Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсты жмыс..doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.82 Mб
Скачать

Ііі. Қорытынды

"Эйлерлік графтың кейбір есептерінің теориясы" атты тақырыбын зерттей отырып, мен мынадай қорытындыға келдім. Жалпы зерттеген жұмысыма граф ұғымын енгіздім. Себебі, граф ұғымы менің зерттейтін тақырыбыма тікелей байланысты.

Графтың, яғни нүктелердің математика саласындағы алатын орны ерекше. Себебі графтың логикалық ой қабілеттігін арттыруда үлкен үлес қосады. М.И.Калинин "математика ойлауды тездетіп, логикалық ойлауға үйретеді" және "математика- ой гимнастикасы" деп бекер айтпаған.

Логикалық есептердің мағынасын студенттерге түсіну қиын. Оны түсіну үшін граф ұғымы көп дәрежеде мүмкіншілік береді.

Сонымен қатар, граф ұғымы тек математика саласында ғана емес, тіпті күнделікті өмірде де және техникада да басқа да атаулармен қолданылады. Және де графпен біздің өміріміз тікелей байланысты. Мысалы: біз үй салғанда, үй-жиһаздарын жасағанда, логикалық есептерді шешкенде графты қолданамыз.

Графтар, олардың түрлері және графтардың қолданбалы есептерді шығаруда қолданылу жағдайлары туралы мәселелерді кең түрде келтіруге болады. Қолданбалы есептерді графтар көмегімен өте қарапайым әдіспен шешуге болады. Әртүрлі бас қатыру (головоломка), қызықты есептер, комбинаторлық есептер де графтарды қолдану барысында жеңіл де көрнекі түрде шешіледі. Қолданбалы есептердің мысалы ретінде жобаның желілік моделін құру, банктегі лизинг операциясы, банктің пайыздық ставкасын анықтау есептері қарастырылады. Бұдан басқа да графтар теориясының химияда, физикада, биологияда, құрылыс жұмыстарында т.б. сан түрлі қолданылуларын келтіруге болады.

Қазіргі математикада графтар теориясы математиканың тез өркендеп келе жатқан саласы. Графтар қазір пландау және басқару теориясында, лингвистикада, электроникада, программалауда қолданылады. Сол себебтен мен осы тақырыпты қозғап, әрі қарай дамытқым келеді.

Іv. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Акентьев В., Со второго взгляда, "Лениздат",1969 ж.

2. Линьков Г.И. , Внеклассная работа по математике , "Просвещение", 1965 ж

3.Нагибин Ф.Ф., Математическая шкатулка, "Просвещение", 1988 ж.

4.Оре О., Графы и их применение, "Мир", 1965 ж.

5.Перельман Я.И., Живая математика, "Наука", 1978 ж.

6. https://kk.wikipedia.org/wiki/Эйлер_графы

16