- •1. Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз.
- •2. Мәтіндегі етістіктердің орыс тіліндегі баламасын тауып, нақ осы шақта сөйлем құрыңыз
- •3. Берілген сөз тіркестерін оқыңыз. Түсініңіз. Көшіріп жазыңыз
- •4. Берілген сөйлемдерді окыңыз. Түсініңіз. Қатесіз
- •5.Берілген сөздерді пайдалана отырып сөйлем құраңыз.
- •11. Топтық жұмыс.
- •12. Мәтінді оқыңыздар. Еркін күрес
- •13. Берілген суреттер бойынша спорт түрлерін жазыңыздар.
- •18. Тілшінің Еркежан мен Алдиярдан алған интервьюін рөлдерге бөлініп оқыңыздар.
- •19. Жұппен жұмыс.
- •20. “Салауатты өмір салты” тақырыбына шағын әңгіме жазыңыздар.
11. Топтық жұмыс.
Қазақстанның футболы дамымай жатыр.
Бірінші топ бұл оймен келіседі.
Екінші топ бұл оймен келіспейді.
Пікірлеріңізді дәлелдеңіздер.
Оқимыз
12. Мәтінді оқыңыздар. Еркін күрес
Күрес - ұлттық спорт түрі. Еуропада грек – рим күресі, ал Азия мен Шығыста еркін күрес жақсы дамыған.
Қазіргі кезде елімізде спортқа ерекше көңіл бөледі. Жасөспірімдер мен жастар еркін күреспен жиі айналысады.
XX ғасырдың аяғында елімізге гольф, теннис, велоспорт және бильярд ойындары келді. Бұл спорт түрлерін дамытуға мемлекет ерекше назар аударуда. Спорт кешендері, гольф және теннис алаңдары салынды.
Біздің еліміз теннис пен велоспорт бойынша жақсы көрсеткіштерге ие. Биыл Лондонда өткен велоспорт жарысында А.Винокуров “Алтын медальді” жеңіп алды. Ол Қызылжар қаласында дүниеге келді.
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Әңгіме не туралы?
2. Гольф ойыны туралы не білесіздер?
3. Еліңіздегі спорт жетістіктері туралы не білесіздер?
Жазамыз
13. Берілген суреттер бойынша спорт түрлерін жазыңыздар.
Суреттерді пайдаланып, спорт түрлеріне қатысты сөздерді жазыңыздар.



14. Өздеріңізге ұнаған суретті таңдап, диалог жазыңыз.
15. Өздеріңіз құрған диалог бойынша, сұрақтар құрастырыңыз.
16. Сөйлем құрыңыздар. Грамматика
Адал
Әділетті
Қаталдау
Еңбекқор
Жігерлі
Мықты
Менің досым
спортшы. Ол адам
17. Кестені толтырыңыздар.
|
№ |
Адамны қасиетіне байланысты өздеріңіз білетін сөздерді жазыңыздар |
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсідіріңіздер |
|
1 |
Боксшы |
-денесі шыныққан, қиындықты жеңе білетін қайратты, еңбекқор |
|
2 |
______________ |
-тәртіпті талап ететін, өзіне де, басқаға даталап қоятын адам |
|
3 |
______________ |
-ең жақын, сенімді адам |
|
4 |
______________ |
-туыстарын ойлап, оған көмек бергісі келеді |
Оқимыз
18. Тілшінің Еркежан мен Алдиярдан алған интервьюін рөлдерге бөлініп оқыңыздар.
Тілші: - Сәлеметсіз бе, Еркежан? Байқау жеңімпазы болғаныңызбен құттықтаймын!
Еркежан:- Рақмет!
Тілші: - Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
Еркежан:-“Бурабай” спорт кешеніне барып, теннис ойнаймын.
Тілші: -Солай ма? Болашақ жоспарыңыз қандай?
Еркежан:-Мәскеуде өтетін шахмат ойындарына қатысуды жоспарлап отырмын.
Тілші: -Алдияр, бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?
Алдияр: -Бос уақытымда спортпен айналысам, бассеинге жиі барамын.
Тілші: -Болашақта кім болғыңыз келеді?
Алдияр: -Болашақта ақпараттық технология саласының маманы болғым келеді.
Тілші: -Қандай жоғары оқу орнына түскіңіз келеді?
Алдияр: -Қазақ – Британ технологиялық университетінің студенті болсам деп армандаймын.
Мәтінді таспадан тыңдап, түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
