Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сагыныш саясат.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
65.96 Кб
Скачать

2.1.1 Дәстүрлі авторитарлық режим

Табиғи-тарихи дамудың негізінде барлығы осы баспал- дақ арқылы өтті. Мұндай авторитарлық режимдер саяси тұйықтық пен оқшаулану жағдайында қалыптасып, қызмет етеді. Дәстүрлі авторитарлық режимді жабық қоғамға тән кесел — саяси оқшаулану жағдайына бейімделу деп есептеуге болады. Осы саяси жүйенің тұрақтылығын тұйықтық, сыртқы әсерлердің өте төмен деңгейі қамтамасыз етеді. Бұл режимдер пайда болудың әр түрлі негіздеріне ие және эр түрлі кезеңдерде өмір сүруі мүмкін. Көптеген патриархалды-феодалдық , феодалдық мемлекеттердің дамуының бастапқы кезендері үшін дәстүрлі саяси режим тән болды. Құқықтық мәдениет мүлдем бол- мады. Билік құрушысубъект өз ережелеріне сүйеніп басқ- арды, билік күшпен тартып алынды, қейіннен біртіндеп тақгы мұраға қалдыру қалыптаса бастады) Мұндай режим- дер салыстырмалы тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі олар модернизацияға жеңіл ұшырайды. [6]

2.1.2 Этатистік-идеократтық авторитарлық режим.

Мемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюі мен қоғамдық сананы манипуляциялау мүмкіндігінің арқасында пай- да болатын ерекшережим. Белгілі себептерге байланысты ол тоталитарлық режимге айналып кетуі мүмкін,бұл ре- жим фашистік Германияға, КСРО-ға, Қытайға,СолтүстікКореяға, Кубаға тән және басты ағым ретінде соңиалистік жүйенің көптеген елдерінде болды. [7]

2.1.3 Авторитарлық-бюрократиялық режим

Мұндай режим саяси дағдарыс жағдайында пайда болады, әсіресе саяси өзгерістерді басынан кешіріп отырған өтпелі қоғамдарға тән режимнің ең маңызды саяси міңдеті — қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтау мен әлеуметтік дағ- дарыстың, таптардың, этникалық, әлеуметтік топтардың ашық теке-тіресіне ұласып кетпеуін қадағалау, сол себепті, үстемдік етуші саяси элита ептілігімен ерекшеленеді, ол қарсы тұрушы күштердің үстінде тұруға ұмтылады, әлеуметтік демагогияға, кеңтаралымды үңдеулерге жүгінеді, популистік бағдарламаларды ұсынады. Режимнің міндеті — бұқараны тыныштандыру, олардың саяси процеске қатысуын шектеу. Мұндағы негізгі ұраны саясатпенайналысу қажет емес, тек қана еңбек ету кіреді. Режим белгілі бір лидерге харизма жасай отырып, оның танымалдығын пайдалануы мүмкін. Режимде үстем партияны, халықгы біріктіретін идеологияны қалыптастыруға деген тенденция пайда болады. [8]

3. Тоталитаризм

Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы тұрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт. [9]

Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан 1920 – 1930 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” ретінде қудалады. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов, т.б. қазақ қайраткерлері кеңестік Тоталитаризмнің құрбаны болды (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде де Тоталитаризм қысымшылығын Е. Бекмаханов, Б. Сүлейменов, Б.Кенжебаев, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Марғұлан,Қ. Сәтбаев сияқты қазақ зиялылары бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризмге қарсы наразылық  1960 жылдан қарқын ала бастады. Бұған Мәскеуде қазақстандық жастардың “Жас тұлпар”ұйымын құруы және 1979 ж. Целиноградта болған оқиғаның бой көрсетуі дәлел бола алады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік Тоталитаризмге қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады. [10]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]