Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АТиТ Шпоры к сессии / Сессия-Казахский Тексты.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
42.01 Кб
Скачать

ЛЕКСИКА

Замандас келбеті.

Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады.

Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай киімі тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады.

Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті инженерлік-техникалық факультетінде бірінші курста оқимын. Менің тобымда 10 студент оқиды. Оның 4-еуі қыз, 6-ы ұл. Біз бәріміз құрдаспыз. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Біздің тобымызда әр түрлі ұлттың өкілдері оқиды.

Мысалы Асел, Гүлдана - қазақ, олар орта бойлы, шаштары қалың, ұзын, көздері үлкен, әдемі, сымбатты қыздар.

Ал, Оляныі ұлты – орыс, ол ұзын бойлы, аққұба, сымбатты, шаштары боялған.

Оляның көзі үлкен. Біздің топтың қыздары өте ұйымшыл, білімді және өте жақсы оқиды.

Тобымыздағы ұлдар байсалды, салмақты, ақжарқын. Қанат пен Рустам – қазақ, қараторы, шаштары қысқа қиылған. Рустам денелі, кең иықты,ал Қанат арық. Святослав, Дима, Сергей, Виктордың ұлты – орыс. Олар орта бойлы, денелі, көздері көкшіл, аққұба келген, шаштары қысқа қиылған, олар өте ұқыпты, тиянақты.

Отан отбасынан басталады

Менің отбасым туралы

Отбасы – шағын мемлекет. Біздің тәуелсіз елімізде кәмелетке толған әр қазақстан азаматы отбасын құруға құқылы. Отбасы – адам өмірінің ең негізгі бастауы. Әр адам өз отбасын құрметттеуге, жоғары бағалауға міндетті.

Қазіргі таңда отбасы құрушылардың саны қанша көп болса, ажырасушылардың саны одан да көп. Қазақ халқы шаңырақты, отбасын жоғары бағалап, артында үлгілі ұрпақ, сенімді мұрагер қалдыруға тырысқан.

Мен 1994 жылы Қостанай облысы Таран ауданында тудым. Менің атым Жанар. Біздің отбасымыз үлкен емес, отбасымызда 4 адам бар. Олар :анам, әжем және мен. Менің анамның аты Гүлнар. Ол оператор, Қазақстан темір жолында еңбек етеді. . Анамның жасы 51-де. Келбеті: дөңгелек жүзді, шашы қара, қысқа , қой көзді, кірпіктері ұзын, қыр мұрын және ол ең сымбатты, аяулы ана. Мен оны өте қатты сүйемін.

Әжем - зейнеткер. Мен кішкентай болғанда әжем мені тәрбиеледі, өйткені анам жұмыс істеді. Әжемді де мен өте қатты сүйемін. Оның жасы қазір 75-те.

Ал, өзім биыл мектепті бітіргенмін. Қазір А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бірінші курс студентімін. Менің болашақ мамандығым – инженер.

Біздің отбасымыз түрлі дәстүрлерді өткізуді өте жақсы көреді. Сондықтан біздің үйімізге үнемі қонақтар көп келеді. Отбасымыз өте қонақжай және тату – тәтті тұрады!

Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер

1. Әуелгі байлық — ден саулық, Екінші байлық — он саулық, Үшінші байлық — ақ жаулық

2. Денсаулық — зор байлық.

3. Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса, жан тәтті.

4. Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ.

5. Бас ауырса жан қорқады.

6. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде

7. Жаман ауруға – жақсы ас.

8. Емнің алды - еңбек.

9. Басы аманның малы түгел.

10. Демі бардың емі бар.

11. Ауру аздырады,

Суық тоңдырады.

12. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

Тусытық атаулар

Ата – әкеннің  әкесі, бергі ата.

Арғы ата – атаның әкесі.

Жеті ата – сегізінші атаға дейінгі  аталар.

Нағашы ата – шешенің (ананың) әкесі.

Әже – әкенің шешесі,үлкен әже.

Нағашы әже – шешенің  шешесі.

Әке жағынан қандастық туыс атаулары: әке, шеше, аға, апа әпке, тәте, іні, қарындас, сіңлі, баба, ата, әже, немере, шөбере, немере аға, немере апа, немере қарындас, немере іні, немере сіңлі, шөбере аға, шөбере іні, шөбере апа, шөбере қарындас.

Шеше жағынан қандастық туыс атаулары: нағашы, нағашы ата, нағашы әже, нағашы әпке, нағашы аға, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар.

Некелік қатынасқа байланысты атаулар: жезде, жеңге, нағашы жеңге, нағашы жезде.

Құдалыққа байланысты туыстық атаулар: құдаша, құда бала, құдағи, құда.

ӨЗ ЖҰРТЫ

Ата - дедушка, со стороны отца

Әже - бабушка со стороны отца

Әке/Көке - отец. Кстати "Көке" иногда называют старших братьев, распространено в основном на юге

Ана - мама

Апа/тәте - тётя

Аға - дядя или старший брат.

Әпке  - старшая сестра. Так же старшой сестрой в центральном Казахстане называют "Апа"

Іні - младший братишка

Сіңлі - младшая сестренка

Туыс/тума - не очень близкие, но все же родственники со стороны отца

Бөле - дети родных сестер будут друг другу "бөле"

Жиен - внуки со стороны дочери.

Жиеншар - правнуки со стороны дочери

Жеңге - Жена старшего брата. Жену младшего брата называют как обычно "келин бала".

Жезде - Муж старшей сестры. А старшая сестра может называть мужа младшей сестренки "күйеу бала"

НАҒАШЫ ЖҰРТЫ

Ата - дедушка со стороны матери

Ана, әже - бабушка, со стороны матери

Аға - дядя

Апа - тетя

Құда жегжат - дальние родственники, близкие друзья

Қабырға ағайын - "косвенные" родственники.

Балдыз - Младшие братишки и сестренки жены для мужа будут "балдыз"

Бажа - мужья родных сестер будут друг другу "бажа"

Абысын, абысын ажын - жены родных братьев будут друг другу абысынками.

Төркін - родственники вышедшей замуж девушки. Если проще, другое название родственников жены

ҚАЙЫН ЖҰРТЫ

Күйеу - муж

Құдалар - родственники со стороны мужа/жены

Қайын ата - отец мужа/жены

Ене (қайын ене) - мать мужа/жены

Қайнаға - старший брат мужа

Остальное так же іні, сіңлі, апа, әпке только с добавлением "қайын" - қайын іні, қайын сіңлі, қайын апа и т.д.

Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер

Қазақтарда отбасы мен некеге қатысты ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Дүниеге келген жас нәрестеге оның құлағына азан шақырып ат қойылатын. Жасы үлкен туысқандардың бірі Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіруді әрқашан ойластырып жүреді. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып-ақ атастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізеді. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін жігіт жағы қыздың калыңмалын төлейтін. Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған. Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін.