Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
62.91 Кб
Скачать

1.Қазақстан - көп ұлтты егеменді, тәуелсіз мемлекет.

Қазақстан - көп ұлтты егеменді, тәуелсіз мемлекет. Халқының саны 16 миллион 854 мыңнан асады.(1994 жылы). Археологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері тұрады.

Қазақстан республикасы Еуразия материгінің ортасында орналасқан. Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биітігі орташа таулы қыраттар да, кең - байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.

Қазақстан климаты шұғыл континентті, құрғақ келеді, сондықтан өзен торы, әсіресе орталық бөлігінде аз. Еліміздің ірі өзендері Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл, бүкіл жыл бойына мол су деңгейлерін сақтайды. Басты көл айдындары - Балқаш, Алакөл, Зайсан. Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрі (90 нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады.

Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекестан, Қырғызстан, Түрікменстанмен шектеседі. Республика шығысында Қытай мемлекетімен, ал батысында Каспий теңізімен шектеледі.

1991 жылғы 16 желтоқсан еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылды. Қазақстан Республикасы бұл күні тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастықтан өз орнын алды.

Өз өлкеңді таны.

Қостанай қаласы

Қостанай қаласы Қазақстанның солтүстігінде,Тобыл өзенінің сол жақ жағасында 1879 жылы салынған. Қаланың негізін Поволжье және Орынбор губернияларынан қоныс ауып келген орыс және украин шаруалары қалаған.

1856 жылы Торғай өз алдына облыс болып құрылғанда оның құрамында 4 уезд болады. Солардың бірі-Николаев уезі, (қазіргі Қостанай). Уездің әкімшілік орталығы 1879 жылы салынып, оған қала атағы берілген. Жергілікті халық қаланың тұрған жерін «Қостанай» деп атайды. 1895 жылы қалаға «Қостанай» есімі беріліп, уезд де солай деп аталды.

Қала әуелі губернияның, одан кейін округтің, ал 1936 жылдың маусым айынан бастап облыстың орталығы болды. Соңғы жылдары Қостанай республикамыздың өркендеген өнеркәсіпті, мәдениетті ірі қалаларының біріне айналды.

Қаламызда 200 мыңнан астам адам тұрады. Қаланың негізгі көшесі- Әл-Фараби даңғылы. Бұрын бұл Ленин даңғылы деп аталған. Мұнда әдемі ғимараттар да көп. Қалалық, облыстық әкімшілік, «Сити» орталығы, Л.Толстой атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы, Өлкетану мұражайы, орталық әмбебап дүкені, орталық пошта да осы даңғылда. Сонымен қатар қаламыздағы үлкен мәдени орталық қазақ драма театры. Оның ғимаратыда ерекше көз тартады. Мұнда қала тұрғындары мен қала қонақтары әдеби жанр қойылымдарын келіп тамашалайды.

Қалада Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, колледждермен тағы басқа оқу орындары бар.

Біздің қаламыз әсем, сұлу, таза қала. Қостанайлықтар өз қаласын мақтаныш тұтады.

3. Қазақстанның көрікті жерлері.

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.

Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.

Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен (Жаңақорған т.б.), климатпен емдейтін болып үшке бөлінеді.

Минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түркісіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия - ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады.