пайда болады. Осы саймандар тақтасында математикалық және басқа да қолданылатын символдар батырмалары орналасқан:

1. Формулалар редакторының саймандар тақтасынан қажет символдар мен шаблондарды таңдай отырып, формуласын объект ауданына жазыңыз.

2. Формуланы жазып болған соң, Word құжаты терезесіне тінтуірді бір рет шертіңіз.

3. Формулаға өзгертулер кірістіру үшін оған тінтуірмен екі рет жылдам басыңыз.

 Төмендегі формулаларды енгізіңіз:

7 Зертханалық жұмыс

MS Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс

Жұмыстың мақсаты: Студенттерді кесте құру тәсілдерімен таныстыру. Кестемен жұмыс жасауға түсінік беру, кесте ішінде есептеулер жүргізуді үйрену

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1. Кәдімгі орнатылған режимде Office батырмадан –Құру командасымен жаңа құжат құрыңыз.

2. Қою-Кесте (Вставка-Таблица) командасының көмегімен орындаңыз. Шыққан кестені қою терезесінде 10 қатардан және 15 жолдан тұратын кесте құрыңыз (1-ші кестеге қараңыз).

3. Бірінші жолдың ұяшығын біріктіріңіз, ол үшін жолды түгелімен белгілеп алып, тінтуірдің оң жағын басып Макет-Кестені біріктіру (Объединить ячейки) командасын таңдаңыз.

1-ші кесте

4. 2-ден 15-ке дейінгі жол үшін А қатарын белгілеп алып, қатардың енін 0,5 см етіп қойыңыз: Макет-Биіктігі және ұяшықтың ені (Макет- Высота и ширина ячейки)команда көмегімен.

5. В қатарын белгілеңіз 2-15 –ке дейінгі жол және қатардың енін 3 см етіп орнатыңыз: Макет- Биіктігі және ұяшықтың ені (Макет- Высота и ширина ячейки).

6. С қатарын белгілеңіз 2-15 жол және қатардың енін 1,5 сантиметрге етіп орналастырыңыз: Макет-Биіктігі және ұяшықтың ені (Макет- Высота и ширина ячейки).

7. D-J қатарын 2-15 жолдарды белгілеңіз және қатардың енін Макет-Ұяшықтың биіктігі және ені ....-Автотаңдау (Макет-Высота и ширина ячейки…-Автоподбор) команда көмегімен өзгертіңіз.

8. Форматтау тәсілін қадағалай отыра, Кесте ұяшығына мәтін енгізіңіз (қорытынды жолды толтырмаңыз, оны толтыру үшін формула пайдаланылады): шрифт – KZ Times New Roman, өлшемі 10, қорытынды жолды кішкене қарайтыңыз, қорытынды жолда баға санын есептеу –Шекара және құю-Құю-10% Сұр түс (Границы и заливка-Заливка-Серый цвет (10%).

9. Макет-Данные- Формула командасымен қорытынды жолды толтырыңыз:

• орташа баллды есептеу үшін: AVERAGEфункциясын Функция қою (Вставить функцию) өрісінен Формула командасымен қажет ұяшықтың диапазонын көрсетіңіз. Мысалы, информатиканың орташа баллы мынандай формуламен есептелінеді: = AVERAGE(d4:d7);

• қалған ұяшықтағы фомуланы пайдаланып, керекті қосындыны Кесте-Формула-SUM(ABOVE) командасы көмегімен орындаймыз, қосындылау белсенді ұяшық екенін білдіреді.

10. Орташа балдың кемуі мен өсуін мына команда бойынша орындаңыз: Макет–Данные-Сорттау. Өз беттеріңізше ұяшықтарды бөлу, ұяшық қосу, жол қосу, қатар қосу тәсілдерін қараңыз:

- ұяшықты бөлу үшін тышқанның оң жағын басып Разбить ячейки командасы таңдалынады;

-ұяшық қосу үшін керекті ұяшықты, қатарды немесе жолды белгілеп алып Макет-Вставить Таблица командасы орындалады.

12. Орындаған жұмысыңызды Office батырмадан –Қалай сақтау (Сохранить как) тәсілімен Бумаларыңызға (Папка) 11-ші зертханалық жұмыс деген файлдың атымен сақтаңыз.