
6. Курстың мазмұны
6.1. Дәріс сабақтарының тізбесі
№ |
Тақырып аты |
Көлемі, сағат |
Әдебиет-тер |
Ағымдық бақылау, min/max балл |
|
№1 дәріс. Кіріспе. Пәннің мақсаты және міндеттері. Мемлекеттің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ролі. |
1 |
Негізгі [4,5,6,7] Қосымша[1,2,3,4] |
0,5...1,0 |
|
№2 дәріс. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Заңы. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары. Жеке тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар. |
1 |
Негізгі [1,2,3] |
0,5...1,0 |
3 |
№3 дәріс. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныстың міндеттері, құру және жұмыс істеу принциптері. Азаматтық қорғаныстың міндеттері, басқару, хабарлау және байланыс жүйелері. Азаматтық қорғаныс күштерін құру, ұйымдар персоналын даярлау және халықты оқыту. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және оның жұмыс істеу принциптері. |
1 |
Негізгі [4,5,6,7] Қосымша [1,2,3,4] |
0,5...1,0 |
4 |
№4 дәріс. Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу. Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар, олардың жіктелуі, агрегаттық күйі, адам ағзасына түсу жолдары. Зиянды заттардың аралас әсері. Зиянды заттардың құрамын нормалау: шекті мүмкін, максимум реттік, орташа ауысымдық, орташа тәуліктік концентация. Кәсіби және тұрмыстық аурулар, токсиндер әсер еткендегі созылмалы улану. |
1 |
Негізгі [4,5,6,7] Қосымша [1,2,3,4] |
0,5...1,0 |
5 |
№5 дәріс. Радиациялық және химиялық қауіптілік. Иондаушы сәуле шығару. Сыртқы және ішкі сәулелену. Радиациялық қауіпсіздік нормалары. Сәуле ауруы. Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері – негіздеу, оңтайландыру, нормалау. Радиациялық бақылау, жүйелер және аспаптар. Радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары. Химиялық қауіпті объектілер, химиялық қауіпті заттарды сақтау және тасымалдаудың негізгі тәсілдері, қорғау әдістері мен құралдары. Химиялық барлау аспаптары. |
1 |
Негізгі [4,5,6,7] Қосымша [1,2,3,4]
|
0,5...1,0 |
6 |
№6 дәріс. Техносфераның және техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі күйі. Техносфера, оның дамуына демографияның, халықтың қалаларға жаппай көшуінің, энергетиканың, көліктің, өнеркәсіптің әсер етуі. Өңірлердің, ірі қалалардың қоршаған ортасы, өндірістік орта, төтенше жағдайлар аймақтары. |
1 |
Негізгі [4,5,6,7] Қосымша [1,2,3,4]
|
0,5...1,0 |
|
№7 дәріс. Адамды және мекендеу ортасын табиғи және техногенді текті зиянды және қауіпті факторлардан қорғау. Қауіпті аймақтар және қызмет аймақтары туралы ұғымдар, қауіптілікті төмендету принциптері: қауіптілік көздерін жетілдіру, ара қашықтықты қауіптілік көзіне дейін ұлғайту, жеке қорғау құралдарын қолдану. |
1 |
Негізгі [4,5,6,7] Қосымша [1,2,3,4]
|
0,5...1,0 |
8 |
№8 дәріс. Әр түрлі сипатты төтенше жағдайларды жіктеу. Төтенше жағдайлардың үш негізгі жіктеу белгісі: пайда болу сферасы бойынша, ведомстволық тиесілігі бойынша, төтенше жағдайлар аймағының масштабы бойынша. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар. |
1 |
Негізгі [4,5,6,7] Қосымша [1,2,3,4]
|
0,5...1,0 |
9 |
№9 дәріс. Төтенше жағдайларда экономика объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы. Жұмыс істеу тұрақтылығы ұғымы. Бейбіт және әскери уақыттың төтенше жағдайларында экономика объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы. Экономика объектісінің төтенше жағдайларда жұмыс істеу тұрақтылығын жоғарылату принциптері мен тәсілдері. Азаматтық қорғаныс нормаларының өнеркәсіптік және азаматтық объектілерге қоятын талаптары. |
1 |
Негізгі [4,5,6,7] Қосымша [1,2,3,4]
|
0,5...1,0 |
10 |
№10 дәріс. Төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі принциптері мен тәсілдері. Халықты қорғау принциптері мен шаралары. Халықты эвакуациялау. Төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі медициналык көмек көрсету. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері. |
1 |
Негізгі [4,5,6,7] Қосымша [1,2,3,4]
|
0,5...1,0 |
11 |
№11 дәріс. Жаппай қырып-жою қаруынан қорғау. Жаппай қырып-жою қаруының жалпы сипаттамасы. Ядролық, химиялық, биологиялық қарулар, сипаттамалары, зақымдау факторлары, зақымдалу аймақтары және қорғану әдістері мен құралдары. Жаппай қырып-жою қаруының жаңа түрлері. |
1 |
Негізгі [4,5,6,7] Қосымша [1,2,3,4]
|
0,5...1,0 |
12 |
№12 дәріс. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің ұйымдастыру-практикалық шаралары. Жер сілкіністері, оларды жіктеу, күшін өлшеу шкалалары. Жер сілкіністері кезінде ғимараттар мен объектілердің бұзылуы. Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібі. |
1 |
Негізгі [4,5,6,7] Қосымша [1,2,3,4]
|
0,5...1,0 |
13 |
№13-14 дәрістер. Стихиялық апаттарда, өрттерде, өндірістік объектілердегі апаттарда және жарылыстарда халықты қорғау. Орман және дала өрттері, шымтезекті батпақтардың жануы. Өрттің жіктелуі, олардың қауіпті факторлары. Гидрологиялық төтенше жағдайлар, су басу кезіндегі адамдардың тәртібі. Геологиялық, метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар, қорғау тәсілдері. Адамдардың инфекциялық науқастығы. Ауыл шаруашылығы жануарларының инфекциялық науқастығы. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің аурулармен және зиянкестермен зақымдануы. Ішкі және сыртқы өрттің жалпы сипаттамасы. Жанғыш газдардың, сұйықтардың, қоспалар мен заттардың тұтануы, оларды өрт қауіптілігі бойынша жіктеу. Өрттің алдын алу және өрттен қорғану тәсілдері. Жарылғыш заттарды, газ-ауа және шаң-ауа қоспаларын жіктеу. Конденсацияланған жарылғыш заттар, газ-ауа және шаң-ауа қоспалары, қысым астында әсер етпейтін газы бар ыдыстар жарылғанда соққылық толқынның ерекшеліктері. Жер беті, әуе және жер асты жарылыстарында соққылық толқындардың таралуы. Соққылық толқыннан қорғау әдістері мен құралдары. Жоғары қысымды жүйелерді пайдалану қауіпсіздігі. |
2 |
Негізгі [4,5,6,7] Қосымша [1,2,3,4]
|
1,0...2,0 |
14 |
№15 дәріс. Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру, жүргізу тәсілдері. Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесі. Бейбіт және әскери уақыттың әр түрлі зақымдаушы факторлары әсер еткенде апаттан құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері. Төтенше жағдай нәтижесінде өндірістік объектіде (елді мекенде) қалыптасқан жағдайды барлау және бағалау. Инженерлік жағдайды бағалау әдістемесі, төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін күштер мен құралдар құрамын анықтау. |
1 |
Негізгі [4,5,6,7] Қосымша [1,2,3,4]
|
0,5...1,0 |
Барлығы |
15 |
|
7,5...15,0 |