Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
62.91 Кб
Скачать

9.Өнер жұлдыздары.

Нүкетай Мышбаева – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі

Жанботаев Досжан – «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының халық артисі

Кенжебекова Алмахан – Қазақстан Республикасының халық артисі, Алматы облысының Құрметті азаматы

Қарақожаева Тұрсынхан – Қазақстанның Республикасының еңбек сіңірген артисі

Қожақова Салиха – Қазақстанның Республикасының еңбек сіңірген артисі

Құлжабайқызы Сұлушаш – Қазақстанның Республикасының еңбек сіңірген артисі

Әлиасқарұлы Мәкен – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Журналистер одағының мүшесі

Жақыпбаев Нұрғанат – талантты режиссер

Құдайбергенов Қанат – Қазақстанның Республикасының еңбек сіңірген артисі

Стамғазиев Рамазан – Қазақстанның Республикасының еңбек сіңірген артисі

Үсенов Ермұрат – Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі

Дәлденбай Бейбіт – Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі

Хасанғалиев Ескендір - Әнші (лирикалық баритон),  композитор, Қазақстан Компартиясы одағының мүшесі (1998), Қазақстан комсомол сыйлығының лауреаты (1970), Қазақстанның Халық әртісі (1984), Орта Азия Халық академиясының академигі (2000), Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры (1998).

Ермек Еселұлы Қазиев  мәдениет саласында еңбек етіп, өнер жолына түскеніне де 30 жылдан асып барады. Аудандық халық оркестрі мен облыс артистерінің делегациясы құрамында әр жылдары халық шығармашылығының облыстық, аймақтық, республикалық байқау-конкурстарына қатысып, Халық шығармашылығының І,ІІ,ІІІ Бүкілодақтық фестивальдерінің лауреаты атанды. 1980 жылы Москвадағы Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола медалімен, 1983 жылы ҚСРО Мәдениет Министрлігінің медалімен марапатталды. 1985 жылы республикалық телевизиялық конкурстің, 3 рет республикалық конкурстың және Москвада өткен Бүкілодақтық конкустың лауреаты атанды.

10. Қазақстан - әлемдік кеңістікте.

Бүгінде Қазақстан әлемдік кеңістікке мықты енген ел, оның егемендігін әлемнің 120 елі танып отыр.

Бұл ел негізгі халықаралық жүйе құрушы барлық ұйымдарға БҰҰ-ға, ЕҚЫҰ-ға, Ислам Конференциясы ұйымына, НАТО Ынтымақтастық Кеңесіне, Дүниежүзілік Банкке, Халықаралық валюта қорына, Еуропаның Қайта құру және Даму Банкіне, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына және басқа да халықаралық құрылымдарға мүше болды.

Дүниежүзілік қоғамдастық мүшелерінің көпшілігімен дипломатиялық қатынастар орнатты және өзара тиімді ынтымақтастық қалыптастырды. Қазақстанда тіркелген 50-ден астам шет ел елшіліктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді. Қазақстанның елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары 40 елде құрылған.

Қазақстан жаһандық бастамаларды, ең алдымен ядролық қарусыздандыру және жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау жөніндегі бастамашы әрі тілекші болып табылады.

Қазақстанның сыртқы саясаты Батыс пен Шығыс арасындағы жан-жақты байланыстарды дамытуға, интеграциялық процестерді тереңдетуге бағытталған.

Еуразиялық мемлекет болғандықтан, ол Азия мен Еуропа арасындағы байланыстырушы буын рөлін атқарады.

Тәуелсіздік алған жылдарынан бастап Қазақстан барлық көрші мемлекеттермен тұрақты тату көршілік және достық қарым-қатынастар жүйесін орнатты.

Қазақстан салиқалы сыртқы саясат ұстай отырып, әлемдік аренада бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы дәйекті жұмысы үшін тану мен құрметтеуге лайықты мемлекет ретінде өз іргесін бекіте білді. Әлемдік кездесулер:

  1. Энтони Чарльз Линтон Блэр, Ұлыбританияның премьер-министрі (2002 жылғы 2 желтоқсан) : « Саясат саласында біз Қазақстанмен аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылық, демократияландыру және адам құқығы, есірткілерді жасырын тасымалдаумен күрес мәселелері бойынша сындарлы саясат жүргізіп келеміз.

Ұлыбритания Қазақстан үшін маңызды әрі ұзақ мерзімді серіктес болғысы келеді. »

  1. Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті (2003 жылғы 3 шілде): «Қазақстан интеграциялық мәселелер бойынша алғашқы орындардың біріне ие болады және ТМД және Еуразиялық достақтық шеңберінде осы процестердің қозғаушы күші болып есептеледі»

3. Ху Цзиньтао, ҚХР төрағасы (2003 жылғы 2 маусым):. Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел ғана емес, сонымен қоса экономикалық негізі берік ең жақсы көршіміз.