
- •Жұмыс үстелінде жаңа бума құру.
- •Санау жүйелерімен танысу
- •Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.
- •Сандарды екілік жүйеден он алтылық санау жүйесіне ауыстыру
- •Екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдану
- •Ондық санау жүйесі
- •Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру
- •Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру
- •Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру
- •Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру.
- •8. Тапсырма: Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз:
- •9. Тапсырма: Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз:
- •10. Тапсырма: Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңыз.
- •11. Тапсырма: Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстырыңыз.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ms Access. Кесте режимінде кесте құру
- •1 Кезең. Ms Access -ті жүктеу және жаңа деректер қорын құру
- •2 Кезең. Кесте режимінде кесте құру
- •19 Зертханалық жұмыс
- •5 Кезең. Іріктеуге сұраныс құру
- •Тапсырма
- •1 Кезең. Кестеге өріс қосу
- •2 Кезең. Сұраныс құру
- •Ms Access деректер қорында форма құру және батырма орнату
- •Ms Access Формада есептелінетін өріс құру
- •Ms Access. Есепті есеп шебері көмегімен құру
- •1 Кезең. Кестеге Есеп (Отчет) құру
- •26 Зертханалық жұмыс Графикалық сызбаларды құру
- •Қарапайым фигуралар арқылы Өрмекшіні салу.
- •Тақырыбы: html – құжаттарды белгілеу тілі. Web-беттерді құру негіздері. Html тілінің негізгі тэгтері. Туралау және шегіністер, абзацтарды белгілеу. Маркелер, тізімдер, шрифттер
- •Сабақ жоспары:
- •Html тілінің құрылымы
- •Сурет тэгтері.
- •Кестелер тэгтері
- •Тізімдер тэгтері.
- •Тапсырмалар
- •1 Сурет
- •2 Сурет
- •1 Мысал. Гиперсілтеменің құрылуы.
- •2 Мысал. Бейнеленудің құрылуы және оның Web парақта қолданылуы.
- •Бақылау сұрақтары:
Тапсырма
Келесі сұраныстарды құрыңыздар:
1. Сұраныста қызметшілер фамилиялары және туған жылдары берілуі керек, туған жылы өсу реті бойынша реттелуі тиіс, сұраныс аты «туған жылы».
2. Сұраныста жоғарғы білімі бар қызметшілер фамилиясы көрсетілуі қажет, сұраныс аты «жоғарғы білімді қызметшілер».
3. 5 жыл жұмыс стажы бар жоғарғы білімді қызметкерлер фамилиясын анықтау керек, сұраныс аты «жұмыс стажы 5 жыл».
4. Тапсырма нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
5. MS Access терезесін жабыңыз.
Бақылау сұрақтары
1. Қарапайым сұраныс құру тәсілі?
2. Іздеу және ауыстыру функциялары не үшін қажет?
3. Сұрыптаудың қандай түрлерін білесіздер?
№ 20 зертханалық жұмыс
MS Access. Сұранысты параметрмен құру
Жұмыстың мақсаты: Студенттерге сұранысты параметрмен құру тәсілін таныстыру. Деректер қорында сұраныс құру түрлерін еркін пайдалануға дағдыландыру.
Жұмыстың орындау реті
1 кезең. Сұраныс құруға арналған кестені ашу
1. №17 зертханалық жұмыста орындаған Фирма Болашақ деректер қорын ашыңыз. Сұранысты конструктор режимінде құру (создание запроса в режиме конструктора)
2. Создание- Конструктор запросов объектісіне басамыз – үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады. Онымен бірге бірмезетте Кесте қосу (Добавление таблицы) сұхбаттық терезесі ашылады.
3. Кесте қосу терезесінде Қызметшілер кестесін таңдаңыз және қосу (добавить) батырмасын таңдаңыз.
4. Кесте қосу терезесін жабыңыз.
5. Қызметшілер кестесінің өріс тізімдерінде нәтижелік кестені қосатын өрістерді таңдаңыз: Фамилиясы, Лауазымы, Жұмыс стажы. Таңдауды өріс аттарына екі рет шерту арқылы орындайсыз (23.1-сурет).
23.1. –сурет.Өріс аттарын таңдау
2 кезең. Сұраныстарды «параметрмен» құру
1. Жұмыс стажы өрісі үшін Іріктеу шарты (Условие отбора) жолын сұранысты қосқан уақытта пайдаланушы керекті мәнді енгізу сөзін алатындай етіп толтыру қажет. Пайдаланушыға арналған мәтін тік жақшаға алынып жазылады. Егер 10 жылдан артық жұмыс істеген қызметкерлерге марапаттау қағазын сыйлау керек болса, сіз өріске >10 деп жазасыз, керісінше 10 жылдан төмен жұмыс істеген қызметкерлерді марапаттағыңыз келсе, < 10 жазуын енгізесіз. Бірақ сіз пайдаланушыға таңдау мүмкіндігін беруіңіз керек, сондықтан өріске < [максималды жұмыс стажын енгізіңіз] – мәтінін жазыңыз.
2. Сұранысты жабыңыз.
3. Жұмыс стажын таңдау атымен сақтаңыз.
4. Сұраныстар объектісін ашыңыз және Жұмыс стажын таңдау сұранысын жіберіңіз. Экранда Параметр мәнін енгізіңіз (Введите значение параметра) сұхбаттық терезесі шығады (20.2.-сурет).
23.2.-сурет. Параметр мәнін енгізу терезесі
5. Қандай да бір сан енгізіңіз және ОК басыңыз. Қызметшілер кестесінің мазмұнына сәйкес сұраныс нәтижесі бойынша нәтижелік кесте құрылады.
6. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
7. MS Access-ті жабыңыз.
Бақылау сұрақтары
1.Сұраныс құрудың қандай әдістерін білесіз?
2.Сұраныстарды параметрмен құру үшін қандай әрекет орындалады?
3.Қарапайым сұраныс пен параметрлі сұраныс ерекшеліктері?
№ 21 зертханалық жұмыс
MS Access. Нәтижелік сұраныс құру
Жұмыстың мақсаты
Студенттерге қорытынды сұраныс құрып, пайдаланылатын қорытынды функцияны таңдауды таныстыру.
Жұмыстың орындау реті