
- •Жұмыс үстелінде жаңа бума құру.
- •Санау жүйелерімен танысу
- •Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.
- •Сандарды екілік жүйеден он алтылық санау жүйесіне ауыстыру
- •Екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдану
- •Ондық санау жүйесі
- •Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру
- •Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру
- •Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру
- •Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру.
- •8. Тапсырма: Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз:
- •9. Тапсырма: Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз:
- •10. Тапсырма: Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңыз.
- •11. Тапсырма: Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстырыңыз.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ms Access. Кесте режимінде кесте құру
- •1 Кезең. Ms Access -ті жүктеу және жаңа деректер қорын құру
- •2 Кезең. Кесте режимінде кесте құру
- •19 Зертханалық жұмыс
- •5 Кезең. Іріктеуге сұраныс құру
- •Тапсырма
- •1 Кезең. Кестеге өріс қосу
- •2 Кезең. Сұраныс құру
- •Ms Access деректер қорында форма құру және батырма орнату
- •Ms Access Формада есептелінетін өріс құру
- •Ms Access. Есепті есеп шебері көмегімен құру
- •1 Кезең. Кестеге Есеп (Отчет) құру
- •26 Зертханалық жұмыс Графикалық сызбаларды құру
- •Қарапайым фигуралар арқылы Өрмекшіні салу.
- •Тақырыбы: html – құжаттарды белгілеу тілі. Web-беттерді құру негіздері. Html тілінің негізгі тэгтері. Туралау және шегіністер, абзацтарды белгілеу. Маркелер, тізімдер, шрифттер
- •Сабақ жоспары:
- •Html тілінің құрылымы
- •Сурет тэгтері.
- •Кестелер тэгтері
- •Тізімдер тэгтері.
- •Тапсырмалар
- •1 Сурет
- •2 Сурет
- •1 Мысал. Гиперсілтеменің құрылуы.
- •2 Мысал. Бейнеленудің құрылуы және оның Web парақта қолданылуы.
- •Бақылау сұрақтары:
Ms Access. Есепті есеп шебері көмегімен құру
Жұмыстың мақсаты
Студенттерге есеп туралы жалпы мәлімет беру, есеп құрумен таныстыру. Студенттерді есеп шебері режимінде есеппен жұмыс істеуге үйрету.
Жұмысты орындау реті
1 Кезең. Кестеге Есеп (Отчет) құру
1. №17 зертханалық жұмыста құрған Фирма Болашақ деректер қорын ашыңыз.
2. Есеп құру үшін обьектілер тізімінен Создание (Отчет) обьектісін таңдап, содан соң есеп құру терезесінен есеп шебері (мастер отчетов) жолын таңдаңыз,
27.1.-сурет. Есеп объектісін таңдау 27.2-сурет. Жаңа есеп терезесі
3.
Доступные
поля
тізімінен
Таңдалған өрістер (Выбранные
поля) тізіміне Қызметшілер,
Лауазымы, Туған жылы
жолдарын өткізіп Далее
батырмасына басыңыз.
27.3.-сурет. Есеп құру терезесі.
4. Қызметшілер және лауазымы жолдарына тышқан батырмасын жылдам екі рет басып оларды топтастырыңыз. Далее батырмасын басыңыз. Нәтижесі келесі түрде болады:
5. Қорытынды (Итоги) батырмасын шертіңіз, керекті мәліметтерді жалаушамен белгілеп, ОК, Далее батырмаларын шертіңіз. Нәтижесі келесі түрде болады:
6. Есепмакетін беруде сол жақ шеті бойынша1 (по левому краю), альбомдық түрлерін таңдап, Далее батырмасына басыңыз.
7. Есеп стилін таңдауда деловой түрін белгілеп, Далее батырмасын шертіңіз.
8. Есептіңатын Фирма Болашақ деп беріңіз және Дайын (Готово) батырмасына шертіңіз.
9. Есеп ашылады. Дайын болған есептің үлгісі төмендегідей:
10. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
Бақылау сұрақтары.
1. Шебер көмегімен есеп қалай құрылады?
2. Конструктордың көмегімен есеп құру тәсілі?
№25 Зертханалық жұмыс
Microsoft PowerPoint бағдарламасында слайд құру
Жұмыстың мақсаты:
Microsoft Power-Point бағдарламасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдауды үйрету. Слайдқа мәтін, суреттер, графикалық объектілер енгізу. Әр түрлі типтегі объектілерге анимация эффектілерін қолдануға, презентация көрсетуде слайдтардың ауысуын басқаруды үйрету.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Пуск- Программы- Microsoft PowerPoint командалары арқылы бағдарламаны іске қосыңыз. Microsoft PowerPoint программасы терезесінде Главная – Создать слайд командасын беріңіз. Программа тезесінің оң жақ бөлігінде ашылған Презентацияны құру (Создание презентации) есептер облысы (область задач) ашылады.
2. Главная –Создать слайд батырмасын басып 5 слайд құрып аламыз.
3. 1-ші слайдтың тақырып жолына электрондық сауда “Электрондық сауда” атын енгізіңіз, Рисунок, автордың аты, уақыт мерзім және қимыл қозғалыс орнатамыз,
4. Бірінші слайдқа көшіңіз және үнсіз келісім бойынша қабылданған автордың орнына өз есіміңізді енгізіңіз.
