ран
.docxҚұран
Ағузу біллаһі мінәш-шәйтанір-ражим Бісміллаһір-Рахманір-Рахім.
1. Ыхлас сүресі
Кұл һүуаллаһү Ахад. Аллаһү Самәд. Ләм йәлід уә ләм юләд. Уә Ләм йәкүн ләһу күфүуән Ахад. (3 рет оқылады)
2. Фатиха сүресі
Бісміллаһір-Рахманір-Рахім. Әлхамду-ліллаһі Раббілғаламин. Әррахманір-Рахим. Малікі йәумәддин. Иякә нағбуду уә иякә нәстәғин. Іһдінас-сыратал-мүстәқим. Сырытал-лә-зинә әнғамтә ғаләйһім. Ғайріл мағдубі ғаләйһім уә ладдаллин: (Әмин)
3. Сүбханә Раббікә Раббіл-ғіззәті ғамма йәсіфун. Уә сәламүн ғаләл-мүрсәлин. Уәлхамду ліллаһі Раббілғаламин.
Иә, Ұлы Алла осы оқылған Фатиха, Ықылас сүрелерінен болған сауабты пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.с.) -ға, Елшілерге, Пайғамбарларға, Сахабаларға, Әулие-Әмбиелерге, Шейттерге, Шейхтерге, дүниеден өткен барша мұсылмандарға
(өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешелеріме, туысқақандарыма, аты-жөнін айту керек) бағыштадым!
Иә, Ұлы Алла! Қабыл айла ата-бабаларымның рухтарын шад-шадман етіп осы оқылған Құранның нұрымен нұрландырып, қабыр азабынан сақтап, жандарын жәннәтта ете гөр!
Иә, Ұлы Алла! Біздерді үй-ішімізді , халқымызды , қайғы-қасыреттен, қорлық-зұлымдықтан, қауыптан, қастандықтан, дұшпандықтан, табиғи апаттардан, мың біратты пәледен, жүзбір атты қатерден сақтай гөр !
Дұға тілектерімізді қабыл айлап, екі дүниеде де нығметіңе бөлей гөр! Раббәна атіна фріддүния хасанәтән. Уә Філ-ахірәті хасанәтән уә қына ғазәбәннар. «Раббымыз! Біздерге дүниеде де, ахиретте де жақсылық бере гөр. От ғазабынан сақта!»
Аллаһу Әкбар – Алла Ұлы!
Әмин-Қабыл ал!
Cүрелердің қазақша мағнасы:
«Қуылған шайтаннат Аллаға сыйынамын.» «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!»
1. Ыхлас сүресі
«Ол Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес.»
(3 рет оқылады)
2. Фатиха сүресі
«Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Аллаға тән. Аса қамқор, ерекшк мейрімді. Қиямет күнінің иесі: Иә Алла! Саған ғана құлшылық қыламыз, қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала гөр! Нығметіңе бөлендіргендеріңнің жолына, ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!»
(Әмин)
3. «Сенің үстем Раббың, олардың сипаттағандарынан пәк. Пайғамбарларға сәлем! Барлық мақтау Әлемдердің Раббы-Аллага тән.»
Алла Тағала баршамызға иман байлығын берсін!