5. Слайд терезесіне ауысыңыз, тақырып блогын таңдаңыз және аспаптар тақтасы көмегімен мәтінді ортасы бойынша туралаңыз Главная-Абзац-по центру командалары немесе Ctrl+E пернелері арқылы. Тышқанның көмегімен тақырыбы бар мәтіндік блокты слайдтың жоғарғы бөлігіне, қызыл сызықтан жоғары орналастырыңыз. Автор есімі бар мәтіндік блокты сол сияқты, бірақ қызыл сызықтың астына орналастырыңыз.
1.1.-сурет.MSPowerPoint терезесі
6. Слайдтан колонтитул жалаушасын жойыңыз, ол үшін Вставка-колонтитул-слайдтың сыртқы бетіне көрсетпеу (Вставка-колонтитул-не показывать на титульном слайде) командаларын орындаңыз.
7. Екінші слайдқа көшіңіз (құрылымдар терезесінде немесе PageDown пернесі). Тақырыб орнына Электрондық сауданың жетістіктері мәтінін енгізіңіз.
8. Маркерленген тізімге көшіңіз және шаблондық мәтіннің орнына келесі мазмұнды енгізіңіз:
Миллиондаған сатып алушыларға қызмет көрсету;
Әрбір клиентке жеке қызмет;
Сатып алушылармен тығыз байланыс;
Клиенттің қалауы туралы ақпарат жинау;
Сатып алушының шығынын төмендету.
13. Мәтіндік блоктарды өз қалауыңыз бойынша туралаңыз.
14. Бірінші слайдқа көшіңіз. Мәтіндік блокта өз есіміңізден кейін Вставка-рисунок командалсы арқылы ашылған суреттер жиынынан қалауыңыз бойынша сурет таңдап, сол суретке тышқанның оң жағын басып, ашылған контекстік менюден көшірмесін алу (копировать) жолын таңдаңыз және тышқанды қажетті жерге орналастырып контекстік менюден қою (Вставить) командасын орындаңыз.
15. Үшінші слайдқа ауысыңыз. Неліктен халықтар желіден сауда жасайды тақырыбын енгізіңіз. Екінші мәтіндік блокты жойыңыз.
16. Аспаптар тақтасында Вставка -Таблица құралында кестенің мөлшерін 5х2 (5 жол, 2 баған) беріңіз.
17. Кестеде сол жақ бағанды келесі мәндермен толтырыңыз (жоғарыдан төмен): Төлеу ыңғайлылығы; Іздеу ыңғайлылығы; Қолайлы бағалар; Жақсы таңдау; Әр түрлі. Кестенің оң жақ бағанын келесі мәндермен толтырыңыз (жоғарыдан төмен): 50%, 21%, 11%, 11%, 7%. Мәндерді ортасы бойынша туралаңыз.
18. Кестеде сол жақ бағанды таңдаңыз, оған тышқанның оң жақ батырмасын басып, ашылған контекстік менюден шекара және бояу (граница и заливка) жолында шертіп, ашылған терезеде заливка бөлімшесінен түс таңдаңыз, ОК басыңыз. Осылайша оң жақ бағанды безендіріңіз.
19. Төртінші слайдқа көшіңіз. Тақырып жолында Желіден не сатып алуға болады мәтінін енгізіңіз. Екінші мәтіндік блокты жойыңыз.
20. Аспаптар тақтасындағы Вставка – диаграмма батырмасын басыңыз. Пайда болған презентация-таблица данных терезесінде сол жақ бағанда келесі мәтінді енгізіңіз (Восток, .... мәтіндерінің орынына жоғарыдан төмен қарай): Компьютерлер және қосымша құрылғылары; Кітаптар; Киімдер; Музыка; Әр түрлі. Ұяшықтарда берілген кварталдар аттарын келесі мәндермен ауыстырыңыз: 2007; 2008; 2009; 2010.
21. Берілгендері бар ұяшықтарда келесі мәндерді енгізіңіз (жоғарыдан төмен, оңнан солға қарай): 40; 20; 15; 5; 20;- 38; 22; 15; 5; 20;- 36; 24; 20; 7; 13;- 35; 25; 20; 8; 12.
22. Бірінші слайдқа ауысыңыз. Электрондық сауда (Электронная торговля) тақырыбын таңдаңыз және тышқанның оң жақ батырмасын басып, ашылған контекстік менюден анимация орнату (настройка анимации) пунктін таңдаңыз. Қозғалыс енгізу (добавить эффект) терезесінде ұшып-кіру (вход-вылет) эффектісін таңдаңыз.
23. Слайд ауыстыру (смена слайдов) терезесін ашыңыз слайд көрсету –слайд ауыстыру (показ слайдов-смена слайдов), (эффект) тобынан қалауыңыз бойынша эффект таңдап алыңыз. Слайд ауыстыру (смена слайда) тобында (автоматический после) жолына жалауша орнатыңыз және 5 секунд уақытын беріңіз, (по щелчку) жолындағы жалаушаны шерту арқылы алып тастаңыз. Барлығына пайдалану (применить ко всем) батырмасын басыңыз.
24. Соңғы слайдқа көшіңіз, диаграмманы таңдаңыз. Добавить эффект терезесін ашыңыз, қалауыңыз бойынша эффект орнатыңыз.
25. Бірінші слайдқа көшіңіз, презентацияны көрсетуге жіберіңіз (показ слайдов-с начала).
26. Орындаған жұмысыңызды оқытушыға көрсетіңіз.
27. Жұмысты Мои документы бумасында орналасқан өз тобыңыздың бумасында сақтап қойыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1.Көрме деген не?
2.Слайд дегеніміз не?
3.Слайдты безендіру қалай орындалады?
4.Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?
5.Көрме мәтіндерін өңдеуді қандай режимде жүзеге асыруға болады?